Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін3320
mod_vvisit_counterКеше3755
mod_vvisit_counterОсы аптада10115
mod_vvisit_counterӨткен аптада20075
mod_vvisit_counterОсы айда32620
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4213710


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 06 Қараша 2019

ӘР СӨЗДІҢ КИЕСІ мен ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
07.11.2019 11:50

- Райкүл Мәнсүрқызы, депутатты­қ қызмет Сізге таңсық­ емес. Бұл жолы қандай мақсат  қойдыңыз?

- Депутат – халық пен билік арасындағы көпір. Шыны керек, қазіргі күні шешіл­мей жатқан мәселелердің дені – биліктің құлағына жетпегендер. Жылына төрт сессия өтеді, сол кезде әр округтен сайланған депутаттар өздерінің ұсыныс, пікірлерін айтып, мәселесін көтеру керек. Аймақта жеке балабақшалар мәселесі дұрыс шешілмей тұрған тұста осы мәселені көтердім. Ашы­луында жүгі жеңіл болмаған балабақшалардың бүгінгі күні сапасына мән беретін кез келді. Сондықтан 2018 жыл­ғы сессияда сапалық қызмет көрсетулері төңірегінде мә­селе көтердік. Биылғы қоз­ғалған  мәселелер  де  реттеліп келеді.

Негізгі мақсатымыз да – халықтың мәселесін сессияғ­а шығарып, шешілуін қадағалау. Ағымдағы жылы өткізген сессияларда авто­мобиль жолдары туралы мәселені­ қарастырдық. Мәселен,­ Арал ауданына өткел мен көпір қажет екенін көтердік. Мен өзім білім саласы­ның қызметкері бол­ғандық­тан, көбіне білім, тәрбие мәселесіне назар аударғанды жөн көремін. Десек те, ел ішінде күрмеуі табылмай отырған кейбір мәселелерге келгенде біз біріккен күшке айналамыз. Алдағы  2020 жылы оқушылардың мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдас­тырылуы мен мектептен тыс меке­ме­лердің халыққа қызмет көрсетуін мәселе­  етіп көтеру  ойымда бар.

- Бұған  дейін  депутаттыққа  сайлан­ған округіңізде Сіздің араласуыңызбен шешілге­н  мәселелерді  атап  өтесіз  бе?

- Жоғарыда айтып өткенімдей, білім саласының маманы болған соң, мен сайланған округімдегі мәселені ғана айтпаймын, облыстағы білім төңірегін­дегі жайттарды да қадағалап отырамын. Бұған дейін Қызылорда қаласынан 4 рет депутаттыққа түстім. Сол кезде жедел жәрдем станциясының базалық жағ­дайын жақсартып, жаңарту керектігін көтергенім есімде. Уақыт өте келе мәселе­ шешімін тапты, қазір жедел жәрдем орталығы үлкен ғимаратта жұмыс істеп тұр. Ал қызмет көрсету көлігі 10 мың адамға бір көлік болу керек­. Бүгінде Қызылорда қаласы медици­налық жедел көмек көрсету талапта­рына толықтай жауап береді. Екіншісі – халықтың  көп шоғырланған­ жерлеріне  бейнебақылау  орнату мәселесі. Қазір балабақша, мектептерде, көпқабатты үйлердің кіреберісіне де бақылау  орнатылған.

- Сайлауалды бағдарламаңызда халық­тың  осал  топтарына  қолдау біл­діру туралы айтыпсыз. Қай тұрғыдан ықпал  етіп  жүрсіз?

- Реті келгенде айта кетейін, бізден көмек сұрап келетіндер көп. Дені – әлеу­меттік аз қамтылған отбасылар. Бізге ешкім қуанышын бөлісуге келмейді. Көмек сұрайды. Қолдан келгенше тырысамыз. Ал көпбалалы әйелдердің мәселесіне араластым деп айта алмаймын. Дегенмен, әйелдер кеңесі­нің  мүшесімін, «Nur Otan» партия­сында жұмыссыздықпен күресу комиссиясының төрайымымын. Сол тараптан келгенде аудандарға барып, жұмыссыз әйелдерге шағын және орта бизнес бастауға үндеуге арналған жиындар өткіземіз. Мақсатымыз – ауылдық жерлердегі әлжуаз топтарға көмек көрсету. Одан бөлек соңғы 3 жылда облыстағы 269 күміс және алтын алқалы анаға Түлкібас ауданындағы (Түркістан облысы) шипажайға жолдам­а бердік. Одан кейін кешегі қазан айындағы сессияда денсаулы­ғында  кінәраты бар балалар мәселесі сөз болды. 2002 жылы мүгедек бала­ларды  әлеуметтік, медициналық қолдау туралы­ Заң шықты. Бірақ, алғаш­қы 3 жыл ішінде ғана жақсы қозғалыс болды.­ Сөйтіп, Қызылордада есту, көру қабілеті төмен балалар үшін арнайы орталық­ пен педагогикалық-медициналық консультациялық орталық ашылды. Осыдан кейін алға жылжушылық болмай қалды бұл салада. Есесіне, нау­қас балалар саны артып, мәселе күр­деленуде. Демек, билік өкілі ретінде шешілме­ген мәселелерді реттеуге атсалысуы­мыз   керек.

- Сайлау  округіңізде  шешілмей  тұрған, халық үшін өте өзекті деп қандай мәселені  айтар  едіңіз?

- Жалағаш ауданында шешілмей тұрған мәселелер осыдан біраз жыл бұрын бар болатын. Қазір үш ауысымдық мектептер жоқ, халықтың дені ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмыс­тармен айналысады. Ауылдық округ­тер­ден жеке балабақшалар салынып, Шәменов ауылындағы апатты жағ­дай­дағы мектептің құрылысы басталды. Ендігі мәселе балалардың типтік түрдегі  демалыс орны ұйымдастырылса деген ой бар.

- Тұрғындармен  кездестіңіз  бе? Талап­-тілектері  қандай?

- Тұрғындармен кездесетін кестеміз бар. Бір айта кетерлігі, жұрт көбіне өздерінің жеке мәселелерін айтып келе­ді. Басымдық жұмыссыздық мәселесіне­ беріледі. Айтпақшы, Жалағаш ауданында типтік жобада салынған жас­өспірімдер спорт мектебі жоқ. Биыл жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы бөлінді. 2020 жылы бұл мәселе де күрмеуін тапқалы тұр. Бұл – бір. Екінші мәселе, аудандағы кәсіптік колледждің асханасы мен спорт кешені жекемен­шікке беріліп кеткен. Соларды колледж меншігіне қайтару жөнінде ұсыныс бар. Осы мәселені шешу керек. Ал әзірге, Жалағаш ауданында «мынадай жоқ» деп айтатындай проблема жоқтың  қасы.

- Сіздің кәсіподақ комитетіндегі белсенді жұмысыңызға жұрт риза. Біздегі еңбек заңдылығының сақталуына көңіліңіз тола ма? Жалпы, ұстаздардың 2020 жылға жарияланып жатқан ерік­тілер қатарына қосылуына қалай қарайсыз?

- Білім саласы бойынша ең күрделі мәселеге айналып отырған ол – еңбек шарттарының толық орындалмауы. Сол үшін де еңбек инспекциясымен бір­лесе отырып, сала мамандарына семинар өткіземіз. Сондықтан өрескел бұзылып жатқан қателіктер жоқ. Бірақ, мектептердегі оқу жүктемесінде кемшіліктер бар.

Үкімет мұғалім мәртебесін көтеру, ұстаздардың еңбегін бағалау туралы шешім қабылдауы керек дегенімізбен, ең бірінші өзіміз оларды сыйлауды үйренгеніміз абзал. Ал ерікті-ұстаздар туралы айтар болсақ, оның толық ережесі­ әлі шыққан жоқ. Қалай, қандай мақсатта пайдаланады, ол әлі де бел­гі­сіз. Бұл сауалды мен де ойланып жүр­мін. Ұстаздарды еріктілер қатарына қабылдап, қандай бағыттағы жұмыс­тарды тапсырады екен деген ой бар бәрімізде де. Менің ойымша, саяси және әлеуметтік мәселелер бағытында еріктілер қатарына енгізуі мүмкін. Мәселен, соңғы уақыттарда халықтың беймаздығы артып кетті. Әсіресе атаулы әлеуметтік көмек алуда көпбалалы аналардың мәселесін оңтайландыру өте күрделі болды. Осындай жағдайды қалыпқа келтіру үшін ұстаздардың қызмет­іне  жүгінуі мүмкін.

- Сайлауалды бағдарламаңызда көрсеткен жоспарды толығымен орындайсыз  ба?

- Халықтың алдында айтқан әр сөздің киесі мен жауапкершілігі бар. Оны бақылап отырған да – сол халықтың өзі. Сондықтан сайлауалды бағ­дарламамызға қолымнан келетін, іске асыруға мүмкіндігіміз бар бағыттарды қамтыдық. Әлгінде біздің облыста үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің жоқтығын айтып өттім. Республика бойынша жақсы көрсеткіш көрсетіп тұрмыз. Бірақ, біздің облысқа мәселесі толыққанды шешілген облыс деп, үкіметтен қаржы аз бөлінсе, қайта­д­ан үш ауысымдық оқуға мәжбүр болуы­мыз мүмкін. Мәселен, Белкөл кентінен келе жатқан тұстағы Бейбарыс сұлтан көшесіне бір мектеп салынады дегеніне 6 жылдан асып барады. Әлі де салынған жоқ. Сол секілді мәселелер әрқашан біздің назарымызда тұрады.

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан  Н.ҚАЗИ

 


 

Біздің  анықтама:

Байназарова Райкүл Мәнсүрқызы 1957 жылы 12 қыркүйекте туған. Қызылорда педагогикалық инсти­тутын, Алматы Заң академиясын бітірген. Математика пәнінің мұға­лімі, заңгер.

1979-1983 жылдары Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының студенттер кәсіп­одағы комитетінің төрайымы болған.

1983-1987 жылдары білім және ғылым мекемелері кәсіподағы облыстық­ комитетінің хатшысы болып­  сайланған.

1987-2013 жылдары білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайымы.

2013 жылдан Қызылорда об­лыстық кәсіподақтар кеңесінің төрайымы, білім және ғылым қызметкерлері  кәсіподағының  облыстық комитетінің төрайымы болып қызмет  атқарып  келеді.

2005 жылы Президенттік сай­лауда Н.Назарбаевтың кандида­турасын қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штабтың мүшесі болған.

«Ерен еңбегі үшін», Республика Конституциясының 10 жылдығына, ел Тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай медальдар, ҚР Президентінің Құрмет грамотасын, ҚР Парламенті Мәжілісінің Алғыс хатын, 2018 жылы республикалық депутаттар бірлес­тігінің шешімімен «Үздік депутат – 2018» номинациясын иеленген. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігінің «Әлеу­мет­тік-еңбек  саласының  үздігі»  және «Қазақстан кәсіподақтарына сіңірген еңбегі үшін» төс­белгілері­мен, жалпы кәсіподақтар конфе­дерациясының  Құрмет грамотасы, ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс  хатымен  марапатталған.

ІІ, ІІІ, V, VІ шақырылымдарда облысты­қ  мәслихат  депутаты  болып­  сайланған. «Нұр Отан» партиясының  мүшесі.


 

 

Сайлауалды  бағдарламасы

- Аймақ жастарының кәсіптік білім алуына және шығармашылықтарын дамытуын­а қолдау көрсетіп, бұл бағытта аймақ, аудан көлемінде іске асыры­латын шараларға ықпал ету.

- Еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылар мен қызметкерлер үшін әлеуметт­ік кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін іс-әрекеттерді және өзара түсіністікті  келістіруге  ықпал жасау.

- Облыста жұмысшыларды сақтандыру, кәсіби сырқаттар үшін өтемақы төлеу, емдеу профилактикалық бағытындағы тамақтандыру жұмыстарын дамыту.

- Тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдау. Халықтың жекелеген топтарыны­ң өмір сүру деңгейін жақсартуға қатер төндірген жағдайда оларды мемлекеттік қорғаудың  шараларына қол жеткізуіне ықпал ету.

- Ана мен бала денсаулығының қорғалуына, бұл мәселені реттейтін құқықтық бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуына  бақылау жасау.

- Аудан балаларын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен, соның ішінде 1-3 жас аралығында  сәбилердің бөбекжайлармен  қамтылуын  жүзеге  асыруға атсалысу.

- Сырқат балаларға білім алуға мүмкіншілік беретін коррекциялық интернаттар­дың жүйесін кеңейтуге ықпал жасау.

- Жалағаш, Қармақшы аудандарында жедел жәрдем бригадаларын халық санына сәйкестендіруге ықпал жасау.

- Облыс әкімінің дағдарысқа іс-қимыл жоспарының сапалы жүзеге асырылуын­а, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде аудандағы «Алтын», «Күміс» алқа иелерінің кәсіп ашуына ықпал жасау.

- Аудан тұрғындары өмірінің қауіпсіздігі мақсатында, тәртіпсіздіктерді болдырма­у  үшін адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда бейне­бақылау камераларын  орнатуды, көшелердің жарықтандырылуының өз деңгейінд­е  жүзеге  асырылуына  ықпал  жасау.

 


ҚЫСҚЫ МАУСЫМДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ПЫСЫҚТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
07.11.2019 11:45

Дидарынан шуақ шашып тұрған күннің райы демде өзгеріп салды. Әдетте қыстың ызғары қарашаның соңында сезілуші еді, бұл жолы айдың басында-ақ суық леп шөптің басына қырау қондырып, қар ұшқындатты. Бұл – қыстың қарбалас тіршілігі басталды деген сөз. Күн райының күрт өзгеруі, жауын-шашынның түсуі салдарынан түрлі төтенше жағдайлар болатыны белгілі. Онсыз да жылу беру маусымында қала ішінде бірнеше төтенше оқиға болды. Осы секілді жағдаяттардың алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев қаланың салалық басшыларын, жауаптыларын және ауылдық округ әкімдерін жинап, апта басында аппарат мәжілісін өткізді.

Күн тәртібіндегі мәселелерге көш­пес бұрын шаһар басшысы қаладағы кадрлық тағайындауларға тоқталды. Қызылорда қаласы әкімінің өкімімен 2019 жылдың 31 қазанынан бастап Ғабит Қожахметов қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметі­не тағайындалды. Бұған дейін облыстық энергетикалық инфрақұрылым және минералдық ресурстар басқармасында бас маман, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасында 2005 жылдан бастап бас маман, бөлім басшысы қызметтерін абыроймен атқарған Ғабит Тындыбекұлына сенім білдіре отырып, қызметіне сәттілік тіледі. Қалалық электр тарату тораптары бас­қармасында да кадрлық өзгеріс бар. Аталмыш басқарманың басшысы лауазымына 2019 жылдың 29 қазанынан бас­тап Дінмұханбет Әбдіреев тағайындалды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айын­ан бастап осы уақытқа дейін Қызыл­орда электр тарату тораптары компаниясының электр жабдығының сенімділігі жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарған. Қала басшысы білікті және кәсіби тәжірибесі мол маманға саланы дамытады деген үміт артты. Ал бұған дейін Қызылжарма ауылдық округінің әкімі қызметін атқарғ­ан Бауыржан Оспановқа облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдала­нуды реттеу басқармасы бас­шысының орынбасары лауазымына тағайындалуына байла­нысты жаңа қызметіне сәттілік тілеп, қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Қала әкімінің командасындағы жауаптылар түгел жиналғ­ан мәжілісте қаралған мәселе – қысқы маусым кезін­дегі өрт қауіпсіздігін сақтау. Қала көлемінде төтеншеліктердің қатысуым­ен жылу беру маусымы бас­талар алдында адам өмірі мен денсаулығы, мүлікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау бағытында кешенді шарал­ар атқарылуда. Дегенмен оқыс оқиғалар қатары азаймай тұр.

- 2018 жыл көлемінде Қызылорда қаласы бойынша тұрғын үй секторында 156 өрт оқиғасы болды, өрттен 8 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алды. 2019 жылдың 10 айында 131 өрт оқиғасы тір­келіп, салдарынан 5 адам ажал құшып, 4 адам жарақат алған. 2018-2019 жылғы жылу беру маусымы кезеңінде көмір­қышқыл газына улану фактісі бойынша 2 жағдай тіркеліп, олардан барлығы 6 адам, оның ішінде, 5 жасөспірім зардап шегіп, емдеу орындарына жүгінген. Сонымен қатар, табиғи газға улану фактісі бойынша тіркелген жағдайдан 1 адам зардап шекті. Ағымдағы жылдың 10 айында жылу беру маусымы кезеңінде түтінге улану фактісі бойынша 1 жағдай тіркеліп, 3 адам (2-еуі – жасөс­пірім) зардап  шегіп, емдеу  орындарына жүгінді, - деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бас­тығының міндетін атқарушы Ерболат Серманов.

Орын алған жағдайлардың дені тұр­ғындардың өрт қауіпсіздігі шараларына­ салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қал­дыруынан және ішімдік ішіп, масаң күйде жанғыш заттарды пайдалануынан болуда. Сонымен қатар, табиғи газға улану фактісі бойынша тіркелген 2 жағдайдан 2 адам зардап шегіп, емдеу орындарына жүгінген. Өкініштісі сол, бұл көрсеткіштердің жыл сайын көбеюін­де. Сондай-ақ, көмір сапасының нашар­лығына байланысты, яғни өз деңгейінде дұрыс жанбауы салдарынан түтін мұржа жолына жиналып, өзінің бір деңгейіне жеткенде түтін үй ішіне тарайды. Талаптарға сәйкес, жылу беру маусымында пештің түтін шығу жолдары жылына екі-үш рет тазалануы қажет. Алайда тұрғындар сақтық шараларына салғырттық танытады. Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында­ 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығы «Өрт қауіпсіздігі айлығы» болып жарияланды.

- Қандай оқиға болмасын, орын алғанна­н кейін емес, орын алмай тұрып қимылдау керек. Міндетті түрде біреу зардап шегіп немесе қаза тапқан соң қимылдаудың салдары нәтиже бермей­ді. 2019-2020 жылдары жылу беру маусымында аз қамтылған, көпбалалы, тұр­мыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғыларды орнатуды қолға алып, барлық тұрғындарға қажетті дүние, маңыздылығын түсіндіру керек. Тұрғындардың пеші, мұржалары уақы­тылы тазартылмаған соң, өрт қауіп­сіздігі, электр желісінің дұрыс жүргі­зіл­меуі мен тұйықталуы салдарынан өрт шығуда. Сол себептен жауапты сала басшылары мен ішкі саясат бөлімі бір­ле­сіп, халық арасында түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде және үздіксіз жүргізуін тапсырамын, - деді қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісінде.

Айта кетейік, жылу беру маусымы кезеңінде өрттің пайда болуын, адамдардың қаза табуын және жарақат алу қауіп-қатерін азайту шаралары ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап жүргізілуде. Бұл іс-шараларға мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері, «Абылай хан» атындағы жоғарғы колледжінің студенттері мен «Қызылорда Еріктілері» қоғамдық қорының еріктілерімен бірлесіп қызметкерлер халық арасында тұрмыстағы электр және жылыт­у қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бүгінде қала бойынша әлеуметтік көмек алатын отбасылардың тізімі алынып­, Қызылорда қаласына бөлінген 580 көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғының 30 данасы Махамбет ауылының тұрғын үйлеріне орнатылған.­ Құрылыс компанияларының арқасында қаланың сол жағалауында жаңадан салынып жатқан мөлтек ауданның және қала төңірегінде 264 пәтерге табиғи газды анықтайтын қондырғы орнатылған. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жылу беру маусымы аяқталғанға дейін өз жалғасын табады және ол қала әкімінің тұрақты бақылауында болады.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 


ТҰРҒЫНДАРЫ ТАТУ КӨШЕ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
07.11.2019 11:40

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту  бөлімі  қыркүйек  айын­да­ «Көше Fest» сайысын өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – көше тұрғындарының ауызбіршілігін арттыру, өскелең ұрпаққа ақса­қалдарды қадірлеуге шақыру, жастардың бойында иба-ізет, намыс, ар-ождан, қадір-қасиет сынды биік адамгершілік қасиеттерді қалыптас­тыру  және де  қаланың бір бөлшегі саналатын  көшенің тазалығын  сақтауға  шақыру.

 

Шараға қала аумағынан Әміре Қашаубаев көшеcі, Тасбөгет кентінен­ Мұстафа Шоқай атындағы көше, Қызылжарма ауылдық округінен Әлібай Әбенов көшесі, Абай ауылдық округінен Абай көшесі, Қараөзек ауылдық округінен Абылайхан көшесі, Талсуат ауылдық  округінен  Космонавт  көшесі  қатысты.

Сайысқа қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішов, журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы Қызыл­орда облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова, Кәсіп­керлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағаcы Болат Нұрхожаев, ақын, Мәдение­т Үйі жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйір­месінің жетекшісі Мамыр Байдаулетов, «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық мекеменің директо­ры  Жамал  Бозова  қазылық  жасады.

Сайыстың І кезеңі бойынша әр қатысушы көшенің тазалығы бақыла­нды. ІІ кезең өнер бойынша көшенің тұрғындары қойылым көрсету арқылы батагөй ақсақалдарын, ертегі айтатын үлгілі әжелерін­, өнегелі, өнерлі қыз-келіншектерін, сегіз қырлы, бір сырлы­ жігіттерінің өнерлерін көрсетсе, ІІІ кезең спорттық сайыстар, яғни арқан тартыс, гір көтеру, қол күрестен жарысқа түсті. Байқау қорытын­дысы бойынша І орынды қала аумағынан Ә.Қашаубаев көшесі, ІІ орынды Қараөзек ауылдық округінен Абылайхан көшесі, ІІІ орынды Абай ауылдық округінен А.Құнанбаев көшесінің тұр­ғындары иеленді. «Көрікті көше» номинациясымен М.Шоқай көшесі (Тасбөгет кенті), «Өнерлі тұрғындар» номинациясымен Ә.Әбенов  көшесі (Қызылжарма ауылдық округі), «Бірлігі жарасқан көше»  номинациясымен  Косманавт көшесі (Талсуат ауылдық округі)­  тұрғындары  танылды.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


Қызылорданың «Үздік ауласы» PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
07.11.2019 11:00

Сырдың бас қаласында сонадайдан мен­мұндалап тұратын көпқабатты тұрғын үйлер жетерлік­. Қайбір жылы Қызылорда қаласының 200 жылдығына орай солардың бірсыпырасы күрделі жөндеуден өтті. Сыртын сырлаған соң кәдімгідей түрленіп, қалаға өзгеше рең беріп, шаһардың шырайы кіріп қалды. Бұл жұмыс­тарды жүргізуге Сырдың меценат жігіттері атсалысы­пты. Енді сол шаралар легі жалғасын тапса дейміз. Өйткені жөндеуді қажет ететін баспаналардың  бары  рас.

Аттай алты жыл бұрын облыс орталығында «Қызылорда тазалығы» ЖШС құрылды. Серіктестік  қаланың  тазалығын  қамтамасыз етумен, көппәтерлі  тұрғын  үйлерді, оның аумақтарын санитарлық күтіп-ұстау, көркейту-көгалдан­дыру қызметтерін жүргізумен шұғылданады. Қазіргі таңда мұнда 628 адам еңбек етеді. Қызыл­орданың аумағы күн өткен сайын кеңейіп,­ қаланың қай бұрышында да іркес-тіркес баспаналар бой көтеріп жатыр. Ресми деректер­ге сүйенсек, шаһард­а  барлығы  765 көше бар екен. Былтыр қала қазынасынан тек 240 көшенің санитарлық тазалығ­ын  сақтауғ­а  қаражат­ бөлінген. Қалғанына тиісті мекем­е шама-шарқынша тазалық шараларын ұйым­дастыруда. Дегенмен, бұл жеткіліксіз екені айтпас­а да түсікті. Қайт­пек  керек?

Биыл жылдағы дәс­түрге сай қазан айында «Қала күні» тойланды. Бір ай бойы түрлі тақырыпта мәдени-көпші­лік іс-шаралар ұйым­дастырылды. Сондай шараның бірі – «Үздік аула – 2019» байқауы. Мұның  басты   мақсаты – айналасын абаттандырып, ауласын таза ұстаған азаматтарды насихаттау, көрсету. Сол арқылы көпшілікті тазалыққа шақыру. Алдым­ен осы байқаудың шарттары жөнінде Facebооk, Instаgram әлеуметтік желілерінде ақпарат­ таратылды. Ұйымдастырушылар «Қала тұрғындары мәдени­-көпшілік шараларға белсенді қатысып келеді­. Биыл «Үздік аула – 2019» байқауына қатысушылар саны көп болды» дейді.

Өзі тұрып жатқан аумақты көркейтіп-көгалдандырып,  ауласын  гүлзар бағына айналдыр­ған қызылордалықтар әлеуметтік желілерде суреттері­н жариялап, үздіктерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша «Шұғыла» мөлтек ауданы­,  №7 «А»  үйдің  тұрғыны  Қуаныш  Байта­қов­  жеңімпаз  атанды.

– Қала жанашырларына деген құрметтің белгісі ретінде жеңімпазға көркейту-көгал­дандыруға қажетті құрал-саймандар жинағы және қала әкімінің арнайы дипломы табыс­талып, ауласына­ «Үздік  аула – 2019» тақтай­шасы  ілінді, - дейді Қызылорда қалалық ішкі саясат­  бөлімінің  мамандары.

Айта кетейік, бұл шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Жауапты сала мамандары келер жылы да өткізілетінін атап өтті.

Біз «Үздік аула – 2019» байқауының жеңімпазы атанған Қуаныш аға Байтақовпен тілдестік.

Алдымен  аталған мекенжайды іздеп, «Шұғыла» мөлтек ау­данын шарлап шықтық. Ақыры із­деген аулаға да кел­дік. Айнала мұнтаздай тап-таза. Тіпті, темекінің тұқылын да таппайсыз. Бізді «Үздік ауланың» иесі күтіп  алды.

– Аға, ассалаумағалайкүм!

– Уағалайкүмассалам!

– Аға, жүзден жүйрік шығып, «Үздік ауланың» иесі атаныпсыз. Құттықтаймын!

– Рақмет, айналайын!

– Өзіңіз тазалық пен сұлулыққа  жаны  құмар  жан  секілдісіз...

– Әрине, сұлулыққа сүйсінбейтін жан бар ма? Одан қалды, «тазалық – денсаулық кепілі» дейді ғой. Мен мұнда («Шұғыла» м/а №7 «А») 2004 жылы көшіп келдім. Келген жылы осы маңның барлығы күл-қоқыс еді. Алғашқы­  жылдары көршілер жиналып, айна­ламызды тазаладық. Кейін оны дәстүрге айналдырдық. Қазақ айтады «үй таңдама, көрші таңда» деп. Шүкір, көрші­ле­рім –  өте  жақсы  адамдар.

Содан өзім ерте көк­темде көшет отырғызуға кіріс­тім. Уақытылы суғарып, күтіп-баптау жұмыс­тарымен тұрақты түрде айна­лыстым ғой. Еткен еңбегім еш кеткен жоқ. Еккен­ көшеттерім саялы ағашқа  айналып, осы  маңға әр  беріп тұр.

– Бұрын қай салада қызме­т еттіңіз? Бағбан емессіз  бе?

– Жоға. Кезінде «так­сопаркте» жұмыс істедім. Бертінде зейнетке шықтым. Көшет отырғызып, гүл егу – менің бала күннен келе жатқан­  хоббиім. Бұрын  қаланың  басқа­  мөлтек  ау­данында  тұрдым. Сол жерде  де  осындай  гүлзар  бағын жасап едім. Осы тір­лікті істеген сайын көңілім жайланады, оның үстіне қозғалыс­ жасаймы­н. Өзің білесің, үнемі қозғалыста жүрген адамның дені сау болады. Бір жағынан зейнеттегі адамға ермек­ емес пе? Екінш­іден, айнала­ң құлпырып тұрса, жаман ба? Бәрінен де кешке айналаны шаң-тозаң басқанда осы жердің ауасы онымен салыстыр­уға келмейді. Сол кезде іргеміздег­і көпқабатты үйдің тұр­ғындары мұнда келіп, таза ауамен тыныстайд­ы (күліп).

Көктем келісімен осы жердегі жас балаларды жинап, жерді аударып аламын­. Қи төсеймін. Қысқасы, жерді дайындаймын. Сөйтіп, күзге дейін кешкілік осы жерді абаттандырумен шұғылданам. Кейде сырттан келген меймандар таңғалып, тамсанып жата­ды­. Тамсанатын  несі  бар? Алғаш­қы  жылдары егілген гүлді осы жердегі «жүгірмектер» жұлып тастайтын. Кейін­нен оларға да үйреттік. Қазір сол балалар  осы жердің  тазалығын сақтауға  өз  үлестерін  қосып  жүр.

– Қалада көпқабатты үйлер көп. Айнала­сы қоқысқа толы. Тазалық мәдение­тін  қалай  қалыптастырамыз?

– Бұл  шаруа  шығынды  талап  ететін жұмыс  емес. Тек  ыждағаттылық керек.­ Баршамыз  табиғатқа жанашы­рлық таныту­ға тиіспіз. Сонда ғана өзіміз тұрып жатқан аумақтың экологиял­ық жағдайы жақсарады. Біздің бұл жұмысымыз­ теңізге құйған тамшыдай ғана нәрсе. Ал ағаш отырғызып­, гүл егуді барша қызыл­ордалықтар болып қолға алсақ, нәтиже шығары анық. Тағы бір айта кететін жайт, әкімдік көпқабатты үйлердің маңына­ қоқыс контейнерлерін орнатты­ ғой. Ең құрығанд­а соған үйден шыққан­ қоқысты­  дұрыстап  тастаса екен деймін. Кейбір  мөлтек  аудандарда сол контейнерл­ердің  айналасы  шашылып жатады. Айтатыным  осы,  айналайын!

– Аға, емен-жарқын  әңгі­меңізге  алғысым­   шексіз!

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ӨНЕРКӘСІБІ ӨРКЕНДЕГЕН ӨҢІР PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
07.11.2019 10:30

Шиелінің шығысында – алты Алашқа белгілі Сығанақ­, Бестам шаһары, теріскейінде оңтүстік өңірге етене еніп жатқан қарт Қаратау бар. Одан соң Арқадан бастау алып, Шиелі жеріне келіп тірелетін Сарысу өзені, талай тарихи оқиғаның куәсі болған атақты «Телікөл», тіпті, «Таңбалы тас» та осында. Батысы­ облыс орталығының шекарасына иек артса, түстігінде әйгілі Қызылқұм жатыр.

Аға ұрпақ еңбек пен ерліктің, ынтымақ пен бірлік­тің жеңісіне осы өңірде қол жеткізді. Бұл – тарлан­ саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын, жүректерге жол тапқан сазгерлер  өлкесі.  Төл тарихымыздың алтын тармағы саналған, аты аңызға айналған жеті әулие – Оқшы  ата, Асан  ата, Есабыз  әулие, Ғайып  ата, Қабыл ата, Кітап ата,  Қыш  ата  осы  қасиетті  топырақтан мәңгілік  мекенін  тапқан. Халқына  Жерұйық  іздеген  Асан  қайғы  бабамыздың  бейіті  де  осында орна­ласқан.­


ШАРУАСЫ  ШИРАҚ  ШИЕЛІ

Жалпы, Шиелі ауданының жер көлемі – 3239755 га. Қазіргі таңда аудандағы 40 елді мекенде барлығы 82000-нан астам адам тұрады. Оның ішінде кент орталығында – 32586 адам, ауылдық елді мекендерде 49846 адам қоныстанған. 2019 жылдың 1 шілдесіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштері ресми органдар мәліметімен жалпы­ экономикалық тұр­ғыдан тұрақты жағдай қалыптас­қандығын  көрсетіп  отыр.

Ауданның жылдық бюджеті 19 млрд 456 млн теңгені құрады, игерілуі – 1 тамызға 11 млрд 654 млн теңге немесе­ 101,4 пайыз (болжам – 11 млрд 490 млн теңге). Оның ішінде жергілікті бюджет кірістері 1 млрд 119 млн теңгеге немесе 117,1 пайызға орындалды. Аудан бюдже­тінің шығыстар бөлігі 11 млрд 403 млн  теңгеге  орындалды немесе  98,9  пайызды  құ­ра­ды.

2017-2019 жылдары аудан бойынша ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 1 млрд 50 млн теңге болды. Шиелі ауданы бо­йынша 17 ауыл шаруашылы­ғы құрылымы 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында лизингке және өз қаржысына­ 552176820 теңге жаңа үлгі­дегі ауыл шаруашылығы техни­каларын алып, техника парктерін жаңалауда. Жыл соңына дейін 3 шаруа қожалығына 250 млн теңге ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал-жабдықтарын әкелу  жоспарлануда.

Агроөнеркәсіптік кеше­нін дамытудың 2019 жылға арналған негізгі индика­тор­ларының  іс-шара  жоспарына сәйкес, мал шаруашы­лығын дамыту бағытында бірқатар  жұмыстар  атқа­рылуда. Ауданда 2019 жылдың 8 айында ауыл шаруа­шылығы саласы бойынша 6690,0 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда  102,7%-ға  артқан.

Шаруашылық құрылымдары 29595 гектар жерге егін егіп, былтырғы жылмен са­лыс­тырғанда 2400 гектарға өсім алған. Оның ішінде дәнді дақыл­дар – 13882 га, майлы дақылдар – 1896 га, малазықтық дақылдар – 9213 га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 4664 га болып отыр. Негізгі дақыл сана­латын күріштің көлемі – 12475 га. 1332 га жерге егілген күздік бидай дақылы бүгінгі күнге толығымен жиналы­п, 2664 тонна өнім алынып, орта өнім гекта­рына 20 центнерден  келді.

Ауданда бүгінде тамшылатып суару әдісімен 50 гектар алмабақ өсірілуде, оның 15 гектары биылғы жылы егілді (Талаптан а/о – 10 га, Сұлутөбе а/о – 5 га). Суды үнемдеп  пайдалану бойынша Жаңатұрмыс ауылдық окру­гінде «Байсын» шаруа қожалығы ашық топырақта тамшылатып суару әдісімен 13 гектар жерге көкөніс дақылдарын ексе, мұнан бөлек Ақмая, Алмалы, Ақтоған, Талаптан ауылдық округтерінде су үнемдеу мақсатында «плёнка» қолдану әдісімен 155 гектар жерге көкөніс дақылдарын орналас­тырып, жоғарғы өнім­дерге қол жеткізді. Жобалық кеңсе ая­сында Шиелі кенті­нің шығыс аймағынан жылыжай кеше­нінің құрылысы басталды. Бүгінгі күні  2 гектар жерге 8 жылыжай са­лынып, ал­ғаш­қы өнімдері жиналуда. 1093 га жерге көкөніс дақылдары ор­на­ластырылып, 3984 тонна көкөніс алынды.

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында «Ақмая» шаруа қожалығында 800 гектар жерге «Ақылды ферма» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Соңғы жылдары ауыл шаруашы­лығының экспорттық әлеуеті артып келеді. Биыл­ғы жылы 1600 тонна көкөніс, бақша өнімдері Ресей­, Өзбекстан Респуб­ликаларына  экспортталды.

Ауданда 2019 жылдың 1 қыркүйектегі статистикасы бойынша ірі қара – 59658, қой мен ешкі – 93621, түйе – 1504, жылқы – 15939, құс 27890 басты құрады. Төрт түлік мал басының артуына байланысты өндірілген өнімдерде өсім бар. Яғни, алын­ған өнім (тірілей салмақта) 3191,9 тонна ет (ет өндіру – 103,3%-ға артты), 12245,8 тонна сүт (сүт өн­діру – 101,8%-ға артты), 1839,4 мың дана жұмыртқа өндірілген.

ЖҮЗ   ПАЙЫЗ  ЖАРАМДЫ  ЖОЛЫ  БАР

Шиеліде 145,4 шақырым – аудандық, 92 шақырым – облыстық, 80 шақырым республикалық маңызда­ғы автомобиль жолы, Сырдария өзенінде екі қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Ау­дандық маңыздағы 145,4 шақырым  автомобиль  жолының 124,5 шақырымы, яғни 83,7 пайызы жақсы­ және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстық және республи­калық маңыздағы автомобиль жолдары 100 па­йыз асфальтт­алған. Кент және ауылдық округ елді мекен­дерінде 437 шақырым жол торабы бар.

2019 жылға облыстық бюджеттен 2,8 шақырым «Самара-Шымкент-Майлытоғай» автомобиль жолына орташа жөндеуге 47088 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы өткізіп, жеңім­паз «Қызылорда жолдары» ЖШС мекемесі болды. Бүгінгі күнге 2019 жылға жоспарланған жұмыс толық атқарылды. Сондай-ақ, Қодама­нов ауылының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 47329 мың теңге бөлін­ді. 42594,0 мың теңге игері­ліп, 4735 мың теңге бюджетке  қайтарылды.

Сметалық құны 120 млн теңге тұратын Оқшы ата мемор­иалдық кешеніне кіреберіс 4,8 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жол құрылысы екі жылға жос­парланып, мердігер мекеме «Шиелі  Жолшы»  ЖШС  96,9 млн теңгеге ұтып алды. 2018 жылы жол құрылысына облыстық бюджеттен бө­лінген 70 млн теңге толық игері­ліп отыр. Жұмыстың толық аяқталуына орай, қосымша 29,5 млн теңге қаржы 2019 жылы бөлініп, қыркүйек айын­да 24,4 млн теңге  игерілді.

Аудандық бюджеттен 2019 жылға Сырдария өзенін­дегі қалқымалы өткел мен екі қалқымалы көпірді, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 103 шақырымын күтіп-ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 39611 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсын «Шиелі Жолшы» ЖШС мекем­есі 21812 мың теңгеге ұтып алды. Бүгінгі күні 6417 мың теңге қаржы игерілді, қалған қаржы бөлімнің жеке қаржыландыру жоспары бойынш­а атқарылады. Үнемделген қаржы бюджетке қайтарыл­ды.

Шиелі станциясының «Шиелі-20 бекет» учаскесіндегі 2945 шақырымдағы қос жолды темір­жол арқылы автомо­биль жолы көпірін салу жұмысына 644,847 млн теңгеге жоба-сметалық құжаты жасалынып, мемлекеттік сарап­тамадан өткі­зілген. Облыстық бюджеттен 1 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге құ­жаттары даярлануда. Қалған  қаржы 2020 жылы бөлінеді.

МАМАН   ДАЙЫНДАУҒА  МАШЫҚТАНҒАН...

2019 жылы халықты жұ­мыспен қамту орталығына 2790 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Жұмыс із­деу­ші азаматтардың 1379-ы, яғни 49,4 пайызы тұрақты жұмысқа орналасса, 1265-сі мемлекеттік қолдау шараларымен, яғни ұзақ, қысқамер­зімді оқыту курстары, шағын несиелендіру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. 60 азаматқа мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатының есебінен жұ­мысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем­ақы тағайындалды.

2019 жылға Шиелі ауданы бойынша 900 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, осы күні 1143-ке (127 пайыз) орындалып отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 2018 жыл қорытындысымен экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 39552-ге, жұмыспен қамтылған халық саны 37615-ке артып, жұмыссыздық деңгейі­ 4,9 пайызға төмен­деген. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты  аясында  техникалық және  кәсіптік  білімі  бар 140 кадрды даярлау және 182 азаматты қысқамерзімді оқыту курс­тарынан өткізу жоспарланып, бүгінгі күнге тігінші мамандығы  бойынша 20 азамат ЖК «Юсупованың» «Мақсат» оқу орталығ­ына, 40 азамат тігінші, пішуші мамандықтары бойынша ДК «Тоғжан» оқу орталы­ғына, 20 азамат аспаз маманд­ығы  бойынша «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне», 20 азамат құс шаруаш­ылығы мамандығы бойынша ЖК «Қасиет» оқу орталығы­на, жалпы 100 азамат 3 ай мерзімге қысқамерзімді оқыту курстарына жолданды. 20 азамат оқу курсын аяқтап, 2-еуі жұмысқа орналастырылса, 6 азаматқа мемлекеттік грант  берілді.

Бағдарламаның екінші ба­ғыты­ шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында 110 азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, 120 азамат оқытылып, 110-ы серти­фикат алды. Ағымдағы жылы 300 азаматқа жаңа бизнес-идеяла­рды  іске асыру бағытында  мемлекеттік  грант  беріл­у жоспарланып, бүгінгі күнге 159 азаматқа 48733 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. 2019 жылдың  3 тоқсанында 4595 шағын кәсіпкерлік субъектісі тір­келген. Оның ішінде заңды тұлға – 538, жеке кәсіпкер – 2875, шаруа қожалықтары – 1183.

Бизнесті қолдау мақса­тында Шиелі кентінің шығыс аймағынан индустриялық аймаққ­а 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен, теміржо­лмен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні индустриял­дық аймақтан жобалық құны 66 млрд 30 млн теңгені құрайтын 7 жобаға 63 га жер телімі табысталды. Бос жер көлемі – 33 га. («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС,«Мия Шиелі» ЖШС, «Тұлпар 2000» ЖШС, «Шиелі тас» ЖШС, «Шиелі Жолшы» ЖШС, «Бек-транс строй» ЖШС,  «Бөпежанова» ЖК).

ӘР  САЛАДА   СЕРПІН  БАР

Шиелі ауданы бойынша статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, ауданда 14  пен 29 жас аралығында 20129 жас бар. Оның ішінде, кент жастары – 8430 (41,8%), ауыл жастары – 11699 (58,1%). Жастар аудандағы жалпы халықтың­ 25 пайызын құрайды. Биылғы жылы жастар ресурс­тық орталығымен әр­түрлі санаттағы жастарға ба­ғытта­лған шілде, тамыз, қыр­күйек айларында 32 шара ұйымдастырылып, оған 3598 жас  қамтылған.

Ауданда амбулаториялық емханалық мекемелер бо­йынша барлығы 170 дәрігер, 773 орта буынды медицина қызметкер жұмыс істейді және олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандан­дырылған көмек көрсетеді. 10000 адамға шаққанда дәрігермен  қамтылу  көрсет­кіші – 21,9. Дәрігерлердің біліктілік санаттары – 48 (28,7%), оның ішінде жоғары­  санатта – 13 (27,9 %), І санатта – 27( 56,26 %), ІІ санатта – 8 (16,6 %). Орта буынд­ы медицина қызметкер­ле­рі­нің білік­тілік санаты – 129 (16,6%), оның ішінде жоғар­ы санатта – 97 (75,28%), І санатта –  26 (20,16%), ІІ санатта –  6 (4,66%).

Аудандағы білім беру жүйесін жалпы білім беретін  40 мектеп пен 1 кешкі мектеп, 128 мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу ұйымы құ­райды. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес сапалы білім беру көрсеткішінің негізгі бағыты білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасы­н нығайту болса, осы бағытт­а 2019 жылы аудандағы білім мекемелерін ағымдағы жай жөндеу жұмыстары үшін    31 млн теңге қаражат бөлінді.

2018-2019 оқу жылы 17127 оқушымен басталып, 17074 оқушымен аяқталды. 2019-2020 оқу жылында 1-11-сынып аралығында 17897 оқушы 927 сынып топтамасына, мектепалды даярлық тобы 36 мектепте ашылып, 91 топқа 1727 бала жинақталды. Оқу жылы басында 1-сыныпқа 2256 бала келеді деп жоспарланса, қазіргі кезеңде нақты түрде барлық білім беру мекемелерінде  102 сынып топтамасында  2044 оқушы білім алуда. Биылғы­ жылы облыс­тық білім басқармасының бастамасымен білім саласын цифрландыру мақсатында «mektep.sitсen.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылып, «мектептің 1-сыныпқа бала қабылдау», «тегін тамақпен қамтуды ұсыну» және «тегін тасымал­дауды қам­тамасыз ету» мемлекеттік көрсетілім қызметтері жүйе арқылы­ жүргізілетін болады. «Мектептің 1-сыныпқа бала қабылдау» қызметі ағымдағы жылдың маусым айынан жүргізілуде, қазіргі уақытта мектепке 1-сыныпқа бала қабылдау аудан бойынша осы ақпараттық жүйе арқылы жүргізіліп, 2028 оқушының өтініші электронды, 16 оқушыныкі қағаз түрінде қабылданды.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезең 2016-2020 жылдарға арнал­ған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Дене шы­нық­тыру және спортты дамыту­ бағытында ауданда 2 стадион, 3 спорт кешені, 37 спортзал, 121 спорт алаңдары жұмыс істейді. Ауданда 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Шиелі спорт клубы бар, оған 3742 жасөспірім спорттың 19 түрінен секцияларға тар­тылған, бұл көрсеткіш аудан бойынша балалардың 47 пайы­зын құрап отыр.

Аудан бойынша 2019 жылдың  бірінші  жартыжылды­ғында  дене  шынық­тыру және спортпен жүйелі түрде айна­лысушылар саны 23703 адам, шұғылданушылар үлесі 28,7% пайызды құраса, жыл соңына дейін 29 пайызға жеткі­зу   жоспарлануда.

Ұлттық және бұқаралық  спортты дамыту, насихаттау мақсатында 2019 жылдың І жартыжылдығында күнтіз­бе­лік жоспарға сәйкес жыл басынан бері 62 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық іс-шара өткізілді. Оның ішінде отбасылық жарыс, велошеру, ұлттық спорт түрлерінен және мекеме қызметкерлері  арасында жү­гіру  жарыстары  өткізіліп  келе­ді. 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында  жекешелік-әріптес­тік негізде Керделі елді мекенінде­ спорт кешені пайдалануға беріле­ді деп күтілуде. Онда бокс, волейбол, күрес түрлері, гимнастика спорт  түрлерін  ашу  жоспарлануда.

Қазан айының 2-6-сы күн­дері Қармақшы ауданында өткен облыстық ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2019» спартакиадасында Шиелі ауданы құрама коман­дасы спорттың 16 түрінен қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді.

Өңірде бүгінгі таңда 1 ау­дандық мәдениет үйі, «Арман» кенттік мәдениет үйі, 10 ауылдық мәдениет үйі мен 15 ауылдық клубы, барлығы 27 мәдени ошағы, 7 халықтық ұжым,      2 мәдени-демалыс кешені халы­ққа мәдени қызмет көр­сетіп келеді. 2019 жылдың 6 айын­да аудан бо­йынша өткі­зілген мәдени шара 697 болса, қамтылған көрермен – 11330  адам.

 

ӨНЕРКӘСІПТІҢ  ӨНІМІ  ӨСКЕН

Индустрияландыру бағ­дарламасына  сәйкес  өнер­кәсіп өнімінің көлемін арт­тыру бағыт­ында 3 жоба жүзеге асырылуда.

Біріншісі, «Гежуба Шиелі цемент» ЖШС 20 мамырда іске қосылып, қалыпты жағ­дайда жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге зауыт 43,8 мың тонна цемент­ өндіріп, 260 тұрақты жаңа  жұмыс  орны  ашылды.

Екіншісі, «Фирма Балауса» арқылы құны 125 млн АҚШ долларын құрайтын металл өңдеу жобасы жүзеге асырылуда. 2019 жылдың 1 қаңтарына экспорт көлемі 3,2 есеге ұлғайтылып (2017 жылы – 128 тонна), 1,4 млрд теңгені құрайтын 200 тонна аммоний метаванадатын экспорттады. Биылғы жылы  5  окситті  ванадий өндіру цехы құрылысы жүргі­зілуде. Цех осы жылы іске қосылады. Қазіргі  таңда  кәсіп­орында 147 адам  жұмыс істейді.

Үшіншісі, «Таң ЛТД» ЖШС-нің жобалық құны 397 млн теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы іске асы­рылуда. Мемлекет тарапынан 5000 га жер телімі егіндік мақсатта табысталды. Қазіргі таңда 1000 га жерге жоңышқа және мақсары дақылдары егілді.

Сонымен  қатар, «Сыр агро и К» ЖШС-нің 1100 бас­қа арналған­ тауарлы сүт фермасы жобасы аймақтық үйлестіру кеңесі­не ұсынылып, қолдау тапты. Өндірістік мақсатқа 500 гектар жер телімі табысталды. Жобалық құны – 2,5 млрд теңге, қуаттылығы жылына 5,3 мың тонна сүт өндіреді.

Бүгінге күні Шиелі кенті бойынша үйлерге газ кіргізуге 5224 өтініш тіркеліп, оның 5216-сы «көгілдір отынды» пайдаланып отыр. Аудан орталығындағы 190 кәсіпорын, мекеме­лер және кәсіпкерлік нысандары газбен толық қамтамасыз етілген. Оның 24-і – әлеуметтік сала мекемелері. Биылғы жылы әлеуметтік жекеш­елік әріптестік аясында кент орталығындағы 8 білім беру мекемесінің (№47, 48, 127, 219, 244, 270, оқушылар үйі және №47 мектептің ескі ғимараты) қазандықтарын газ­ға ауыстыру жұмыстары толығымен аяқ­талды. 17 мектепке дейінгі балабақ­шалар толық газбен қамтамасыз  етілген.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдар­ламасы аясында Шиелі кенті Шұғыла 2, Шұғыла 3, Шығыс  4 мөлтек аудандарының инженерлік инфрақұрылым құрылысына (электр, ауызсу) 2018-2020 жылдары респуб­ликалық және облыстық бюджеттен 1 млрд 470 млн теңге бөлініп, игерілуде. Осы мөлтек аудандағы тасжолдың құрылысы жұмы­сына (43 көше) об­лыстық бюджеттен 291 млн 762 мың теңге  қаржы  қаралды (жобалық  құны – 751 млн 366 мың теңге). Нысан  2020 жылы пайда­лануға  беріледі.

2000  жылы  анықталған облыстағы Сыр бойындағы он ғасыр  адамының  бесеуі  шиелілік  тұлға  еді. Олар: ұлт жанашыры, күллі түркі  баласының  басын  қосып, ел етсем деп арманда өткен арыс азаматымыз, Түркістан автономияс­ының алғаш президенті атанған Мұстафа Шоқай, даңғайыр  диқан, дала академигі, ақ күріштен тау  тұрғызған Ыбырай  Жақаев, атақты ғалым,  академик, еңбегі  еліне  азық болған  Шахмардан  Есенов, «Неге маған­  жырламасқа  Сырда туған елімді?» деп жырлаға­н  ақын  Әбілдә Тәжібаев және Сыр сүлейі, бел­гілі  композито­р  Нартай  Бекежанов.

ТҮЙІН:

Шиелі – ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқа­н  киелі  мекен.

Шиелі – көптеген тарихи оқиғаның куәсі болған байырғы­  өлке.

Шиелі – талай текті тұлғаларды тудырған топырақ.

Шиелі – шаруасы ширақ, шаттығы шалқыған шаһар.

Шиелі – өнеркәсібі өркендеген, өнерпаздары өрлеген­ өлке.

Рыскелді   ЖАХМАН

 


МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
07.11.2019 10:15

Ел ризығын еселеуде мал шаруашылығының атқарар рөлі зор. Себебі төрт түлік халықты азықпен ғана емес, ауыл шаруашылық өндірісін күш-көлікпен және табиғи тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Тарих беттерін парақтасақ, мал шаруашылығының осыдан­ ондаған мың жылдай бұрын пайда болғанын аңғарамыз. Ал ғалымдардың зерттеуі қазақ жеріндегі мал шаруашылығы қола дәуірінен бастау алады дейді. Бұған археологиялық қазбалар мен көшіп-қонып жүрген жұрттың атақонысы дәлел бола алады. Сондай­-ақ 1743 жылы Қалдан Серен қолынан Абылай ханды бо­сатуғ­а барған қаз дауысты Қазыбек бидің «Біз мал баққан елміз...» деп басталатын толғауы да аталған шаруашылықтың атакәсіп екенін айғақтайды. Демек қазақ елі үшін қой бағып, жылқы асырау­ жат емес. Тіпті ата-бабадан жалғасып келе жатқан үрдіс.

Шиелі ауданы да шаруашылықтың бұл бағыты бойынша алға жылжып келеді. Биыл ауданда мүйізді ірі қара саны 59 622-ге жетсе, қой мен ешкі – 96 323, түйе – 1504, жылқы – 16210, ал құс 23552 басты құрап отыр. Бұл тарих беттерінде таңбаланып қалған­ өткен жылғы көрсеткіштерден едәуір өскен. Осының арқасында биылғы жылы 2801,9 тонна ет, 10549 тонна сүт, 1649,3 мың дана жұмыртқа өндірілген. Ал 15 тонна балық Ресей Федерациясына экспортталған.

Мал шаруашылығында асыл тұқымды малдың маңызы зор. Ол – малдың өміршеңдігі мен өнімділігін, өсім саны мен сапасын­ арттырудың тиімді тәсілі. Қазіргі таңда ауданда асыл тұқымды мүйізді ірі қара – 655, қой – 12400, жылқы – 162, түйе 244 басты көрсетіп  отыр.

Әлімсақтан атакәсіппен айналысып, болмыс-бітімін мал шаруа­шылығымен байланыстыра білген өңірде мал бордақылау, қолдан ұрықтандыру сынды шаруа да оң нәтиже көрсетіп келеді. Қазіргі таңда ауданда 50 бастан 120 басқа дейін мал бордақылайтын орындар бар. Олардың қатарындағы Керделі ауылдық округінде «Халық», Ақмая елді мекенінде «Әсет», аудан орталығындағы «Шорабаев Ә» бордақылау алаңдары көш бастап тұр десек қате емес. Сондай-ақ жеке кәсіп ашып, ел экономикасының дамуын­а сүбелі үлес қосуға атсалысып жатқан жеке кәсіпкерлер де жетерлік. Олар ауданда мал бордақылау алаңының артуы үшін жұмыс істеуде. Мәселен, Бәйгеқұм ауылындағы «Бәйімбетов», Иіркөлдегі «Жерұйық», Керделідегі «Дидар», Төңкерістегі «Жылқы­айдаров» алаңдарының бүгінде тасы өрге домалап отыр. Сонымен қатар өңірде 16 қолдан ұрықтандыру бекеті жұмыс істейді. Олар Қызылорда қаласындағы «Асыл тұқым» ЖШС және «Жаңақорған-Асыл түлік» ЖШС-мен келісімшартқа отырған.

Бүгінгі таңда атакәсіп мал шаруашылығына жұрттың қызығушылығы артқан. Мал баққанға бітеді. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. «Құлан», «Алтын асық», «Сыбаға», «Ырыс» атты бағдарламалар елді мекендердегі кәсіпкерліктің жаңа құрылымын қолдап, оны қаржыландырудың бірнеше бағытын­  ұсынуда. Бұл өңірімізде мал шаруашылығының тың серпінмен­  дамуына  әсер  ететіні  анық.

Тақырып мал шаруашылығы турасында болғандықтан, одан өндірілетін өнімдерді айналып өте алмаймыз. Жесең – азық, ішсең – сусын, кисең – киім болатын төрт түліктің өнімдері де елдің есінен шыққан емес. Қазір егінмен қоса мал шаруашылығын­ бірге дамытып отырған қожалықтар бүтіндей бір ауылды ағарғанмен қамтамасыз етуге қауқарлы. Мәселен, «Ақмая» шаруа қожалығында 240 бас асыл тұқымды ірі қара бар. Мұндағы сүт өнімдері аудан орталығындағы дүкендерге және Ақмая ауылының тұр­ғындарына жөнелтіледі. Ал шипалы шұбат өндіретін «Ару ана» цехы Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларына түйе сүтін тасымалд­айды. Мұнда тәулігіне 400 литрдей шұбат өндірумен қатар сүт, айран, құрт, балмұздақ, қымыз секілді сүт өнімдері дайындалады. Жалпы, өңірде ірі өнеркәсіптерден бөлек, тұрғындар да ағарғаннан алыс қалған емес. Қорасында бірді-екілі сауынды­  сиыры  барлар  май  шайқап, ірімшік  қайнатудан  алдын­а жан салмайды. Ал  дәмі тіл үйіретін қазақтың бренді құртты сатып­, нәсібін  тауып  отырған  жандар  қаншама?!

Рас, атакәсіп  тоқырау тұсында тұралап қалды. Амандық-саулық­ сұрасқанда да «мал-жан аман ба?» дейтін халық үшін ол оңайға соқпады. Ал қазір бұл саланың тамырына қан, өңіне нәр жүгіргенін жоғарыда сөйлеткен сандардан аңғара аламыз.

 

Маржан   БОЛАТҚЫЗЫ

 


ҚАЙСАР ТҰЛҒА (Тағдырға мойымаған тума талант Нұрмұхаммед Әбілқасымов ініме арнау) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
07.11.2019 10:00

Бұл ақынды аңыз деп те айтарлық,

Жанында жоқ жабырқау мен жайбарлық.

Аңыз емес, бірақ бәрі ақиқат,

Бойында бар қажыр-қайрат, қайсарлық...

 

Тума талант таңылғанмен арбаға,

Отырмын-ау демейді ол арбада.

Сол ақынға серік болған – сенім мен

зейін, зерде, сезім, жігер, АР ғана...

 

Таяқшаны тістеп алып тісімен,

Өлең-жырлар өзенше ақты ішінен...

«Тағдырымның жанары» мен «Тасжарған»,

Келді өмірге таңғаларлық ісімен...

 

Жазды адамға жігер берер жырларды,

Махаббат пен нәзік сезім сырларды...

Көкжиектен көз тартатын керемет,

Қосты жырға көктемдегі қырларды...

 

Ақын ойын жырға қосып айта алды,

Мүгедектік мойытпады ҚАЙСАРДЫ.

Кейде мұңға бата қалса жыр жазып,

Қамығуды қайсарлықпен қайтарды.

 

Үлгі-өнеге боларлықтай басқаға,

Бұл ақынның қырлары көп басқа да...

Ойлы жырмен мүлгіп жатқан мәңгілік,

Тіл бітірер таулар менен тасқа да...

 

Ақындық – бұл басқа қонған таза БАҚ,

Таза бақты ұстап жүру – ғазабат.

Нұрмұхаммед – аңыз ақын ақиық,

Нағыз ақын, нағыз батыр, АЗАМАТ!

 

Егіздердің  өмірге  келгенін  естігенде

Сезем іштей СЕНІМ болды сенгенің,

Өлең-жырмен өз-өзіңді емдедің...

Қажыр-қайрат қайсарлықпен қосылып,

Сондықтан да болды бәрін жеңгенің.

 

Сезімің мен сеніміңді саралап,

Алла саған берген аса дара БАҚ...

Соған дәлел келді өмірге кішкентай,

Қос құлының Қалқаман мен Қарақат.

 

Өміріңнің балдан тәтті шырыны,

Ұрпағыңның ұзақ болғай ғұмыры!..

Болашақта бақытты боп білімді,

Бәрінен де биік болсын тұғыры!

Қазыбек  ӘШІРБЕКҰЛЫ

 


ЖАСТАР – ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫМЫЗ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.11.2019 18:00

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Бұл бағытта біздің еліміздегі мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы жарлығымен құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құндылықтары әділдік, парасаттылық, сенім болып табылады. Осы бағыттарды басшылыққа ала отырып сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамдағы қазіргі жағдайы мен қажеттіліктерін ескере отырып, жаңадан үш департамент құрылды.

Бүгінгі күні Парасаттылық департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұрғысынан тиісті идеологияны ілгерілете отырып, мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара тығыз іс-қимылдажұмыс жасап келеді.

Парасаттылық департаментінің драйвері «Адалдық алаңы болып табылады, оның аясында бірнеше бағыттағы жобалар іске асырылуда.

Аталған жобаларға тоқтала өтсек, жас жеткіншектің тұлға ретінде қалыптасуына отбасымен қатар, білім беру ұйымдарыныңда қосар үлесі зор болып табылады. Бүгінгі таңда облсымыздағы барлық орта білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні зор«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары жұмыс жасауда. Департамент бастамасымен республикада алғаш рет «Адал ұрпақ» клубтарының облыстық штабы құрылып, жұмысы бір орталықтан жүйелендірілді. Мектеп қабырғасында білім алушылардың бос уақытын тиім пайдалану мен қатар тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін жыл басынан бері түрлі тақырыптарда 1300-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жазғы тынығу лагерінде "Адал ұрпақ" ерікті клуб мүшелерімен "АDAL fest" фестивалі өтті. Фестиваль аясында эстафеталық ойындар, "Жемқорлық - балалар көзімен" атты сурет байқауы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Сырдария ауданындағы «Жалын» тынығу лагерінде Парасаттылық мектебі аясында Департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов және "Ақмешіт - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов адалдық құндылықтарын насихаттайтын дәрістер оқыды.

Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында  Агенттіктің тікелей бастамасымен облыс аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында  «1 қыркүйек-Білім күні» мерекесіне орай Жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарына мүшелігіне облыс бойынша 16000 аса оқушы қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту бағытында білім мен тәрбие алуда.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің об­лыстық департаментінің, «Адал Ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клуб мүшелерінің  қолдауымен ұйымдастырылған 14-29 жас аралығындағы барлық жас ақындарды сайысы өткізілуде. Шараның басты мақсаты поэзия арқылы жастар бойын­да адалдық пен сенімділікті қалып­тастыру және кейінгіге өлмейтін сөз қалдыру болып табылады.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Саналы ұрпақ» клубтары құрылып, клуб мүшелері құрылып, өз жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

«Саналы ұрпақ» клубтарының саны 32-ге жетіп, 4000 мыңға жақын студенттер клубтар мүшелігіне қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және насихаттау мақсатынды 850–ден астам шаралар өткізілді.

Бүгінгі күні колледж студенттерін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, онымен күресуге тәрбиелеу мақсатында барлық оқу тобында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» факультативтік сабағы өткізіліп келеді. Қазан айында өткен ауқымды шаралардың бірі колледж студенттері арасында «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы айтарым!» тақырыбына үздік эссе байқауы өткізіліп, оған 1209 студент қатысып, байқау комиссиясының қорытынды отырысы өтті. Қорытындысында үздік деп танылған 3 студент дипломмен, 9 студент алғыспен марапатталды.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарында Парасаттылық мектептерін ашу бойыншаҚызылорда облысының білім басқармасы мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарына Парасаттылық мектептерін ашу бойынша ұсыныстар берілді. Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар өз кезеңімен жүргізілуде. Есепті кезең ішінде 293 мектепте, 32 жоғары және орта арнаулы оқу орындарында Парасаттылық мектептері өз жұмыстарын бастады.

Осы Бағдарламалардың мақсаты аса өнегелі, жауапты бастамашыл, әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:

1)адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру;

2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсіндіру;

3) эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамыту болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту жолдарының бірі және ең негізгісі отбасылық тәрбие яғни жастарымыздың тәрбиесі деп санаймын. Егер ұлттық мәдениеттің мысалын алсақ, отбасында балаларды еңбекке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу дәстүрі әрқашан да болған. Сондықтан отбасында ұлттық тәрбиенің негізі, адамгершілік пен ісәрекеттің өзегі ретінде адал еңбек басым болуы тиіс. Сонда ғана отбасы деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл қоя аламыз. Бұл тосқауыл осы мәселені заңдық реттеуге қарағанда мықтылау және тиімдірек.

Сөз соңын қортындылай келе еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге  келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету оның алдындағы парызы және баршамыздың жарқын болашағымыз үшін басты міндетіміз.

Мұрат Искаков,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы

 


АРАЛДА ЖОҒАЛҒАН БАЛЫҚШЫЛАРДЫҢ БІРЕУІ ӨЛІ КҮЙДЕ ТАБЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.11.2019 16:28

Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының мәліметі бойынша, 5 қараша күні сағат 16:00 шамасында 1 балықшының денесі теңіздің 8-ші балық аулау учаскесінде су бетінен табылды. Екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда. Оған облыстық ТЖД-нен 1 техника, 1 қайық, 4 адам және жергілікті балықшылар қатарынан барлығы 53 қайықпен 115 адам жұмылдырылуда. Сонымен қатар, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы тарапынан әуеден бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппаратымен (дрон) іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен 8 техника, 20 адам күшімен жағалаулар тексерілуде.

 


Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары