Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2344 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 10156 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70969 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163506 |
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
15.11.2019 11:40 |
Ұлттық валюта — Теңге күні мен еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қазақстанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес жыл сайын 15 қарашада атап өтіледі. «Тәуелсіздіктің алғашқы сәтінде еліміздің өз қаржы қоры мен валюталық сақтық қорлары мүлдем болмады деп айтуға болады. Өз бетімізше қаржы-несиелік саясатын жүзеге асыруға да мүмкіндік болмаған кезең еді. Осы тұста тура 26 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өз валютамыз – төл Теңгемізді енгізу сол кезеңдегі экономикалық қиындықтарға төтеп беруге және егемендігімізді нық қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда Қазақстанның банк секторы жүргізілген жүйелі реформалардың нәтижесінде бүкіл посткеңестік кеңістіктегі алдыңғы қатарда тұр деуге болады. Сондай-ақ, ТМД елдерінің ішіндегі ең жақсы төлем жүйесінің бірін құрғанымызды да айта кеткен жөн», - деді аймақ басшысы. Облыс әкімі Ұлттық валюта күніне орай ұйымдастырылған көрмемен танысып, сала қызметкерлерімен сұхбаттасты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі |
БИЛІК ӨКІЛІНЕ КҮШ ҚОЛДАНҒАНДАР ЗАҢМЕН ЖАЗАЛАНАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
15.11.2019 11:30 |
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес еліміздің ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сол себепті, азаматтардың Конституциямен кепілдік берілген құқықтарын қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда бірден-бір жауапкершілік полиция органдарына жүктелген. Алайда өміріміздің тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында полиция органдары қызметкерлері мен жақындарының өміріне қашанда қауіп төнетінін біреуі білсе, біреуі білмейтіні анық. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында оған күш қолдану немесе күш қолдану қатерін төндіргені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің тиісті бабында қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы орайда, Байқоңыр қалалық прокуратурасымен жүргізілген талдау жұмыстарына сәйкес, ағымдағы жылы ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты күш қолдану дерегі бойынша қозғалған 4 қылмыстық іс сотқа жолданып, оны сотпен қарау барысында құқық бұзушы тұлғалар кінәлі деп танылып, жаза тағайындалды. 2019 жылдың маусым айында Байқоңыр қаласының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында РФ ІІМ-нің «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасы қызметкерлерімен құқық бұзушы А.Божедомов қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін ұсталып, оған қатысты әкімшілік хаттама толтыру мақсатында медициналық мекемеден куәландырудан өткізуге жеткізілген. Алайда құқық бұзушы медициналық мекемеге жеткен бетте қызметтік көліктен түсер сәтте полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамай оларға қатысты күш қолдану дерегі орын алып, қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық істің сотта қаралу барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындайтындығын, жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінетіндігін көрсетті. Осыған орай, мемлекеттік айыптаушы тарапынан сотталушының әрекеті қоғамдық қауіпті екендігі көрсетіліп, соттан бас бостандығынан айыру жазасына тағайындау сұралды. Нәтижесінде, прокурордың қорытындысы сотпен қанағаттандырылып, сотталушы А.Божедомов ҚР ҚК-тің 380-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстың өтеуі жаза болып табылады. Билік өкілдеріне күш қолдануға жол берілмейді. Қала прокуратурасы осы санаттағы қылмыстық істердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттерінің ақырына дейін жеткізу бағытында тиісті қадағалау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Сондықтан, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет жасап жүрген билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, күш қолдану қауіпін тудыру бағытындағы әрбір заңсыз әрекет үшін тиісті заңмен көзделген жауаптылықты естен шығармаған жөн. Байқоңыр қаласының прокуратурасы |
ҚҰНДЫЗДЫҢ БИЗНЕС ЖОБАСЫ ЕКІНШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
14.11.2019 13:50 |
Облыстық "Бизнес StartUp-2" кәсіп ашу сайысы Қызылорда қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде «Білімді ұрпақ – кемел келешек» атты пәндік апталығы аясында өткізілген болатын. Бұл байқауда 7 колледждің студенттері қатысып, өздерінің жобаларын таныстырды. Сайысқа Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Фархад Абжаппаров төрағалық етті. Құндыз Әбілтаева – Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде №78 «Тасымалдау құжаттарының операторы» тобының 3-курс студенті. Жетекшісі - Әліби Бекпанов. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
ҚАЗАЛЫДАҒЫ КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙ ҮЙІРМЕСІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
14.11.2019 13:40 |
Үйірменің жетекшісі – көгалдағы хоккейден ұлттық құраманың мүшесі, қызылордалық «Қайсар» хоккей клубының сапында өнер көрсететін Мұқағали Сансызбаев. Ол жақында ғана ұлттық құрама сапында Орталық Азия кубогін жеңіп алды. Көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері жаттықтыратын жасөспірімдер облыстық, республикалық деңгейдегі бәсекелерде жүлделі болып үлгерген. Мәселен, олар өткен жылы облыс біріншілігінің жеңімпазы атанып, биік белесті бағындырды. Сондай-ақ, 2014 жылы көгалдағы хоккейден өткен республикалық жарыста үшінші, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған IV республикалық турнирде екінші, «Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубының кубогіне арналған республикалық турнирде екінші, ұлдар арасындағы Қазақстан Республикасының ел біріншілігінде үшінші орынды иеленді. Мұқағалидің бір шәкірті Бақытбек Қоңырбай қазіргі таңда Алматы қаласында көгалдағы хоккеймен кәсіби тұрғыда айналысып жүр. Көптеген жарыстарға Алматы қаласының атынан қатысып, үздік нәтижелерге қол жеткізуде. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі |