Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Жұма, 06 Желтоқсан 2019

ПРОКУРАТУРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.12.2019 16:30

Әбден күрмеуі қиын, қордаланып қалған үлкен мәселелер прокуратураның көмегіне жүгінумен тоқтайды. Сасқанға сая болуда бұл мемлекеттік органның еңбегі зор. Қызылорда облыстық прокуратурасының тікелей бақылауымен түрлі заңсыздықтардың жолы кесілді. Аймақта заңсыз жұмыс істеп жүрген 100-ден аса қытайлық республика аумағынан шығарылған.  Прокурорлық қадағалау актісімен «Қызылорда су жүйесі» МКК мен «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-дан 615 млн теңге салық өндірілген. Орайы келгенде айта кетейік, «Қызылорда су жүйесі» МКК «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 132 млн теңгені мақсатсыз жұмсағаны анықталып, ол толықтай бюджетке қайтарылған. Тұрақты алимент алатындардың саны 4 мыңнан 9 мыңға көбейген.

Заң аясында осындай зор жауапкершілік жүктелетін құзырлы органның кәсіби мерекесіне орай А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қ.Ысқақов, аймақтық прокуратура органдарының қызметкерлері, заң саласының құрметті ардагерлері қатысты. Сахна төріне алдымен ҚР Мемлекеттік рәмізі Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Аймақ басшысы Қ.Ысқақов сөз сөйлеп, орган қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

- Тәуелсіздікпен қатар жасап келе жатқан бұл маңызды орган қоғамдағы басты институттардың біріне айналды. Осы уақытқа дейін прокуратура азаматтардың құқығын қорғау, заңсыздықтарды оңтайлы шешу жолында өз міндеттерін мінсіз атқарып келеді. Елбасы мен мемлекет басшысы көрсеткен маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды деуге болады. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды», - деген. Адам тағдырына қатысты мәселелерді шешуде адалдық пен әділдік танытып жүргендеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі.

Содан соң облыс прокурорының бірінші орынбасары Т.Әлібаев, Жалағаш ауданының прокуроры М.Ертарғынұлы, облыстық прокуратураның бас маманы Қ.Ибрашева облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы Т.Нұрымбетов, Қызылорда облыстық прокуратурасының ардагері С.Жарекеев, облыстық прокуратураның басқарма бастығы Б.Бұқарбаев, Қызылорда қалалық прокуатурасының бөлім бастығы Н.Айекенов  облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аймақ басшысының орган қызметкерлерін марапаттауынан кейін Қызылорда облысының прокуроры Н.Бижанов сөз сөйлеп, прокуратура қызметінің қоғам алдындағы жауапкерлігінің зор екендігін жеткізді.

- Қазақстан  прокуратурасының тарихы 1922 жылдан басталады. Әділет  халық комиссариатының құрамында мемлекеттік прокуратура органы құрылды. 1933 жылдан бастап оның өкілеттілігі кеңейе түсті. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығында көрініс тауып, бекітілді. Конституцияның 83-бабындағы прокуратура туралы негізгі ереже прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған дербес жүйе екендігін жариялап берді. Содан бері прокуратура органдары заңсыздықтарға төтеп беріп, әділеттілік орнату жолында аянбай еңбек етіп келеді. Осыған дейін өңірімізде сала бойынша қызмет етіп, халыққа еңбегі сіңген ардагерлеріміз де бар. Сол кісілердің сара жолын жалғаған әділет қызметкерлері адал жұмыс істеудің айнымас үлгісін көрсетіп келеді. Әріптестеріме алдағы уақытта да еңбектеріне абырой, отбастарына амандық тілеймін, - деді Н.Бижанов.

Облыстың бас прокуроры да салада сағы сынбай, елеулі еңбегімен көзге түсіп жүрген қызметкерлерді төсбелгі, алғыс хаттармен марапаттады.

Қызылорда облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев прокуратура қызметкерлеріне арнайы құттықтауын жеткізді.

- ҚР Конституциясы мен заңдарының үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатындағы прокуратура органдарының қызметтері мемлекеттік маңызға ие. Сонымен қатар әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырасыздар. Нормативтік-құқықтық актілерді бұзушыларды қадағалауда еңбектеріңіз зор. Сіздерді облыстық ардагерлердің атынан құттықтауымды жеткізуге рұқсат етіңіздер,- деді ол.

Шара соңы кәсіби мереке иелеріне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 


ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ЕСІМ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.12.2019 14:35

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология факультетінің оқытушыларының ұйымдастыруымен физика-техникалық факультетінің физика мамандығы 139-тобы - курс студенттеріне арналып Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «тәрбие сағаты» өтті.

Бұл игілікті шарада ұлт мақтанышы, қазақтың атақты ақыны, жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне баланысты көптеген өзекті мәліметтер ортаға салынды

Кеңестік билік тұсындағы оның өмір жолы күреске толы болды.

Сәкен Сейфуллин 1928 жылы Кеңестің ІІІ съезінде кеңес халық комиссариатының төрағасы болып тағайындалып, мансап жолында ұлт келешегінің қамын ойлаған қайраткер болып қалыптасты. Қазаққа тарихи атын қайтару мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялану жолында табанды күрес жүргізді. Топ студенті Балнура Құбылова «Ұмытылмас ұлы есім» деген тақырыбындағы баяндамасында С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы естеліктерді баяндап, тарихи деректер негізінде мәліметтер берді. Ал, Әсемгүл Бакишева жазушы Сәкен Сейфулиннің еңбектері туралы баяндама жасады. Баяндамада Сәкен Сейфуллиннің Қазақстанның жазушылар одағының негізін қалаған адамдарының бірі және де өмірінің аяғына дейін оның басшылық қызметін атқарғаны, Қазақстанды ашаршылық жайлаған 1931-1932 жылдары «Қазақ әдебиеті» оқулығын, «Біздің тұрмыс» атты сатиралық романын баспадан шығарғаны жөнінде мәліметтер берді. Сонымен қатар қоғам қайраткерінің 1932 жылы өзі бас редактор болған «Әдебиет майданы» журналында «Қызыл ат» поэмасының үзінділері жарық көрген. Оның жазушылар арасында алғаш «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталғаны туралы да айтылды.

Ұлы жазушының өмірі мен қызметі, шығармашылығы туралы студентер өз ойларын ортаға салып, құнды пікірлер айтты. Студенттер тарапынан баяндамалар жасалып, өлең-шумақтары оқылып, С.Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына байланысты құрылған викториналық сұрақтарға жауап берілді.

Сәкен Сейфуллиннің бүкіл саналы ғұмыры мен қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жолына бағытталды. Болашақ ұрпақтың санасында, рухани өмірінде тарихымызда өзіндік орны бар тұлғаларымыздың ескерілуі, олардың өмірбаяны мен қызметі туралы ғылыми еңбектер мен зерттеулердің баяндалуы студенттерді ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып ақыл-парасаттылыққа, әділдікке баулуда өзінің септігін тигізетіні анық.

Творчестволық өмірдің өрелі биігіне шығып, басқаға үлгі боларлықтай өнеге көрсеткен, өзінің ерлік ісімен аңызға айналған ақынның 1938 жылы қаза табуы – орны толмас үлкен өкініш. Оның рухани тыныс-тіршілігі халықтың жадында мәңгі сақталып, жасай береді.

Гүлнәр ҚОЗҒАМБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

тарих, археология жәнеэтнология факультеті,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті,

тарих ғылымдарының кандидаты

 


Қызылордада бірінші аймақтық ІТ форум өтуде PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
06.12.2019 14:00

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен "Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы" тақырыбында бірінші облыстық IT форумы өтуде. Аталған шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов, шетелдік және отандық ІТ қауымдастықтары мен жергілікті атқарушы органдарының өкілдері қатысты.

IT форумның мақсаты - мемлекеттік сектор мен елдің бизнес-қауымдастық өкілдерінің арасында цифрландыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, идеялармен алмасуға арналған бірыңғай алаң құру. Форум аясында Малайзия, Татарстан елдерінен келген спикерлер цифрландыру саласында өздерінің тәжірибелері туралы айтты. Сонымен қатар, ІТ форум алаңында Қызылорда облысындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру жобаларының тұсаукесері мен көрмесі ұйымдастырылып, «Ақылды қаланы» қалыптастыру бойынша шетелдік, отандық IT компаниялардың үздік тәжірибесі бойынша арнайы бағдарлама ұсынылды.

"Бүгінгі "Smart Qyzylorda: Аймақтың цифрлық трансформациясы" тақырыбындағы форум" адами капиталды дамытуға, аймақта жүзеге асырылған жобаларды тұрғындарға таныстыруға, ТМД мемлекеттерімен тәжірибе алмасуға, жобаларға кәсіпкерлерді, инвесторларды тартуға және де Стартап жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Форум барлығымыз үшін нәтижелі және пайдалы болатынына сенімдімін",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Форум аясында аймақ басшысы «Smart Qyzylorda» мобильдік қосымшасын іске қосты. «Smart Qyzylorda» біріктірілген ақпараттық жүйесі қаланың тұрғындары мен қонақтарын біртұтас біріктірілген жүйе арқылы түрлі салалардағы қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, форумда өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыру бағыты бойынша жүзеге асырылған Қазақстандағы тұңғыш цифрлы күріш ақтау зауытының және «Акмауа Smart Farm» фермасының жұмыстары таныстырылды. «Мағжан и К» ЖШС цифрлы күріш ақтау зауыты сағатына 5 тонна күрішті өндеуге қуатты және кәсіпорында Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады, барлық процестер автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы FMIS – «ақылды ферма» зияткерлік геоақпараттық форманы қолданатын пилоттық шаруашылық. Ол жедел навигацияны, өріс деректерін толық талдауды және өндірістік процестердің мониторингін қамтиды.

Аталған форум шеңберінде ағымдағы жылдың 30 қарашасында өткен «SMART QYZYLORDA HACKATHON» байқауының жеңімпаздарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспанов марапаттады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары