Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1650
mod_vvisit_counterКеше2899
mod_vvisit_counterОсы аптада14674
mod_vvisit_counterӨткен аптада22678
mod_vvisit_counterОсы айда68040
mod_vvisit_counterӨткен айда82830
mod_vvisit_counterБәрі4905051


Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 08 Қараша 2019

Ғалымбек Жақсылықов: «Кәсіпкер болу тәртіпті талап етеді» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.11.2019 17:30

Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов И.Әбдікәрімов атындағы аграрлы-техникалық колледжде студенттердің қатысуымен өткен «Кәсіпкерлік негіздері» курсында осылай деді.

Палата басшысы кездесуде студент күнінде істеген жұмыстары, кәсіпке келгенде кездескен қиындықтары мен алғашқы қателіктері, алған тәжірибесі жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

«Саланы білмейтін жандар үшін жеке кәсіппен айналысу, кәсіпкер болу ұйқыны қандырып, қалаған уақытында жұмысқа барып, еркін демалу мүмкіндігі бар оңай жұмыс ретінде көрінуі мүмкін. Көбіне солай қабылдайды да. Алайда кәсіпкер болу – ішкі тәртібіңді қатаң қадағалап отыруды, өзің үшін ғана емес, сондай-ақ жұмыспен қамтып отырған қызметкерлерің үшін де ұдайы жауапкершілікте болуды, кәсіпті жүргізуде сәт сайын шешім қабылдауды, жан-жақтылықты талап етеді», - деді шарада Ғалымбек Жақсылықов.

Палата директоры қазір елімізде кәсіппен айналысамын деген азаматтарға мемлекет тарапынан мықты қолдау көрсетіліп жатқандығын, тек сол құралдарды мерзімінде қолданып, игілігін дер кезінде пайдалану қажеттігіне де баса тоқталды.

«Ең бірінші кәсіпкер ретінде салық органдарына барып тіркеліп, қолыма жеке кәсіпкер куәлігін, мөрді алғанымда қуанышым қойныма сыймай жүре беріппін. Жастықтың, тәжірибесіздіктің салдары ғой, осылайша салықтық есептілікті төлеу мерзімін жіберіп алып, айыппұл төлеген кезім де болды. Ол кезде қазіргі «Атамекендей», кәсіпкерлер үшін барлық қызмет түрлерін тегін ұсынатын мекеме болғанда кәсіпті ашудағы, құжаттарды жүргізудегі қиындықтарға кездеспес пе едім деп ойлаймын. Қазір бизнеске келген жандар үшін мүмкіндік жеткілікті. Тек мықты идеясы болса болды», - дейді Палата басшысы.

Кездесуде студенттер жастығына қарамастан мемлекеттік бағдарламалар, оны қолдану тетіктері туралы көбірек сұрап, белсенділік танытты. Кездесу қорытындысымен шарада белсенділік танытқан студенттерге Кәсіпкерлер палатасы атынан «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» және Наполеон Хиллдің «Ойлан және байы» кітаптары сыйға тартылды.

Айта кету керек, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бастамасымен 2014 жылы пилоттық негізде Қызылорда қаласындағы № 9 мектеп-гимназиясында енгізілген болатын. Жобаның тиімділігі ескеріле келе «Атамекен» мен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы ретінде республиканың барлық мектептері мен оқу орындарында енгізу жөнінде шешім қабылданды. Биылғы жылы аталмыш «Кәсіпкерлік негіздері» өңіріміздегі 90-нан астам мектепте, 14 колледжде, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да өтуде.

 

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.11.2019 15:25

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №9 оқу ғимаратында Т.Қуанышбаев атындағы «Химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру» орталығы ашылды. Енді мұнда бәсекеге қабілетті педагог-мамандарды даярлауға зор мүмкіндік туды. Орталықты жобалау, оқу, ғылыми зертханалар талаптарына сай жөндеу, әрлеу, еуропалық сападағы химия-биологиялық бағыттағы заманауи оқу, ғылыми құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары Т.Қуанышбаев атындағы ғылыми-білім беру жеке қорының 130 миллион теңге көлемінде толық қаржыландыру нәтижесінде жүзеге асырылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов қатысып, білім қызметкерлерінің қуанышына ортақтасты.

- Толыбек Қуанышбаев – саналы ғұмырын ғылым мен білім жолына арнаған арда азамат. Еңбек жолын Сырдария ауданындағы №36 орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1976-1980 жылдары Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының химия кафедрасының аға лаборанты, кейіннен оқытушы қызметіне ауысты. 1993  жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қорқыт Ата атындығы Қызылорда мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультеті деканы қызметін абыроймен атқарған. Бүгінде өзі тәрбиелеген шәкірттері еліміздің түкпір-түкпірінде абыроймен қызмет атқарып жүр. Ардақты азамат, білікті ғалым Толыбек Досайұлының атына арнайы ғылыми орталық ашып, жас ұрпақтың ғылымға бейімделуіне жағдай жасап отырған ғалымның бауырларына Сыр жұртшылығы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Содан соң Т.Қуанышбаев атындағы ғылыми-білім беру жеке қорының атынан Әскербек Қуанышбаев сөз сөйлеп, үлкен істің басынан көрінген барлық ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Осы орталықты ашуда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұжымы, профессор-оқытушылар қауымы, сіздердің еңбектеріңіз өте зор. Бұл орталық сіздердің жоғары білімді, бәсекеге қабілетті шәкірттер тәрбиелеп, олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор септігін тигізеді деген сенім бар. Сондай-ақ, қолдау көрсеткені үшін Қызылорда облысының әкімдігіне де ерекше алғысымды білдіргім келеді,- деді ол.

Орталықтың ерекшелігі, зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды орындау және өлшеуді жүргізу компьютерленген жүйе арқылы жасалады.  Ал оқу лабораториясы «Физикалық химия» базалық курсының 7 тарауы бойынша 10 лабораториялық жұмыстарды, «Биохимия және өсімдіктер физиологиясы» курсынан 10 лабораториялық және практикалық жұмыстарды орындауға мүмкіншілік береді. Мұнымен қоса мұнда кітапхана да бар. Толыбек Досайұлының жеке кітапханасы қорынан химиялық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттер жинақталып, университет кітапхана қорынан химия-биология ғылымдар бағыты бойынша 561 дана оқу және ғылыми кітаптар қойылған.

«Химиялық білім беру ісі» мамандығының 1-курс магистранты Әйгерім Сыздықова болашақта халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін бұл орталықтың маңызды  екендігін жеткізді. Қорытындысында «Химия-биологиялық зерттеулер ғылыми білім беру» орталығының ашылу салтанатының лентасы қиылып, қатысушылар орталықтың материалдық-техникалық базасы, жалпы жұмыс барысымен танысты.

Ә.НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


ЖРВИ жұқпалы ауруларды тудырады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.11.2019 14:20

«ЖРВИ» дегенді естіп пе едіңіз? Білмесеңіз, айтайық, бұл – жіті респираторлық вирустық инфекция. Әлемдегі тұмауды біріктіретін аурулардың ең кең тараған тобы тұмау, парагрипп, респиреспираторлық-синцитиалдық инфекция, риновирусты және аденовирусты инфекция, яғни жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынушы аурулары. ЖРВИ кезінде тыныс алу жолдары көбіне зардап шегеді. Оның қоздырғыштары жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады. Дәрігерлер осылай дейді.

Көбіне мұнымен  иммунитеті әлсіз адамдар ауырғыш келеді. Уақытылы тамақ ішпеу, зиянды тағамдарды (fast food) жиі пайдаланушылар, қысқасы денсаулығына бейжай қарайтындардың барлығы жұқпалы ауруларға сынғыш келеді. Енді эпидемиологиялық маусым туды деп дәрігерлер дабыл қағуда. Естіген құлаққа «эпидемия» дегеннің аты ауыр, бірақ инфекциялық аурулардың лажы болса алдын алған дұрыс-ақ.

ЖРВИ және тұмау ауруымен науқастанудың күні бүгінге дейін 1040 оқиғасы тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғандағы аурушаңдық көрсеткіші әзірге бір деңгейде. Аурушаңдықтың 70,6%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында болған. Бүгінде қалада орналасқан ауруханалар мен емханаларда тұмауға қарсы дәрі-дәрмектер қоры жинақталған. Тұмау ауруының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация. Ағымдағы жылдың 1 қазан – 1 қараша аралығында барлық емханаларда вакцинация жұмыстары жүргізілді. «Гриппол плюс» вакцинасы 30000-ға жуық адам егілді. Сонымен қатар жұмыс берушілердің қаржысы есебінен 2000  адам тұмауға қарсы егу жасады. Айта кетейік, тұмауға қарсы вакциналар Ресей Федерациясынан алынады және олар республикалық сараптамадан өткеннен кейін ғана егіледі. Демек, вакцинадан үркуге ешқандай себеп жоқ.

- Қазір жұқпалы аурулардың өршіп тұрған кезеңі. Осының алдын алу шараларын біз бастап та кеттік. Қазір қаладағы эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деп бағаланады. Вакцина сатып алуға жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылды. Сол қаржыға тұрғындардың 10 пайыздан кем емес көрсеткіші қамтылуы керек.  Күні бүгінге дейін бізде 30800 вакцина алынды. Ол 29800 адамға егілді. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы, толық емес отбасы, денсаулығы төмен тұрғындардың барлығы вакцина егуден толықтай өтті, - деді Қызылорда қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Ж.Жетігенова.

Эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштерге сәйкес тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекцияларын жұқтырғандарды зерттеу «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының вирусологиялық зертханасында жүргізіледі. Қазірге дейін 81 науқас тұмау ауруына зертханалық тексеруден өткізілген. Нәтижелері – теріс. Мұндай зертханалық жұмыстар халық арасында айналымдағы вирустардың типтерін ерте түсіндіру және тұмау вирусының жаңа, өзгерген түрлерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

- ЖРВИ көрсеткіштеріне байланысты біз күн сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Тұмаумен және өзге де тыныс жолдары ауруымен көбіне жүкті әйелдер де ауырып жатады. Жүкті әйелдерге тұмаумен ауыру қауіпті. Сондықтан аяғы ауыр әйелдерге аурудан сақ болу керек,- дейді Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары М.Аябекқызы.

ЖРВИ және тұмау ауруының алғашқы белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, міндетті түрде дәрігерге көріну шарт. Дәрігерге уақытылы қаралмаған жағдайда тұмау асқынып, тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырлары мен жүректі ауруға шалдықтырады. «Тұмау түбі – құрт» дегенді де ара-тұра еске ала жүрген де жөн.

Ә.БОЗАНОВА

 


ЖАЛҒАН СӨЙЛЕП СОТТАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
08.11.2019 12:50

2019 жылдың ақпан айында қаланың екі тұрғыны М. және Н. көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін жауаптылық көзделгенін біле тұра, «әкімдік өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздеріне күш көрсетіп, заңсыз бостандығымыздан айырды» деген желеумен Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданды.

Осыған орай, қылмыс жасалғаны туралы көрiнеу жалған сөз жеткiзгені үшін оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының 03.09.2019 жылғы үкімі негізінде айыпталушылардың әрқайсысына 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, олар пробациялық бақылауға алынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары