Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2059 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 9871 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70684 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163221 |
ҚОСАМАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕКЕТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
12.11.2019 11:25 |
Жаңа әрі жайлы нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев: - Бүгінде ауданымызда денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер болып, жағымды жаңалықтарымыз көбеюде. Өткен жылы аудан орталығында 150 орындық орталық аурухана, Бекбауыл елді мекенінде дәрігерлік амбулатория, Жаңақұрылыс елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік бекет, Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінің медициналық бекеттерінің жаңа ғимараттары салынып, пайдалануға берілді. Бірнеше жылдан бері Қосаман ауылдық округінде медициналық бекет қажеттілігі туындап келсе, бұл мәселе де оңтайлы шешімін тапты. Ендігі жерде бұл орталықтың қызметкерлері халыққа сапалы қызмет көрсететініне сенемін, - деп, ақжарма тілегін жеткізді. Ізгі лебіздер легін одан әрі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қашқанқұл Латипов жалғап, көпшілік қуанышымен бөлісті. Алғашқы көмекке қажетті құралдармен толық жабдықталған нысанда дәрігерлер мен емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, биылғы жылы Шөмішкөл елді мекенінде де осындай медициналық бекеттің құрылысы жүргізілді.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
«КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
12.11.2019 09:20 |
Жиында облыс прокуроры Н.Бижанов елімізде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы құқықтық және ұйымдастырушылық шараларына тоқталды. Бизнес ең алдымен тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, халықтың тұрмысын жақсартады. Кәсіпкерлікті ашуға және оны дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Жаңақорған ауданында 3 республикалық («Агороөнеркәсіптік кешенін дамыту», «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек») және 1 облыстық («Микробизнес-Қызылорда») бағдарлама жүзеге асырылуда. Осының аясында 4 мыңнан астам кәсіпкерге қаржылай көмек көрсетілген. Мысалы, «Бекарыс Агрофуд» серіктестігі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас асыл тұқымды мал сатып алған, бордақылау алаңын ашқан. Аталған акцияға «Даму қоры», «КазАгрофинанс», «Аграрлы несие корпорациясы», «Байқоңыр ӘКК» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ұйымдарының өкілдері қатысып, қаржылық қолдау түрлері мен шарттары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Игі шараға барлығы 340 адам қатысып, кәсіпкерлік жұмыстары бойынша сала мамандарына жүгінген 100-ге жуық азаматтың сауалдарына жауаптары беріліп, қаржыландыру және құқықтық сипаттағы жағдайлар жан-жақты түсіндірілді. Мұндай шара облыс прокурорының ұйымдастыруымен алдағы уақытта басқа аудандарда да өткізілетін болады. Қызылорда облысының прокуратурасы |
ҚЫЗЫЛОРДАДА 756 «БАСТАУЛЫҚ» КӘСІБІН БАСТАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
11.11.2019 16:00 |
Фархад Әбжаппаров хабарламасында «Бастау» жобасы бойынша биылғы жылы 3140 азаматты оқыту көзделіп отырғандығын, бүгінгі күнге дейін оның 2368-і білімін жетілдіргендігін жеткізді. Қазір өңірде «Бастаудың» биылғы жылдағы соңғы легі бойынша оқыту жүргізіліп жатыр екен. «Оқыған азаматтардың 2093-іне «оқуды аяқтағандығы» туралы, 275-іне «оқуға қатысқаны» үшін сертификат табысталды. Бұл сертификаттардың айырмашылығы – «оқуды аяқтағандығы» жөніндегі құжат тек жобаны сәтті қорғай алғандарға ғана беріледі. Жоспар бойынша жыл соңына дейін ең кемі 628 азаматтың жобасы қаржыландырылуы қажет. Қазірдің өзінде ол жоспарымызды артығымен орындап, 756 «бастаулық» әртүрлі қаржы көздерінен қаржы алып, ісін бастап кетті», - дейді Палата маманы. Өңірлік кеңес отырысында Фархад Әбжаппаров «Жастар жылында» еліміз бойынша пилоттық негізде қолға алынған «Жас кәсіпкер» жобасына да тоқталып кетті. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша өңірімізде 1100 жас оқытылған. Олардың ішінде бүгінгі күнге дейін жалпы құны 252,4 млн теңгені құрайтын 495 жоба қаржыландырылып, жас кәсіпкерлер жеке істерін бастап кеткен. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі |
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
11.11.2019 14:00 |
Ел чемпионатында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық облысынан 500-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасуда. Мақсаты Қазақстан ұлттық құрама сапына іріктеу болып табылады. Топ жарғандар келесі жылы өтетін Əлем жəне Азия чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады. Жарыстың салтанатты ашылуында облыс əкімінің міндетін атқарушы Наурызбай Байқадамов, ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Дəурен Абаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сəттілік тіледі. Ел чемпионатының алғашқы күнінде бозкілемге ерлер (90, 100, +100 келі) шығады. Жарыстың соңғы күні, 14 қараша күні əйелдер өнер көрсетеді.
Лаура ШОҢҒАЛОВА |