Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1556
mod_vvisit_counterКеше2779
mod_vvisit_counterОсы аптада13226
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда15656
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4196746


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    ...
    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Шілде 2019

ҚАРМАҚШЫ ҚАЛАЙ ДАМЫП КЕЛЕДІ? PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
01.08.2019 11:50

Арал мен Қазалы аудандарының алыс-алыс ауылдарын аралап, ондағы ағайынға сәлем беріп, бірқатар нысандардың бүге-шігесіне дейін барып көрген облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлының келесі күнгі бағыты Қармақшы ауданы болды. Әрине, біреуді мақтау үшін екіншісін төмендетудің еш керегі жоқ. Экс-әкім Қырымбек Елеуұлының елегінен өткен аймақ басшысының іскерлігіне сапар барысында көз жеткіздік.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың Қармақшыдағы қадамы аудандық музейден басталд­ы. Тұтас бір ауданның ғана емес, күллі түркі жұртының ортақ абызына айналған Қорқыт ата жатқан жердің рухан­ияты, мәдениеті мен өнерінен­  аттап  кетпеуді мақсат тұтқаны бізді қуанта түсті. Өйткені, 4 мыңнан астам жәдігер сақталған аудандық тарих­и-өлкетану музейінде ауданның өткені мен бүгіні сайрап жатыр. Бабалар сөзі сақталған, ізі сақталған жердің аурасы тым бөлек. Жалпы, алды­н ала жоспарланған нысан­дар тізбесіне қарасақ, бізді бірқатар жер күтіп тұр екен. Оның ішінде аудан орта­лы­ғына алыс-жақын ауылдар да бар. Ауыл дегенде ішің жылиды, қаның тасиды.

Сапар барысында облыс әкімі №1 индустриялық аймақта орналасқан «Мир-2001» ЖШС бетон бұйымдарын шығар­у цехының жұмысымен таныст­ы. Аудан орталығы Жосалы­ кентінде 2016 жылы ашылған кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Сейфолла Ажмолдаев «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Байқоңыр филиалынан 15 млн теңге несие алып, оған 30 млн теңге өз қаражатын салып, іске қосқан. Бүгінде аудан  жұртшылығын құрылыс құмымен, бетон бұйымдарымен  қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпкердің бұл бір ғана жобасы емес. Аудан бойынша  биыл  бағдарлама шеңберінде 155,7 млн теңгені құрайтын 10 жобаны қаржыландыру жоспарланса, соның ішінде екеуі арнайы техника сатып алу және жа­нар­-жағармай бо­йынша айналым қаражатын толық­тыру жобалары осы мекеменің енші­сінде.

- Жалпы, мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша ауданда біршама жұмыстар атқарылып келеді. Шағын және орта кәсіп­керлікті қолдау, ірі жобаларды жүзеге асыру  бағдарлама­лары  аясында  ауданда 455 млн теңгенің 95 жобасы іске асуда. Сол арқылы 134 жаңа жұмыс орны ашылды. Әлі 30 жобамыз бар, - дейді аудандық кә­сіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі­нің басшысы Жамбыл  Жұмабаев.

Содан соң аудан орталығындағы  Ү.Томанов  атындағы №183 орта мектепке жол түсті. 300 орындық білім ошағы өткен жылы пайдалануға берілген­. Мұнда аудандағы кәсіпкерліктің дамуы, жұмыссыздықпен күрес, білім беру тәрізді мәселелердің жай-жапсар­ы талқыланды. Мек­тепке дейінгі білім беру тұр­ғысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынған және жекеменшік балаб­ақшалардың санын арттыру­ мәселесі айтылды. Аудан бойынша 34 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Оның 32-сі балабақша болса, 2-еуі – шағын  орталық.

- Біз қазір жеке балабақшалар ашуға баса мән беріп отырмыз.  Байқоңыр қаласында да бұл бағыттағы жұмыстар жүр­гізілуде. Аудан балабақшаларында  2-3  жас  аралығында 1264 бала бар. 3-6 жас аралығындағы  балалар  балабақшамен  толық  қамтылған. Барлығы «электронды  балабақша»  жүйесіне қосылған, - деді аудан әкімінің орынбасары Ерке­бұлан Меңлібаев.

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов бастаған топтың келесі бағыты – Жаңажол ауылдық округі. Мұнда 2018 жылы пайдалануға берілген сағатына 5 тонна күріш өңдейтін цех бар. 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, ал шаруашылық құрамында 400 адам жұмыс істейді.

- Біздің өнімдеріміз сапа жағын­ан алдыңғы қатарда. Қазір 400 адам еңбек етеді. Негізі 250 жұмысшының өзі жетіп жатыр, бірақ бізде әр үйден бір адамға жұмыс береміз деген ұстаным бар. Қызмет­керлердің орташа жалақысы – 80 мың теңге. Болашақта бізді көнерген қоймаларды жаңарту, бетон зауытын салу, газоблок цехын ашу тәрізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр, - деді «Жаңажол» ЖШС директоры Орынбасар  Төлепов.

Мұнда ауыл ақсақалдары аймақ басшысына батасын беріп, ақжолтай тілесе, Қуа­нышбек  Ысқақов  атқарылған жұмыстарға  жақсы  баға  берді.

Қармақшы  ауданына жұмыс  сапары  аясында  облыс әкімі Дауылкөл ауылдық округі­, Тұрмағамбет ауылындағы 80 орындық балабақшаның ашылу салтанатына қатысты­. Тапсырыс беруші – «Тұрмағамбет» ЖШС. Айта кетейік, Қызылорда облы­сында 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесі 2015 жылы толық шешілген.­

- Бүгін, міне, салтанатты түрде өздеріңізбен бірге заманауи балабақшаны іске қосқалы отырмыз. Осымен, ауылдық округт­егі балабақша мәселесі толық шешілді деп санаймыз. Сондай-ақ, соңғы жылдары Дауылк­өл ауылдық округінде бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айту керек. Тамыз­ айында Тұрмағамбет ауылында  тәулігіне 1  тонна  сүт өңдейтін цех құрылысы аяқталып, іске қосылады. «Орта­лық алаң» құрылысы қарқын­ды жүруде. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру бағыты­нда «Тұрмағамбет» ЖШС өңірімізде суды аз қажет ететін соя егуді қолға алды. Мұның барлығы ауыл тұрғын­дарының әл-ауқатын арттыруға және аймақтың экономикасын  дамытуға  мүмкіндік беред­і, - деп атап өтті Қуанышбек  Ысқақов.­

Шара барысында аймақ басшысы­ тұрғындарды жаңа нысанның ел игілігіне берілуімен құттықтаса, батыр ана, Социали­стік Еңбек ері Сәлима­ Жұмабекова облыс әкіміне ақ батасын берді.

Елді мекендегі «Тұрмағамбет» ЖШС төрағасы Нұржан Пірмантаев балабақша шаруашылық есебінен салынғанын, ол үшін ешбір несие алын­бағанын  жеткізді.

- Бізге тек егін егіп, қарап отыруға болмайды. Өйткені, «Шіркейлі» каналының аяғында отырмыз. Оның суын тұтынатын ең соңғы ауыл – біз. Су тапшылығы бола қалса, ең әуелі біз сезінеміз. Күріш, бидай, жоңыш­қа­  егеміз. Әртараптандыруды да ұмытпаймыз. Елдегі қажет­тілікті өтеу жолында міне, балабақ­ша салдық. Қолыңнан келетін істен бөлек, халықтың  да  мұқтаждығымен санас­қан  жөн, - деді шаруашылық төрағасы.­

Балабақша 80 бүлдіршінге арналған. Балабақша меңгеру­шісінің міндетін атқарушы Айгүл Задаева тәрбиешілердің де талапқа сай, жоғары білікті маман екенін айтты.

- Ұжымда 25 қызметкер бар. Тәрбиешілеріміз жоғары білімді. Халық сұранысын толық қанағаттандырамыз деген сенімдемін. Заманауи жабдықтар мен қажеттіліктерге қолымыз жетті. Мынадай ғимарат қолданы­сқа берілген соң ауылда балабақшамен қамтылмаған бала қалмасы  анық, - деді қуанышын  жасырмай.

«Тұрмағамбет» ЖШС мұнымен қатар сүт өнімдерін өңдеу цехын таяу арада қолданысқа бермек. Екі мыңнан астам халқы­ бар елді мекен мал шаруашы­лығын да, егін шаруашы­лығын да қолға алған. Нұржан Пірмантаев цехта шикіза­т мәселесі болмайтынын ашып айтты. Жобаның жалпы құны 30 млн теңгені құрайды.

Сондай-ақ, аймақ басшысы ІІІ Интернационал ауылдық округінде «Достық жер МК» ЖШС демеушілігімен жүргі­зілген орталық алаңды абаттандыру жұмыстарымен, Ақтөб­е ауылдық округінде қуаттыл­ығы  жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрика­сының  құрылысымен танысты.

Құс фабрикасының құрылысы бүгінде белсенді жүріп жатыр. Мұнда 50-ге жуық ауыл тұрғынын жұмысқа орналас­тыру жоспарланып отыр. 2018 жылы «Байқоңыр ӘКК» арқылы  458 млн теңге, жоба бас­тамашысы «Ақтөбе и К» серікте­стігі арқылы 200 млн теңге, барлығы 658 млн теңге қар­жысы­  игерілген.

- Жобаның  жалпы  құны – 1,9 млрд теңге. Инженерлік инфрақ­ұрылымы «Бизнестің  жол картасы – 2020» бағдарламасы  шеңберінде жүзеге асып жатыр. Қосымша құрама жеммен­  қамтамасыз ету үшін 512 гектар жер аукционсыз берілді. Жоба толық іске қосылса, 47 адам жұмыспен қамтылады, - дейді облыстық индустриялық-иннов­ациялық даму басқар­масы басшысының орын­басары  Жанар Берде­нова.

Төретам кентінде облыс әкімі 2018 жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кеше­нінің жұмысымен танысты. Спорттың бокс, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол және кикбо­ксинг  түрлері бойынша шәкірт  тәрбиелейтін  кешенд­е 210  бала  жаттығады.

Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы бірқатар елді мекен тұрғындарымен кездесіп, өңір­ді дамыту мәселелерін талқылады. Біздің көз жеткізгеніміз аймақ басшысы ауыл үлкендерінің ұсыныс-тілектерін соңын­а дейін әрі барлығын тыңдап жатты. Бұ да болса, қарапайымдылықтың бір бел­гісі шығар. Таң атқанда бас­тал­ған сапар барысы кеш бат­қанғ­а дейін жалғасты. Осы уақыт аралығын­да Қуанышбек Досмайылұлы «Қармақшы қалай дамып келеді?» деген сауал­ға іштей жауап тапты деп ойлаймыз. Әрине, кейбір сандардың қате жазылғанын байқаған облыс­ әкімі аудан әкімі Сұлтан Мақашовқа ескертіп те жатты.

 

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 


ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Саясат
01.08.2019 11:40

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жұмыс сапары Жалағаш ауданында жалғасты. Өңір басшысы аудандағы бірқатар шаруа қожалықтарын, өндіріс орындары  мен  спорт кешендерін  аралады. Бірнеше  елді  мекеннің тұрғындарымен жүздесті. Олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Сапар барысында Жалағашта әуе апатынан қаза тапқан әскери қызметшілерге ескерткіш тақта ашылды. Шараның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаев, Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, сондай-ақ, қайтыс болған жауынгерлердің туыстары мен достары қатысты.

- Бейбіт заманда бұл – барлығымыз үшін ауыр қайғы. Барлық азаматтың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Есімдерін халық жадында мәңгі сақтауы үшін олардың құрметіне ескерткіш орнатып отырмыз, - деді облыс  әкімі.

- Әскери қызметшілердің қазасы – олардың  жақындары мен туыс­қа­ндары үшін ғана емес, сонымен бірге, Қазақстан Қарулы Күштері үшін орны толмас қайғы. Біз оларды мақтан тұтамыз, әскери іс пен Отанға деге­н адалдықтарын мақтан етеміз, қаза болғандардың отбасыларының орны толмас қайғы­ларына ортақпыз. Осындай ұлдарды тәрбиелеген ата-аналарға мың тағзым, - деді Нұр­лан Ермекбаев.

Биыл 27 наурызда «МИ-8» тікұшағы бортындағы 13 әскери қызметші көз жұмған еді. Олар Ақтаудан Шымкентке бара жатқан бағытта әуе апа­тына­  ұшыраған  болатын.

Шара барысында ескерт­кішке гүл шоқтары қойылып, әскери қызметшілерді 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ескерт­кіштің ашылуы рәсімінен кейін құрбан болғандардың рухына бағышталып ас берілді.

Одан ары өңір басшысы Жалағаш кентіндегі «Серпін» аграрлы-индустриалды айма­ғына барды. «Өркен Әлем» ЖШС-нің арнайы киім тігу цехымен танысты. Шетелге өзіміздің өнімді экспорттап, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – басты­ назарда. Осыны екшеген облыс әкімі кәсіпорынның жұмысына оң бағасын берді. Цех жобасының құны 38,8 миллион теңгені құрайды. 2017 жылы іске асырылған  жоба кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен жүргізілген. Кәсіпорын ғимараты қажетті құрал-жабдықтармен қамта­масыз етілген. Мамандарды даярлау жұмысы мерзімінде аяқталған. Бүгінде тігін цехы толық іске қосылып, 24 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мұнан соң, аймақ басшысы «Nomad SoIar» ЖШС салып жатқан қуаттылығы 30 кВт күн электр энергиясының құрылысында болды. Облыс әкімінің қатысуымен күн электр стансасында алғашқы панел орнатылды. Электр станциясының құрылысына 60 адам жұмылдырылған, пайдалануға берілгеннен кейін мұнда 18 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, облыс басшысы Жалағаш кентіндегі «Тағзым» алаңында ардагерлермен кездесті. Одан кейін бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарының жұмыстарымен танысып, жер­гілікті жұртпен жүздесті.

Солардың бірі – Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі   «Байтабын»  ЖШС бригада­сының егіс алқабы. 2018 жылдың қорытындысы бойынша шаруа­шылықта гектарына   68  цент­нерден  өнім  жинал­ған. Серіктес­тікте   барлығы  110 адам жұмыс істейді. Шаруа­лар егіс алқабы жайлы сөз қозғады. Қожалық алдағы жоспарымен бөлісті. Содан соң, аймақ басшы­сы апаттық жағдайдағы «Самара-Шымкент-Мәде­ниет-Мақпалкөл-Жаңаталап-Аққыр» тасжолының бойындағы «Оңтүстік коллектор» көпірінің қайта жаңғырт­у жұмыстарын көрді. Алдағы жоспарларына қанықты. Сметалық  құны 277,3 миллион теңгені құрайтын жаң­ғырту жұмыстарын «Жылу-XXI» ЖШС жүргізуде. Жұмыс биыл­ғы жылдың сәуір айында басталған. Келесі жылдың аяғында тапсырылады деп күтілуде. Әкім аралаған келесі нысан Аққыр ауылдық округі болды. Онда ауылға тартылғ­ан ауызсу мен электр желісін жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Мұнан соң Мақпалкөл ауылдық округіндегі алмабақтың жай-күйімен танысты. «Құрманбай ата» шаруа қожалығы 5 гектар жерге жеміс көшеттерін еккен. Әзірге 4 адам күтіп-баптау жұмыстарымен айналысады. Мұнда алманың семеренка, голден, женетта түрлері егілген. Өсірілген жеміс көшеттерінің бойы аласа.­ Соған қарамастан өнімді мол береді. Өткен жылы жер­сіндірілген көшеттер биыл жеміс беріп жатыр. «Мұның бәрі күтімнің арқасы» дейді шаруашылық төрағасы Әліби Бекжанов.

- Біз баққа тамшылатып суар­у әдісін енгіздік. Ал жұмысты атқаруға Үкіметтен 8,5 мил­лион теңге субсидия алдық. Алма­бақты дайындауға 38 миллион  теңге жұмсадық. Мол өнім жинап­, еңбек нарығына шықсақ, бақтың көлемін ұлғайтамыз. 2020 жылы жылыжай өсіруді қолға аламыз, - деп ағынан жарылды шаруашылық төрағасы.

Әліби Бекжановтың ай­туынша, тамшылатып суарудың пайдасы көп. Ол өнімді көбейтіп, қаржыны үнемдейді. Берілген қажетті су топырақ құнарлылығын сақтайды. Тіпті арамшөп те көп өспейді. Яғни атыз қазып, арық бойымен су жіберушілерге қарағанда, тамшылатып суару тиімді. Су аз жұмсалады.

- Көшет түбіндегі арам­шөпті өзіміз жұламыз. Қолмен қопсытамыз. Алған өнім сапалы және дәмді болуы үшін дәрі шашпаймыз, - дейді ол.

Шаруашылық егіншілікпен де айналысады. Биыл 20 гек­тарға күріш егілді. Жалпы, жеке қожалықта 80-ге жуық адам еңбек етеді. Биылғы жыл шаруаларға  жайлы  болды. Егін бітік  шықты.  Жерден ризығын теретін  егіншілер  күзден жақ­сы­ өнімді күтеді. Күріштің «Лидер», «Янтарь» сортымен бірге, Қызылорда күріш шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институтының «Сыр сұлуы» сорты өнімнің қатарын толықтырды. Қазір егіннің қызған шағы. Дала төсінде тыным­сыз еңбек майданы жүріп  жатыр.

Содан соң өңір бас­шысы Мәдениет ауылдық округінде 2018 жылы пайдалануға берілген әлеумет­тік нысандарда, спорт кешені, балабақша және мәдениет үйінде болды. Ауылда әлеумет­тік-экономикалық  ілгерілеу бар. Өнді­ріс жағынан өсу байқа­лады. Қарқынды істерге көңіл тоғайып, жылт еткен жаңалы­ққа  қуанасың. Бұрын спорт кешенін қалада ғана көретін едік. Енді ауылдық­тардың да спортпен айналы­суына мүм­кіндігі бар. Тек... Спорт кешеніне бас сұққанда қызық болды­. Біз ғана емес, өңір басшысы да аңғарыпты. Таеквондо үйірмесі осылай дұрыс жазылмапты. Шын мәнінде таэквондо дей­міз ғой. Сөйтсек онымыз да қате екен. Бұдан былай жа­зылуы тхэквондоны есте сақтау керек. Облыс әкімі мамандарға осыны  ескертті.

Қ.Ысқақов Таң ауылдық округінде де «Таң ЛТД» ЖШС-нің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық спорт кешенін аралап көрді. Онда дзюдо және тхэквондо секциялары қызмет көрсетеді. 11 адам жұмыспен қамтылған.

- Мұнда 45 бала, 3 топта жаттығады. Балалардың қызығушылығы өте жоғары. Нәтижелері жаман емес, - дейді жаттықтырушылар.

Сондай-ақ, аймақ басшысы тәулігіне 100 тонна күріш шалы өңдейтін «Таң ЛТД» ЖШС күріш өңдеу цехында болды. Айта кетейік, өткен жылдан бастап ауылдық округте тәулігіне 1000 орама консерві өндіретін «Агролидер Таң»  ЖШС цехы іске қосыл­ған  болатын.

Ал «Еңбек» ауылдық окру­гінде «Еңбек Жер» ЖШС ауыл тұрғындарының игілігі үшін салған 50 орындық спорт кешені,­ мешіт және шаштараз, шағын маркет, 200 орындық тойхана жұмысымен танысты. Ауылда ауқымды жұмыстар атқар­ылып жатыр. «Еңбек Жер» ЖШС-нің төрағасы Шакиза­тхан Искаков әкімге ауылды көркейту жұмыстарының ары қарай жалғасатынын айтты­. Алдағы уақытта спорт кешені, балаларға бассейн ашуды­ жоспарлап отыр. Биыл шаруа қожалығы екі үй салып жатыр. Екі жұмысшы баспанамен қамтылады.

Қожалық төрағасы Шакизатхан Искаковтың шағын маркетінде не керектің бәрі бар. Тіпті тұрмысы төмен отбасыларға тегін нан беріледі. Жеке нау­байханасы жұмыс істеп тұр.

- Затты қарызға бересіз бе? - деп сұрады әкім.

Кәсіпкер жылы жымиды.

- Иә! - деп жауап берді. – Айлық алғанда жинап аламын.

- Тұрғындарға мемлекеттік қолдауды қалай алуға болатынын түсіндіру қажет. Ауылды әрі қарай дамыту керек. Менің жергілікті халықтың жағдайы жақсы екеніне көзім жетті. Алайда тоқтап қалуға болмайды. Сіздердің мүмкіндікте­ріңіз де, жерлеріңіз де мол. Сондықтан жұмыс істеңіздер. Еңбек етемін деген адамға есігіміз ашық. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетуге дайын­быз, - деді өңір басшысы­ Қ.Ысқақов.

Тұрғындар әкімге ауыл ішіндегі 6 шақырым жолды жөндеуге ұсыныс-пікірін біл­дірді. Ол тұрғындардың өтіні­шін қарап, ескеретінін мәлім­деді.

Содан соң Қуанышбек Досмай­ылұлы Аққұм ауылдық округ­інде 2018 жылы салынған «Бақдәулет-57» ЖШС бордақылау кешеніне барды. Мұнда 18 адам жұмыс істейді. Жұмыс сапары кезінде облыс басшысы тағайындалуымен құттық­таған, ізгі лебізін жеткізген барша жұртшылыққа алғысын білдірді. Атқарылған жұмыстардың жалғасатынын баса айтты.­ Артылған сенімге селкеу түсірмеуге барын салатынын жеткізді.

Жалағаш – кәсіпкерлік сала­сы дамып келе жатқан аудандардың бірі. Мұнда ісін өрге өрлетіп, аудан бюджетінің бүйірін толтыруға үлес қосып отырған кәсіпкерлер көп. Жұмыс істеймін деген адамға кедергі жоқ. Мемлекеттік қолдау  көрсетіліп, түрлі несиелер мен гранттар беріледі. Жарқын жобалардың жетістікке жетелейтініне өзіміз де куә болдық.

 

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ,

Б.Есжанов  (сурет)

 


ПЕРІ ҚЫЗЫ (Болған оқиға) PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
01.08.2019 11:35

- Бұл оқиға осыдан 20 жыл бұрын болған­ еді, - деп бастады досым әңгімесін. - Мектепте оқимын. Жаздың жайма-шуақ күндерінің бірі. Жайлауға көшіп келген­біз. Әкем қой бағатын. Бір күні бесін кезінде ауылға төрт-бес салт атты  келді. Қойшы ауылға қонақ келу мерекемен бірдей. Әкем бірден қонақ күтуге кірісті. Қой сойып, қонақасыға асылатын етті дайында­ды. Анам дастарқанын дәмге толтырды. Мені аудан орталығындағы дүкенге жұмсады.

Екі аяқты мотоцикліммен орталыққ­а кеттім.  Керек-жарағымды алып  келемін дегенше, күн батып, қас қарайды. Жайлауға жеткенше асығып, жолмен зымырап келемін. Алдымызда «Тартоғай» қыстағы бар. Жол табаны қыстақтағы үйлердің алдынан 20 қадамдай жерден өтеді. Үйлерге жақындағанда терезеге көзім түсті. Саған­ өтірік, маған шын! Бір ғажайып! Батар күннің алқызыл нұрына малынып, әйнек алдында бір қыз айнаға қарап, шашын тарап­ тұр. Мен еріксіз бұрылдым. Қып-қызыл көйлегі бар, сурет­тей сұлу бойжеткен. Қаннен-қаперсіз. Иығынан төгілген шашын тарап отыр. Алғаш­ басыма шөпшілер келген шығар деген ой келді. Жаз маусымында шөпшілер қыстаққа келіп, қыс қамына кіріседі. Малға шөп дайын­дайтын. Бірақ көзіме  техника көрінбеді. Үйлер жым-жырт. Қараң-құраң адамдар да көрінбейді. Мотоц­иклімді үйдің іргесіне қойып, ішке  кірдім. Иесіз үйдің есігі сықырла­п ашылды. Кіреберістен өтіп, ішкі есікке қол создым­. Отырған қыздың бөлмесіне кіріп бардым. Осы сәтте таңғажайып оқиға болды.­ Терезе алдындағы қыз бен үй шыр көбелек айналып кетті. Қызыл көй­лекті қыз көз алдымда ұршықша үйіріліп, құйындай дөңгеленді. Менің басым шыңылда­п,  көз­ім  қарауытты. Таңданыс пен үрей, қорқыныш бәрі-бәрі қосылып, далаға қарай жан ұшыра  ұмтылдым. Іргеге сүйеген мото­цикліме  бойым қалтырап әрең жеттім. Тіпті қыстақтан ауылға қалай келгенім­ді біл­меймін. Көпке дейін өзіме келе алмадым. Әкеме айтып едім: «Көзіңе пері көрін­ген  шығар», - деді де қойды. Арада­ біршама уақыт өтті.  Бірақ оқиға кешегідей­ көз алдымд­а. Ұмыта алар емес­пін. «Бұл не болды»­  деген ой әлі мазалайды. Шынымен  де, елес бар ма?

 

Сері  жігіт

 


БАҒЫТЫ АЙҚЫН БАҒДАРЛАМА PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
01.08.2019 11:20

ЖАҒДАЙДЫ   ЖАҢАРТУҒА МҮМКІНДІК   БАР

Жұмыспен қамту әлеумет­тік қорғаудың негізгі түрі болып табылады. Бұл – қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырудың басты құралы. Халықты жұмыспен қамту мәселесі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың бас­талу­ымен ерекше өзекті бола түсті. Жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу үшін кезінде жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі арнайы Жол картасы да әзірленді. Бүгінде оның жалғасы іспетті «2019-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағ­дарламасы шеңберінде жұмыс істелуде.

Аталмыш бағдарлама ая­сындағы бағыттарды жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық жағдайды айтарлықтай жаңар­туға мүмкіндік берді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қызылорда  облысы бойынша экономикалық белсенд­і  жұмыс  күшінің  саны 400  мыңға  жуықтап, жұмыспен қамтылғандар саны да едәуі­р көрсеткішке ие. Ал жұмыссыздықты күрделі эко­ном­икалық құбылыс ретінде біржақты  бағалау  мүмкін  емес. Аймақтағы жалпы жұмыс­сыздық деңгейі 4,8 пайызды құраса, 15-28  жас  аралығындағы жастар арасындағы жұ­мыссыздық  4,2  пайызға  тең.

 

«ЛАЙЫҚТЫ   ЖАЛАҚЫМЕН

ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТУ  КЕРЕК»

Ел президенті Қ.Тоқаевтың елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси мәселелерді шешу үшін баса мән берілетін­ 10 бағытының 4-бағытында «Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықт­ы лайықты жалақымен қамта­масыз ету керек. Ұлт­тық табысты әділ бөлу мәселесі – стратегиялық маңызды дүние. Мемлекет бюджетінің қара­жатын, ең алдымен келешегі зор мақ­саттарға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бөлу қажет» деген­  болатын. Осы мақсатта аймақта ағымдағы жылы 10300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған еді. Бүгінде құрылып үлгерген 5645-інің 5500-ден астамы – тұрақты жұмыс орындары. Аймақ тұрғындарын жұмыссыздар қатарынан шығарып, экономикалық белсенділігін арттыру мақсатында да тиісті сала  мамандары түрлі  кездесулер, тренингтер ұйым­дастырып жүр. Жұ­мыспен қамту органдарына жұмыс із­деуші ретінде тіркелген 17 мыңнан астам адамның барлығын бірдей жұмыспен қамтуға мүмкіндік болмағанмен, бұл санды азайту үшін 5071 адам тұрақты жұмысқа орналас­тырылды. Нысаналы топтарға жататын 591 адамның ішінде мүгедек жандар, жазасын  өтеп келгендер және оралмандар бар. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі де жыл басынан бері 47 мәрте ұйымдасты­рылып,  480  жұмыс  беруші  1422  бос  жұмыс  орнын  ұсынды. Оған 2734 жұмыс іздеуші қатысып, оның 1793-іне жұмыспен  қамтудың белсенді түрлеріне  жолдама  берілді.

 

 

ҮШ  БАҒЫТТЫҢ  ҰТҚЫРЛЫҒЫ

2019 жылға Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасын жүзеге асыруға Қы­зылор­да облысына 7,7 млрд теңге қаралған, оның 5 млрд теңгесі  1 шілдеге  дейін  иге­рілген. Халықты жұмыспен қамту мақсатын көздеген мемлекеттік саясат 2021 жылға дейін жалғасын табатын бо­лады. Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және  әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының мәліме­тінше, бүгінгі күнге аталмыш бағдарламаға қатысушы ре­тінде 12296 адам енгізілген. Бағдарламаға қатысушылар техникалық  немесе кәсіби білім беру мекемелерінде өзі үшін жаңа мамандықты игеру мүмкіндігіне ие болады. Бұл бағдарлама бағытында қарал­ған.

Бірінші   бағыт – бағдар­ламаға қатысушыларды тех­никалық   және   кәсіптік білім­мен  және  қысқамерзімді  кәсіп­тік оқумен  қамтамасыз  ету. Соның ішінде еңбек нары­ғының  қажеттіліктерін  ескере отырып, техникалық  және кәсіп­тік  білімі  бар  кадрларды  даяр­лауға 1515  адамды  оқыту  жоспарлануда. Жұмысшы кадр­ларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бо­йынша  қысқамерзімді оқы­туға 1919  адам жолданбақшы. Одан өзге 290 адамға шаштараз, тігінші, визажист, маникюр, кондитер  мамандықтары бойынша  оқуға  жолдама  бе­рі­леді. Бүгінде  техникалық  және кәсіби білім беруде мемлекет көлемінде жұмыс берушілер­дің міндетті түрде қатысуымен корпоративті басқару жүйесі іске  қосылуда. Кәсіптік-тех­никалық білім беру мәселесі өндіріске көшірілгелі нәтиже бөтен  емес.

Екінші  бағыт – жаппай  кәсіпкерлікті дамыту. Шыны керек,  бұл  мәселе  арнаулы бағдарламаның шеңберінде шеші­мін тауып келеді. Бағ­дарламаны  жүзеге  асыру  өңір­дің  экономикалық, әлеуметтік және  мәдени  дамуы, халықтың тұрмыс кешуі мен кәсіп­керлікті дамыту үшін тең жағдайлар жасауға жәрдемдесіп келеді. Түрлі кәсіпорындардың жұмыс істеуінің эконо­микалық негізі нығайып, тұр­ғындарды жұмыспен қамту ұлға­йып келеді. Ыждағатты іске  асып  келе  жатқан  «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқы­туға 800 адам жоспарлан­ған. Жыл басынан бері оқуға 663 адам жолданса, 472-сі оқуды аяқтап, 26-сы шағын несие,­  49-ы мемлекеттік грантқ­а қол жеткізді. Ал ауылдағы және қаладағы кәсіп­керлік бастамаларды қолдау бағытына 813 адам қаралған. Жартыжылдық  қорытындысы бойынша шағын несие берілген  252 адамның  кейбірі  қайта қаржыландырылып, кейбіріне өткен  жылғы, кей  кәсіпкерлерге биылғы қаржы есебінен бөлінген. Қосымша тұрақты жаңа жұмыс орындары ашыл­ды.­

Жаңа бизнес-идеяларды іске  асыруға  1922  адамға 763,5 млн теңге мемлекеттік грант бөлінді. Оның 556,5 млн теңгесі көпбалалы отбасы­ла­рына берілгенін айта кеткен жөн.  Сондай-ақ, өз  кәсіптерін ашуға мүмкіндік алған адамдардың 99-ы мүкәммәл, 15-і еңбек  құралдарын, 202-сі техникалық  жабдықтар  алған.

Халықты  жұмыспен  қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын­  дамыту және еңбек ресурста­рының ұтқырлығы – бағдарламаның  үшінші  бағыты. Осы  бағыт  аясында  жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 12014  адам қамтылды, олардың  ішінде  бос  жұмыс орындарына, қоғамдық жұ­мысқа­ тартылғандары, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағытында жұмысқа  орналасқандар  бар.

Айта кетейік, еңбек ресурс­тарының ұтымдылығын арт­тыру  азаматтардың  экономикалық әлеуеті төмен шалғайдағы ауылдық өңірлерден көшіп барудың­ жәрдемақы төлемін ала  отырып  экономикалық  өсу нүктесіне қоныс аударуын  көздейді. Олар  үшін жұмыспен қамту бағдарламасына  сәйкес қоныс аударғаннан  кейінгі  алғашқы екі жылда­ жаңа тұрғылықты жерде жеңіл­дікті  шарттармен  жалға алатын тұрғын үй беріледі. Еңбек ресурстарының орын ауыс­тыруы еңбек нарығындағы, әсіресе жастардың, мектеп және жоғары оқу орны түлектерінің  арасындағы  шиеленіс­ті төмендетуге, тұрғындарды халық  тығыз  орналасқан  өңір­лерден ел сирек орналасқан өңірлерге, экологиялық қауіпті өңірлерден  өмір  сүруге қолайлы жағдайы бар өңірлерге орнала­стырудың  ұтымды  сызбасын айқындауға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл бағыттағы атқар­ылған жұмыстар нәти­жесінде  ағымдағы  жылы Солтүстік өңірлерге қоныс аудару жоспары 166 отбасыға жос­парланған. Жыл басталғалы құрамында 208 адамы бар 96 отбасының 31-і – Қостанай, 22-сі – Солтүстік Қазақстан, 38-і – Шығыс Қазақстан, 5-еуі Павлодар облысына қоныс аудару  квотасын  иеленді.

 

КЕШЕНДІ   ЖОСПАР –

НӘТИЖЕЛІ  БАҒЫТ

2019 жылы облыс халқын жұмыспен  қамтуға  ықпал  жасау жөніндегі  кешенді  жоспар қабылданды. Жоспар ая­сында 32 069 жұмыссыз бен өз бетін­ш­е жұмыспен қамтыл­ғандар  тартылатын  болады.

- Ағымдағы  жылдың 1 шіл­десіне 13431 адам жұмыспен қамтылды. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай жұмысқа орналасқандар да бар. Олардың саны 4000-нан асады. Жаңа жобаларда 909 адам жұмысқа  орналасты. Бұл – жоспарлы  көрсеткіштің 30 па­йы­зы. Олардың ішінде «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту – 2020»  «Аймақтарды  дамыту – 2020»,  «Агрокешенді дамыту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары аясымен және жеке бастама­лармен жұмысқа орналасқандар бар. Одан өзге жұмыспен қамтудың белсенді шаралары саналатын «Бастау-Бизнес» жобасы, Жастар тәжірибесі және жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант бөлу, қысқа­мерзімдік оқу, қоғамдық жұмыстар секілді бағыттар не­гізі­нде 8360 адам тартылды,- дейді Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Қалмақова.

Бағдарлама бағыттарына сәйкес айтылып отырған әлеуметтік жұмыс орындары үлес­тірілген кезде 12 айдан көп емес мерзімге барлық қажетті аударымдарды ескере отырып, мемлекет тарапынан ішінара субсидиялауды көздейді. Әлеу­меттік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке  алмағанда,  салық­тарды, міндетті  әлеуметтік  аударымдарды  және  пайдаланылмаған еңбек  демалысына  өтемақыны ескергенде жалақының  белгілен­ген мөл­шері­нің 35%-ын құрайды. Бірақ тиісті  қаржы  жылына  арнал­ған республи­калық бюджет туралы­ заңда айқын­далған ең төменгі жал­ақы мөлшерінен аспауға  тиіс.

Ал «Жастар практикасы» білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады. Жастар прак­тикасына жіберілген жеке тұлғалардың республикалық бюджеттен төленетін еңбек­ақысы айына 25 АЕК құрайды. Қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталық­тары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету бағыт­ы. Ол  жұмыскердің ал­дын­  ала  кәсіптік  даярлығын талап етпейді және жер­гілікті бюджет  қаражаты  және  жұмыс берушінің қаражаты есебінен олардың өтінімі бойын­ша  қаржыландыры­лады.

 

 

ЕНДІГІ   МІНДЕТ...

Облыста 2 жеке жұмыспен қамтудың жеке агенттіктері Арал, Сырдария аудандарында тіркелген. Жыл басынан аталған агенттіктерге 202 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, 143-і немесе 70,7%-ы тұрақты  жұмыспен қамтылған. Аталмыш  басқарманың  берген деректеріне сенсек, ағымдағы жылдың 3 шілдесіне мәр­тебесі нақтыланбағандар саны 113468-ді құрады. Өз бетінше жұмыс істейтіндердің, жұмыссыздар мен аз қамтыл­ғандар­дың үлкен бөлігі ауылдық жерлерде тұратындығы және тұр­ғылықты жері бойынша тұрақты жалдамалы жұмыс орнын құруда мәселе тудыратыны рас. Халықтың әл-ауқа­тын арт­тыруды осы мәселемен ұштастыру  керек. Ендігі міндет экономика дамуы тиімділі­гі­нің белгісі қазақстандықтардың  әлеуметтік  әл-ауқаты деңгейінің  өсуі  болуы  керек.

 

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 


ТАЗА ҚАЛА ТАЗА АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Арнайы беттер
01.08.2019 11:00

Қызылорда жыл сайын көркейіп келеді. Соңғы жылдары қалада аллеялар мен демалыс орындары көбейді. Көшелер жарықтандырылып, заманауи үлгіде дамуда. Осыдан он жылғы шаһар мен оның  қазіргі  келбетін  салыстыруға келмейді. Өйткені  бұрынғыдан әлдеқайда  көркейгені  байқалады. Оған «Қызылорда тазалығы»  ЖШС-нің  де  қосқан  үлесі  бар.

Бұл мекемедегі тазалық жанашыр­ларының еңбегі ерен. Жазда шақырайған күнге, қыста шытынаған аязға, тіпті төпеген нөсерге де қарамайды. Күн ра­йын­ың қандай қо­лайсыздығы болса да, тазалықшылар жұ­мысты тоқтатпайды. Қайта Қызылорданың сұлулығын еселеп,  шама-шарқынша  үлес қосуда. Таза аула, үлгілі үй мекеме­ қызметкерлерінің арқасында көбейіп келеді. Абаттанған аумақтарды көріп қуанасың. Жаңарып, жаңғыртылып жат­қан үйлерге сүйсіне­сің. Бірақ... Әрбір адам осылай ауласына көңіл бөлсе... Бір-екі сағат  қолға күрек ұстап еңбектенсе, жиналған қоқысты тазартса, қандай ға­нибет? Одан адам шаршамайды ғой. Себе­бі, қаламыздың кей­бір үй аулалары мен  жол маңайларын шөп басып кеткен. Қалың шөп  көзге сұрықсыз көрінеді. Ал тазалық мекемелері барлық үй маңын жинап, тазалауға міндетті емес. Олардың белгіленген өз аумағы бар.  Соны жинап реттейді. Көп­қабатты үй мен ауланы таза ұстау – санитарлық талап ғана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Алайда мұны көбісі түсінбейді. Баласын қоқыс төгуге жіберетін кейбір ата-аналардың арнайы жәшікке қоқысты апарды ма, болмаса аулаға, көшеге қалдырып кетті ме, сұрамайтыны бәрімізге аян. Өкінішке қарай, кейбір адамдар  тұрмыс қалдықтарын кез келген жерге төгеді. Арнайы­ орынға апарып төгуге ерінеді. Тазалықшылардың еңбегін бағаламайды.  Тіпті урнад­ағы қоқыс аузы-мұрнынан  шығып  жатады. Жер үйде­гі тұрғындардың да тірлігін ақтай алмайсың. Көбісі күл-қоқысын, шөп-шаламын көше­нің бір басындағы стихиялы орынға түнделетіп әкеліп тастауды әдет қылған.

Қазір «Қызылорда тазалығы» ЖШС 306 үй, 17771 пә­терге қызмет көрсетеді. Бекі­тілген аумаққа 743 контейнер қойылған. Әрине қала тірші­лігі үшін тазалықтың маңызы ерекше. Олар қоқыс тасымалдайды. Ортақ меншікті күтіп-ұстауға көңіл бөледі.

Тұрғын үйлердің кіребері­сінен иелерінің қандай екенін байқауға болады. Кейбір көп­қабатты үйлердің аулалары азып-тозған. Қоқысы бейберекет шашылып жатыр. Балалар алаңқайының жай-күйі мүш­кіл. Орындықтары сынып, бүлінген. Осындайда «тазалық мекемесі қайда, неге олар жина­майды?» деген сауал туындайды. Егер осындай жағдайдағы тұрғын үйлерді көрсеңіз, тазалықшыларды жазғырудың қажеті жоқ. Себебі, олар мекеменің жұмысын жоққа шығарып отыр. Немесе пәтер иеле­рі оларға төлемақы төлемейді. Ал «Қызылорда тазалығы» ЖШС-де меншікті күтіп-ұстауға  тариф бекітілген. Белгіленген тарифті тұрғындар өздері таңдап,  306 үй келі­сім­шартқа отырған. Жалпы, тұрғын үйлердің кіреберісіне үш жылда бір жөндеу жүргі­зі­леді. Қазір «Арай» мөлтек ауданын­дағы 9 үйдің подъезі жөндеуден өтті. Әрленіп, сырланды. Алайда атқарылған шаруа­лар шығынды ақтамаған. Тұрғындар төлемақы төлеуден бой тасалап жүр. 40 пайызы «Қызылорда  тазалығы»  ЖШС-не қарыз. Мекеме қызметкерлері борышкерлерге хаба­рландыру жіберіп, жыл басына­н бері 3,5 миллион теңге қарыз сот арқылы өндіріл­ген. Алайда борышкерлердің қордаланған берешегі 42 миллион теңгеге жеткен.

- Біз тұрғындар үшін қызмет етеміз. Уақытылы төлем­ақысын төлесе, шаруаны ары қарай жандандырар едік. Мысал­ы, бір үйде 100 пәтер бар дейік. Оның 60-ы ғана коммуналдық қызметке ақша төлей­ді. Қалғаны әртүрлі себеппен бас тартады. Бірі пәтерін ұзақ мерзімге жалға береді. Бірі үйінде  болмағанын  сылтауратады. Тіпті кейбіреуі істеген жұмыстарыңды  көрген жоқпын дейді. Енді бірі тазалауға міндетті­сіңдер деп құтылады. Қызмет жалпы үйге көрсетіледі. Анаған­-мынаған деп бөлін­бейді. Үйлердің аулалары тазартылып, шөптері орылады. Балала­р  ойын  алаңқайы күтіп- ұсталады, - дейді «Қызылорда­ тазалы­ғы»  ЖШС-нің бас ма­ма­ны  Айман Тұяқбаева.

Бас маманның айтуынша, пәтер иелері тек тарифті төлемегенімен қоймайды. Контейнерлерге салынатын тұрмыстық қалдықтарды жан-жағына тастайды. Немесе урналарға тасымалдап, аузы-мұрнынан шығарады. Мекеме жұмысшыларының әрлеп, сырлаған жұмысын бүлдіреді. 10 күнде іске алғысыз күйге түсіреді. Әзірге құқықбұзушылық жа­саға­н 4 адамға ғана ескерту берілг­ен. Бейнекамера орнатылмағандықтан кінәлілерді ұстауға мүмкіндік жоқ. Көзбен көрмегесін, қоқыс тастадың деп кімді айыптайсың? Кімге шара қолданасың?

Қызылорданың қарқынды дамуына қуанамыз. Ел игілігі үшін атқарылған әрбір ісіне сүйсінеміз. Жаңалығы болса, құлағдар болуға асығамыз. Бірақ, халық саны өскен сайын­ тазалық мәселесі де алдыңғы орында. Әлі де қолға алынатын жоспарлар, бағдарламалар қажеттілігі сезіледі. Ескі үйлер мен  сұрықсыз баспаналардың жай-күйі ойлантады. Балалар мен спорт  алаңқайларының жеткіліксіздігі қынжылтады.

Иә, көше мен ауланы көр­кейтуге талапшыл жандардың бары рас. Бірақ өкінішке қарай көп емес. Көбісі үйінің табалдырығынан ары қарай аттамайды. Үй, аула тазалығына қолының ұшын да тигізбейді. Ал жанашырлық, қамқорлық әр­бір адамның жүрегінде болса дейсің. Ұқыптылық, санитарлық тазалық мекеме жұмысшыларына  ғана  керек  пе? Әлде тазалық мәселесін «Қала күнінде» арнайы номинациямен ғана шектеу қажет пе? Қала, аудан әкім­діктері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жоқ емес. Жаңартылған аяқ жолдар, абаттан­дырылған аулалар, балал­ар және спорт алаңқайла­ры қандай?! Мұның бәрі қаланың келбеті, тұрғындардың игілігі үшін ғой. Қызылорда «таза  қала» ретінде өзге өңір­лерге үлгі болуы тиіс. Оған мүмкіндік мол. Сырттан келген қонақтар «қандай әдемі» деп тамсанып, танданса, ол біздің де көңілімізді көтермей ме?! Бұл – біздің қала деп мақтанбаймыз  ба?!

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 


 

Сіз не дейсіз?

 

Шәріп   Әбдірахманов,

қалалық  мәслихаттың депутаты:

 

«Насихат  жұмыстарын  жүргізу  керек»

 

Қазір қызылордалықтар тазалыққа салғырт қара­майды. Көшелер мен көп­қабатты үй аулаларында тәртіп пен жинақылықтың қалыптасқаны байқалады. Сондай-ақ мектеп оқушылары мен жастардың да белсенділігі жоғары. Мен тұр­ғындарға алғыс айтар едім. Қаланың көркін еселеп, тазалы­ғын арттыруға шама-шарқынша үлес қосуда. Бірақ мұнымен шектел­ме­ген жөн. Мұнан да қарқынды  насихат жұмыстары  жүр­гізілуі керек. БАҚ-та қала тазалығы кеңінен ақпараттандырылып, ел назарына ұсынылуы керек. Тұрғындардың Қызылордаға сүйіс­пеншілігі мен патриоттық сезімін арттыру қажет. Жыл сайын  «Қала күні» мереке­сінде, тазалыққа белсенді атсалысқан жеңімпаздар «Үлгілі аула», «Үлгілі үй» аталымдары  бойынша Ал­ғыс хаттармен және сый­лықтармен марапатталады. Таза­лықтың қайталанбайтын үлгісін көргенде, осындай жанашыр жандар көп болса ғой дейсің. Елдегі өркениеттің мекені болған өңірмен неге мақтанбасқа?! Әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыту үшін алда­ғы күнге жоспарларымыз жетерлік. Тазалық – денсаулық кепілі. Мен де қолдан келгенше  шаһарды көр­кей­ту парызым деп білемін. Өз ауламды абаттандырамын. Күтіп-ұстаймын. Таза ауада тыныстап, көркем табиғатта демалғыңыз  келсе, тазалықты өз аулаңыздан бастаға­ныңыз  дұрыс.

 


ОБЛЫСТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ БАР PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2019 17:10

Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда биылғы жылдың алты айында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер турасында сөз болса, жиын соңында тілшілер тарапынан түйіткілді тақырыптарда сауалдар қойылып, лайықты жауаптар да айтылып жатты.

Жалпы, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы бөлінген ветерина­риялық препараттар облысқа 99,9 пайыз­ға толық жеткізілген. Қазіргі күні бекітілген 6 айлық алдын ала егу жоспары орындалып болыпты. Бұл туралы басқарма басшысы Ерсұлтан Амантайұлы өз сөзінде айта кетті.

- Жануарлардың энзоотиялық ауруларына (МІҚ тейлериозы мен пироплазмозы, уақ малдың бауыр құрты, түйенің трипаносомозы, жылқының гастрофилезі мен сақау) қарсы  дәрі-дәрмек  сатып алуға соңғы жылдары  облыстық  бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Биылғы жылы  қажетті  қаржы  бөлініп, мемлекет­тік  сатып­  алу  конкурсы  өткізілді.  Бүгінгі таңда ветеринариялық препараттар жеткі­зіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде, - деді ол.

Биылғы бір жақсы жаңалық басқарманың ұйымдастыруымен облыстың эпизоотиялық картасы жаңартылды. Соңғы рет 2015 жылы уақ мал арасынан анаэробты энтеретоксемия және пастереллез ауруы тіркелген еді. Ветеринария саласында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей, эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр. Мұның өзін жақсы көрсеткіш­ке балауымызға әбден болады.

Облыс бойынша бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық тексеру нәтижесінде 76 бас мүйізді ірі қара, 73 бас уақ малдың ауру екендігі анықталып, ветер­инариялық-санитариялық ережелерге сәйкес, санитарлық талаптар сақтала отырып сойыл­ған. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп, дерекқор база­сына енгізілуде. Осы жылдың 1 шілдесіне дерекқор базасын­да 339,9 мың бас МІҚ, 753,8 мың бас уақ мал, 141,9 мың бас жылқы, 50,2 мың бас түйе, 2,7 мың бас шошқа тіркелген.

Жыл басынан бері «Бірың­ғай автоматтандырылған бас­қару  жүйесі»  бойынша  барлы­ғы 25030 дана (1-үлгі – 18372, 2-үлгі – 6436, 3-үлгі – 222) вете­ринариялық анықтама рәсім­деліп, ветеринариялық-сани­тариялық  бақылауға  жататын 31 объектіге есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызмет көрсетілді.

- Облыс аумағынан жануарлар және жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттау бойынша түсіндіру-ағарту жұмыстары жүргізіліп, біршамасы атқарылуда. Жыл басынан бері Өзбек­станға 250 бас, Иран Республикасына 56 бас МІҚ, 789 бас уақ мал экспортталды. Сондай-ақ, шет мемлекеттерден облысымызға 1133 бас МІҚ малы импорт­талды. Ветеринария  басқар­масы тарапынан жануарлардың карант­инге қойылуы қатаң қадаға­лануда, - деді Е.Әпетов.

Әрине, елден экспортталған өнімді өзгелер қаншалықты қырағылықпен қабылдап алса,  импортталған төрт түліктің денсаулығына, жерсінуіне біз де асқан­ жауап­кершілікпен кірісуі­міз  керек. Басшылық мұны «қа­таң  қадағалап  отырмыз»  деп сен­дір­ді.

2019 жылдың эпидмаусымына Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан 123 елді мекен­ қолайсыз болып анық­талған. Көк­темгі залалсыздандыру жұмыстары толық жүргізілді.

Жануарлардан алынатын өнімдерді сатуме­н айналысатын облыс аумағында 18 ішкі сауда объектісі бар. Объектілердің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес жұмыс істеуі басқарма тарапынан күнделікті бақылануда.

Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу мақсатында облыс әкімінің орын­басары Б.Намаев және облыстық полиция депар­таменті бастығының орынбасары А.Ахметовпен  06.05.2019 жылы  №05/1-7/2370 «Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарлары ұрлығының алдын алу, ветеринариялық ілеспе құжатсыз тасымалдау фактілерінің жолын кесу және ауыл шаруашылығы жануарларын ҚР АШМ «АШЖБ» дерекқор базасына енгізу іс-шаралары туралы жоспар» бекі­тілді. Қазіргі таңда, осы жоспарға сәйкес, жауапты мамандар тізімі жасалып, бірлескен рейдтер жүргізіліп келеді. Нәтижесін­де, 2019 жылдан бері ветеринария саласына қатысты бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Осыған байланысты 370 нұсқама беріліп, 93 айыппұл (2234457 теңге) салынды. Бұл өз кезегінде­ әлі де бірқатар заңбұзушылықтардың алдын­ алуға көмегін тигізбек.

Ветеринариялық-санитариялық сарап­тау­ зертханалары арқылы 6 айда 6411 МІҚ, 1074 уақ мал, 1295 жылқы, 155 түйе,  52 шошқа ұшасы, 70933 партия балық сарапта­удан өткізіліп, тұтынушыларға сатуға­  рұқсат етілді.

Облыс бойынша 34 мал сою алаңы және 4 мал сою пункті бар. Мал сою нысандарында аттестатталған ветеринариялық дәрігерлер қызмет атқарады. Жыл басынан­ бері 7068 бас МІҚ, 1204 бас уақ мал, 1431 бас жылқы, 155 бас түйе ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес сойылып, тұтынушыларға жеткізілді.

«Студенттерді сапалы маман ретінде даяр­лау және жетілдіру» жобасы облыс әкімі жанынд­ағы басым жобалар бойынша­ Эксперттік кеңестен қолдау тауып, үздік жоба болып танылды. Басқа да мемлекеттік мекеме­лерге аталған жоба тәжірибе алмасу­ ретін­де ұсынылды. Қазіргі таңда осы жоба бойын­ша 14 жас маман тұрақты жұмыспен қамтылды.

Облыс бойынша мал қорымдарының жалпы саны 146 болса, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келетіні, типтік жобада салынғаны 75 екен. Ал, қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап жоюға биылғы жылы аудандық (қалалық) бюджеттерден барлығы 43,4 млн теңге бөлініп, қазіргі күні 15487 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып, жойылыпты. Шынын айту керек, қала тұрғындары осы мәселеге келгенде көбіне көңіл толмаушылық білдіріп жатады. Мұны басқарма басшысына мұртын бұзбай жеткіздік.

- Рас айтасыз, бірақ мынаны түсіну керек­. Мәселенің екі жағы бар. Мысалы, «қаңғыбас ит көп» дейтіндері де, аулан­ған соң «менің итімнің тұқымы өзгеше еді» деп шу шығаратындары да бар. Жалпы, бұл жұмыстарға тұрақты түрде жыл сайын қаржы бөлінуде. Бірақ, ит пен мысық табиғат­ынан өте көбейгіш келеді. Біз бүгінгі күні қаңғыбас ит пен мысықтарды аулауды азанғы сағат  4-5-те жүргіземіз. Адамгершілік қағидаларына байланысты тұрғынның көзінше ата алмаймыз. Тұрғындардан үй жануарларын күтіп-ұстауды, оларды қадағалауды күшейтуді күтеміз. Қанша сынға ұшыраса да, бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр, жүргізіле береді, - деді ветинария басқармасының басшысы Ерсұлта­н Амантайұлы.

Брифинг барысында басқарманың алда­ғы атқарылатын жұмыстары мен өзге де тақырыптар төңірегінде сұрақ-жауап алмасу диалогы болды.

Рыскелді  ЖАХМАН

 


АЙҚЫН МАҚСАТ АШЫҚТЫҚТЫ КӨЗДЕЙДІ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2019 17:00

Біршама уақыт бұрын Қызылорда  облысында «Ақме­шіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз жұмысын бастаған болатын. Жобаның негізгі мақсаты – халық пен билік өкілдерінің арасында жариялылықты, ашықтықты қамтамасыз ету. Шара аясында прокуратура, құқық қорғау саласының, т.б. мамандары тұрғындарға кеңес береді. Жақын­да аталған жоба шеңберінде қала әкімдігі жанынан «Қызылорда – адалдық  алаңы» фронт-офис орталығы ашылды. Бүрсігүні қала әкімі Н.Нәлібаев осы орталыққа  барып, жұмысымен танысты.­

Фронт-офис толығымен «Open Space», яғни «Ашық Кеңістік» форматымен жабдықталған. Бұл жоба бойынша қалаға қарасты Тасбөгет кенті мен Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараттары жұмысын бастап та кетті. Аталған офиске жауапты маман бекітілген. Олар кеңсеге көмек сұрап келген­ кез келген азаматтың талап-тілегін тыңдап, тіркеуге алып, тиісті мемлекеттік органдарға жолдап, мәселесі шешілгенге дейін толық жәр­дем  жасайды.  Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмысқа қо­ғамдық ұйым өкілдерін де тарту­  көзделген.

Шаһар басшысы Ақсуат ауылдық округіне арнайы барды­. Жалпы, аталмыш ауыл былтыр облыстағы «Үлгілі ауыл» номинациясын ие­ленген еді. Бұған ақсуаттық ағайын­ дән риза. Нұрлыбек Машбекұлы елді мекенде күр­делі жөндеуден өтіп жатқан балаб­ақша ғимаратының жұмысымен танысты. Біраз жылдан бері бос тұрған ғимаратты­  жөндеуге  облыстық бюджеттен 67 млн теңге қар­жы қаралған. Бүгінде нысан толықтай күрделі жөндеуден өткен. 120 орындық балабақша ғимараты қыркүйек айын­да пайдалануға берілмек.

Мұнан соң қала басшысы «Ашық кеңістік» форматында Ақсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ауыл ақсақалдары елді мекенде атқары­лып жатқан ілкімді істерге оң бағасын беріп, өз ұсыныстарын  жеткізді. Олардың  айтуынша, ауылға қоныстанушылардың саны соңғы жылдары артқан. Тиісінше, бірқатар мәселелердің шеті шығып тұр. Тұрғындар ауылдағы электр желілерін жаңғыртуды сұрады. Сонымен қатар, ақсуаттықтар елді мекенге көгілдір отын тартылса дейді.

– Бүгін мен қала әкіміне өзімнің көкейімде жүрген бір­неше сауалды  қойдым. Бұйырса, жаңадан ашылатын балабақшаға қаншама бүлдіршін келеді. Сондықтан осы маңай­ға жол белгілерін орнатуды сұрадым. Сондай-ақ, балабақшаға ауылдағы жұмыссыз жүр­ген жастарды және жағдайы төмен отбасылардың адам­дарын еңбекке тарту туралы ұсынысымды жеткіздім,- деді зейнеткер Әлима Байділдаева.

Өз кезегінде Нұрлыбек Нәлібаев көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шеші­летінін айтты. Сонымен қатар балабақшаға жұмысқа ауыл азаматтарын тарту керектігін ауыл әкімі М.Ақмырзаевқа тапсырды.

 

Халық-хабар

 


«БИЗНЕСКЕ АУЫРТПАЛЫҚ САЛУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕУ КЕРЕК» – «АТАМЕКЕН» 5 ПАЙЫЗДЫҚ МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫЛЫҚ ЖАРНАЛАР ТУРАЛЫ PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
31.07.2019 09:20

Жұмыс берушінің 5% мөлшерінде міндетті зейнетақылық жарналарды енгізу мәселесі қызу талқыға түсті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс берушілердің барлығы дерлік, жеке және мемлекеттік ұйымдар басқа міндетті төлемдермен қоса еңбекақы қорынан қосымша 5% төлеуге міндеттеледі

Осы өзгерістің ауқымын түсіну үшін есептеп көрелік: 5% – бұл түрлі бағалау бойынша жұмыс берушілерге жылына 500 млрд теңгеден 900 млрд теңгеге дейін қосыша ауыртпалық салу. Салыстыру үшін бұл сома «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының 5 жылдық бюджетіне пара-пар (шамамен 500 млрд теңге).

Ал осы 5%-сыз-ақ еңбекақы қорына түсетін ауыртпалық көлемі артып келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру алымдарының кезең-кезеңмен жоғарылауын ұмытпаған жөн. Егер 2019 жылы жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 1,5% төлеп, ал жұмысшы ештеңе төлемесе, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші – 2%, ал жұмысшылар – 1%-дан төлей бастайды, тағы екі-үш жылдан соң жұмыс берушінің жарнасы 3%-ға, ал жұмысшының жарнасы – 2%-ға дейін артады.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен бастап (2017 жыл 1 шілдеден 2019 жыл 30 маусым аралығы) жұмыс берушілер және жеке кәсіпкерлерге түскен қаржылық ауыртпалық 186,2 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш мөлшерлеме артқан сайын өсе береді, болжам бойынша, сома жылына 400-500 млрд теңгеге дейін жетеді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Алена Романова.

Осылайша, еңбекақыны төлеу қорына түсетін жалпы салықтық ауыртпалық (оған әлеуметтік аударымдар, табыс салығы, зейнетақылық жарналар және медицианлық сақтандыру кіреді) еңбекақының 40%-нан асып түседі.

Осы ретте мемлекеттік ұйымдар да бұл жарнаны төлеуге міндеттеледі, сәйкес шығындар бюджетте, яғни салық төлеушілердің есебінен төленетін болады.

Бұл мәселе 2014-2015 жылдары талқыланған болатын, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік тәуекелдер және жұмыс берушілерге түсетін қосымша ауыртпалықты меңзеп, қосымша жарналарды енгізуге қолдау білдірмеді. Ұлттық палата тиісті сараптамалық қорытындылар және бастамашыл хаттарды Үкіметке жолдады. Нәтижесінде заңның күшіне енгізу мерзімі 2018 жылдан 2020 жылға шегерілді.

Бүгінде шегерім мерзімінің аяқталуына жарты жыл қалған уақытта осы жаңашылдықтың орындылығын ағымдағы жағдай тұрғысынан сыни тұрғыдан қарастырған орынды.

2019 жыл 1 маусымдағы жағдайға сәйкес салымшыларды зейнетақылық жинағы 9,9 трлн теңгені құрады, осы ретте зейнеткерлерге жасалған төлемдер небәрі 1,3 трлн теңгені құрады. Жинақталған қаражат және төлемдер арасында өзекті алшақтық жоқ.

Аталған шара зейнетақылық төлемдерді қаматамсыз ету үшін қажет екенін түсінеміз. Бұл жинақтық, сонымен қатар бөлінетін құрауыш, сондықтан бұл қаражат мұрагерлікке берілмейді. Алайда осыған ұқсас Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры бар, онда жұмысшылар әлеуметтік төлемдер жасайды. Демек, осы алымдар арасын үйлестіру қажет.

Норманы қолданысқа енгізбес бұрын ашық әрі түсінікті зейнетақылық және әлеуметтік қамсыздандырудың нақты жүйесін әзірлеп, көрсету қажет. Жұмыс берушілерге қосымша ауыртпалық салу ешқандай мәселені шешпейді.

Аталған норманы енгізу, керісінше, айтарлықтай тәуекелдерге толы

Біріншіден, нақты еңбекақылар көлемі де, жұмыс орындарының саны көлеңкеге кетеді. Бүгіннің өзінде зейнетақылық жарналарды төлемеу, тұрақты төлем жасамау фактілері бар. Қосымша жарналарды енгізу кері әсер береді.

Төлемдерді жасамайтын немесе тұрақты төлемейтін субъектілерді тарту үшін қосымша ынталандыру шаралары қажет.

Екіншіден, тауар және қызмет көрсету құнына қосымша жүктеме. Жұмыс беруші бұл қаражатты қайдан алуы керек? Қосымша қаражат тауарлар мен қызметтің бағасына салынады, инфляцияны тудырады. Нақты еңбекақы мөлшерін төмендету тәуекелі пайда болып, қызметкерлер жұмыстан кетеді. Бұған жол беруге болмайды.

Осы қаражатты тиімді басқару бөлек мәселе болып отыр. Жұмыс берушілер аталған қаражат қандай қажеттіліктерге, қандай жобаларға жұмсалып жатқанын, қандай нәтиже болатыны жайында нақты білуі керек.

Жалпы алғанда шынайы жайтты мойындау керек – аталған жаңашылдық ағымдағы әлеуметтік-экономкиалық саясатқа келінкіремейді. Жұмыспен қамту және жұмыс орындарын құру, мемлекеттік шығындардың ашықтығы, шағын және орта бизнесті нығайту және оның үлесін жалпы ішкі өнімде 35%-ға жеткізу – басымдықтарымызға айналды. Көлеңкелі экономиканы төмендету, еңбекақыларды жоғарылату, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тартуға қарай бағыт жасалған. 15 шілде күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақтан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  «Отандық бизнесті қолдау қажет. Ал оны дамытуға кедергі болатындарды, негізсіз тексерістер өткізетіндерді, алым-салық пен рейдерлік жасайтындарды – қатаң жазалау қажет» деп атап өткен болатын.

Мемлекет кәсіпкерлікті қолдау бойынша теңдессіз шараларды көрсетуде. Өз кезегінде бизнес жұмыспен қамтамасыз ету және салық төлеу бойынша міндеттемелерді қабылдауға дайын. Елде қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру үшін көп жұмыс жасалды. Мұндай жағдайда бизнеске қосымша қаржылық ауыртпалық – қол жеткізілген нәтижелерге кері әсер етеді.

«Сондықтан «Атамекен» ҰКП бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсы және аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанады. Сонымен қатар Ұлттық палата кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға келіссөздер алаңын ұйымдастыруға  дайын», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбсары Алена Романова.

 

Atameken.kz

 


Кәсіпкерлер студенттік жатақхана салғаны үшін мемлекеттен қолдау ала алады PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.07.2019 11:35

Бұл туралы Қызылордада Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі туралы бизнес өкілдерін ақпараттармен қамту мақсатында өткізілген кездесу барысында айтылды.

«Қаржы орталығы» АҚ мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырған шараға кәсіпкерлермен бірге өңірдегі оқу орындарының және өзге де сала басшылары қатысты.

Уәкілетті органның берген мәліметіне сүйенсек, Қызылорда облысы бойынша 11 оқу орнында білім алатын 1 375 студентке студенттік жатақхана қажет екен. Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасының» үшінші бастамасын жүзеге асыру аясында аймақта 2022 жылдың соңына дейін 11 колледж үшін жалпы 1500 орынға 11 жатақхана құрылысы жоспарланып отыр. Ол үшін 11 жер учаскесінде объектілерді пайдалануға енгізу көзделуде. Қазірдің өзінде 9 объект бойынша жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр екен.

Білім және ғылым министрлігі объектілердің пайдалануға енгізілуін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігінің шеңберінде жүзеге асырмақ. Бұл шаралардың барлығын үйлестіріп отыру үшін «Қаржы орталығы» АҚ негізгі оператор болып айқындалған.

«Студенттік жатақхана салуға ниетті инвесторларға мемлекет тарапынан ұтымды ұсыныс беріліп отыр. Белгіленген механизмге сәйкес мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жыл сайын әрбір орын-жай үшін жаңа жатақхана салынған жағдайда – 122 айлық есептік көрсеткіш (308 050 теңге), ғимаратты жатақхана етіп қайта жабдықтаған жағдайда 47 айлық есептік көрсеткіш (118 675) төленетін болады. Жатақхана салған немесе ғимаратын қайта жабдықтаған инвесторға мемлекеттік тапсырыс 8 жылға дейін төленетін болады», - дейді «Қаржы орталығы» АҚ-ның менеджері Алпамыс Сатыбалдин.

Бұл бастаманы жүзеге асыру механизмі мынадай. Ең бірінші инвестор операторға («Қаржы орталығы» АҚ) өз немесе қарызға алған қаржыға жатақхана салатындығы туралы өтініш береді. Өтінішпен бірге жер телімінің құжаттары, жатақхананың эскиздік жобасы қоса беріледі. Құжаттар сай келген жағдайда Білім және ғылым министрлігі, «Қаржы орталығы» АҚ және инвестордың арасында үшжақты келісімшарт жасалады. Бұл ретте инвестор жатақхананы 2 жылдың ішінде салып бітіруі тиіс, ал оператор мемлекеттік тапсырыс беру үшін келісімшарт жасау керек. Жатақхана салынып, мемлекеттік тапсырыс орналастыру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін инвестор объектінің нысаналы мақсатын 20 жылға дейін ауыстыра алмайды. Жатақхана 100 орыннан төмен болмауы тиіс. Әрі қарай инвесторға мемлекеттік тапсырыс аясында қаржы жоғарыда айтылғандай 8 жыл көлемінде төленіп отыратын болады.

Аталмыш жобаға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер «Қаржы орталығы» АҚ-ның 8-8000-802-828 баланыс нөмірі арқылы call-орталығына немесе www.fincenter.kz сайты арқылы қосымша ақпараттар ала отырып, өтініштерін беру арқылы қатыса алады.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


Қазалы жаңалығы PDF Print Email
Жаңалықтар - Халық-хабар
30.07.2019 09:30

Байқауда  бағын  сынайды

Қазалылық 340 оқушы «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына қатысып, бағын сынамақшы.

Оқушыларды іріктеу жарысы 15 қыркүйекте өткізіледі деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын байқауға дайындық қызу жүргізілуде.

Оқушылардың дайындығы жоғары деңгейде. №249 мектеп-лицейдің, №226 мектеп-гимназияның, №88 мектептің оқушылары Аймейір Әбдрахым, Гүлзира Қонысбай, Ғазиза Айдарбекова, Айя Сердалы, Жазира Нұрқаш, Айерке Төремұрат (жетекшілері Гүлфайруз Әлішева, Мейрамкүл Жолекеш, Сұлтанғазы Томай) Қобыланды батыр жырын түгелдей жаттап алды.

 

«Сыр  маржанының»  серпіні

Қазалылық танымал кәсіпкер, облыстық мәслихат депутаты Мнажадин Өтеев басшылық жасайтын «Сыр маржаны» ЖШС-нің ірі қара малы Иран Ислам Республикасына экспорттала бастады.

Облыстың экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде 56 бас бұқашық серіктестікке қарасты мал бордақылау алаңында өлшеніп, Иран Ислам Республикасының «Inchen Broon Cooperative Inc» компаниясына жөнелтілді.

Айта кетерлігі, «Сыр маржаны» ЖШС 2015 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасы аясында Көларық ауылдық округінің Шеңгелді учаскесінде 500 басқа арналған мал бордақылау кешенін іске қосқан болатын. Қазіргі таңда алаңның қуаттылығы 3000 басқа ұлғайды. Заманауи кешенде 20-ға жуық адам жұмыс істейді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 



<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары