Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2255 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 10067 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70880 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163417 |
Қызылордалық 6 кәсіпкер «Сауда үздігі - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы атанды |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
29.11.2019 10:35 |
Республикалық байқауға әртүрлі номинациялар бойынша Сыр бойынан 7 кәсіпкер қатысып, 6-ауы жеңімпаз атанды. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен «Атамекен» ҰКП мен Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының бірлесіп өткізген байқауы биыл Павлодар қаласында өткен болатын. Байқаудың мақсаты кәсіпкерлердің кәсіби қызметіне жоғарғы баға берумен қатар Қазақстанның сауда кәсіпорындарының үздік басшыларын анықтау, сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын көтеру, еліміздегі сауда саласына заманауи формаларды енгізу болып табылады. Жеті номинация бойынша өткен байқауда қызылордалық кәсіпкерлер төмендегідей жүлделерге ие болды. «Үздік сауда базары» номинациясы бойынша: - Жаңақорған ауданының «Нұр» базары 2-орынға; - Қызылорда қаласындағы «Сәулет» базары 3-орынға «Үздік сауда-ойын сауық орталығы» номинациясы бойынша: - «Энергомера» ЖШС 3-орынға; «Үздік жол бойы сервисі» номинациясы бойынша: - Қазалы ауданындағы ЖК «Байсуганова А.» 1-орынға; - Қармақшы ауданындағы ЖК «Рагибаева Г.» «Ақсарай» кешені 3-орынға; «Үздік демалыс аймағы» номинациясы бойынша: - Қызылорда қаласындағы «Кристал строй-KZ» ЖШС-нің «Sultan Plaza» қонақүй кешені 3-орынға ие болды. Республикалық байқауға кәсіпкерлердің құжаттары табысталғанымен, басым көпшілігі қорытынды шараға бара алмағандықтан жеңімпаздардың марапатын Өңірлік кеңес төрағасы Ділмұхамед Абызов пен Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қожахмет Ілиясов табыстады. Жеңімпаздардан өзге, қазалылық жеке кәсіпкер Гүлзат Бильсариева Павлодар облысы әкімінің «Алғыс хатымен», ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытқан Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлдана Таңатова Қазақстанның сауда кәсіпорындары Қауымдастығының 20 жылдыққа арналған мерейтойлық статуэткасы және грамотасымен марапатталды. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі |
Облыс әкімі «Сыр медиа» ЖШС-не автокөлік кілтін табыстады |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
28.11.2019 14:25 |
А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің 90 жылдығы аясында «Заманауи медиа кеңістіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Салтанатты шарада облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Сыр медиа» ЖШС-не автокөлік кілтін табыстады. Мемлекеттік мүддені қалың көпшілікке жеткізіп, қоғамдағы өзгерістерге сай көзқарас қалыптастыруда аймақтық медианың маңызы зор. Осы орайда облыстағы бірнеше басылымды бір шаңырақ астына топтастырған «Сыр медиа» серіктестігі елдік асыл мұраттарға қызмет ету жолында сенім биігінен түскен емес. Он жылға жуық тарихы бар медиабірлестік құрамында әуелгі жылдары бір өзеннің қос саласындай қатар өрілген «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттері болды. 2013 жылы оған қалалық, аудандық ресми басылымдар қосылып, жұмыс ауқымы кеңейді. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде содан бері «Сыр медиа» еліміз бойынша өз өнімін өз баспаханасынан шығарып, өзі тарататын іргелі ұйымға айналды. «Сыр медиа» ЖШС мемлекеттік саясатты, республика мен өңір жаңалықтарын халыққа дер кезінде мазмұнды түрде жеткізу қызметін қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңашылдықпен жүргізіп келеді. Бүгінде барлық басылымның сайттары, сондай-ақ 2011 жылы ашылған «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігі саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өзге де салалар бойынша қоғамның тыныс-тіршілігі туралы оқырманға жедел әрі сенімді ақпарат таратуды жолға қойды. Оның ішінде аймақ жылнамашысы болған қос аға басылымның веб-сайттары өз аудиториясын қалыптастырып үлгерді. Журналистер де жаңа медиа мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға машықтанды. Мұның бәрі медиахолдинг жұмысының жүйеленгенін көрсетсе керек. Бүгінде 500-ден астам адам еңбек ететін «Сыр медиа» серіктестігі ел игілігіне жарайтын бастамаларымен қалың бұқараға жақсылықтың жаршысы, ұлағатты істердің ұйытқысы ретінде белгілі. |
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
28.11.2019 14:14 |
Кеше Арал өңірінің ғана емес, ел мақтанышы болған жеңімпаздарды аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов бастаған қолдаушылары мен белсенді жастар ыстық ықыласпен қарсы алды. Әлем чемпиондарына деген құрмет одан ары аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың арнайы қабылдауына ұласты. Аудан басшысы жерлес чемпиондарды айтулы жеңісімен құттықтап: - «Айдынды Аралдың қос бірдей азаматы әлем чемпионы атанды деген хабарды естігенде төбеміз көкке жеткендей, бойымызды айрықша қуаныш кернеді. Байрақты бәсекеде әлемді аузына қаратып, тізе бүктіру бірінші кезекте тәжірибеге, шеберлікке байланысты болса, содан кейінгі кезекте өр намыстың арқасы деп білемін. Кез келгеннің уысына түсе бермейтін Сіздердің айқын жеңістеріңіз – барша қазақ елінің жеңісі, оның ішінде Сыр елінің зор мақтанышы», - деп, жерлес спортшыларға ақжарма тілегін білдіріп, арнайы құттықтау хаты мен демеушілер есебінен тиісті деңгейде сый-сияпатын табыс етті. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы ұлттық құрама делегациясының мүшесі, №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің директоры Серік Алмағамбетов әлем чемпионатының командалық есептегі екінші орынға берілген кубогын және бүкіләлемдік «UNIFIGHT» федерациясының президенті Сергей Новиковтың Қазақстан Республикасы аймағында «UNIFIGHT» спортын дамытуға және қолайлы жағдай туғызуға сіңірген еңбегі үшін Арал ауданы әкімі М.Оразбаевқа жолдаған алғыс хатын табыс етті. Атап өту қажет, ағайынды аралдық спортшылар аудан тарихында осы спорт түрінен тұңғыш әлем чемпионы атағын алып отыр. Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
ҚАЗАЛЫЛЫҚ ЖАС АҚЫН ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
28.11.2019 14:05 |
Жерлесіміз Арал, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы аудандарынан келген ақындардың арасынан жүзден жүйрік атанды. Айта кетейік, облыстық ақындар айтысы аралдық айтыскер ақын, термеші, əуесқой композитор Ниятолла Раманқұловты еске алуға байланысты "Ақиқат жырдың арнасы - Аралдың Ниятолласы" деген тақырыпта өтті. Жыр додасын жерлесіміз, республикаға белгілі жыршы-термеші, айтыскер ақын Марат Сүгірбай жүргізді. Қазалы ауданы əкімінің баспасөз қызметі |
АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ, ҚАЙРАТКЕРЛІК КРЕДО |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Саясат |
28.11.2019 12:12 |
Баймырза ҚОЖАМБЕРЛИЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазалы ауданының құрметті азаматы
1991 жылы желтоқсан айында халқымыз өз президентін сайлап алды. Елбасымыз, Алаш жұртының абзал перзенті, халқы таңдаған қаһарман ер тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланғаннан кейін, өзінің халқына арнаған алғашқы сөзінде: «Отандастарым, мұнан бөлек уайымым да жоқ, олардан бөлек қайғым да жоқ, нені болса да елмен бірге көремін, еліммен бірге төземін, еліммен бірге жетемін» деген еді. Бұл сөз – Елбасының азаматтық ұстанымы, қайраткерлік кредосы һәм перзенттік парызы, азаматтық қарызы. Тәуелсіздік жылдары Елбасы үшін оңай болды деп айта алмаймыз. Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалап, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуы үшін Елбасымыз көп еңбек сіңірді. Бүгінгі таңда бүкіл әлем Н.Назарбаевты жаңа мемлекет жасау жолындағы қиыншылықтарды жеңуде мұқалмас жігер, қажымас қайрат танытып, тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өткен, халқын, елін ғасырлар төріне төрлеткен ұлы тұлға деп біледі. Елбасының кемеңгерлігіне, алыс болашақты болжай алатын көрегендігіне, білімі мен біліктілігіне бүкіл қазақстандықтар тәнті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында еліміздің жасампаздық жолымен дамуының басым бағыттарын белгілеп берді. Қоғам алдында тұрған міндеттерді орындау жолында кездескен көптеген қиыншылықтарға қарамастан ел дамуының саяси, әлеуметтік-экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді. Елбасымыз атап өткендей, «Біз қуатты да, табысты тәуелсіз мемлекет құра білдік. Экономикалық кеңістігіміз дамыған ел болдық. Экономикалық және саяси реформалар сабырлылықпен, парасаттылықпен жүргізілді. Елдің жаңа ордасы – Астана қаласы салынды. Бұл қала қазақ елінің мақтанышына айналды. Халықаралық қауымдастық «EXPO – 2017» халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде осы қаланы таңдады. Бұл да – біздің мемлекеттің сыртқы имиджі үшін үлкен жетістік. Біздің қоғам әлемдік дамудың демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарына жақындап келеді. Еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік деңгейде эталон ретінде танылып отыр. Біз енді алдымызға әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену бағдарламасын қабылдаймыз». Тәуелсіздік жылдарындағы Елбасымыздың ерен еңбегін сөз еткенімізде алдымен экономикалық қоғамдық сананың ішкі және сыртқы саясаттағы сындарлы табыстарын тілге тиек етеміз. Дүниежүзіндегі беделді саяси ұйымдардың бірі ОБСЕ саммитінің, Дүниежүзі дінбасыларының басқосулары, «EXPO – 2017» көрмесінің Астана қаласында өткізілгенінің өзі неге тұрады?! Себебі, Елбасымыздың қай салада да сұңғыла, салиқалы, терең, талғампаз, білікті, пайымды, феноменді шешімдері – осының айғағы. Елбасымыз қоғамдағы қордаланып қалған өзекті мәселелерді байсалдылықпен, парасаттылықпен заман талабына сай шешіп келеді. Яғни, біздің болашағымыз жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім мен тәрбие алуына Елбасымыздың адами қасиетінің мүдделі екендігін байқаймыз. Бұл – тек ғана кемел Ұлт көшбасшыларына тән қасиет. Кемелділік феномені ел басқарған кез келген тұлғаның қолынан келе бермейтіні тағы бар. Бұл қасиет бір адамның бойына жинақтаған тұлғалық ұғымдылықты құрайтын философиялық пайым, яғни шынайы көшбасшы жұртты аузына қарата білетін, оны жақтастары да, қарсыластары да мойындай білетін тұлға болуы керек. Тұлға – өз тағдырының ғана ұстасы емес, сонымен бірге өзі араласқан ортаға, қоғамға өзі ғұмыр кешкен уақытқа ықпал ететін қайталанбас жаратылыс иесі. Себебі, тұлға өзінің болмыс табиғатында өзі ғұмыр кешкен қоғамы мен уақытын сәулелендіріп, оның мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетіп отырады. Осы қасиеттердің барлығынан біз Тұңғыш президентіміздің болмыс-бітімін айқын байқаймыз. Елбасы – ардан туған тұлға. Себебі, халқы үшін аянып қалған жері жоқ. Елбасы – арман қуған тұлға. Арман қуатындығы кешегі күрделі кезеңдерде алдағы асуларға құлаш ұрып, батыл қимылдар жасауы. Соның бір айғағы – Елорданы Алматыдан Астанаға көшіруі. Қазіргі кезеңде Астана қаласы әлем таныған, республикамыздың қоғамдық, саяси, рухани және экономикалық ордасына айналды. Астана архитектуралық жағынан әлемдегі әсем және «ақылды» қалалардың біріне айналатынына сенімдіміз. Міне, шынайы Ұлт көшбасшысы осындай болуы қажет. «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы – Елбасының алысты аңдаған, болашақты болжаған, келешекке көрегенділікпен көз тіккен, бүгінімізге бел шешіп, ертеңімізге еңсемізді тіктеп барар жолымыз. Тұңғыш Президентіміз Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында «Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи мемлекет құрдық. Бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік» деп атап өткен еді. Елбасын халқымыздың, мемлекетіміздің рухани және әлеуметтік әлемін жаңғыртушы, еліне адал қызмет жасайтын тұлға деп бағалаймыз. «Тарихты тұлғалар жасайды» деген қағидаға сүйенсек, Нұрсұлтан Әбішұлы – Еуразия төрінде өз туы, өз елтаңбасы, өз гимні мен Ата заңы бар зайырлы тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған тұлға. Елбасының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан әлемге танылды. Шекарамыз бекіп, Елордамыз бой көтерді. Халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, еліміз бейбітшілік пен татулықтың ошағына айналды. 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әлемдік билік дәстүрінде болмаған ерекше үрдіс жасады. Қазақстан халқына Үндеу арқылы Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтататыны туралы жария етті. Шынында, тұлға есебінде мұндай шешімді қабылдау және оны халыққа жария ету оңай емес еді. Елбасының Қазақстан халқына үндеуі барша жұртшылық үшін күтпеген жайт болды. Посткеңестік кеңістікте Ресейден басқа бірде-бір елде мұндай оқиға болған жоқ. Тіпті әлемдік тарихта сирек кездесетін оқиғалардың бірі деп айтуға болады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген барлық табыстары, асқан асулары, шыққан белестері Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылды деп толық сеніммен айта аламыз. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына қосылуды мақсат еткен Қазақстанның одан әрі дамуына барлық алғышарттарды қалыптастырған еліміздің Тұңғыш президенті алдағы уақытта да өз халқы үшін аянбай еңбек ете беретініне сенеміз. Сонымен қатар елді дамытудың кешенді бағдарламалары жасалып, басымдықтар айқындалған. Дау-жанжалсыз, берекелі бірлікте өмір сүрудің артықшылықтарына көзіміз жетті. Соның бәрі Елбасы жүргізген қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саясатының арқасында екенін түсінуіміз қажет. Бұл кезеңде ең бастысы, мемлекеттілікті, тіліміз бен мәдениетімізді қайта жаңғыртуға мүмкіндік алдық. Сондай-ақ еркін ойлауға және жаңаруға даму мен жетілу үшін шабыт алуға, жаңа әрі одан да биік шыңдарды бағындыруға жол ашылды. Біз қиындық пен қызығы қатар жүрген, татулық пен ынтымақтың қадірін білген жылдар үшін Тұңғыш Президентімізді сыйлап, құрметтеуіміз керек. |
АЯЛДАМАДА АЖАЛДЫ КҮТІПТІ... |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Арнайы беттер |
28.11.2019 12:00 |
21 қараша күні сағат 09:15 шамасында Қызылорда қаласында, Н.Назарбаев даңғылы бойында «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан соғып, аялдамада тұрған адамдарды басып кеткен болатын. Оқиға орнында 3 адам тіл тартпай кетсе, ауыр жарақат салдарынан бір бала ауруханада көз жұмды. Қазір бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 4 адамның 3-еуі – оқушы. Қаладағы №12 IT-лицейде білім алған балғындардың екеуі бір үйдің балалары болып шықты. «Ағалы-қарындасты бауырлар бір-бірінен бір елі ажырамайтын еді. Ағасы қарындасына әрдайым қамқорлық танытып жүретін» дейді ұстаздары. Ағайындылардың мәңгілік мекеніне де бірге кеткені жанды ауыртады. Қайғылы жағдайдан соң аталған мектеп ұжымы өмірден ерте озған оқушыларды бір минут үнсіздікпен еске алып, қаралы жиын өтті. Жиында сөз алғандар марқұм болған балалардың отбасыларына қайғырып көңіл айтты. Балапандардың бейнесі мен болмысын сөз еткенде көпшілік көз жасына ерік беріп жатты. - Балалардың барлығы үлгілі оқушы еді. Нұрислам мен Нұрдәулет екеуі бірге жарыстарға қатысатын. Әрі екеуі көрші тұратын. Тәртіпті, белсенді оқушылар еді, - дейді 5 «Б» сыныбының жетекшісі Динара Піржанова. Қабырғаны қайыстырған қайғылы оқиғадан қаза тапқан жандардың отбасына облыстық әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл туралы Елордада ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді. - Бұл оқиға туралы облыстық әкімдіктің тиісті басқармалары мен Қызылорда қаласының әкіміне қатаң тапсырма берілді. Олар менің атымнан жол апатынан көз жұмған адамдардың отбасыларына барып көңіл айтты. Бүгінгі таңда аталған оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр. Қаза тапқан 3 бала мен 1 адамның отбасына облыстық, қалалық әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі, - деді аймақ басшысы. Қайғылы оқиғадан соң әлеуметтік желілерде аялдамаларды салғанда шетелдік жүйеге сүйену керектігі туралы жазбалар көбейе түсті. Яғни, белсенділер аялдамалардың алдында қорғаныш бөгеттерінің орналасқаны дұрыс деген пікірді айтады. Ел арасынан «айдың күні аманында қара жамылып қалған отбасыларға ел болып қаржылай көмек берсек» деп бастама көтергендер де табылды. Иә, ешкім жапан далада отырған жоқ. Ешкім де, ештеңе де баланың орнын толтыра алмайды. Оны қалың көпшілік жақсы біледі. Олардыкі жұртшылықтан жиналған азғантай қаражат қайғыдан қан жұтқан отбасының кішкене болса да қажеттілігіне жараса деген ниет ғана. Өмір өз дегенін жасайды. Көздегенің орындала бермейтіні содан. Шыны керек, сол уақытта аялдамада тұрғандардың барлығы автобусты не адамды күтіп тұрды ғой, ажалды емес... Рыскелді ЖАХМАН |