Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Сейсенбі, 10 Желтоқсан 2019

Қызылордада «Алтынай» сауда үйі ашылды PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.12.2019 11:00

Күні кеше Қызылорда қаласында киімдер сататын «Алтынай» сауда үйі ашылды.

Кәсіпкер Айнұр Қожагелдиева аталмыш сауда үйін салуға бекінгенде алдында осыншалықты қиындық кездеседі деп ойламады да. Сауда нарығында 20 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер тауарларын жалға алған орында емес, өз нысанында сатуды ұйғарып, қала аумағынан жеке адамнан жер телімін, дайын эскиздік жобасымен бірге сатып алады. Алайда аталмыш аумақта құрылыс жұмыстарын бастаған сәттен жергілікті атқарушы орган тарапынан кедергіге ұшырайды.

Кәсіпкерлер палатасына өтінішпен жүгінген Айнұр Қожагелдиеваға Палата мамандары жан-жақты заңгерлік көмек көрсетіп, жобасын 9 ай көлемінде барлық инстанцияда сүйемелдеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкер жаңа нысанын 40 млн теңгеден астам қаржыға салып, толықтай іске қосты. Жаңадан ашылған екі қабатты нысанда шұлықтың, қолғаптың, өзге де киімдердің түр-түрі бар. Одан өзге жуынатын, қолданатын химиялық заттар, қыздардың шаштарына тағатын бантик, ободоктың түрлері, жанға не керек барлығы бар.

Нысанның салтанатты ашылу шарасында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов, қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Алмасбек Есмаханов, Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Болат Нұрхожаев және өзге де қала тұрғындары қатысып, кәсіп иесінің жұмысына сәттілік тіледі.

Айнұр Қожагелдиева «Алтынай» сауда үйін салу арқылы 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сауда үйінің ашылу салтанатына орай ол тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім-кешектер таратты. Кәсіпкер алдағы уақытта өңірде өндіріс орындарын да ашуды көздеуде.

 

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қ.ЫСҚАҚОВ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС БИЗНЕС ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ІСКЕРЛІК АЛАҢҒА АЙНАЛДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
11.12.2019 09:35

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен «Қызылорда облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі» өңірлік Кеңес отырысы өтті. Оған банк жүйесінің директорлары мен ірі және шағын кәсіп иелері қатысты. Күн тәртібіне «Казах Кэмел» («Qazaq Camel») серіктестігінің «Түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру» жобасы мен «АБК Промсервис» («ABK Promservice») серіктестігінің «Қызылорда қаласында шыны-пластикалық желілік және сорғы-компрессорлық жоғары қысымды құбырларды өндіру зауытының құрылысы» жобасы ұсынылды.

Өңірлік Кеңестің басты мақсаты – инвестициялық жобалардың шешілмеген мәселелерін қарап, тиімді шешім қабылдау. Биыл Кеңестің 3 отырысы өткізіліп,4 инвестициялық жоба: «Байқоңыр» еркін экономикалық аймағын құру және инвестиция тарту мен инвесторларды сүйемелдеуге жауапты ұйым, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» мәселелері қаралған. Нәтижесінде Жалағаш («Номад Солар» ЖШС) және Шиелі аудандарында («Байқоңыр Солар» ЖШС) күн электр станцияларының құрылыстары басталып, желтоқсан айында іске қосылуы жоспарлануда. Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы құс фабрикасына («Қармақшы құс» ЖШС) электр желілерін жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттен 245,1 млн.теңге бөлінген. Ал, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» инвесторларды сүйемелдеуге жауапты фронт-офис болып бекітілген.

30 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өңірдің инвестициялық басты іс-шарасы «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында XI «Baikonyr Invest» форумы өтті. Форум аясында облыстың инвестициялық ахуалы таныстырылып, инвестиция қажет ететін жобалар мен жергілікті тауарөндіруші кәсіпорындардың көрмелері ұйымдастырылған. Нәтижесінде құны 100 млрд.теңгені құрайтын 24 меморандум мен 1 келісімшартқа қол қойылды.

"Атап өту қажет, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдағы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімдегі инвестицияның үлесін 2024 жылға қарай 30 пайызға дейін арттыруды тапсырды. Осыған орай, бүкіл республика бойынша инвестиция көрсеткіші жоғары межемен бекітілді. Біздің облыс 2020 жылы 481 млрд.теңге инвестиция тартуы қажет",- деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Күн тәртібінде қаралған жобалар аясында өңір экономикасына 3,3 млрд.теңге инвестиция тарту көзделген. Сондай-ақ, жобалар аясында 101 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.

" Инвестициялық Кеңес бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы іскерлік алаңға айналды. Кеңес отырысында қаралған инвестициялық жобалардың өзекті мәселелерінің нақты шешілуі – біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі",- деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары