Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 552 |
![]() | Кеше | 2390 |
![]() | Осы аптада | 15742 |
![]() | Өткен аптада | 17373 |
![]() | Осы айда | 39883 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5132420 |
МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
11.12.2019 17:30 |
- Бүгінде компаниядан зейнетке шыққан 167 ардагеріміз бар. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» демекші, компания басшылығы мұнайшы ардагерлерін құрмет тұтуға қашанда әзір. Биыл да компанияның 20 қызметкері бейнетінің зейнетін көру үшін зейнетке шыққан болатын. Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты түрде құрмет көрсету бұйырып тұр. Еңбектеріңіз еленіп, құрметті еңбек демалысына шыққандарыңыз құтты болсын! Әрқайсысыларыңыздың еңбек орындарыңыздағы істеген жұмыстарыңыз, жастарға берген бағыт-бағдарларыңыз – кейінгі буынға үлгі-өнеге. Адал да жемісті еңбек еткен баршаңызға алғысымыз зор, - деді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев шараның ашылу салтанатында. Өздеріңізге белгілі, биыл Қазақстан мұнайына 120 жыл толды. Яғни, аша тұяқ түлік пен түйе табанның ізін ғана бейнелеп жатқан сайын дала жеріне алғаш рет бұрғы салынғанына осынша уақыт өткен. Мұнай саласының осындай ұлы мерекесімен қатар 60, 70, 80 жас мерейлі мезетін де қабат өткізген мерейтой иелері де назардан тыс қалған жоқ. Шара барысында компания басшылығы Әмірбек Қуанышбаевқа 80 жас, Қазыбай Ахметов, Барлыбай Биманов, Болған Бейімбетоваларға 70 жас, Нұрпану Бекенова және Айна Ұзақбайқызына 60 жылдық мерейтойына арналған құттықтау хат тапсырып, естелік сыйлықтар берді. - Мен компания ашылған 1987 жылдан бері бас бухгалтер болып жұмыс істегенмін. Қазір 25 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шықтым. Өте жауапты іс болған соң компанияның барлық сатысынан өттік. Біздің кезімізде бухгалтерлік есепті қолмен жазып-сызатынбыз. Ондай есепті шетелдіктер қабылдамайды, тіпті есеп жоқ деп санайды. Соның барлығын компьютерлік жүйеге алғаш ауыстырған да – өзім. Қазір әріптестерім сол ізбен жұмыс жалғастырып келеді. Еңбегім еленіп, жақсы жұмыс істегенім үшін құрмет грамоталарын алдым. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай да марапатталдым. Қазір де еңбек ұжымымен араласып тұрамыз. Мереке, мейрамдардан қалдырмай, шақырып тұрады. Жыл сайын зейнеткерлерге азық-түлік пакетін үлестіреді. Қызылорда облысында өз қызметкерлеріне осындай құрмет көрсететін бір ғана компания деп айта аламын, - деп жылы лебізін білдірді 70 жас мерейтой иесі Болған Ескендірқызы. Компанияның қалыптасуы мен даму кезеңдерінің қайнар бастауында болып, шеберлігін көрсетіп, тәжірибе арқылы зор еңбек сіңірген ардагерлер де қуанышты кейіпте. Кәсібіне шын берілген қажырлы еңбекшінің айқын үлгісін паш етіп, мұнайшылар қауымының ұрпақтар сабақтастығының дәстүрлі жалғасы бола білген жандар үшін ізгі тілек пен ниеттен артық құрмет жоқ. Сондай-ақ, зейнетке шығып жатқан құрметті қызметкерлер де марапат төрінен көрінді. - Жалпы еңбек өтілімнің 22 жылын осы компанияда өткіздім. Бүгінде зейнетке шығып жатырмын. Компания басшылығы, ұжым қызметкерлері тарапынан үлкен құрметке ие болдық. Бұдан кейін де байланысымыз үзілмейді деп сенемін. Елеп, ескеріп жатқандарына алғыс білдіремін, - дейді Мұрат Мұсаев. - Бүгінгі зейнет демалысына шығып отырған компанияның еңбек ардагерлерінің жемісті еңбек еткен жылдарындағы қызметтік тәжірибелері мол. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіздің нәтижесінде компания абыройы артып келеді. Алдағы уақытта да біз сіздермен үнемі байланыста боламыз. Еңбек ардагері атанған сіздерден жас мамандардың үйренері көп. Отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс, елімізге тыныштық тілеймін, - деді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрайымы Бақытжан Мұқашева. Айта кетейік, компаниядан зейнетке шыққан ардагерлер қатарында ең алғашқы мұнай алынған жылдан бастап еңбек еткен мамандар бар. Бүгінде сол аға буын баулыған шәкірттер жұмыс кестесін үздіксіз жалғастырып келеді. Шара соңында компания еңбек ардагерлеріне азық-түлік толы пакет таратты. Еңбек ардагерлеріне құрмет ретінде «Сырғалым» той орталығының әншілері мен би тобы өнер көрсетті. Н.ҚАЗИ, А.Тайгунов (сурет) |
«Халықтың» тілшісіне бас жүлде бұйырды |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
11.12.2019 17:00 |
Жалағаш ауданында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайды еске алуға арналған «Шындық – Тәңір» тақырыбындағы облыстық жазба ақындар жыр мүшәйрасы өтті. Сол текті қалам иелерінің тебірене жазып, арқалана оқыған жыр бәйгесінде «Халық» газетінің тілшісі, ақын Рыскелді Жахман бас жүлде иеленді. Рыскелдінің шығармашылықта ширығып, өркендей беруіне тілектеспіз. Сыр елінің сөз зергерінің есімін келер ұрпаққа ұғындыру және жастар шығармашылығының өрлеуіне жол ашу мақсатында өткізілген шара ерекше сипатқа ие. Байқау жеңімпаздары ақын атындағы кезекті мүшәйраға қатыса алмайды. Есесіне келесі жылы республикалық көлемде өтетін жыр бәйгесінде бақ сынауға мүмкіндігі бар.
Халық-хабар |
Қ.ЫСҚАҚОВ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
11.12.2019 16:40 |
Облыс әкімінің бүгінгі қабылдауына 40 жуық азамат келді. Тұрғын үй кезегіне тіркелмей, баспана сұрап келген азаматтарға кезекке тұру заңдылығы түсіндірілді. Пәтер белгіленген ережеге сәйкес реттілігімен, кезең-кезеңімен берілетін болады. Сонымен қатар, облыс әкімі Қ.Ысқақов жұмысқа орналасу мәселесі бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысына жұмыссыз азаматтарды тіркеп, тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды. Бүгінгі қабылдауға облыс әкімінің гранты бойынша білім алып жатқан жастар да келді.Олардың бірі - Ақжайық Тәжі. Анасы Баян Жайбергенова аймақ басшысына алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Ақжайық Тәжі қазір Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің педагогика-психология мамандығы бойынша білім алуда. Қ.Досмайылұлы грант иегерлерін алдағы уақытта жұмыспен қамту мәселесі де назарында болатынын айтып, Тәжі Ақжайыққа оқуын жақсы бітіріп, білікті маман болуына тілектестігін жеткізді. Айта кетейік, соңғы үш жыл ішінде облыстағы мектеп түлектерінің 98 пайызы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарына түсуде. 500 -ден аса жеткіншек Ресей Федерациясы Үкіметінің гранты есебінен Ресейдің жетекші техникалық жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Облыс әкімінің баспасөз қызметі |
МАҚАШОВ МУЗЕЙ САЛМАҚ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
11.12.2019 14:00 |
Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде Сұлтан Мақашов аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Алдымен аудан басшысы өңір тайқазанына тоқталды. – 2019 жылдың қаңтар-қазан айында жергілікті бюджет 102 пайызға орындалды. Жаңақорған – өнеркәсіп саласы қарқынды дамыған ауданның бірі. Уран, полиметалл кендері молдығымен ерекшеленеді. Кен өндіру саласы бойынша 10 мекеме жұмыс істейді. Ауданда өнеркәсіп өндіру 63790,8 млн теңгені құрап, нақты көлем индексінің өнімі 97,9 пайыз болды. Ал өңдеу өнеркәсібінің өнімдері 35327,5 млн теңгеге жетті, - деді Сұлтан Ысқақұлы. Жалпы, жаңақорғандық жұрт кәсіпке бейім келеді. Сондықтан шығар, облыста жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» бекітілген Жол картасына белсенді қатысты. Өзге аудандарға қарағанда көш ілгері болды. Бүгінде ауданда 3952 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, соның 4304-і белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Онда 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 19600 млн теңгенің өнімін өндіріп, әртүрлі бағытта қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлік саласындағы толымды тірліктерге тоқталған аудан әкімі: – «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде шағын несие бойынша 614,9 млн теңгенің 143 жобасына және гранттар бойынша 435 жобаға 172,9 млн теңге берілді. Сондай-ақ, «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы 25 жоба 109,1 млн теңгеге қаржыландырылды. «Бизнестің Жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 429,4 млн теңге болатын 10 жоба несиелендірілді. Бұдан бөлек, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына ауданда 20 жоба іріктеліп, несие рәсімдеуге байланысты тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал Индустриялдық-инновациялық дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық индустрияландыру картасына 1 жоба, өңірлік индустрияландыру картасына 1 жоба енді, - деп атап өтті. Айта кетейік, республикалық индустрияландыру картасына енген жоба – «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның жылдық қуатты 4 млн тонна кен байыту фабрикасы. Шалқия кенішінде 2020-2021 жылдары 2 млн тонна, ал 2022 жылдың соңында 4 млн тонна кен байыту фабрикасы іске қосылмақ. Жоба құны – 235 млрд теңге. Болашақта 1500-ға тарта жергілікті тұрғын еңбекпен қамтылмақ. Ал өңірлік индустрияландыру картасына енген «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің қуаты жылына 24000 тонна томат пастасын өндіру жобасының құны – 8877 млн теңге. Жоба сәтті жүзеге асырылса, 150 адам жұмысқа орналаспақ. Аудан әкімі Жаңақорғанда атқарылып жатқан өзге де жұмыстар барысына тоқталды. Биыл аталған өңірде құрылыс саласында қарқын бар. 2019 жылы 53,926 мың теңгеге 11 жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, оң қорытындысын алды. Бұдан әрі Сұлтан Ысқақұлы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бүгінде аудандық тарихи өлектану музейінің жағдайы мәз емес. Құнды жәдігерлер іргетасы сонау 1904 жыл қаланған ғимаратта сақтаулы. Одан бөлек, сол ғимараттың бір бөлігі өзге мекеменің, ал музейге бұл ғимараттың тек 236 шаршы метрі ғана бұйырған. Ең өкініштісі, 10 мыңға жуық экспонаттың тек 747-сі ғана экспозицияға қойылған. Қалғаны қоймада шаң-шаң болып жатыр. Осы мәселе бойынша «Халық» газетінің сауалына аудан басшысы: – Бұл мәселе менің назарымда. Аудандық тарихи-өлкетану музейін салуға жер телімі берілген. Бұйырса, 2020 жылы жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Нысанды бюджет қаржысы есебінен саламыз ба, әлде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында саламыз ба? Егер музейдің ғимаратын салуға ынталы кәсіпкер болса, келісімшартқа отыруға дайынбыз. Әрине, тарихы тереңде жатқан ауданға тарихи-өлкетану музейі міндетті түрде қажет, - деді. Соңғы жылдары Жаңақорған ауданындағы білім саласына қатысты сын жиі айтылып жүр. Өңір оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуде төмен нәтиже көрсетіп келеді. Бұған қатысты аудан басшысы бүй дейді. – Жақында аудандағы мектеп директорларымен жүздесіп, пікір алмастым. «Мемлекет өз қаржысын бөліп, әр мұғалімге сағатына сай еңбекақыларын беріп отыр. Сіздер сол мектептің менеджер басшысыздар. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің қызметкерлерісіздер. Ал алдарыңыздағы білім алушы балалар – өнім. Ендеше, неге Сіздер өз өнімдеріңізді өзгеге бересіздер? Неге сіздердің оқушыларыңыз өзге мұғалімнен барып қосымша білім алуы тиіс. Неге олар репититор жалдауға мәжбүр?» деген сауал қойдым. Меніңше, тест жүйесі арқылы оқушының білім деңгейін бағалауға болмайды,- деді Сұлтан Ысқақұлы. Сөз соңында аудан әкімі алда талай жұмыстың барын алға тартты.
Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ |