Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 12 Қараша 2019

ЖАЛАҒАШТЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЕҢБЕКҚҰҚЫҚТАРЫҚОРҒАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.11.2019 09:35

Аудандық прокуратурамен жүргізілген талдаумен аудандық білім бөлімімен педагогтерге жыл сайынғы сауықтыруға арналған бір жолғы жәрдемақының толықтай төленбегені анықталды.

Талдау барысында Жалағаш ауданының мектептерінде қызмет атқаратын мұғалімдеріне жыл сайынғы еңбек демалысына шығу барысында сауықтыруға арналған материалдық жәрдемақы төлеу кезінде тек негізгі жұмысы үшін 1 тарифтік мөлшерлеме бойынша төленіп, қосымша атқарған жұмыс жүктемесі ескерілмей жәрдемақылары төленбеген.

Осының салдарынан аудандағы 19 мектепте жұмыс істейтін 281 педагогтің еңбек құқықтары бұзылған.

Аудан прокуратурасының заңбұзушылықтарды жою туралы ұсынуы негізінде төленбей қалған 8,8 млн теңге барлық 281 педагог қызметкерлерге төленіп, олардың заңмен қаралған құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.

Жалағаш ауданының прокуратурасы

 


«МАС ЖҮРГІЗУШІ –ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
13.11.2019 09:30

Қазіргі уақытта Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының және Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын және де облыс аумағында мас жүргізушілермен белсенді күрес жүргізуде.

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында "Қауіпсіз жол", "Автобус", "Жаяу жүргінші", «Абайлаңыз, балалар!» және т.б. іс-шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.

Облысымызда 10 ай көлемінде атқарылған жұмыстар нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабымен (автокөлікті масаң күйде басқару)1288 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің- 596-бабымен (қарсы бағытқа шығу) 360 дерек анықталды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда жүргізу құқығы жоқ бола тұра автокөлікті масаң күйде басқару деректері жиілеп орын алуда. Осыған дәлел жыл басынан ҚР ҚК-нің 346-бабымен басқару құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлік басқарудың 360 дерегі анықталды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Хон Бен До көшесінде облыс орталығының 24 жастағы көлік жүргізушісі соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылғанына қарамастан автокөлікті алкогольдік масаң күйде қайта басқарған. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полицейлер облыс тұрғындарын жолда ерекше жауапкершілік туралы ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


«Мал ұрысы» іс-шарасы өткізілуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.11.2019 16:35

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасының талаптарын орындау мақсатында қараша айының 11-13-і аралығында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз жануарларды тасымалдау фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.

Облыс көлемінде орналасқан сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен  мал сою бекеттері тексерілуде.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.

Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.

Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Бұл іс-шара барлық қала, аудандарда өткізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

 


Қ.ЫСҚАҚОВ: «БАЙҚОҢЫР» ОЙЫН-САУЫҚ ТУРИСТІК АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК КАРТАСЫНЫҢ ТОП-10 ҚАТАРЫНА ЕНІП ОТЫР» PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
12.11.2019 14:40

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ұйымдастырған «Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарышкерлік бесігі» халықаралық форумы өз жұмысын бастады. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов форумның ашылуына қатысты.

«Қазақстандағы ғарыш күндері» халықаралық форумы жыл сайын 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы іс-шараға әлемнің 25-тен астам елінен 650 қатысушы – Премьер-Министр А.Мамин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылары, ҚР Парламентнің Мәжіліс және Сенат депутаттары, Қазақстан Республикасының ғарышкерлері, шетелдік мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, «Роскосмос», «Airbus Defence and Space» корпорацияларының өкілдері, отандық және шетелдік ұйымдар: «М.В.Хруничев атындағы МҒҒӨО», «М.Ф.Решетнев атындағы АЖЖ» АҚ, «Транстелеком», «One Web», «Thales Alenia Space», SES, «Leica Geosystems, Satrec Initiative», «Eutelsat» және басқалары қатысты.

Шараның негізі мақсатының бірі – отандық ғарыш саласының жетістіктерімен бөлісіп, экономиканы дамыту үшін ғарыш қызметін пайдаланып, озық әлемдік тәжірибелермен алмасу.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылдың мамыр айында Қызылорда облысына сапары барысында Байқоңыр қаласын дамытудың тиімді тетіктерін анықтау және «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру қажеттігін атап өткен болатын. Соның ішінде «Ғарыш айлағының ауқымы мен бірегейлігі озық компаниялар мен перспективалы технологиялық стартаптармен жұмыс істеу үшін тамаша мүмкіндік беретіндігін» алға тартқан еді.

Бүгінде «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру жөніндегі үкіметаралық келісімнің Тұжырымдамасы мен жобасы дайындалды, мүдделі мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізілуде. «Байқоңыр» ғарыш айлағының туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздемесі жыл соңына дейін әзірленбек. Оның аумағында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау бағытында туристік объектілерді орналастыру көзделіп отыр. «Байқоңыр» Қазақстанның туристік картасының ТОП-10 қатарына еніп отыр», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Сонымен қатар, форумда «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру жобасының тұсауы кесілді.

(Сурет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық сайтынан алынды).

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары