Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 2095 |
![]() | Кеше | 2476 |
![]() | Осы аптада | 9907 |
![]() | Өткен аптада | 19014 |
![]() | Осы айда | 70720 |
![]() | Өткен айда | 78079 |
![]() | Бәрі | 5163257 |
ТАРТЫСҚА ТОЛЫ ТУРНИР |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
18.12.2019 10:00 |
«Тәні саудың - жаны сау» қағидасын тұтынған футзалдан бесінші аудан біріншілігі күн өткен сайын қыза түсуде. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов Қазалы футболының жетістіктері жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқанын, ауданның аяқдоп шеберлері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, абырой биігінен табылғанын, жігіттерден құралған «Жігер» футбол командасы жыл сайын облыс чемпионатында, ауыл спортшыларының «Алтын күз» ойындарында жеңімпаз атанса, қазалылық Құндыз Қожахмет футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының сапында еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүргенін, аудан біріншілігіне қатысушы командалардың санынан футболға қызығушылықтың жоғары деңгейде екенін байқауға болатынын атап өтті. Айта кетерлігі, бұл жолғы бесінші аудан біріншілігіне «Арзан», «Көркем Сервис», «Орда», «Басықара», «Құмжиек», «Авангард», «Қайсар», «Сыр маржаны», «Жанқожа», «Намыс», «Қыран» және «Ақтілек» командалары қатысып, бақ сынауда. Жұмабек ТАБЫНБАЕВ, Қазалы ауданы |
МАРАПАТ МЕРЕЙДІ ӨСІРЕДІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
17.12.2019 17:00 |
Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановқа берілді. - Құрметті әріптестер, ең біріншіден сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, әрдайым марапат биігінен көріне беріңіздер! - деді Омар Құмарұлы. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері республикалық және аймақтық оқу-жаттығулардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне, ұйымдастырылуына үлесін қосқаны үшін облыс әкімі орынбасарының алғысымен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов, Ұлттық сараптама орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Фарида Қалиева, Қызылорда облысының Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Нұржановтар марапатталды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №657 жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ғабит Бабаев пен Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Серіккүл Әбжаеваға «азаматтық қорғау майоры» деген кезекті арнаулы атақ берілді. Одан өзге қызметтік міндетін үлгілі орындағаны және қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Жандос Рысбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №672 жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес «ТЖ алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін алса, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Болат Томаев ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында департамент бастығының алғысымен марапатталғандардың саны да көп болды. Олардың ішінде Ұлттық сараптама орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының бас маманы Нағи Баекешов пен адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін қала тұрғыны Медет Рахметов марапат биігінен көрінді. Еске салайық, 2019 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда қаласы, Астана мөлтек ауданындағы №6 тұрғын үйдің 3-қабатындағы №6 пәтердің самалдығында (балкон) балалардың отпен ойнауының салдарынан өрт оқиғасы болған еді. Түтінді бірінші байқаған төменгі қабаттағы көршісі Медет Рахметов өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтер есігін бұзып кіріп, түтін арасынан бір айлық сәби Айзия Асылбекті және 7 жастағы Нұрдәулет Асылбекті қауіпсіз жерге алып шығарған. Өрт – тілсіз жау. Дана халықта «сақтансаң, сақтайды» деген де тәмсіл бар. Ал, осы жолда қауіп-қатерге басын тігетін, тілсіз жаумен күн демей, түн демей «шайқасатын» сала мамандарының еңбегі әрдайым ерекше деуге тұрарлық.
Рыскелді ЖАХМАН |
ҚАЗАЛЫДА ҚАРАҒАЙДАН ЖАСАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ МОНША АШЫЛДЫ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
17.12.2019 15:30 |
Қоғамдық монша арнайы Ресей елінен тасымалданып әкелінген қарағайдан салынған. 40 адамға арналған қызмет көрсету орны 3 бөлімшеден тұрады. Ауданымызға белгілі кәсіпкер Шалғынбек Наурызбаевтың айтуынша, бұл моншаның өзгелерден өз ерекшелігі бар екен. Қабырғалары тек қана қарағай ағашынан тұрғызылған соң, моншаға түскен адамның өкпесі қысылмай, емін-еркін шомылады. Айта кетейік, Қазалы ауданында 4 457 кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның 970-і биыл ғана тіркелгендер. 2019 жылдың басынан бері ауданымызда «Exclusive», «AryNaz» сауда үйлері, «Сулпак» сауда орталығы, «RR», «Орда» мейрамханалары, «Рамазан» супермаркеті, «Аянат» ойын-сауық орталығы, жеке кәсіпкер Қ.Көлдеевтің «Автокөлікке қызмет көрсету» орталығы, өндірістік аймақтан Ә.Әбидің «Жылыжай кешені» пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін біршама кәсіпкерлік нысандары іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында көлік жуу кешені, жанар-жағармай құю бекеті және басқа да кәсіпкерлік нысандар бар. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі |
ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ |
![]() |
![]() |
![]() |
Жаңалықтар - Халық-хабар |
17.12.2019 15:10 |
Жиынға қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қазалылықтарды еліміздің егемендік алған күнімен құттықтап, оның мәні мен маңызына тоқталды. – Жәнібек пен Керей құрған керегені кеңейтіп, Елбасы байрағын көтерген Қазақстанның мемлекеттілігін әрі қарай нығайту – баршамыздың қасиетті міндетіміз. Өйткені, осыдан 28 жыл бұрын Қазақ жеріне орныққан Тәуелсіздік – бағасыз жеңіс, қайталанбас тарихи сәт. Сондықтан, қандай да болмасын мереке-мейрамның маңыздысы – Тәуелсіздік күні екені даусыз және солай болуы да тиіс. Ұлан-байтақ ұлы далада мекен еткен қазақстандықтардың бағына берілген бұл Тәуелсіздікті құлатпай ұстап тұру – бізге парыз, – деді. Бүгінде еліміздің түрлі салалар бойынша жетістіктерге жетіп жатқанын айтқан аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы мұның барлығы халықтың ауызбіршілігінің арқасында келгенін атап өтті. Салтанатты жиын барысында аудан басшысы Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады. Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары арасында өткізілген «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсының жеңімпазы аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағановқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің дипломын табыс етті. Салтанатты басқосу аудандық өнер майталмандарының концерттік бағдарламасына ұласып, мерекелік отшашумен аяқталды. Тәуелсіздік мерекесіне орай Индира Назарова басқаратын аудандық орталық кітапхана ұжымы «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – ұлы елім!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі |