Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

    ...
    Толығырақ...
  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Сәрсенбі, 13 Қараша 2019

1000-шы ЖҮЗДЕСУ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
14.11.2019 11:45

Адам баласы әрбір күннен үмітті. Біз де, 20 жылға жуық уақыт бойы сергек ойымен, оттылығымен, тілінің өткірлігімен қоғамның болмыс­-бітімін елеп-екшеп отырған «Халық» газеті де алдағы күннен үміт күтіп, шынайы оқырманы – қара­пайым халыққа арқа сүйеп келеміз. Сол үміт отын үрлеуде шындық алауын­ шырағдан етіп ұстаған ба­сылымыңыз, міне, бүгін 1000-шы мәрте қолыңызға  тиіп  отыр.

Осы жылдар ішінде Сіз бен Біз өмірден не түйдік, не көрдік? Жақсы мен жаманның қайсысы жоғары болмағ­ын бағамдауға тырыстық. Тәуелсіз­ Қазақстанның жарқын болашақ­қа талпынысына қуана қолдау­ жасадық. Қоғамнан қағажу көрген кейбір қандастарымыздың тұрмысы түзелмегенін, ұрпақтың азып, салт-дәстүрдің тозғанын, жанайқ­айын мастанған шенділер мен шекпенділерге өткізе алмағанын, қоғамның құлдырағанын көрдік. Алдау­ мен амалдау арбасып, ерме­лік­тің жетегінде желп-желп жүргендерді байқадық. Шындықтың ауылы алыста­п, шыңыраудың терең түбінен талып жететін үндерді естідік. Шын­дық­ты шырылдап айтатындарды шырқау­ биікке жеткізбей, топшы­сынан  қағатынды  түсіндік...

Тәуелсіздік таңы атқан 30 жылда жасампаз істеріміздің аз болмағаны анық, ал жоғалтқанымыз да аз емес секілді. Бәрінен де әлі күнге демо­кратиялық жолдың жүлгесі «жырым-жырым» болып тұр. Ақиқатын айт­қанды «ақылынан адастыру», біреудің қорасына «тас лақтыру», ақ пен қараны «алмастыру» тыйылмай тұр. Бір қуанарлығы, кешегі мемлекет басындағы ауыс-түйіс­тен кейін елде жылымықтың  лебі  сезіле бастағаны байқалады. Әйтсе де, әлі көп­тің көңілі күпті. Жасыратыны жоқ, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын шен-шекпенділер некен-саяқ. Кей ретте се­нің  ащы айғайың тас қамалдың ар жағын­да отырған­дарға «бит шаққан құрлы» әсер етпейді де. Ашығын айтсақ, осы мәселелерді  көтеруде халық атын  иеленген «Халық» газеті тар­ты­нып қалған емес, алдағы күні де аянып қалмайды. Бүгінгі қоғамның ақ пен қарасын ашып көрсетіп, айтып­ келеді,­  айта  да  бермек...

Ақиқаты  сол, баспасөз қашандағыдай өз қызметіне­ адал. Оның міндеті – елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажын, бағыт-бағдарын жұртшылыққа жеткізу, бір сөзбен  айтқанда, билік пен бұқараның арасына алтын­ көпір  болу. Бұл бағытта тәуелсіз саналатын БАҚ-тың да қоғамға берер пайдасы барын жасырып-жабудың еш реті жоқ. «Қадірін білсең – дос қымбат, құнын білсең – сөз қымбат» демей ме ұлт даналығы. Сол айтпа­қшы, біз сөздің құнын іспен сабақтаған кәсіп иесіміз. Бейресми басылым болсақ та, ақпарат заманында ел үмітін, Елбасы мен мемлекет басшысының саясатын халыққа тұрақты және тыңғылықты жеткізіп, өмірдің өзекті мәселесін өзектеп келеміз. Алайда биліктегілер­ олай ойламайтын тәрізді, ресми басылымдарғ­а  «жасыл шам» жағып, тәуелсіз басы­лымдарды тұқырту, «біздің ат жүрсін, олардың аты тоқтай  тұрсын»  дегенге саятын әрекет жиі орын алады­. Асылында, газет – қоғамның айнасы. Кім-кім де сол айнадан өзінің бет-бейнесін көре алады. Бірақ, біздің билік бұл айнадан өзінің жағымды бейнесін ғана  көргенді қалайды. Сын мен мінді, шындық пен ақиқатты айтқанды арқасынан қаққысы келмейді. Мұны неге айтып отырмыз? Бір ғана мысал. Бүгінде газетке  жазылу да – бір сын. Нақтылағанда, әжеп­тәуір  науқан.  Әрбір  басылым  өз  межесінен  бір мысқал кем түспеуге тырысады. Абырой ортақ деп елдің тілеуіне иек артады. Бірақ, жоғарыда айтыл­ғандай, биліктің белден басуы тәуелсіз басылым­дардың  бойын  жаздырмай  келеді.

Жасыратыны жоқ, біздің басылымның айтары айқын­, түйінді түйткілдерді, толғақты мәселелерді көтеріп, сын тезіне алады. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті биліктің өздері үшін өте-мөте ыңғайсыз, жайсыз  басылымдардан  бойын  аулақ  салғысы келетіні­  содан. Бірақ, шын мәніндегі тәуелсіз басылым­ дәл осындай болуы керек емес пе? Ресми БАҚ-тың  ел  ішіндегі  шынайы  беделін  билік  білмейді  емес, біледі!  Олардағы  ресми  ақпараттарға  көпшілік  сене бермейді. Сондықтан да көпшілік тәуелсі­з  БАҚ-ты  іздейді, соны  оқиды,  соның  сөзіне иланады. Бұдан екі-үш жыл бұрын белгілі саясаткер Ә.Қосановтың  айтқан­ы  бар  еді.  «Бұл  саланың (БАҚ-тың. – авт.) өзі экономиканың  бір  бөлігі  емес  пе?  Өнім  шығарады, қаншама  адамға  жұмыс тауып береді, салық  төлейді! Енді экономиканың осы саласын­  тұншықтырмай, әртүрлі кедергі жасамай,­ керісінш­е, БАҚ саласындағы бәсекелес­тік ортаны дамытып, қолғабыс беру  керек  емес пе?  Тәуелсіз  басылым­дарды өзінің жауы санамай, онымен тең дәрежедегі әріптестік негізінде қарым-қатынас­ жасап, өзінің серіктес­і етуі керек емес  пе?!»...

Тіршілікте  бір  кем дүние бітпес. Бәлкім, бітіруге  болар. Оған  ықылас  пен ынта қажет шығар. Әлде әрекет керек пе? Бұл да бір кем дүние екен. Ықылас пен ынта дегеннен шығады, «Халық» газетінің таралымын көбейтуде кеңпейілділік танытып, қолдау көрсеткен Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш­ және Сырдария аудандарының басшылары  мен ойлы  оқырмандарына төл басылымның  төрдегі  орнын  төмендетпегені үшін  алғысымызды  білдіреміз!

Ал, ендігі сөз, қадірлі оқырман, Құдай қаласа, 2020 жылы өзіңіздің «Халық» газетіңі­здің жарыққа шыққанына 20 жыл толады.­ Осы кезге дейін қолдап келесіз, алдағы­ уақытта да үлгілі үрдістен жаңыл­майтыныңызға бек сенімдіміз. Одан қалды, қоғамда болып жатқан келеңсіздіктер мен жақсылықтарды салиқалы пікіріңізбен, сананы­ сілкінтер сөзіңізбен жеткізуде де тартынып қалмаңыз. Жағымды жаңалық, енді  Сіз  ел  мен  жаһан  жаңалықтарын, түрлі тақырыптағы  мақалаларды, жедел әрі нақты­ ақпаратты жақын күндері газеттің жаңар­тылған сайтынан да таба аласыз. Демек­, саясат­тан сыр ақтарып, күйбің тірліктің күрделі қырын сөз етіп, мәселенің мәніне үңілуге,  көңіл түкпіріндегі түйткілді тал­қыға  салуға  Сіздің  де  мүмкіндігіңіз  бар...

Алда бізді не күтіп тұр? Оны уақыт көр­сетеді. «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқса­майды». Мұны ұлы Абай айтады. Демек, ешкімге  ұқсамайтын  халықтың  бола­шақтан да үміті зор. Ендеше, үміт оты өшпесін!

Ескінің есті сөзі бар: «Әуелі Тәңірі жерге­ береді, жерге берсе, елге береді, елге берсе, ерге береді» деген. Құдай бергеннен таймасын, жүректегі иман азғындамасын, адамдар  ақылынан  айнымасын!  Тірлікпен  төрге озайық, бірлікпен  белге  шығайық!

 

Нұржан   ӘБЖАНҰЛЫ

 


ТІЛ БАСҚАРМАСЫ ҚАЙТА ҚҰРЫЛА МА? PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
14.11.2019 11:40

Қазақ «Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл» дейді. «Жұмсақ тіл – жорға желісті, Білдірмейді бүлкегін» деген парсы мақалы бар. Мұнымен айтпағымыз ұғынықсыз болса, тарқатайық. Қытайда бір тармағы тілге бағытталған «Жұмсақ күш» деген саясаттың ықпалы зор. Бұл – әлемдік қауымдастықта өздерінің имиджін қалыптастыру үшін әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың сүзгісінен өткен бағдарлама. Тіл мәселесі төңірегінде сөз қозғал­ған мұндай бағдарламалар мен стратегиялар, үндеулер, мақалалар бізде жетіп артыла­ды. Жүзеге асуы жанданып кеткендерін есепке алмағанда «Болашаққа бағдар­: Рухани жаңғыру» мақаласының өзінде «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымы­з  бойымызда  мәңгі  қалуға  тиіс»  делінген.

Тіл туралы ең басты құжаттың бірі  – ҚР-ның 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай­ отырып, ұлт бірлігін  нығайту – аса маңызды фактор. Мемлекеттік тілдің кең ауқымды­ қызметі  мен  қолданысын қамтамасыз  ететін үйлесімді  тілдік саясат құруды мақсат­ еткен  бағдарламаның аты бүгінде ара-тұра ғана айтылады. Неге?

Қызу талқыға түсіп отырған тіл төңірегіндегі реформаны жүргізу барысында қысқа көсеу болып тұрған мәселелер де бар екен. Соларды­ң бірі – кей өңірлерде Тіл басқармаларының жоқтығы. Бұл туралы бірқатар мәжілісмендер қазан айының соңғы онкүндігінде премьер-министр Асқар Мамин­нің алдына депутаттық сауал жолда­ды. «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Ф.Қаратаев, Қ.Сұлтанов, Н.Сабильянов, С.Ахметов, Н.Әлтаев бастап, өзгелері­  қоштаған  сауалдың негізгі мазмұнына көз жүгіртейік.

- Біздің депутаттық сауалы­мызға сайлаушылармен кездесу барысында мемлекеттік тілге қатысты­ бірқатар мәселенің көтеріл­уі түрткі болды. Елбасы Н.Назар­баевтың  2025  жылға дейін  барлық қазақстандықтардың  95 пайызы мемлекеттік тілді меңгере­ді деген міндетін жүзеге асыру  үшін тілдік құрылымдарды сақтауға  тиіспіз.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының және мемлекеттік бағдарлама міндеттерін іске асыру үшін облыстық және республикалық дәрежедегі әкімдіктерде Тілдерді дамыту басқар­малары және соларға қарасты­ тілдерді оқыту орталық­тары құрыл­ған болатын. Алайда қазір бірнеше облыста Тілдерді дамыт­у басқармалары өзге басқармаларға қосылып, тілдерді оқыту орталықтары жабылып, мемлекеттік емес секторға өтіп жатыр. Ақмола, Қызылорда облыстық Тіл басқармалары Ішкі саясат басқар­мас­ының құрамына енгізілген. Нұр-Сұлтан қаласында Тілдерді дамыту  мен  архив ісі басқарма­лары біріктірілген. Павлодар және Маңғыс­тау облыстарында тіпті мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармалары қосылып кеткен. Алматы қаласында бас­қарма мүлде жойылып, қазіргі кезде­ қала әкімі аппаратында бірнеше маман ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, Атырау, Түркістан облыста­рында, Шымкент қаласында Тіл басқармалары мүлдем жоқ. Латын әліпбиі қазақтілді ортаға­ енгізіледі десек, онда бұл өңірлерде тілдік реформаны жүр­гізу үлкен кедергілерге ұшырайды. Тіл орталықтарында да жағдай осындай, - делінген сауалдың алғаш­қы  бөлігінде.

Қытайтанушы маман Ержан Керімбай «Азаттық» радиосының тілшісі Нұртай Лаханұлына берген сұхбатында: «Қазір қытай тілін әлемнің барлық дерлік елдері оқып  жатыр. Дүниежүзі бойынша Конфу­ций университетінің саны 500-ден асты. Конфуций сынып­тары мыңға жетті. Осы уақытқа дейін әлемге жабық болып келген Өзбекстанның өзінде екі Конфуций институты бар. Ал Қырғызстанда – 4 институт, 12 сынып бар екен. Тек Түркіменстанда жоқ. Қазақстанда бес бірдей институт бар. Оның екеуі Алматыда орна­лас­қан. 17 миллион халық үшін бұл көп. Сол саясат бағытталған ныса­нан­ың бірі – біз (Қазақстан – ред.). Өйткені «Бір жол, бір белдеу» бағдарла­масын іске асыру үшін Орталық­ Азияны тыныштандыру керек»  депті.

Бұдан ұғынғанымыз, Қытайдың «Жұмсақ күш» саясатының тек өз аумағында емес, Орта Азия көлемінде іске асып жатқаны. Ал біз... Біз туған жеріміздің картасы шеңберінде жүзеге асыруға болатын дүниенің өзін «тұншық­тыруға» әуеспіз. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген Ахмет­ Байтұрсынұлының сөзін тілді дамытуға емес, керісінше бағытқа­ желеу етіп жүргеніміз өзімізге анық сезіледі, өзгелердің көзіне «тайға таңба басқандай». Сонымен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сауалының жалғасын оқиық. «Президент Қ.Тоқаев өз Жолдауында: «Қазақ тілінің мемле­кеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» деген болатын. Мемлекеттік тілдің барша қазақстандықтардың ортақ тіліне айналуында Тіл басқармалары мен орталық­тары шешуші рөлге ие болып еді. Оларды жабу қаржылық жағынан да ақталатын қадам емес. Біз осындай әрекеттер арқылы тіл саясатын, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау­ сияқты стратегиялық факторларды есепке алмасақ, оның жаңғырығы бюджет үнемдеуден де зор болмақ. Президент Жол­дауында: «Сондай-ақ, тіл үлкен саясат­тың құралы екенін де ұмытпаған жөн» деді. Тіл мәселесіне қатысты: «...бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген міндетін қалай орындамақпыз? Тіл саясатын жүзеге асыратын арнайы құрылымдар болмаса, нағыз даңғаза сол кезде болмай ма?! Президент сөзіндегі «жұмылу»  міндетін  атқаратын Тіл басқармалары мен орталықтары емес  пе?!

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, жоғарыдағы  жағдайды  түсініс­тік­пен қарай отырып, мәселенің өзектілігін ескеріп, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыс­тар­ды жүргізетін Тілдерді дамыту  басқармалары  мен тілдер­ді  оқыту  орталықтарының дербес қызмет  жасауын қамтамасыз ету үшін тиісті  шара қолдануыңызды, депу­таттық сауалға «Қа­зақстан Рес­публикасының Парламенті және оның депу­таттарының мәр­тебесі туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Конс­титуциялық Заңының 27-бабына сәйкес жауап беруің­ізді сұраймыз»  деп  аяқтал­ған.

Депутаттық сауалда мемлекет­тік тілді дамыту мақсатында облыстар­дағы тіл басқармаларын қайта ашуға тіреліп тұрғандығы анық жазылған. Ал, аталмыш басқарм­а өз қызметін дербес бастай ма, әлде сиырқұйымшақтанып кете ме? Үкіметбасының жауабын алдағы уақытта бақылауда ұстаймыз. Сағат тілінің жылдамдығындай ауысуға бейім саланың біріне ұрынып жатқан да – осы тіл. Тау көшкен жоқ, жартас та орнында, дегенмен тұрақтылығын сақтағаны былай тұрсын, тұнған табиғатына қайта орала алмай отырған қазақ тілінің жай-күйіне алаңдайтын деңгейге түскенімізді мойында­масқа  шара  жоқ.

Н.ҚАЗИ

 


«НАЗАРҒА АЛЫНДЫДАН» НЕ ШЫҒЫП ЖАТЫР? PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
14.11.2019 11:20

Бүгінде әлеуметтік желіде бұлқан-талқан болған ағайын көп. Әкімдікке арызын айтып әлек. Жарық жалп етсе, ауызсу ақпай қалса, желінің «желіні ісіп» кететіні бар. Ол аз десеңіз, резонанс тудырған мәселелер әлеуметтік желіде ашық талқыланып жүр. Қанша адам болса, сонша пікір бар ғой. «Бірі олай тартады, бірі былай, Бірі өзінше патша, бірі құдай. Бір сәтте ұйып, бір сәтте іруін-ай, Қазекемнің осы бір ырымын-ай» деп келетін Мұқағалидың (Мақатаев) «Райымбек, Райымбек» поэмасында. Қазір сол қоғам әлі өзгермеген.

Билік соңғы уақытта әлеуметтік желімен жұмысты күшейтті. Күшейткені құрысын, сын садағына іліккен ресми орган өкілдері жалған парақша ашып, жағадан алатынды шығарды. Шамасы, олар бүгінгі бұқараның «көзі ашық, көкіреге ояу» екенін ұмытса керек. Қызықтың көкесі мұнымен де бітпейді. Жазылған жайтқа (мәселеге) жауап жазуды қолға ала бастады. Екі ауыз сөзбен «Назарға алынды!» деп қысқа қайыратынын қайтерсіз?! Ақыры назарға алынған екен, нәтиже қандай? Жым-жырт. Ал оның анық-қанығын нақтылаймыз деп жүргенде, келесі мәселе «күн тәртібіне» шығып кетеді.

Иә-иә, осылай өтіп жатқан өмір...

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ЖҰМЫС ҮШІН УАҚЫТПЕН САНАСПАЙМЫН PDF Print Email
Жаңалықтар - Бүгінгінің болмысы
14.11.2019 11:05

Майра  МЕЛДЕБЕКОВА,

облыстық  білім

басқармасының   басшысы:

БІЛІМ   САЛАСЫНДАҒЫ  БАҒЫТ – БІЛІМ   САПАСЫН   КӨТЕРУ

- Майра Тұрғанбайқызы, сізге бағытталатын сұрақ көп болып тұр.

- Барлығын қоя беріңіз, дайынмын.

- Ал, жауап бергіңіз келмейтін сұрақ бар ма?

- Жоқ, мен осы салада басшылықта отырған соң, білімге қатысты барлық сұраққа жауап беруге дайынмын және міндеттімін деп ойлаймын.

- Онда ең алдымен, өзіңіз басқаратын мекеменің атқаратын негізгі қызметіне тоқталсақ...

- Жалпы, білім саласындағы саясатты ҚР Білім және ғылым министрлігі жоспарлайды, жүргізеді. Бұл заңда да белгіленген. Ал, жергілікті билік енгізед­і, атқарады. Республикалық тұрғыдағы үлкен құжаттарға барлық негізгі бағыттар белгіленген. Мысалы, 2050 жылға дейінгі стратегия. Бұл жердегі­  экономиканың  әрбір  саласына бағыт­тайтын индикаторлары бар. Білім саласындағы бағыт – білім сапасын көтеру. Сондай-ақ, дамыған­ 30 елдің қатарына қосылу деген бар. Оның да бір параметрі білім саласына қатысты.

Екіншісі – білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аяқталды. Қызылорда облысы ол бағдарламада көрсетілген, жүктелген тапсырмаларды орындап, жақсы жетістікке­ жетті деп айтуға болады. Өзіңіз білесіз, облысты басқарған Қырымбек Елеуұлы білім саласын­а көп көңіл бөлді, қаражатты да бөлді. Жалпы алғанда, мекеменің жұмысын жүргізуде Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті органның  рөлі  бар.

 

МЕН  НЕГІЗГІ  ПАРАМЕТРГЕ  МӘН   БЕРДІМ

- Басшылыққа келгеніңізге 1,5 жыл болды. Салаға­  қандай  өзгеріс  әкеле  алдым  деп  ойлайсыз?

- Жалпы, мен 1993 жылдан бастап білім саласындамын. Мектепте жұмыс істедім, білім министрл­ігінде қызмет еттім. Ол жерде мемлекет­тік бағдарламаны әзірледік. Сол кезде мен «жер­гілікті жерлерде бұл бағдарлама қаншалықты жүзеге­ асады, білім саласындағы саясат дұрыс жүр­гізіліп жатыр ма, ауыл мектептерінің мүмкін­дік­тері қандай?» деп ойлайтынмын. Сондықтан, мен осы жерге басшылыққа келгенде негізгі параметр­лерге мән беруді жөн көрдім. Олай дейтінім, минист­рлікте біз әрбір мекеменің стратегиялық бағдарламасы болғанын талап еттік. Сондай-ақ, ол жұмыстардың нақты орындалып жатқанына жеке көз жеткіздім. «Қандай мәселе бар, қайтсе шешіледі?» деген сұрақты үнемі өз-өзіме қоямын.

Мысалы, дарынды балаларды қолдауға аса мән бердік. Оқушыларды, мектепке дейінгі тәрбие­ленушілерді дұрыс бағыттауымыз, оқытуымыз керек­. Сондықтан, білім сапасын көтеруді бірінші орынға қоямын. Мемлекеттік бағдарламаның орындалмай жатқан бір параметрі болды. Ол – ерекше білімді қажет ететін балаларға жағдай жасау­. Бұл жерде де мемлекеттік бағдарламада индика­торлар қойылған болатын. Былтыр қыз­метке келген уақытта сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Елеуұлына ұсыныс айттым. Қолдаудың арқасында әрбір мектепке дефектолог маман­дарды дайындадық. Былтыр да, биыл да 43 штат ашылды­. Мұны негізгі өзгеріс деп айтар едім. Өйткені, инклюзив саласының мамандары облыс­та бұрын-соңды болмаған. Содан шығар, жақында біз зерде­леу жұмысына осының нәтижесін көрсете білдік. Мен министрлікте 5 жылдай ақпараттандыру  басқар­масын  басқардым. Сол кездегі тәжірибемді осы күні жұмыс барысында барынша қолданып, қызметкерлермен бөлісудемін.

Біз бүгінде бірінші сыныпқа бару, лагерьге жолдама алу, ыстық тамаққа жолдама алу, сол сияқт­ы мектепке – 5, колледжге 7 (колледжге құжаттарды қабылдау, т.б.) қызметті автоматтандырдық. Ең негізгісі – мұғалімдерді жұмысқа қабылдау процесі. Өйткені, осы мәселе ел арасында көп талқыланады. Қызылорда – кішкентай қала. Туған-туыс, таныстық бар дегендей. Сондықтан, осы жүйені енгізуді дұрыс санадық. Сонымен қатар, IT-лицейлер аштық. Арал ауданында дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жұмысын бастады. Әрине, бір күнде аша салып, сапа немесе нәтиже сұрау мүмкін емес. Біз оларға қосымша факультатив бердік. Келесі жылы әрбір сыныпқа робототехника, 3D кабинеттерін жасақтауғ­а қаржы дайындап қойдық. Қазір мұғалімде­рді қосымша онлайн оқытуды да жоспарлап отырмыз. Информатиканы тереңдетіп оқытуға жағдай жасаймын, ондай да платформалар бар.

 

БАЛАНЫҢ   БОС   УАҚЫТЫ  БОЛМАУЫ   КЕРЕК

- Дұрыс екен. Ал, мұғалім мәртебесі мемлекет абыройына айналуы үшін не істеу керек?

- Мен бұл сұраққа осы салада жүрген маман ретінде жауап берейін. Мұғалім өз пәнін меңгерген, білікті маман болса, оны ата-ана да, оқушы да қабылдайды. Барлығы 100 пайыз ұстаздың өзіне байланысты. Әрбір мектепте әр пәннің білікті, білімді ұстазы болады. Оны ата-ана да, оқушы да жақсы көреді. Бірақ, ондай мұғалімдер аз. Сондықтан, мен ойлаймын мұғалім мәртебесі мұға­лімнің жүріс-тұрысы, ұстанымы және өз саласын меңгергеніне байланысты. Міне, осындай ұстаздар­ көбейсе, олар мемлекеттің абыройы саналады.

Соңғы 10 жылдықта педагогикалық маман­дықтарды ҰБТ-ның орташа балымен мектепті орташа­ оқыған оқушылар таңдап, түсіп жатты. Қазір олай емес. Сосын педагогикалық кадр­лардың жалақысы да жоғары. Бұл да – мемлекет абыройы үшін мұғалімдерге жасалып жатқан жұмыстар.

Менің байқағаным, қазір оқушылардың арасын­да мұғалім болуға талпынатындардың қатары­ қалың. Ал, осыдан 7-8 жыл бұрын педа­гогика­лық мамандықтарға қызығатындар мұнша көп емес еді. Бұл – бетбұрыс бар деген белгі.

- Осы күні «білім, ғылым» деп жүріп тәрбиені шетке ысырған секілдіміз. Олай емес пе, қалай қарайсыз?­

- Мен де солай ойлаймын. Маман ретінде «Неге олай?» деген де сұрақ бар. Бізде 4 жыл бұрын жаңа реформа енгізілді. Мазмұн, бағдарлама, бағалау жүйесі, бәрі-бәрі жаңарды. Көп өзгеріс болды. Жаңашылдықты енгізу, қабылдау біршама уақыт­ты­ алады. Мектептердегі тәрбие жұмыс­тары бұрынғы­ үрдіс бойынша келе жатыр, тек жаңағы жаңашылдықтың әсерінен мән берілмей қалды деуге болатын шығар. Десе де, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының тәрбиеге ықпалы бар. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев та бұл мәселені көтеріп, тапсырма беріп жатыр. Тәрбие дегеніміз – баланың қосымша біліммен айналысуы. Былай айтқанда, баланың бос уақыты болмауы керек. Сондықтан, қазір спортзалдар бос болмасын, әртүрлі үйірмелер жұмыс істесін деп жатырмыз.

 

ЕҢ   МАҢЫЗДЫСЫ – ӨЗ   САЛАҢДЫ   БІЛУ,  МЕҢГЕРТУ

- Дәрігерлер Гиппократқа ант береді ғой, сол сияқты­  мұғалімдер де солай жасаса деген пікір ел арасында  бар. Бұл  өз  кезегінде  ұстаздардың  жауап­к­ершілігін  еселей  түсетіндей...

- Жалпы, бұл сұрақ туралы ойланып көр­меппін. Бірақ, әрбір мұғалім бұл салаға жүрегімен барса, соның өзі жеткілікті секілді. Мен де сабақ бергенмін. Оқушымен жұмыс істеуде жауапкерш­ілік баяғыдан жоғары. Меніңше, ең маңызды­сы – өз  салаңды білу, оқушыға меңгерту.­ Жақсы  мұғалім  өз-өзіне  іштей  болса да, ант береді­ деп  ойлаймын.

- Мектептерде химия, биология, информатика, физика секілді пәндерді ағылшынша оқытатын кадрлар­  жеткілікті  ме?

- Негізі, «жаратылыстану бағытындағы пән­дерді ағылшынша түгілі, ана тілімізде түсіндіру қиын» деген пікір бар, оны жоққа шығара алмаймыз. Жалпы, мен 1993 жылы жоғары оқу орнын бітіріп, мектепке жұмысқа орналасқанымда бұл жайтқа куә болғанмын. Сонда Шымкенттегі М.Дулати­ атындағы №8 мектепте ағылшынша сабақ беруді бастап кеткен екен. Айтқым келіп отырғаны, бұл былтыр басталған жоқ. 2001 жылғы мемлекеттік бағдарламаны ашып қарасақ, сонда бар. Оның алдындағыда да. Әр жылдары жүйелі, өз талабы бойынша кезеңімен жүргізіліп келе жатыр.­ Екінші тұрғыда «бұл пәндерді ағылшынша беруге бола ма?» деп сұрақ қойсақ, менің пікірімше әрине, болады. Тек ескеретін жайт, сапалы­ кадр дайын болуы керек. Біз Қызылорда облысында 150 мектепте ағылшынша оқытуды бастадық­. Жүйе 100 пайыз енгізілмеді, әуелі термин­ологиясын, содан кейін өзгесін үйретеді дегендей. Негізі, о баста-ақ кезең-кезең бойынша­ енгізу жоспарланған еді. Айта кету керек, бұл жерде­ мұғалімдердің жеке ізденісі де үлкен рөл атқарады.

- Шынын айтқанда, бұл мұғалімге де жақсы нәрсе ғой. «Үйрене жүріп үйрету» деген бар емес пе?

- Мысалы, Назарбаев Зияткерлік мектептеріне,­ Білім-инновация лицейіне де бір орынға 20 оқу­шыдан келді. Барлығы сол мек­тептерде оқығысы келеді. Сондықтан, бұл бағ­дар­ламаға оқушылар мүлде дайын емес дей алмаймы­з. Яғни, сол уақыттағ­ы  басшылық  «мұны мектептерге енгізуге болады» деген шешім­ге келді. Ал, дайын болу не дайын болмау өзімізге, яғни әр мектептің өзіне байланысты. Мен мұның кезең-кезеңімен жүзеге асқанын  қалаймын. Білім  және  ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Мектептің жағдайына қарай, оқушылар мен  мұғалімдердің дайын­дығы­на  қарай  енгізуге  болады»  деп  айтқан  еді.

 

ДИРЕКТОРЛАРҒА «САБАҚ   БЕРІҢІЗДЕР!»   ДЕДІМ

- Қала мектептерінде директорлыққа талас, бір-бірінің аяғынан шалушылық бар секілді. Аталған жайтпен  таныссыз  ба?

- Конкурсқа түсіп жатқандар көп емес. Конкурс­ үш кезең бойынша өткізіледі. Біріншісі – қамқоршылық кеңес. Ол ата-ана тарапынан, қосымша белсенді азаматтардан құралады. Соған стратегиялық жоспарын, мектепт­і дамыту жоспарын­ қорғайды. Екінші кезеңде бізге келеді. Талас­ болатын болса, конкурсқа түсіп-түсіп «бүлінбеуі»  керек  ғой. Ондайд­ы  байқамаймыз.

Жақында №217 мектепте осыған ұқсас жайт болды. Біз бұл мәселемен таныспыз. Байқағаным, болған жайт анонимді түрде жазылған. Яғни, дәлелденбеген. Мұндай оқиғалар болып тұрады.

- Сырттай оқығанын іштей мойын­дайтын мұғалімде­р шоғыры мектептерде бар. Жалпы, елімізде­гі  кадр  дайындау  жұмысына  көңіліңіз  тола ма?

- Ауыл мектебін бітірдік. Жоғары оқу орнын оқыдық. Шүкір, осы қыз­метте жүргенімнің өзі университетте алған білімнің нәтижесі ғой. Барлығын бірдей сапасыз деуге келмейді. Бірақ, соңғы кездері жеке жоғары оқу орын­дары көп ашылып кетті. Олардың өзін бірнеше бөлікке бөліп қарастырамыз. Сырттай білім алған мұғалімдер мек­тептер­де бар. Олардың білімін уақыт таразылай, дәлелдей түседі. Жаңа категориян­ы  алудың  процедурасы  жыл сайын жетілдіріледі. Биыл жаңа формат енгізілді. Әрбір мұғалім өз маман­ды­ғынан тест тапсырады. Былтыр басқаша еді, биыл онлайн түрде өтпек. Нұр-Сұлтан қаласынан басқарылып, сол сәтте сұрақтар беріледі. Демек, сұрақтың жауабын алдын ала алу, дайындалу деген жоқ. Осы жүйе білім саласын тазала­п береді деп ойлаймын. Менің ойымша, барлығы мұғалімнің өзіне байланысты.

- 15 жылдан соң сынып бөлмесінен табылып, қайта сабақ бердіңіз. Бұл идея қайдан  келді?

- Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көптеген сұрақтар туындап жатты. Білім министрлігі мұғалімдерді, әдіскерлерді, директорларды оқытты ғой. Сонда да жұртшылықтан жаңа жүйеге деген қарсылықтар азаймады. Сонда басқарма басшыларын да оқытайық деді. Сондай курстан өтіп жатқан кезде менің көз алдыма сабақ процесі елестеді. Байқап қарасам, ештеңе­ ұмытылмаған. Біз мәселені болдыр­маумен жұмыс істеуіміз керек. Мен келген жылы Тамыз конферен­циясында  барлық  директорларға «сабақ беріңіздер!» деп талап еткенмін. Жаңартылған мазмұнды ұстаздан талап етуі үшін директордың өзі білуі керек. Бір  жылдан  соң  сараптап  қарасам, 92% директор сабақ беретін болыпты. Сосын мен басқа тәсіл қолданайын дедім. «Өзім де оларға үлгі болуым керек­ емес пе?» деп ойландым. Бұл содан туған­  идея еді.

- Меніңше, әр аудандағы білім бөлі­мінің басшылары бұл бастаманы жал­ғастыруы керек еді. Әлде ізгі істі іліп әкеткен­дер  кездесті  ме?

- Біріншіден, мен мұны наурыз айын­да өткіздім. Оқу жылының аяғы болып қалды да, мұны ешкім жалғас­тырып әкете алмады. Бірақ, алдағы уақытта жалғасын тауып қалады деп ойлай­мын.

 

МЕНІҢ   ТАРАПЫМНАН   ТАЛАП   КҮШТІ   БОЛМАДЫ

- Ата-ана ретінде мектептің қандай да бір кем тұсын көріп, басшы ретінде түзеген  кезіңіз  болды  ма?

- Менің қазіргі уақытта бір ғана балам­ мектеп жасында. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы Білім-инновация ли­цейін­де 11-сыныпта оқиды. Ата-аналар жиналысы ол жақта басқаша өтеді. Үлкен кабинетте, барлық пән мұғалімдерінің қатысуымен сенбі күні сағат 10:00-ден бастап, 14:00-ге дейін болады. Әр ата-ана өзіне ыңғайлы уақытта келіп, мұғалімдермен сөйлесе алады. Соны мен келдім де Қызылорда облысына енгіздім. Шынын айтсам, бұл әлі бірізге түсе қойған жоқ. Мүмкін, менің тарапымнан талап күшті болмады ғой деймін. Бірақ, биыл мұны қала мектептерінен қайта бастадық.

Екіншісі, Білім-инновация лицейі ата-аналармен тығыз байланыс жасайды. Олар түрлі спорттық іс-шараларға шақырады. Осы жүйені бізге енгізу керек­тігін білім бөлімдеріне тапсырып жатырмын. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұнының бір түсін­бейтін тұсы бар. Бұрын балаға 3, 4 деп баға қойылатын. Жаңа жүйеде бала өз ойын ашық айта алады, қате айтамын-ау деп қорықпайды. Қазір әрбір балаға мүмкіндік беріледі. Осы жайында ата-аналарға  әлі де айта түсу керек, түсін­діру керек  деп ойлаймын.

- Республика бойынша педагогикалық кадрлардың 80-90 пайызы қыз-келіншект­ер  екенін  статистика  растайды. Ер педагогтерге артықшылық беру туралы­ бастаманың өз облысымыздан бастал­ғанын   қалаймын.

- Жақсы, қолдаймын. Сіз өте жақсы­ идея беріп отырсыз. Мұны ойлас­тыру керек, министрліктегі­лерге де ұсынуға болады. Өйткені, олар грант бөлгенде ер балаларға артықш­ылық бере алады. Бұл – саяси мәселе. Біз министрлікке тек ұсыныс ретінде хат жолдай аламыз, ал облыста шешімін табуға тырысамыз.

- Аймағымызда облыстық білім басқа­рмасының басшысы Майра Тұрғанбайқызы екенін білмейтін мұғалімд­ер  бар  деп  ойлайсыз  ба?

- Бар шығар. Облыста 21 мыңнан аса мұғалім бар. Осынша адамның барлығы бірдей біледі деп айта алмаймын. Бірақ, өзім 10 жылдай мұғалім болып жүргенімде басшыларды білетінмін. Мұндай сұрақ күтпедім.

- Негізі  білуі  керек  ғой...

- Иә, әрине.

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН   КӨЗ  АЛДЫМА ЕЛЕСТЕТУІМ  КЕРЕК

- Соңғы кездері саңырауқұлақтай қаптаған  жеке  балабақшаларға  қатыс­ты  көзқарасыңыз  қандай?

- 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен толық қамту туралы мемлекеттік бағдарламада міндеттер қойылды ғой. Қызылорда облысы 2017 жылы негізгі көрсеткішті орындады. Өйткені, Білім және ғылым министрл­ігі тарапынан әрбір балаға берілетін жан басына қаржыландыру мемлекеттік тапсырысты беріп отырды. Осы тұрғыда мемлекеттік бағдарламадағы индикаторды орындау үшін жеке балабақшалар ашылды. Саясат сондай болды. Ал, сапа – екінші мәселе­. Иә, жеке балабақшада мәселе бар. Бірақ, қазір халықтың көзі ашық. Әр ата-ана сапаны талап ете алады. Білім бөлімдері мен жеке балаб­ақшалар арасында келісімшарт жасалады. Сол келісімшарттың ішіне біз бірнеше парамет­р енгіздік. Аудандардың барлығына осы жаңа үлгіні жібердік, талап­ ету керектігі айтылды. Бөлімде балабақшаларға қатысты үлкен жұмыс тобымыз бар. Сол топ кез келген уақытта балабақшаларға барып, тексеру­ жұмыстарын жүргізе алады. Қызылорда облысының өзінде 663 балаб­ақша бар. Шынын айту керек­, барлығын күнде қадағалауға мүм­кіндігіміз  жоқ.

- ҰБТ-ның жаңа форматынан қандай  да  бір  кемшілік  байқадыңыз  ба?

- Мен ҰБТ-ның жаңа форматын қолдаймын. Оқушының тестті 4 рет тапсырғаны дұрыс. Бұл – оқушыға жан-жақты мүмкіндік беру.

- Сіз жұмысыңызды қаншалықты беріліп  істейсіз?

- Мен осы саланы қатты жақсы көремін. Сосын менің балаларымның бәрі үлкен, алаңдайтын ештеңе жоқ. Жолдасым мені қолдайды. Сондықтан, жұмысқа барымды саламын. Жұмыс үшін уақытпен санаспаймын. Сенбі күнімді де жұмысқа арнаймын. Жауапкершілікті сезінемін.

- Қандай  басшысыз?

- Мен табиғатымнан қатал емес секілдімін. Бірақ, жұмысқа келгенде талапшылмын. Қызметкерлерден талап­ етемін. Былтырдан бастап мен тайм-менеджментті қызметкерлеріме енгіздім. Бұл қызметкердің қалай жұмыс істеп жатқанын анықтап береді.­ Мен барлығының жұмысын көз алдыма елестетуім керек. Бұл қаталдық па, білмедім.

- Сіздің  ойыңызша  бүгінгінің  ұстазы­  қандай  болуы  керек?

- Бүгінгінің ұстазы заман талабына сай, жаңашыл болуы керек. Мұға­лім – ізденістің адамы. Баланың қызығушылығын оятып, оқушының барлық сұрағына дайын жүруі тиіс деп ойлаймын. Ең бастысы, өз маман­дығын жақсы көруі және білгенін жеткі­зе  алуы  қажет.

- Бүгінгі күннің ұстазына барлық жағдай жасалған деп айта аламыз ба?

- Иә, әрине.

- Ашық әңгімеңізге көп-көп рақмет!

Сұхбаттасқан   Рыскелді   ЖАХМАН

 


ШЕНДІЛЕР ШЕТІНЕН «ҚҰЛАП» ЖАТЫР PDF Print Email
Жаңалықтар - Құқық құрығы
14.11.2019 11:00

Ішкі істер министрінің орынба­сары Алексей Калайчиди аттестациядан кейін лауазы­мы­нан  босаған полиция басшы­лары туралы айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Аттестация екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – дайындық барысы. Яғни, лауазымдағы азаматтың  кәсіби  дағдысы зерттелді. Біз бұған  дейінгі полиция басшыларын аттестаттаудың оқ ату, дене дайындығын, заңды білу деңгейін тексеру секілді амалдардан бас тартып, ең соңғы сөзді сұхбаттасуға қалдырдық. Демек, басшылардың қойылған талаптарға сәйкес  еместігі  айқындалып, лауа­зымдарынан  босатылды, - деді Алексей  Калайчиди ІІМ-де  өткен  баспа­сөз  мәслихатында.

ІІМ орынбасарының айтуынша, жалпы 81 басшылық қызмет жаңартылған.

– Ішкі істер министрлігі терең реформаны бастаған кезде жұмыс нәтижесін бағалау дәрежесі қайта  қаралатынын  жария  еткен­ болатын. Бұрын басшылардан құқықтық статистика талап­  етілген еді. Яғни, олар бұрын қанша қылмыс жасалғанын, қаншасы ашылғанын, қаншасы сотқа­ жолданғанын айтып, есеп беретін. Ал қазір біз негізгі талапты – халықтың бағалауымен есептей­міз. Екіншіден, басшылар жергілікті халықтың негізгі мәселелерін дөп басып, бірлесе ортақ шешімді табуы тиіс. Үшіншіден, сервистік модель, яғни ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс, - деді ол.

Ішкі істер министрінің орын­бас­ары лауазымынан босап қал­ған полиция басшылары қайда кеткенін түсіндірді.

– Жалпы, олар – өз саласында сұранысқа ие мамандар. Жеке секторға заңгер ретінде кеткені де бар. Жалпы, персоналмен қызмет ету, қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандарды қажет ететін кәсіпорындар бізде жетерлік, - деді министрлік өкілі.

Айта кетейік, атал­ған ауыс-түйістердің арасында Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызыл­орда, Павлодар, Сол­түс­тік Қазақстан облыстарының және көліктегі полиция де­пар­таменті  басшылары  бар.

 


НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫС ТАЛАП ЕТІЛЕДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
14.11.2019 10:50

Бізде мынадай тенденция бар ғой. Әкімдер мемлекеттік мекемелерге барса,­ сондағы қызметкерлер тайлы-таяғымен иіліп төсек, жайылып жастық бола қалатын. Тіпті, бұл дәстүрге айналып кеткені қашан?! Ал әкім мекеме­ге ескертусіз келсе, жағдай қалай болар еді? Мұндай «қызықты» апта  басында  көрдік.

Шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлі­баев дүйсенбі күні БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар нысандарды аралап шықты. Әу баста ол бекітілген жоспарға сәйкес тиісті мекемелерде болды. Дегенмен, Қорқыт ата көше­сіне келгенде бәрі өзгеріп сала берді. Кенет Нұрлыбек  Нәлібаев  отырған  көлік   №6  емханаға  бұрылды.  Аң-таңбыз.­

№6 емхана. Нысан аумағында таза­лық пен тәртіптің аздығы көзге көрі­ніп-ақ тұр. «Тас төсеніш бар» (брусчатка) деген аты ғана. Ескертусіз келген Н.Машбекұлын көріп, медбикелер де таңғалып тұр. Сөйтсек, №6 емхананың бас дәрігері еңбек демалысына кетіпті. Ал орнына қалған жауапты мамандар қала әкімінің ескертуіне «мәу» дей алған­ жоқ. Қызықтың көкесі емхананың ішіне кіргенде басталды.

– Емхананың бас дәрігері орнында жоқ. Мақұл! Жауапты мамандар қайда? Сіздерге басқарма тарапынан бақылау жұмыстары жүргізіле ме? Ең құры­ғанда, есік алдын таза ұстауға болады ғой. Анау-мынау емес, қаланың қақ ортасын­да орналасқан мекеме. Айналада тазалық жоқ, - деп ескерту айтып, фойеде орналасқан жылу батареясын тексерді де:

– Жылу неге аз беріліп тұр? Қалада жылу мәселесі толық шешімін тапты. Ал мына жер (емхана фойесі. - авт.) сап-салқын­. Ертеңгі күні халық сынды сіздерге емес, бізге айтатын болады, - деді.

Емхана ішін аралап шыққан қала әкімі облыстық денсаулық сақтау басқар­масына тиісті ұсыныс хат жолдайты­нын  жеткізді.

Ескертусіз келген қала әкімін №6 емхана осылай қарсы алды. Сөй­тіп, мекеменің шынайы бет-бейнесі белгілі  болды.

Алдымен шаһар басшысы қаладағы №198 орта мектепте болды. Айта кете­тін жайт, биыл білім ордасының жанына­н 200 орындық қосымша ғимарат­ салынған еді. Жоба құны –  243 млн теңге. Ғимараттың жалпы ауданы – 1919 шаршы метр. Қос қабатты­. Мердігер мекеме – «Орион» ЛТД құрылыс компаниясы. Бүгінгі таңда аталған ғимаратта бірінші ауысымда – 242, екінші ауысымда 326 оқушы білім алуда. Асхана, спорттық  алаң  салынған.

– Ата-ана ретінде қала әкімдігіне, мектеп ұжымына алғысымды білдіремін. Биыл тұңғыш балам 1-сыныпқа келді. Бұл оқу ошағы білім сапасы жөнінде алдыңғ­ы қатарда саналады. Жаңа ғимарат­ пайдалануға берілгеннен кейін сабақты толықтай оқуға мүмкіндік жасалды. Осы бағытта игі істер ат­қарған басшылыққа алғыс айтамыз, - деді ата-ана Жаңыл Әбубәкірова.

Бұдан әрі қала әкімі «Әл-Фараби» ықшам  ауданында  орналасқан №261 орта мектепке барды. Мұнда да мектеп жанынан қосымша 150 орындық ғимарат салынған болатын. Жоба құны 147,9 млн теңге тұрады. Мердігер мекеме – «Орион» ЛТД құрылыс компаниясы. Бірінші ауысымда – 212, екінші ауысымда 204 оқушы білім алады.­

Аталған мектепке қосымша ғимарат салу себебі мынада. Соңғы жыл­дары ықшам ауданға қоныстанушылар қарасы қалың. Одан бөлек, сол маңда «Бәйтерек» ықшам ауданы бой көтеріп жатыр. Айтпақшы, жақында 150-ге тарта көпбалалы отбасы «Баламекен» жобасы аясында баспаналы болды.

Дегенмен, №261 орта мектепте тәрбие жұмыстары ақсап тұр. Жаңадан келген оқушыларды кемсітетін көрі­не­ді. Мұндай мәселені Машбекұлының өзі айтты.

– Біз үшін баланың барлығы да бірдей. Сондықтан бөліп-жарудың еш қажеті жоқ. Мектептің ішкі тәртібі бізге дейін жетті. Шеткі аймақтағы білім ошағы болғандықтан, мұнда жан-жақтан­ көшіп келген тұрғындардың балала­ры келеді. Сол себепті, мектеп инспекторы, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары ішкі тәрбиемен тікелей жұмыс істеулеріңіз керек. Кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы құқықбұзушылыққа орай өткізілген шарада осы мектептің аты қайта-қайта айтылды. Тіпті, дұрыс жұмыс істемеген мектеп инспекторын орнынан босаттық. Орнына жаңа инспект­ор  келді. Оған бір ай сынақ мерзімі беріледі. Біз тек нақты әрі нәтижелі  жұмысты ғана талап етеміз. Барлық жағдайы жасалған жаңа мектепте қызмет атқарудасыздар. Сондықтан білім мен тәртіп жағынан да алдыңғы­ орында тұруларыңыз қажет. Үнемі қатаң бақылауда боласыздар! - деп ескертті­.

Бұдан әрі ол Қызылорда облысының әкімдігі мен «Болат Өтемұратов қоры» арқылы «Баламекен» бағдар­ламасы аясында баспаналы болған көп­балалы отбасыларға барды. Ондағы жылу мәселесін көзбен көрді. Сондай-ақ, ата-аналардың мәселелеріне құлақ түрді.

– Жылу жақсы беріліп тұр. Одан ешқандай проблема жоқ. Жақында балала­рымыз үшін ойын алаңқайы са­лынд­ы. Қоғамдық көлік қатынап жа­тыр­. Дегенмен, соны бақылауға алса, - деді көпбалалы ананың бірі.

Осылайша, қала әкімі жылу беру маусымынд­ағы жұмыстарды саралап, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.

 

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


ӘСКЕР мен ӘЛЕК PDF Print Email
Жаңалықтар - Мәселенің мәнісі
14.11.2019 10:45

«Отан қорғап, сарбаз сапына қосылады» деп үкілі үміт артып отырған­ бөріктілердің арасында әскери борышын өтеуден қашып жүргендер бар. «Қашқындарда­н» бөлек, республиканың түкпір-түкпіріне немесе өзге мемле­кеттерге жұмыс істеуге барып, нақты мекенжайсыз, хат-хабарсыз кететіндерге де дауа болмай отыр. Осыған­ байланысты әскерге шақырылушыларды жергілікті әскери­ басқару органдарына шақыру мүмкін емес. Мекенжай бойынша тұратын ата-аналары, туған-туыстары әскерге шақырылушы туралы қандай да бір мәлімет беруден бас тартады немесе шынымен ешқанда­й мәліметтер білмейтінін алға тартады екен. Бұл туралы Қызылорда  қаласы  әкімінің  аппарат  мәжілісінде  айтылды.

Қоғамның қорқынышты болып бара жатқанын айтпасқа тағы болмайды. Сараптамаларға сүйенсек, әскерге бармайтындардың дені әскери қызмет кезінде болатын суицид, түрлі психикалық аурулардың туындауынан қор­қасоқтайтын көрінеді. Бұдан бөлек, бозбалалардың денсаулық жағдайының төмендігі, олардың бойындағы құқықтық сананың төмен болуы, әскери­ қызметті өтеуге талабының жоқтығы, әскердегі әлімжеттік негізгі проблемаға айналып отыр.

Әскердегі өлім дегеннен шығады, биыл қазан айында ҚР ҰҚК ШҚ-ның Атырау қаласындағы №2016 әскери бөліміне Қызылорда қаласының қор­ғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру комиссиясымен шақырылған, небәрі 19 жастағы мерзімді әскери қызметтің қатардағы жауынгері Д.Тыны­штықбай қайтыс болды. Жігіт­тің қайтыс болу себептері медициналық сараптама бойынша жүргізілуде, бірақ алдын ала қойылған диагнозы – менингококк  инфекциясы.

- Көктемгі әскерге шақыру маусымындағы тапсырыс көлемі 214 әскерге шақырылушы болса, оның 187-сі әскер қатарына алынды. Ал қазір Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жыл­ғы 13 ақпандағы №840 Жарлығына, Қызылорда қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №12732 Қаулысына сәй­кес, 2001 - 1992 жылы туған азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде. Облысты­қ денсаулық сақтау бас­қар­масымен  бекiтiлген  тiзiмге сәйкес азаматтардың  денсаулығын  куәлан­дыруға 13 дәрiгер-маман мен 14 кіші  медици­на­лық персонал уақытылы қамтамасыз етiлді, - деді қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы  Р.Намазбаев.

Қазір азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы жергілікті атқарушы органдары басшысының орын­басарынан тағайындалады. Бұл мәселе­ Қорғаныс министрлігінің әскери полиц­ия және әскери прокуратураның ерекше бақылауында болады.

Күзгі маусымдағы әскерде қызмет ету үшін 406 әскерге шақырылушы медици­налық тексеруден өтті. Оның ішінде 268 әскерге жарамды азаматтардың ішінде 113-і – студент. 1992 жылы дүниеге келген азаматтар – 14 адам, үйленген азаматтар – 1, отбасы жағдайы бойынша әскери қызметке ша­қыры­лудан  кейінге  қалдырылғаны – 2 адам. Бүгінде 113 әскерге шақырылушы іздестірілу үстінде. Бұл мәселеге­ байланысты Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев тиісті мекеме басшыларына тапсырма беріп, қолға түспей жүргендерді жіті қадағалауға шақырды.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына ауылдық округтерден түскен мәліметі бойынша әскерге шақырылушы азаматтардың саны төмендегі кесте­де  тұр.

Күзгі маусымдағы әскерге шақы­рылушыларға тапсырыс 232 адам болса­, олардың арасынан әскерге жібері­лгендері – 134. Пайыздық орындалуы – 57,7%. Осы орайда қала әкімі пайыздық көрсеткішті 100-ге жеткізіп, бірлесе отырып жұмыс атқару қажет­тігін  ескертті.

- Біздің әлде де уақытымыз бар. Бұл бірінші рет емес, жылда атқарып жүрген жұмысымыз. Әскер қатарына шақырыла тұра, барудан қашқақтайтын, жауапкершілікті сезінбейтін азамат­тармен жұмыс жасау, қажет болса, баспасөз беттеріне олардың тізі­мін беру жұмыстарын жүргізуді Мира Жомартқызы, сізге тапсырамын, - деді қала басшысы Н.Нәлібаев.

Қалалық қорғаныс істері жөнін­дегі басқарма бастығы Р.Намазбаев әскери­ шақырушылардың қаланың әр жерінде тұруына және тұрғылықты мекенжайында медицин­алық анализдерін тапсыруы, анықтамаларды алуды­ қажет етуіне байланысты мекемелер мен ұйымдар арасында әскерге шақырылушыларды емдеу мекемелеріне апаруға тиісті техник­а бөлу қажеттігін алға тартты. Бұл орайда қала басшысы Н.Машбек­ұлы ешқандай мәселе жоқ екен­дігін, көлік бөлу мәселесін дер кезінде­ шешіп  беретіндігін  жеткізді.

ТІЛШІ ТҮЙІНІ. Басылым беттеріне әскер қатарына бармай жүргендер емес, баласын әскерге жолын тауып жібермей жүрген ата-аналардың тізімін шығару керек­. Өйткені қазір байқап отырсақ, баланы реті келсе әскерден алып қалатын ата-аналар­ көбейіп тұр. Жаңағы біз сөз еткен, яғни бала туралы ақпарат бермей, ләм-мим деп отырғандардың дені балаларын жібергісі келмейтіндер болуы бек мүмкін.  Үйдегі әке-шешесі зіңгіттей жігіттің алдына түсіп, алақанынан шығарғысы келмей, аялап отырғанда одан қандай ел қорғаны, одан қалай патриот шығады?! Сондықтан бұл мәселеге әріден қарау керек немесе заңды мейлінше қатаңдату керек, бәлкім? Бірақ, заңмен үркітіп ұрпақ тәрбиелеу де мүмкін емес.

Әйгерім   НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


КЕҢ БОЛСАҢ, КЕМ БОЛМАЙСЫҢ немесе толайым табысқа кенелген төраға PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
14.11.2019 10:35

Мәдениет ауылдық округі тіректі елді мекенге айналғалы бұл өңірдің тірлігі де алға басты. Ауыл әлеуетінің артуына бұрын жергілікті шаруашылықтар қолғабыс ететін. Қазір кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланған ауыл тұрғындары да табысқа кенелуде. Кейбір жандар жеке табысы артқан сайын әлі де бола берсе екен дейді. Ал  бұл  елді  мекендегі  шаруашылықтардың  жетекшілері  ауылдың тірлігі түзелген сайын жомарттық жасаудан жалыққан емес. Бір ғана «Мәдениет» шаруа қожалығының төрағасы Ақділда Қыпшақбаевтың туған жердің өркендеуіне қосып жатқан үлесі орасан. Халық қалаулысы өзінің сайлауалды бағдарламасында барлық мақсатты тек  Мәдениеттің әлеуетін арттыруға бағыттаған және  оны 100  пайызға  орындап  отыр.

Аталған шаруашылық биыл 700 гектар жерге Сыр салысын еккен болатын. Ауыл шаруашылығы саласында бұрыннан қолтаңбасы бар Ақділда Қыпшақбаев биыл өткен жылдарға қарағанда мол табысқа кене­ліпті. Күріштің «Лидер» және «Янтарь» сұрпын толық жинап алған шаруашылық еңбеккерлері қаржылай сыйақыға биыл да қол жеткіземіз деп отыр. Төрағаның айтуынша, бұл қаржылай қолдау мол өнім алған еңбеккерлерге жыл сайын үлест­ірілетін  көрінеді.

– Өткен жылғы науқанда да аз өнім жинаған жоқпыз. Бірақ мойындау керек, биыл әріптестерімнің тынымсыз еңбегінің арқасы­нда егіннің шығымы бітік болды. Нәтижесін көріп жатырмыз. Мен өз басым мол өнім болған сайын тек жеке табысымды есептейтін адам емес­пін. Жұмысын істеді ме, соған лайық бағалауымыз керек. Бұл үрдіс сонау шаруашылық құрылған жылдары, яғни қаржы тапшылығы болып тұрғанда да жал­ғас­қан болатын. Қазір орташа өнім гектарынан 62-63 цент­нерге жетіп отыр. Ал жоғарысы­ 70-71 центнерге дейін барады. Қазір егін жинау науқаны толық аяқталды. Тіпті келер жылдың дайындығын бастап жатырмыз. Бұл  біз­дің шаруашылық жұ­мысының ширағанын аңғартады. Еңбек­керлер өзіне жүктелген міндетті атқарып жатса, мен оған қалайда еш кедергісіз жұмыс істеуіне жағдай жасауға тиіспін. Осы ретте шаруашылық базасындағы техникаларды жаңалауды жыл сайын жалғастырып келемін. Әріптестерім де ел қатарлы заманауи технологиялардың тиімділігін көруі тиіс, - дейді төраға.

«Мен өз басым мол өнім болғ­ан сайын тек жеке табысымды есептейтін адам емес­пін». Бұл ағамыздың әңгіме арасында жай айта салған сөзі емес. Расында, тек жеке табысты күйттейтін жан болса, ауыл халқына, туған жерге қолғабыс етпес еді. Ақділ­да Қыпшақбаев­ тіректі елді мекеннен шыққан оқу­шылардың болашағын алды­мен білім саласымен байла­ныстырады. Бұлай болмаса, ауыл мектебіне, оқушылардың сапалы білім алуына қыруар қаржы бөлмес еді. Жыл сайын ҰБТ-дан жоғары балл жинаған үш мектеп түлегіне бір реттік шәкіртақы тағайын­дайды. Қаржы  көлемі  бірінші  орын­ға – 100 мың, екінші орын­ға – 75 мың, үшінші орынға –  50 мың теңге. Бұл үрдіс осымен бесінші жыл қатарынан қай­тала­нып  отыр. «Аман болсам, бұл сабақтастықты үзбеуге тырыс­амын» дейді ағамыз. Мұнан бөлек Қытайдың Бейжің қаласында ауыл мек­тебінен түлеп ұшқан екі оқу­шының жоғары білім алуына қолғабыс етіп отыр. Ақділда Қыпшақбаев жыл сайын қос қарындасымыздың  оқу ақы­сын өзі өтеп отырады. Яғни жыл сайын­ 4 млн 500 мың теңге­ қаржы аударады. Болашақ  жас  мамандар қазіргі таңда­ шығыс медицинасын меңгеруде. Оқуын аяқтаған бойда елге келіп, халық­қа қызмет­ көрсетуге бел буып отыр. Қазіргі таңда екеуі де «Ағылшын және қытай тілінің аудармашысы» деген қызыл диплом алды. Ал негізгі ма­ман­дығы бойынша екі жылдан кейін оқу мерзімі аяқталады. Халық  қалаулысы мұнан бөлек, ауылдағы білім оша­ғы­ның «Биология» кабинетін барлық  құрал-жабдықпен  қамтамасыз  етуге қаржылай қолдау көрсетті. Ертең осы өңір­ден бір түлек өз саласында табысқ­а кенеліп жатса, онда Ақділда Қыпшақбаевтың қолтаң­басы бар екеніне күмән келтірмей­міз. «Елдің егесі бар» деген  осы  шығар, сірә.

Шаруашылық төрағасының жомарттығын айта берсек, басыл­ымның бірнеше бетін арнауғ­а тура келеді. Алғаш депут­ат боларда сайлауалды бағдарламасында ауылға дейін­гі «Қорытпа» каналын қазуды өзіне міндеттейді. Ол тұста жайылымдық жердің жетіспеу­шілігі осы су тапшылығымен байланысты екен. Ағамыз каналдың 18 шақырымын қазып, ауыл халқына жайылымдық жер ашып берді. Ал шаруашылық тарапынан әріптестерінің жыл сайын біреуіне айлығынан, мол өнім алғанына байланысты қосымша сыйақысынан бөлек 1 млн теңге қаржылай көмек береді. Бұл дәстүр де бір­неше жыл қатарынан қайталанып отыр. Мұнан бөлек биыл­ғы ауданның мерейтойына да қаржылай  үлесін  қосты.

«Мәдениет» шаруа қожалығы келер жылы Сыр салысының элиталық жаңа сұрпын егуді жоспарлап отыр. Жаңа­қорған ауданында дайындал­ған «Ай-Керім» сұрпын биыл 12 гектар алқапқа сепкен болатын. Қазіргі таңда оның әр гектарынан 73-74 центнерден өнім шықты. Бұйыртса, келер жылы отандық өнім егілген алқап­тарды ұлғайтуға күш сала­ды. Ал шаруашылық базасындағы техникаларды жаңарту жыл сайын төрағаның күн тәртібінен түскен емес. Былтыр  бір «Магдон» сатып алса, биыл құны 196 млн теңге тұратын  екі  американдық комбайн әкелді. Ақділда Қыпшақбаев келер  жылы да бұл үрдіс жал­ғасын  табатынын  айтты.

Қазір жергілікті шаруашылықтардың өз ауылына қолғабыс етуі Жалағашта дәстүрге айналды. Біз мұнымен мақтанамыз. «Мәдениет» шаруа қожалығының да бұл тұрғыда атқарған жұмысы орасан. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы қатаң ұстанған халық қалаулысы жыл сайын жеткен табысының артуын өзінің жомарттығымен байланыстырады. Біз де осындай көзқарастамыз. «Тарылмаған таудай талапқа жетеді» деген осы шығар.

Ақділда Қыпшақбаев бір ғана егін шаруашылығымен шектелмей, алдағы уақытта мал шаруашылығын дамытуға да өз үлесін қосуға ниетті екенін айта­ды. Бұйыртса, мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдаланып, несиеге қол жеткізсе, ірі қараны асылдандыруға жұмыс істеймін дейді. Мұнан бөлек ауыл іргесінен 2 гектар алмабағын ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтыған. Қазіргі таңда онда отырғызылған кө­шеттің 80-85 пайызы бой алып тұр. Ағамыз бұл аумақтан тағы 5 гектар жерді алмабаққа айналдыруға ниетті. Тіректі елді мекен әлеуетінің ар­туына бір кісідей  атсалысқан төрағаның әрбір қолға алған тың жоба­лары жемісін берері сөзсіз.

Кенжетай   ҚАЙРАҚБАЙ,

Жалағаш   ауданы

 


БЕРЕКЕ БАСТАУЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
14.11.2019 10:20

Өткен жылы мемлекеттік «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарлама­сына қатысып, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсынд­а білімін жетілдірген Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылының жас кәсіпкері Қосым Жұмағалиевтің  есімі  бүгінде ауылдастарына жақсы­  таныс.

Алғашқы кезде есік істеп шығаратын цех аш­қысы­ келген оймен Байқоңыр қаласындағы «Атамекен» Ұлттық кә­сіпкер­лік палатасының қалалық бөлімінің есігін қақ­қан Қосымға бөлім маманы Нұргүл Мәжиева көне жиһаздарды өң­деп, жаңарту арқылы кәсібін баст­аса да нәтижеге қол жеткізуге болатыны ту­ралы­  кеңес  береді.

Міне, маманның осындай ақыл-кеңесімен өз ісін бастаған жас кә­сіпкер сол жылы «Атамекен» кәсіпкерлер пала­тасының қолдауымен «Бастау Бизнес» курсында білімін жетілдіріп, қорғаған жобасы арқылы алған несиесіне арнайы жиһаз жасайтын құралмен жабдықталған шағын  цех  ашады.

Бүгінде Қосымның жиһаз цехында үш маман тұтынушылар тапсырысын сапалы әрі уақытылы орындап, ел ризығына бөленуде. Тіпті, мамандар құрастырып шығар­ған жиһаздар тұрғын­дарға қолжетімді бағамен ұсынылуда.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Қосым жуырда зайы­бы Ақниетпен от­басылық кәсібін әрі қарай дамыту мақса­тында мемлекеттік бағдарлама арқылы екінші рет  грантқа  ие  болды.

- Тұтынушылар  тарапынан жиһазға  тапсырыс алған соң, әрине оған қажетті құралдарды, яғни жиһазға қажетті тұтқа, топса, шеге сияқты ұсақ-түйектердің бәрінің сапасына қарай таңдаймыз. Үстел, шағын шкаф пен үй бұйымдарының бағасын сапасына қарай бағалаймыз. Жалпы, біздің ұстанымымыз, яғни алға қойған мақсатымыз – заман­ талабына сай жиһаз­ құрастыратын құрал-жабдық сатып алып, халыққа заманауи үлгіде үй жиһаздарын ұсыну, - дейді шебер.

Расында да, «Еңбек – әлем әміршісі» дегендей, өзің ұнатқан кәсібіңді тіршілік көзіне айнал­дырып, халықтың ал­ғы­сына  бөленсең, бақыт деген­  сол емес пе?

Міне, жас кәсіпкер Қосым Жұмағалиевтай шебердің игі ісін ақайлықтардың дені үлгі тұтар деген ойдамыз.

Әрине, үйдегі әр жиһаз – отбасы үшін таптырмас дүние. Өзі ойға алған кәсібін бастағанына аз уақыт өтсе де Ақай ауылының тұрғыны Қосым Жұмағалиевтің  жиһаздарына  сұраныс күннен-күнге  артуда.

Нұрбай   ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы   ауданы

 


БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
14.11.2019 10:00

Мақаланы «Балалы үй – базар» деп бастағым келіп отыр. Балалы-шағалы отбасыны неге базармен байланыс­тырады? Себебі сауда-саттық орны болған­дықтан, ол жерде күнделікті қызықты хикаялар, жалпы тіршілік қызып жатады. Базардағы тынымсыз тіршілік секілді тыныстап жатқан отбасы­  туралы  баяндап  көрейін.

Таңмен таласа тұрып, күнделікті күн режимі бойынша балабақша, мектеп, жұмысқа дайындық басталып кетеді. Әркім өз қам-қарекетімен әлек. Бас-аяғы бір сағат ішінде әрбір отбасы мүшесі өзіне бұйырған құтты мекенге жетіп жығылады. Ата-ана жұмысқа кетеді­. Оқушылар сабаққа барады. Бүлдіршіндер балабақшаға келеді.

Күн қызарып, ұясына бата бастаған мезгіл. Кешкі уақытта барша отбасы мүшелері бір дастарқан басына жиналады. Осы кезде әңгіме қызады. Әрқайсысы көрген қызықтарымен бөлісуде. Көңілді әңгімелер кезек-кезек айтылып, шаңырақты шаттыққа кенелтіп жатыр. Бірі бестік алғанын, бірі кешігіп қалғанын айтады. Балалар сүттей ұйыған­ отбасына қуаныштарын құшақ-құшақ етіп әкеліп жатқандай. Міне, бұл жердің де өмірі қызып, әңгімелері қызық болып жатыр.

Бала – адам өмірінің жалғасы. Ал, бала мен бақша егіз ұғым сияқты. Нелікте­н? Жайқалып тұрған бақшаны көрсең, көңілің бір марқайып қалады. Бақша ерен еңбексіз өнім бермейді. Ең алдымен жерді құнарлы етіп даярлайсың. Ол жерге жеміс-жидектің көшетін отырғызасың, дәнін себесің. Таза сумен суарасың. Күтім жасайсың. Бақшада өскен зиянды өсімдіктер мен шөптерді отап, тазартасың. Жеміс ағашының бойы биіктеп, бүршік атып гүлдесе, қуанасың. Ағаштың бойында бұтақ көп болған сайын мол өнім алуға мүмкіндік барына сенесің. Тамыры тереңге кеткен жеміс ағашы жауын-шашынға, дауылды желге селт етпейді. Біршама жылдар өткен соң, еңбек сіңіріп өсірген жеміс ағашы өнімін бере бастайды. Не ексең, соны орасың. Жемісі бағалы, көлеңкесі саялы болады. Жанына отырсаң, патша­ көңіліңе қуаныш сыйлайды.

«Ұрпағыңның  жалғасы, көзқуанышың  болған  балаға  деген тәрбие оның болашақ  анасын  таңдаудан басталад­ы» дейді данышпан халқымыз. Отбасыдағы балалар  бақшадағы  ағаштардың жеміс­тер­і секілді. Бала да, бақша да аса жоғары­  деңгейлі  күтімді  қажет етеді.

«Сананы тұрмыс билейді» деп жатамыз. Қоғамда ақсап тұрған маңызды мәселе де – осы. Кейбір ата-аналар тұрмысты түзеп, жұмыс істейміз деп бала тәрбиесін жыраққа қалдырып жатқан­ы жасырын емес. Бала тәрбиесін жоғары орынға қойған жөн болар. Құнды қасиетін жоймай келе жатқан бір мәселе бар, ол – жас ұрпақ тәрбиесі. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзі соның дәлелі емес пе?!

Тәй-тәй деп қадам басқан баланың неге балабақшадан бастау алатынын білесіз бе? Себебі, балабақша – барлық мектеп жасына дейінгі балалардың бас қосатын, көпшілік ортаға үйренетін тәлім-тәрбие ордасы, бүлдіршіндер мекені.

ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық мұғалімдердің ІІ съез­дінің делегация мүшесі, ұлағатты ұстазымыз, балабақшамыздың меңгерушісі Айгүл Қайыржанқызы: «Әр бала – ата-ананың көзінің ағы мен қарасы, болашаққа қадам басқан жеке тұлға» деп үнемі ескертіп отырады. Баламен жұ­мыс істеп жүрген тәрбиелі тәрбие­ші­лерді «бала жанының бағбаны» десек, қателеспейміз. Баланың тұлға болып қалып­тасуына қосып  жатқан  үлесте­рі еш­қашан  елеусіз  болмайды.

Осы орайда, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 2012 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ашылға­н 280 орындық №11 «Балапан» бөбекжай-балабақшасының жеткен жетістікт­еріне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. 2015 жылы республикалық «Үркер» зияткерлік марафонына­ қатысып, топ тәрбиешілері мен бүлдір­шіндері алғыс хаттармен марапатталып, балабақшамызға «Үркер» кубогы және сертификат табысталды. 2015 жылдың желтоқсан айында 16 желтоқсан – Тәуел­сіздік күніне орай мектепке дейінгі мекемелер арасында өткізілген «Тәуелсіздікке тәу етер ұрпақпыз» тақыры­бындағы аудандық мәнерлеп оқу байқауында бас жүлде балабақша бүлдіршіні Нұрислам Кеңесбайға бұйырды. 2016 жылы Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізілген V «Ботақан» өнер байқауында бас жүлдені балабақша бүлдіршіні Кәусар Қаржаубай иеленді. Жеке-жеке тоқталар болсақ, жетістіктер жетерлік.

Балабақшада Елбасы Жолдауына сәйкес «Үштұғырлы тілді дамыту» бағыт­ы қолға алынып келеді. Балабақшамыздың бір ерекшелігі – «Хатха йога», «Асық ату» үйірмесі мен ағылшын тілінің бағдарламасы. Күннің ІІ жартысында «Funny English – Ғажайып Ағылшын тілі» вариативтік компоненті тұрақты  жолға  қойылған.

2016 жылы Қызылорда облыстық білім беру басқармасының облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген облыстық семинарда бүлдір­шіндер ашық оқу қызметіне қатысып, ағылшын және орыс тілінде ертегілерді сахналады. Өзге тілдерде жатқа айтып берген тақпақтары келген қонақтардың көңілінен шықты. Ел болашағының тізгінін қолына ұстайтын білімді де білікті азаматтар еліміздегі балабақшалардың бүлдіршіндері деп сенемін.

Өркен АЙТҚАЛИЕВ,

№11 «Балапан» балабақшасының

ағылшын тілі мұғалімі,

Қазалы ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары