Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 26 Қараша 2019

Жалағашта Мәуліт мерекесі аталып өтті PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.11.2019 10:00

Кеше Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінің ұйымдастыруымен адамзаттың ардақтысы, көркем мінездің өшпес үлгісі Мұхаммед (с.ғ.с.)  Пайғамбарымыздың туылған күніне орай Мәуліт мерекесі аталып өтті. Бірнешеғасырларданберітойланыпкележатқанбұлмерекеніңбастымақсаты — Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздыңіс-әрекеттеріннасихаттау, салауаттарайту, жастарғаимандылыққағидаттарынтүсіндіру, олардыотансүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананықұрметтеугежәнетүрлітерісқылықтардансақтануғашақыруболыптабылады. Діни іс-шарада Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Сырдария Ақмешіт» мешітінің бас имамы Болатбек Әбуов жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Мерекелік шара аясында Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қарапайымдылығы мен ұлылығын насихаттайтын театрланған көрініс қойылып, қасиетті Құран аяттары оқылды, жастарға арналған уағыздар айтылып, әншілердің орындауында діни әндер шырқалды.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ҚАЗАЛЫДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.11.2019 09:45

Кеше Қазалыда аудандағы барлық қала, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілуіне орай Қызылорда облысы әкімі аппараты және облыстық әділет департаментімен бірлесіп құқықтық оқыту өтті. Оған қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері мен заңгер, есепші мамандары және тиісті бөлімдердің басшылары қатысты.

Басқосуды аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап ашып, бүгінгі жиынның маңыздылығына тоқталды.

– 2020 жылы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандағы барлық қала, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізіледі.

Келер жылы аудандағы халық саны екі мыңға жетпейтін қалған 17 ауылдық округ әкімі аппараттарына (Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Майдакөл және Аранды ауылдық округі әкімі аппараттарынан басқа) жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті беріледі.

Мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейін, яғни ауылдық округтердің дербес бюджеттері қолданысқа енгізілсе, азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.

Мемлекеттік бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу шаралары аясында тиісті қабылданған құқықтық актілеріне уақытылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, - деген Бақытжан Дүзелбайұлы алдағы уақытта орын алуы мүмкін кемшіліктерді болдырмау және алдын алу мақсатында қызметкерлерге тиісті саладағы тәжірибелі, білікті мамандардың қатысуымен түсіндірме, құқықтық оқыту, семинарлар өткізіп отыруды тәжірибеге енгізу қажеттігін жеткізді.

Мұнан кейін ауданға арнайы келген Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің әдіскері Әуелбек Исаев, Қызылорда облысының Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы Нұрсұлу Арзықұлова және облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы Мәріп Әкбар және Қызылорда облыстық ақпараттық технологиялар орталығының маманы Болат Әбітаев құқықтық оқыту семинарын өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға шешім жобасын дайындау мен Әділет департаментіне жолдау тәсілдері түсіндіріліп, аталған мәселе жөнінде қажетті мәліметтер берілді. Жиын соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, қойған сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


ТӘРТІП пен ТІЗГІН PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
27.11.2019 09:25

«Апат айтып келмейді». Бірақ! Сол бірақтың айналасында сұрақ көп. Жақында Қызылорда облыстық полиция департаменті қызметкерлері мас күйінде қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушіні анықтапты. «Заңы әлсіздің зары бітпес» дегендей, бұл заңның солқылдақтығын көрсетпей ме? Одан бөлек, облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының саны 47 пайызға көбейген. Былтырғы жылы дәл осы мерзімде 330 жол апаты тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 485-ке жетіпті. Аталған тақырып төңірегінде облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Амитов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтты.

Күні кеше ғана қала орталығында болған жағдай көптің үрейін ұшырды. Құзырлы орган өкілдері іле-шала мектептерде жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге кірісті. Дегенмен, мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу маңызды ғой. Бұқараның біразы «Радарды қайта енгізу керек» дейді. Қолда бар мәліметке сүйенсек, жол жүру ережесін бұзғаны үшін 121 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталса, оның 35 мыңға жуығы – жол апатына тікелей әсер ететін факторлар. Сондай-ақ, 1288 жүргізуші рульге мас күйінде отырған. Бұған байланысты ресми орган өкілі:

Радарды қайта қосуды біз шешпейміз, - деп қадап айтты.

Тағы бір айта кететін жайт, облыста соңғы үш жылда автокөліктердің саны 140 мыңнан 147 мыңға көбейген. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолындағы көлік ағыны бұрын 3 мың болса, биыл 11 мыңға жеткен. Сондай-ақ, автожолдың ортасында бөлінетін қоршаудың жоқтығы да жол апатының артуына түрткі болып отыр.

Ал 2019 жылдың 10 айында 5011 қылмыс тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға азайған.

Полиция департаменті аппараты қызметкерлерінен құралған арнайы топ аудан орталықтарын аралап, рейдтік іс-шаралар жүргізу тәжірибесін енгізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Апта сайын «Құқық тәртібі», «Түнгі қала», «Қауіпсіз аула», «Квадрат» атты қысқамерзімді жедел-профилактикалық шаралар жүргізілуде. Халықтың полицияға деген сенімін арттыру мақсатында «Ауладағы қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өткізілуде. Акция аясында тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, олардың арыз-шағымдары мен шешілмеген мәселелері сол жерде қаралып, нақты жауаптар мен түсіндірмелер берілді, - деді Шамшидин Егенбердіұлы.

Десе де, полиция өкілі ішкі істер саласында кемшіліктердің барын жоққа шығармады.

Өкініштісі, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол берген әріптестеріміз де бар. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің кейбірінің этикасы төмендеу. Одан бөлек, әріптестеріміздің құқықтық сауаттылығы төмендеу, - деп ашып айтты облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Брифингте мал ұрлығына қатысты деректер де сөз болды. Жыл басынан бері 184 мал ұрлығы тіркелген. Төрт түліктің 50 пайыздан астамы бақташысыз, қараусыз қалуына байланысты өрістен жоғалған. Құқық қорғау органының мамандары 7 рет «Мал ұрлаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырып, мал ұрлауды кәсіпке айналдырған 98 қылмыскерді құрықтады. Сөйтіп, олармен жасалған 113 қылмыстың ізі ашылған. Бұдан бөлек, мал ұрлығымен айналысқан 25 қылмыстық топ ұсталып, қолды болған 109 бас мал иелеріне қайтарылған.

Шамшадин Егенбердіұлы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігіне бірнеше рет ұсыныс жасалғанын да жеткізді.

Қозы  Көрпеш  ЖАСАРАЛҰЛЫ

 


Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары