Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2288 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 10100 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70913 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163450 |
Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіледі |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
22.11.2019 17:21 |
Қызылорда қаласындағы аялдаманың бірінде болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орнында қаза тапқан 3 адамның және көп жарақаты салдарынан ауруханада көз жұмған баланың отбасына облыстық әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді. Брифинг кезінде Қызылорда облысы әкіміне 21 қараша күні болған жол-көлік оқиғасы туралы БАҚ өкілдері: «Сұмдық апат туралы не айтасыз? Қазір қандай шаралар қолға алынып жатыр? Қандай да бір көмек болады ма?» деген сауалдарын қойды. «Бұл оқиға туралы облыстық әкімдіктің тиісті басқармалары мен Қызылорда қаласының әкіміне қатаң тапсырма берілді. Олар менің атымнан жол апатынан көз жұмған адамдардың отбасыларына барып көңіл айтты. Бүгінгі таңда аталған оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр. Қаза тапқан 3 бала мен 1 адамның отбасына облыстық, қалалық әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі», – деп жауап қатты облыс әкімі Қ. Ысқақов. Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен.
|
Нан бағасының қымбаттығынан Қызылорда 5-орында тұр |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
22.11.2019 17:20 |
Елордада Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов БАҚ өкілдеріне әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы брифинг өткізді. Брифинг барысында аймақ басшысы сұрақтарға жауап берді. – Қызылорда облысында нан бағасы қаншалықты тұрақты? – Солтүстік өңірлерде қуаңшылық, күн райының ыстық болуына байланысты және экспортқа шығаратын өнімнің көлемі көбеюіне орай нан бағасы көп өңірлерде қымбаттады. Өзге өңірлер секілді Қызылорда облысында да нан бағасы қымбаттады. Қыркүйек айында нан бағасы 60-65 теңге болатын болса, қазір 75-78 теңге жетті. Дегенмен, облыста тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Қор арқылы нан бағасын және халықтың көп тұтынатын азық-түлік өнімдерінің бағасын өсірмеу мақсатында жұмыс жүргізілуде. Президент әкімшілігі, Үкімет тарапынан да тиісті талаптар қойылды. Жыл басында 2 мың тонна ұн алынып, маусым айында таусылды. Сол уақытта Арал қаласындағы ұн өңдеу комбинатынан 700 тонна ұн алынды. Жақын арада тағы да осы комбинаттан қалған ұн әкелінетін болады. Аймақтағы наубайханаларды арзан ұнмен қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласынан тоннасы 105 мың теңге тұратын ұн өнімін алдырып отырмыз. Сонымен қатар Рудный қаласындағы компаниямен келісімшартқа отырып, 1 мың тонна арзандатылған ұн алғалы отырмыз. Жалпы, нан бағасының қымбаттауына байланысты Қызылорда облысы республика бойынша 5-орында, - деп жауап берді аталған сұраққа аймақ басшысы. |
СЫР ЕЛІНДЕ СЕРПІН БАР |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
22.11.2019 16:50 |
|
Қуанышбек Ысқақов: «Жыл соңына дейінгі облыс дамуының жоспарлары түбегейлі өзгере қойған жоқ» |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
22.11.2019 16:40 |
Брифингте аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы баяндады. Өңір басшысы БАҚ өкілдері алдындағы брифингінде Қызылорда облысы әкімінің қызметіндегі журналистермен елордадағы алғашқы жүздесуі екендігін атап өтті. «Бұл – менің әкім қызметінде Сіздермен алғашқы кездесуім. Сұхбатымыз өнімді өрбуі үшін ең алдымен облыстың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалы, өзекті мәселелері, қазіргі жұмыс барысы және алдағы жоспарлар жайында айтып өтсем деймін. Содан кейін сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Біздің өңіріміз жайында хабардар екендеріңізге сенімдімін. Бұл, әрине, тиімді болар еді, өйткені, бізге берілген азғантай уақыт ішінде аймақтың бүкіл тыныс-тіршілігін айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан, облыс дамуының ең маңызды аспектілеріне тоқталсам деймін. Өздеріңіз білетіндей, облыс әкімі болып тағайындалғанға дейінгі соңғы 3,5 жылда мен Қызылорда облысы әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Сондықтан, жыл соңына дейінгі облыс дамуының жоспарлары түбегейлі өзгере қойған жоқ. Дегенмен, Мемлекет басшысы қойған міндеттер мен ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, жыл соңына дейінгі Іс-қимылдарымызға түзету енгіздік», – деді облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы. |
ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАУДА |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
22.11.2019 16:15 |
Ғани Мұратбаев ауылында тұратын жеке кәсіпкер Елубай Шағдиев аудан орталығы Әйтеке би кентінен Жалаңтөс ауылына, Жалаңтөс батыр ауылынан Әйтеке би кентіне баратын тұрғындарды тегін жеткізуде. Қасиетті жұма күні қайырымды істі қолға алған кәсіпкер: «Кәсіп істеп, табыс тауып отырғаннан кейін халыққа қызмет ету, қайырымдылық жасау – парыз. Сондықтан да мен бүгін жолаушылардан ешқандай ақы алмауға шешім қабылдадым. Қасиетті жұма күні халыққа осылай қызмет етіп, садақа қылуды жөн көрдім», – дейді. Жүргізуші Елубай Әлиұлына кент пен ауылдың тұрғындары алғыс айтуда. «Бүгін мен аудан орталығынан ауылға қайту үшін осы «Газельге» мінгенмін. Қасиетті жұма күні жүргізуші бізден жолақы алмады. Сондықтан қайырымдылық іс қылып жатқан азаматқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ. «Көп тілегі – көл» деген, бұдан кәсіпкердің көсегесі көгермесе, жаман болмайды», – дейді осы қоғамдық көліктен түскен жолаушылардың бірі Бертағы Тəжиев. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
«ЕРКІН СӨЗ» – 2019» БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
22.11.2019 12:00 |
Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Халық банк» АҚ қаржылық демеушілігімен қазақ журналистері арасында ұйымдастырылған «Еркін сөз» – 2019» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл үшінші рет өткізілген байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңге. Бас жүлдеге тағайындалған қаржы – 700 000 теңге, бірінші орын – 300 000 теңге, екінші орын – 200 000 теңге, үшінші орын – 100 000 теңге. Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату. «Еркін сөз» – 2019» байқауында «Үздік телесюжет» аталымы бойынша бас жүлде Абай Сейфуллаұлына («Астана» телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды – Айбек Қосанов («Еуразия» телеарнасы), екінші орынды – Әнуар Карбозов («Atameken Business» телеарнасы), үшінші орынды – Ришат Асқарбекұлы («Астана» телеарнасы) иемденді. Қатарынан үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқауға сайттар мен газеттерден түскен материалдар саны жылдан-жылға артып келеді. Қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит секілді мәселелерді қаузаған журналистердің де қаржы саласына бейімделгені қуантады. Сонымен байқау шарттарына сәйкес, «Үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде «Заң» газеті редакторының орынбасары Сәкен Орынбасарұлына бұйырды. Бірінші орынды Сарби Әйтенова («Жетісу» газеті), екінші орынды Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық газеті), үшінші орынды Динара Жұмабекқызы («Орал өңірі» газеті) иеленді. Ал «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша бас жүлде – Аслан Қаженовке (www.inbusiness.kz), бірінші орын жүлдесі Айша Кеңесбайға (www.kazislam.kz), екінші орын Нұрдәулет Кәкіштегіне (www.elorda.info.kz), үшінші орын Жанбота Төлегенге (www.informburo.kz) табысталды. Халық-хабар |