Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2066 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 9878 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70691 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163228 |
ПЕТРОҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Арнайы беттер |
05.12.2019 11:20 |
Қазақстанда жастарға қолайлы орта қалыптасқан. Жоғары білім, тұрақты жұмыс істеймін дегендерді мемлекет демеп жіберуге дайын. Тек ынталы, ерік-жігері мығым жастар болса, жеткілікті. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Мен сендерді интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын. Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек» деген жастарға бағытталған жігерлі сөзі бар. Елбасы жариялаған биылғы «Жастар жылы» да тұғырға талпынған жастарға мол мүмкіндіктерін ала келді. Осындай жаңашыл, жігерлі жастар мұнай саласында қолтаңбасы қалыптасқан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясында да аз емес. Біз Тәуелсіздік күні қарсаңында сондай жастардың бірқатарын таныстырғалы отырмыз.
БЕС ТІЛ БІЛЕТІН БІЛІКТІ МАМАН
«Табыс пен асқақ абырой тек қана жатпай-тұрмай ізденумен, еңбектенумен келеді» дейді ол. - Менің ұстанып тұруға тырысатын бірнеше қағидам бар. Меніңше, тәлімгер өте маңызды. Кәсіпқой неғұрлым тәжірибелі әрі дана болса, жас мамандармен сол тәжірибесі мен даналығымен бөлісу ықыласы соғұрлым зор болатынын байқадым, менің бұл орайда жолым болды – менің жетекшілерім дәл осындай қасиеттерге ие. Сонымен қатар өзіме тапсырылған жұмысты соңына дейін жеткізуге тырысып, жұмысымды сүйіп, қатарластарымды аса құрметтеймін. Тренингтерге және бағдарламаларға қатысып, біліктілігімді әрдайым арттырып отыруға тырысамын. Жуырда басқару және жетекшілік саласында ИЛМ бағдарламасы бойынша білім алдым, ол уақыт пен нәтижелілікті басқару, презентацияларды дайындау және өткізу, тағы да басқа мәселелер бойынша пайдалы құралдарды береді, - дейді Азамат Адранов. Осынша жетістіктері үшін Азамат айналасындағылардың алғысына бөленіп жүр. Бос уақытында кәсібіне қатысты басылымдар мен өзін-өзі дамыту туралы кітаптар оқығанды тәуір көреді. Айта кетейік, мұнай-газ саласының дамуына жеке үлесін қосқаны үшін KAZENERGY алғыс хатымен және қызметтегі табыстары үшін Президенттік сыйақы дипломымен марапатталған. Мұнымен қоса, биыл Батыс Тұзкөл кен орнында өндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі келісімшартты алу жолында елеулі үлес қосқаны үшін Президенттік сыйақыға ие болды. Бес тіл білетін (қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік) білікті маман еліміздің бағдарлы болашағы жолында бұдан әрі де табысты еңбек ететініне сенім мол.
ШЕБЕРЛІГІМЕН ШЫҢДАЛҒАН
«Өмірде ешкімнен ештеңе күтпе, барлығына өз күшіңмен жет» деген принципті ұстанады. - Кәсіби тұрғыда жетілу үшін әрдайым өз-өзіңді дамытуға ұмтылу керек. Яғни бір орында қалып қою адамды көштен қалуға, заманның ағымынан адасуға ықпал етеді. Сол себепті тек ізденіс қана адамды шыңға шығарады, - дейді ол. Думан да бірнеше тілді қатар меңгерген маман. Былтыр ғана компанияның дамуына үлес қосқаны және адал еңбек еткені үшін ПҚҚР компаниясының Басқарма төрағасының тарапынан алғыс хатпен марапатталды. Бұл оның марапатының шыңы емес, алда бұдан биік белестерді бағындыратынына кәміл сенімдіміз.
САПАЛЫ ЕҢБЕК – БАСТЫ МІНДЕТ
Арман Сапаров Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да грант негізінде «Мұнай және газ кен орындарын жетілдіру және пайдалану» мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы Қызылордада конкурс негізінде «Жобаларды басқару» бағдарламасымен білім алып, 2012 жылы «Мұнай-газ саласындағы технологиялық үдерістер бойынша халықаралық сертификат» бағдарламасы арқылы білімін жетілдіреді. ПҚҚР компаниясында 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Алғашқыда Құмкөлдегі 3-разрядтағы мұнай және газ өндіру операторы қызметінде болып, 2017 жылы өндіру технологиясы жөніндегі топтың жетекшісі ретінде тағайындалды. Өзінің адал еңбегінің нәтижесінде операторлықтан топ жетекшілігі қызметіне дейін көтеріледі. Еңбектің ауырлығына көнбей, жарты жолда қол сілтей салатын кейбір жастарға бұл айнымас үлгі. Қазіргі таңда Арман мұнай мен газды өндіру қарқындылығын арттыруға бағытталған қызметтер бойынша конкурстық құжаттаманың техникалық бөлімін дайындау, мұнай өндіру көлемін ұлғайту мақсатындағы іс-шараларды өткізу жайындағы ұсыныстарды дайындауда ұңғымалардың ағымдағы жұмыс істеу режимдерін талдау, мұнай өндіру қарқындылығын арттырудың жаңа озық технологияларын зерттеу, технологиялық үдерістерді жетілдіру бағдарламаларын құрастыру рәсімдеріне қатысу жұмыстарымен айналысады. - «Еңбек түбі – береке». Бар күшті салу, нәтижеге қол жеткізу жылдамдығына емес, сапаға бет алу, жауапкершілік. Осылардың арқасында мен ерекше ойлауға және белгіленген тапсырмаларды шешуге үйрендім, - дейді 31 жастағы Арман Сапаров. Ол ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Құмкөл кен орнын өнеркәсіп тұрғысынан меңгерудің 30 жылдығын тойлау аясында компания басқармасының тарапынан алғыс хатпен марапатталған. ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздік» деген сөзі бар. Осы құндылықтың қадірін ұғынатын ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатыр. Елге тіреу, халыққа қорған болуға жастардың қауқары жетіп-ақ тұр. Өйткені ел болашағы деп мемлекет жастарға инвестиция құюда алдына жан салып отырған жоқ. Бүгінде кез келген жастың білім алуына, баспаналы болуына, еңбекте алға жылжуына да жағдай бар. Біз сөз еткен жастар – бір компанияда ғана қызмет атқаратын мамандар. Ал еліміз бойынша осындай еңбекке етене жақын, елді көгертетін қаншама жас халқы үшін қалтқысыз қызмет қылып жүр. Олар көп. Ал көп жүрген жерде қорқыныш та аз. Сондықтан жасампаз жастары бар тәуелсіз Қазақстанның келешегі де кемел болары хақ.
Әйгерім НАЖМАДИН, Андрей Тайгунов (сурет) |
Қ.ЫСҚАҚОВ: ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНДА НӘТИЖЕ БОЛУЫ КЕРЕК |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
05.12.2019 11:20 |
Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс жедел отырысы өтті. Соңғы 10 күндікте облыста бірнеше күрделі жол апаттары орын алды. Оның салдарынан 12 адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алған. Атап айтқанда, 21 қараша күні Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылының бойында «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық көліктің аялдамасына соғып, нәтижесінде аялдамада тұрған 5 адамның 3-еуі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл жол-көлік оқиғасында зардап шекендердің 3-еуі – оқушылар. Сондай-ақ, күні кеше (3 желтоқсан) «Құмкөл-Қызылорда» автожолының бойында «Саутс Ойл» серіктестігіне қарасты жолаушы тасымалдайтын автобус аударылды. Салдарынан 8 адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алды. Аймақ басшысы Полиция департаменті мен жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, бұл жұмыстар жеке өзінің бақылауында болатынын жеткізді. «Соңғы болған жол-көлік оқиғасына Мемлекет басшысы тарапынан да назар аударылып, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың құқықбұзушылық профилактика жұмыстарына қатысты ескертпелер айтылды. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың жол-көлік оқиларының динамикасы 47%-ға жоғарылап отыр, оның ішінде жарақат алғандар – 43%, қайтыс болғандар 44%-ға өскен. Полиция департаменті тарапынан берілген ұсыныстарға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Тиісті қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базаларыңыз жыл сайын жаңартылуда. Алайда нәтиже жоқ. Жұмыс осы қарқында қалатын болса, ҚР Ішкі істер министрлігіне Полиция департаментінің жауапты басшыларының атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі жөнінде ұсыныс беретін боламын»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов. Комиссия отырысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаев баяндама жасап, болған оқиғалар мен аталмыш саладағы көрсеткіштердің өсуі полиция органдары тарапынан профилактикалық жұмыстардың тиімсіздігінен екенін айтты. Құқықтық статистикаға сәйкес өңірде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының өсімі байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша жол-көлік оқиғаларының 485 дерегі тіркелген. Бүгінгі жиында талдау нәтижесі бойынша облыстық полиция департаментіне және аудан, қала әкімдеріне жол жүру қауіпсіздік деңгейін жоғарылату мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту ұсынылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметі |
5,5 МЫҢНАН АСТАМ ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАМАЛАР БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНБАҒАН |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
05.12.2019 11:10 |
Қылмыспен күрестегі проблемалық мәселелер бұған дейін облыс әкімінің қатысуымен ведомствоаралық мәжілісте талқыланып, профилактиканың кешенді жоспары қайта бекітілді. Облыстық прокуратурамен қылмысқа бейім адамдардың тізімі жасақталып, 3 мыңнан астам адам тәуекел топтарына енгізілді. Қазіргі уақытта олардың тұрмыс-тіршілігі уәкілетті орган өкілдерінен құралған жұмыс тобының күнделікті бақылауында. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында өңіріміздегі қылмыс 17%-ға төмендеді (7482-ден 6199-ға). Бұл бағытта ұйымдастырылған шаралар өз нәтижесін беруде. Дегенмен, жекелеген жағдайларда профилактикалық шаралар формальды атқарылуда. Пробациялық бақылау жұмыстарының әлсіздігінен бұрын сотты болған 33 (35) адам қайталап қылмыс жасаған. Прокурорлық тексерумен полиция қызметкерлерінің 10-нан астам құқық бұзушыға қасақана шара қолданбағаны анықталған. 5,5 мыңнан астам электронды хаттамалар бойынша шешім қабылданбай, құқық бұзған әрбір 10-шы тұлға жауаптылықтан заңсыз босатылған. Аталған мәселелер алқа отырысында кеңінен талқыланып, құзырлы органдарға құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.
Қызылорда облысының прокуратурасы |
«ЖАНАРСЫЗ ДА ЖАРЫҚ ӘЛЕМ» |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
05.12.2019 10:10 |
Мақсаты - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зағип жандардың шығармашылық насихаттау, қабілеттерін арттыру, қоғамға бейімдеу, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу. Шараны кітапхана директоры Е.Алданазаров пен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары Ержан Кенжебайұлы ашып, қазыналы қарттарымызға ізгі тілектерін жолдады. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында С.Ысқақов атындағы колледж студенттері қатысып, өлеңдерін оқыды. Кітапхана оқырмандары Ақкенже Маханбетова мен Гүлсім Әбілова өздерінің туындыларын оқырмандарға ұсынды. Сонымен қатар «Жанары сөнсе де өнері сөнбеген» атты кітап және тифлоқұралдар көрмесі ұйымдастырылды. |
БАСШЫЛАР ТІКЕЛЕЙ БАҒЫНЫШТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.12.2019 17:20 |
«Осы Заңның қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген», - деді Ардақ Ерсейтов брифингте. Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған жағдайда міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек. «Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті» екендігін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы хабарлады. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қандай тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылатынығын түсіндірді: - орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары; - облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі; - орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді; - облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді; - Аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді. Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті. «Тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған», - деп айтты спикер. Бұдан бұрын, 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығын атап өтті. |
МӘДИНА ЕРАЛИЕВА АТЫНДАҒЫ «АҚБАЯН» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.12.2019 17:00 |
Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, әншілерге сәттілік тіледі. Мұнан соң сахна төріне көтерілген өнерпаздар бірінші кезеңде Мәдина Ералиеваның репертуарынан бір ән орындаса, екінші кезеңде өздерінің қалауы бойынша бір әнді шырқады. Нәтижесінде Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауының Бас жүлдесін Мадияр Жеткерген жеңіп алып, 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал, Нұрбол Тұранов бірінші, Аманжол Сламов, Айтуған Сембаев пен Ерлан Едігеев екінші, Динара Жакешова, Әмір Сариев, Әсел Тұрғанбаева үшінші орынға қол жеткізді. Байқауда «Ақбаян» номициясымен Айғаным Тілепова марапатталды. Айта кетейік, бұл байқау Қазалы ауданы әкімінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтті. Оны Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәденет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп өткізді. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
КЕСЕНЕСІН БАБАНЫҢ ҚҰРМЕТТЕМЕУ – БОЛАР МІН! |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.12.2019 16:30 |
Жуырда кесененің алғашқы шырақшысы Жанқожа бабамыздың тікелей ұрпағы Әбдіхалық Өмірбай көкеміз дүниеден озған соң ата жолын немересі Дәурен жалғастырып әкетті. «Ата көрген оқ жонар» демекші Дәурен бауырымыздың да шырақшы ретіндегі қадамы бөтен емес. Орда бұзар отыздан асқан жігіт есімі көпшілікке жақсы мәлім Қайрат қажыдан мұсылманша дәріс алумен қатар көзінің тірісінде даңққа бөленген әулие әрі батыр бабасының аңызға бергісіз шежіресін, ерлікке толы өнегелі өмір жолын, өңірдің тамырын тереңнен тартқан тарихын терең меңгеруді мақсат тұтуда. Кесенені қастерлейтін қауым жеткілікті. Десе де, киелі орынның аумағына кейбір жандардың темекі тұқылын, сусыннан босаған қауашақ құтылар өзге де заттарды қоқыс салатын арнаулы жәшік болса да бейберекет тастап кететіндерін байқап жүрміз. Мұндай қылыққа баратындардың санасында «шырақшы бар, сол жинап алады» деген түсінік қалыптасуы да мүмкін. Әрине, шырақшы кесененің аумағын таза ұстауды басты міндетінің бірі санайды. Алайда өзіміз игі тілекпен барған киелі мекеннен ниетімізге дақ шалдырмай шыққанға не жетсін?! Бабаны құрмет тұтатын қабырғалы қауымның қиналған немесе талап қылған сәтте (тіпті егіс егуге талпынса да) Алладан соң Жанқожа бабаның аруағына сыйынатыны жалған емес. Ойланайықшы, бауырлар! Баба кесенесінің төрт қапталы архитектуралық жобасына сай ашық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Нысанның өте үйлесімді, көздің жауын алардай әдемі де аса айбатты салынғанына ешкім таласа алмасы анық. Бірақ... Қазалының үп еткен желмен қоса күз-көктемде сортаң шаңдағы, қыста қарлы дауылы жиі көкке көтерілетінін мойындауға тура келеді. Осындай сәтте жан-жағы ашық кесененің ішінің қандай күйде болатыны айтпаса да түсінікті. Егер арнайы білімі бар, тәжірибелі сала мамандарымен ақылдаса отырып кесененің кесін-келбетіне зияны тимейтін тәсіл арқылы соңғы үлгідегі құрылыс материалымен (орг стекло немесе тағы басқа) ішінің жарығы толық сақталатындай деңгейде қапталдарын бекітіп, есік салынса, құран оқылғанда (қарт адамдар, жанына дауа тілеп келген сырқат жандар) жайғасып отыратындай аса көп болмаса да орын жасалса қалай болар еді? Баршасы қаражатқа тірелетіні тағы белгілі жайт. Дегенмен, ел арасында игілікті іске қашанда қолұшын созатын жайсаң жандар жетіп артылады. Әрі солай болып та жүр. Оған қоса мұндай жағдайда аудандағы «Жанқожа батыр» атындағы қоғамдық қордың да қарап қалмасына сенім кәміл. Жұмабек Табынбаев, Қазалы ауданы |
ЖАЛАҒАШ – ҮЗДІКТЕРДІҢ ЕЛІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.12.2019 15:38 |
Жалпы, ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар, негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға, аудан экономикасын арттыруға бағытталып отыр. Еліміздегі тұрақтылық пен аудан халқының бірлігі арқасында киелі Жалағаш жерінде биыл толайым тірліктер атқарылды. «Алтын дән – 2019» мерекесі аясында Жалағаш ауданының 80 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілді. Мерейтой аясында Жалағаш кентіндегі «Тағзым» аллеясына Социалистік Еңбек Ері Исатай Әбдікәрімов пен Алдаберген Бисеновтің бюсттері орнатылды. Орталық стадионда еңбек озаттары мен Жалағаш ауданының Құрметті азаматтары марапатталып, аудан тарихынан сыр шертетін «Тарихы терең, еңбегі ерен – Жалағаш», «Жалағаш көшелері» атты кітаптарының және «Жалағаш жауһарлары» атты ауданның музыкалық мұрасының жинағы топтастырылған дискінің тұсауы кесілді. Сондай-ақ, республикалық ақындар айтысы, эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өткізілді. Уақытында ол туралы газетке «Қос тойы қабат келген Жалағаш» деген тақырыпта кең көлемде мақала жариялаған болатынбыз. - Жыл қорытындысында ауыл шаруашылығы саласы бойынша Жалағаш ауданы облыста алдыңғы қатардан көрініп, күріштің әр гектарынан 63 центнерден өнім жинап, облыстық «Алтын дән – 2019» мерекесінде «Үздік аудан» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Үздік комбайншы, үздік сушы, үздік агроном, үздік күрішші де – біздің өлкенің еңбеккерлері. Бірқатар азаматқа «Еңбек даңқы» және «Ы.Жақаев» төсбелгілері табысталды. Бір сөзбен айтқанда, Жалағаш – үздіктердің елі, озаттардың жері болып отыр. Бұл – бірлігі бекем, тірлігі тындырымды Жалағаш диқандарының еселі еңбегі, - деді аудан басшысы. Мекемелер мен кәсіпорындар және жеке секторлар 2019 жылдың 1 қарашасына дейін 4 054,3 млн теңгенің өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Бұл тиісінше 2018 жылдың осы кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 12,5 пайызға артқан. Негізгі қорға тартылған инвестицияның бағалау көлемі 2019 жылдың 10 айында 12 890,3 млн теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Аудан басшысының сөзінше, шаруалар мал басын арттыру мақсатында мемлекет ұсынған бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда биыл мүйізді ірі қара – 2 пайызға, жылқы – 7,8 пайызға, түйе – 1,1 пайызға, үй құстары – 15,9 пайызға, қой-ешкі 96,8 пайызға артқан. Аудан бойынша 88 шаруашылық тікелей мал шаруашылығымен айналысуда. Оның 84-і «Сыбаға», «Құлан» бағдарламаларына және 4-еуі «Алтын асық» бағдарламасына қатысуда. Жыл басынан бері де мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтар 83,2 млн теңге көлемінде субсидия алған. Аққұм ауылындағы «Бақдаулет-57» ШҚ биыл 128 бас тоқтыны Иранға экспорттады. Жаңадария елді мекеніндегі «Адал» ЖК асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсіріп отыр. Ал ақсулық «Киясов Еркебұлан» ЖК биылғы жылы Ресейден 100 бас асыл тұқымды қалмақ сиырын әкеліп, жұмыс істеуде. - Ауданда мемлекет ұсынған қолдауды тиімді пайдаланып, кәсіпке бетбұрушылар саны артуда. Айталық, аудан бойынша 2019 жылдың 10 айында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2397 бірлікті құрап, оның ішінде 2151-і нақты жұмыс істеп тұр. Жеке кәсіпкер Г.Исахановтың қара күрішті ақтау және жем өндіру цехы, жеке кәсіпкер М.Көптілеуовтің химиялық тазалау орталығы, «Жер Ана» ШҚ-ның 50 бас мүйізді ірі қара малына арналған сүт фермасы, «АгроЛидерТаң» ЖШС-ның мал сою және ет бумалау цехы, жеке кәсіпкер М.Ертуғанованың 50 адамдық қоғамдық моншасы, жеке кәсіпкер Б.Мырзағалиевтың техникалық қызмет көрсету орталығы, жеке кәсіпкер Ж.Қазыбайұлының қонақүй және тамақтану кешені, жеке кәсіпкер Н.Ералиевтың балықты алғашқы өңдеу цехы, жеке кәсіпкер С.Халықтың құрылыс заттар дүкені, жеке кәсіпкер Д.Алпысовтың жылыжай кешенінің пайдалануға берілуі де саланың серпін алғанына дәлел болмақ, - деді Қ.Әубәкірұлы. «Жастар жылы» Жалағаш жастары үшін жағымды жаңалықтармен басталғанын айтқан аудан басшысы жастарды қолдау қашанда бірінші орында екенін атап өтті. Аудандық Жастар ресурстық орталығы жанынан жыл басында «Coworking» орталығы ашылды. Орталықта жастар үшін үстел теннисі, аэрохоккей, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, гір тасы, армрестлинг, спорттық жабдықтары, музыкалық аппаратура, видеоойындар мен компьютерлік қызметтерді тегін алуға мүмкіндіктер жасалған. Сондай-ақ, 2-4 тамыз аралығында аудан жастарының қатысуымен тұңғыш рет еңбек лагері ұйымдастырылып, оған 25 жас қатысты. Ал 25-27 тамыз күндері дәстүрлі түрде «Zhalagash Life – 2019» жастар лагері екінші рет өткізіліп, Жалағаш кенті және ауылдық округтерден барлығы 60 жас қамтылды. Жастар жылындағы жаңаша бастамалар легі мұнымен тоқтаған жоқ. Жуырда ғана Аққұм ауылында алғаш рет аудандық жас кәсіпкерлер форумы ұйымдастырылды. Жалағаштық жастардың жетістігін зор мақтанышпен айтуға болады. Жыл қорытындысында Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы «Үздік аудан» номинациясын иеленіп, аудан абыройын тағы бір асқақтатты. Аудандағы білім, мәдениет, денсаулық және спорт салаларында да біршама қозғалыс байқалады. Брифинг соңында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев «Атқарылған жұмыстар көп, атқарылар жұмыс одан да көп» деді. «Ауданда мәселе жоқ» деп кесімді пікір айта алмаймыз. Ең бастысы, қай саланы алып қарасақ та, даму бар, ілгерілеу байқалады. Рыскелді СӘРСЕНҰЛЫ |
БҮРКІТКЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.12.2019 15:30 |
Осыған дейін мемлекеттік мүлікті өз меншігіндей пайдаланған лауазымды тұлғаларға қатысты деректер апта сайын болмаса да, ай сайын жылт ететін. Талай басшылар содан «таяқ» та жеді. Ақыры бір ізге түсті. Биліктегілер аяқ тартып жүретін болды. Әйтсе де, бұл – мәселе түбегейлі шешілді деген сөз емес. Қызметтік көлікті өз кәдесіне жаратқан басшылар да баршылық. Сейсенбі күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы әдеп жөніндегі кеңесте Қармақшы ауданы, Иіркөл ауылдық округінің әкімі Бүркіт Қалдашбаевтың тәртіптік ісі қаралды. Бақандай 15 жыл мемлекеттік қызметте жүрген ол 50 жасты еңсергенде, «облыс орталығында тәртібім таразыға түседі» деп ойламаса керек. Әдеп жөніндегі кеңеске жайдан-жай ешкімнің шақырылмайтыны белгілі. Көбісі мұнда қызметінде кінәрат кетсе ғана келеді. Әйтпесе, мына шеті Жаңақорғаннан, ана шеті Аралдан мемқызметшінің текке шақырылмайтыны анық. «Бақсақ, бақа екен» демекші, Бүркіт Төлегенұлы қызметтік көлікті тиімсіз пайдаланған көрінеді. Мұны агенттік өкілі өз хабарламасында баяндады. – 2019 жылы 9 қараша күні мемлекеттік белгісі KZ154AV 11 «Нива» автокөлігінің жүргізушісі, Қармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұрғыны, 14.01.1986 жылы туған Қалдашбаев Даурен Буркитбаевич автокөлікті құжатсыз басқарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабына сай хаттама рәсімделіп, аудандық полиция бөлімінің артқы ауласына қамауға қойылғаны туралы ақпарат көрсетілген. Аталған автокөліктің Иіркөл ауылдық округі әкімі аппаратына қарасты қызметтік автокөлік екендігі белгілі болды. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі - Әдеп кодексі) 5-тармағының 10) тармақшасына сәйкес «мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс» деп көрсетілген, - деді департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Талғат Нұртаев. Ал ауыл әкімі департаментке берген түсініктемесінде бүй дейді: «2019 жылдың 9 қараша күні негізгі көлік жүргізушісі еңбек демалысында болуына байланысты, жұмыс бабымен аудан орталығына өзінің баласы Дәуреннің басқаруымен қызметтік автокөлікпен барғанын, өзі су шаруашылығы мекемесінен түсіп, баласын жанармай бекетіне жібергенін, автокөліктің құжаттары өзінде қалғанын, алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол берілмейтінін» атап көрсеткен. Әдеп жөніндегі кеңеске келген Иіркөл ауылдық округінің әкімі кеткен қателікті мойындады. Кеңес мүшелері оның кінәсін толық мойындағанын және мемлекеттік қызметтегі еңбегін назарға ала отырып «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды. Сонымен қатар, кеңес отырысында Қызылорда облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Шынтасов, Қызылорда облысының Әділет департаментінің басшысы И.Бәкішева, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының Әдеп жөніндегі өкілі Зейнулла Қазтоғанов 2019 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ |
Бір Алланың адал құлы – Мұхаммед |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
04.12.2019 14:30 |
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас...». Мәуліт айы Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбарымыздың туған күніне байланысты мерекелік шаралар жер-жерде жалғасын табуда. Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйінде өткен «Бір Алланың адал құлы - Мұхаммед» атты имандылық кеші жиналғандар көкейіне алуан ой салғандай. «Ана қадірі» атты қойылыммен басталған шарада имандылық, адамгершілік, мейірімділік, хақты тану, өзге де ізгілікті қасиеттер дәріптелді. Кеш барысында ауыл тұрғындарын Жанқожа батыр атындағы мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әли Шайқұл мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. «Сарқұл қожа» мешітінің шәкірттері орындаған «Пайғамбарға салауат» көкке шарықтағанда, көпшілік қосыла тебіренді. Аталмыш кештің ұйытқысы болған «Сарқұл қожа» мешітінің имамы Мұратбек Балкеев Мұхаммед пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен деректер келтіріп, шараны қорытындылады. Мұнан соң шараға қатысушылар жуырда жаңадан салынып, ел игілігіне берілген «Сарқұл қожа» мешінде ауыл жастарының демеушілігімен жиналған дастарқан жайылып, ас берілді. Түс ауа «Бірлігі жарасқан жамағат» атты волейболдан аймақтық ашық турнир өткізілді. Байрақты бәсекеге Бекарыстан би, Ақтан батыр, Жанқожа батыр ауылдарынан командалар қатысты. Жеңімпаздар марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды. Тартысты түрде мәреге жеткен доп додасында Ақтан батыр ауылының командасы жеңімпаз атанды. Жұмабек ТАБЫНБАЕВ, Қазалы ауданы |