Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 1581 |
![]() | Кеше | 2779 |
![]() | Осы аптада | 13251 |
![]() | Өткен аптада | 18090 |
![]() | Осы айда | 15681 |
![]() | Өткен айда | 58946 |
![]() | Бәрі | 4196771 |
-
05.12.19
Толығырақ...
«Құмкөл-Қызылорда» автожолының 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт алған «Neoplan» маркалы автобус аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қайыстырғаны анық.
... -
05.12.19
Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетістік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабарға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...
- 05.12.19
Толығырақ...Ерғали АБДУЛЛА
Қу ақша
Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...
- 05.12.19
Толығырақ...Арнайы бетіміздің тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен сұхбаттасудың сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәтижесінде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, болмысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...
- 05.12.19
Толығырақ...Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымша, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...
- 05.12.19
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІ БОЛМАЙДЫ |
27.12.2018 11:24 |
Адамға Құдай үрейді төнген қауіптің алдын алып, одан құтылу үшін берген болуы мүмкін. Жыл сайын қыс мезгілін өзенде мұз қатып, Сырдың суы толып-тасып, тасқын қаупінен үрейленіп бастаймыз. Міне, қазір тәуелсіз ел болсақ та жыл сайын ол тасқын судан азаптанып және оған қарсы миллиондаған қаржы бөлініп келеді. Одан гөрі «Көксарай» су реттегішінен Кіші Аралға дейін Сырдың сол жақ қапталынан жүз шақырымдай оңтүстік сырттан үлкен канал қазылса, су басу қаупінен біржола құтылып әрі ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі проблемалары шешілер еді. «Көксарай» су қоймасы салынғалы бері су басу қаупі біраз бәсеңдеп, егін шаруашылығына су тапшылығы да бұрынғыдан гөрі кеми бастады. Сондықтан тағы да үлкен су қоймасын салып, Қызылқұм каналын қазуды ертерек бастау ең өзекті проблемалардың шешімі болар еді.
Оңтүстік көрші республикаларда каналдар осындай қиын-қыстау кезеңдерде ұлы болашақ үшін қазылған. Ал «Ферғана» каналы аш-жалаңаш кезеңде қолмен қазылып, ол өңір қазір алтын аймақ болып аталып кеткен. Ол канал жердің биік деңгейімен қазылып, арықтармен су алқаптарға құлдилап ағады. Әрине кең Қызылқұм өңірін одан да әсем, гауһар аймаққа айналдыруға болады. Бұл үлкен қол күшімен амалға асады. Дегенмен, Қызылқұм каналын қазып, өңірімізде ауылдарды дамытып бастағанда ғана халық саны өсе бастайды. Әйтпесе, ертең тым кеш болуы мүмкін. Осындай коммуналды жүйелерді ертерек құрып, әртүрлі төтенше қиын-қыстау кезеңде азаптан сақ болған жөн. Жыл сайын жоспарға сәйкес бюджеттен бөлінген қаржы игерілмей қалып жатыр екен. Яғни жылдық жоспарға қосымша резервтегі осындай құрылыстарды да бастап, бөлінген бюджет қаражаты толық игерілсе деймін. Мен білетін Тартоғай ауылынан Тұрсынбай датқа (Ботабай) ауылы аралық Сырға салынған паромды талай рет су алып кетіп, жыл сайын өзеннен өтпек болған талай азаматымыз ажал құшты. Әлемдік алып кеңестік одақ кезінде орындалмаған проблемаларды егемендік ықпалымен қарқынды орындай бастадық. Кең елімізде мыңдаған шақырым жол жүйелері мен көпір құрылысы тоқтаусыз жалғасып, коммуналдық жүйелер ел экономикасының дамуына берекелі қимыл-әрекет қарқын алды. Ендігі кезектегі көпірді осы айтылған жерден салып бітіруін үмітпен күтіп жүрміз. Мұнан ауыларалық байланыс нығайып, ауыл шаруашылығы өркендеп, ауылдардың дамуына жол ашады. Бұрын Сыр өңіріне мақта егілген екен. Сол кездерде мақта алқабын кеңейтіп, ауылдарды дамытып алғанымызда кенеттен мұндай төмен халге түспеген болар едік. Кеңестік кезеңнің монокультуралық геосаяси саясатынан хабарым бар. Әрине, бұл – қате саясат. Мақта – суды тым аз талап ететін техникалық дақыл. Біздің Сыр бойы климатында мақта өнімінің өзіндік құны оңтүстік көрші республикаларға қарағанда екі-үш еседей арзан болуы мүмкін. Ол жақта жыл сайын егін алқабын қыс мезгілі трактормен айдап, сосын атыздап көл етіп, толтырып суарады. Әйтпесе ол жерден ешқандай өнім алуға болмайды. Оған қаз-үйрек қонып, аңшылық та ететінбіз. Міне, Сырдың суы қайда кетіп жатыр? Кеңестік ғалымдардың осындай қатесінен бір теңіз жойылды. Сосын тағы зиянкестерге қарсы у шашады. Ал бізде болса қысқы аязда жер тоңдап, тыңайып әрі зиянкестер мен құрттар жойылады. Мақтаның гүлімен қатар оның жапырағынан да бал арасы бал жинайды екен. Біз жақта мақтаға у шашпағандықтан, алақандай жерден мол бал алуға болады. Біздің шыжыған жазда мақта қаулап өсіп, күн кенет салқындай бастаған кезде мақтаның түйнегі дамып, ерте жетіледі. Яғни өңірімізде ұзын талшықты мақта өсіруге қолайлы екенін білдіреді. Бұл жұқа талшықты Мысыр мақтасы тәрізді сапалы мақта сортына жатады. Мақта егіп көрмеген соң алғашқы кездерде біраз қиын болатыны анық. Екі-үш жыл егіп тәжірибе артқан соң бәрі өз орнына келе бастайды. Сөйтіп әлемдік мақта нарығына өзіміз ие болуымыз әбден мүмкін. Түркістан облысына қарағанда жазда бізде күннің ыстық болатыны байқалады. Мақтаның тамыры жерге қанша терең дарыса, мақта соншалықты биік өседі. Яғни Түркістан атырабының қатты жеріне қарағанда біздің жер жұмсақ, Қызылқұмда мақта биік өсіп, өнімді болады. Бұған Қызылорда қаласында еккен мақтамның тәуір болғаны дәлел. Мамыр айының 20-сына дейін еккенім қыркүйек айында толық ашылып болды. Ертерек теріп алуға болады екен. Канал жүйелері болмаған соң өңіріміздің оңтүстік жылы құнарлы жерлері игерілмей бос жатыр. Мен егінмен көп айналыстым. Тағы айтайын дегенім, мақта шитісін ғана екпей оны өз талшығына орап, тағы жылы қабықпен орап егіп көрсек, мақта ертерек өніп шығар деген ой келген еді. Ұнды қатырып орап, қабық (оболочка) жасаса болады. Бірақ ұн қамырға айналған кезде жылулық сақтамай кері әсер етуі мүмкін. «Қалауын тапсаң, қар жанар» дейді. Бұл біздің салқын өңірлер үшін үлкен табыс болар еді. Бұрын құрылыста сылақшы-бояушы әйелдер бригадалары болатын. Ал қазір бәрі де саудаға шығып, сырттан келген заттарды сатып отыр. Мұнымен тірлік болмайды. Сондықтан су жинап даламызды игеріп құр бос отырып тоқыраған ауылдарда фермерлік мақта, т.б. көптеген егін алқаптарын дамыту керек. Қаламызда мақта өңдеу зауыттары мен тоқыма комбинаттары және тігін фабрикалары құрылса, мыңдаған жұмыс орындарына ие болып, ішкі нарықта өз тауарларымыз мол болар еді. Мақта майына да қарық болып қалар едік. Мақтамыз көп болса, еліміздің солтүстік қалаларында да тоқыма комбинаттарын құруға болады. Қала кеңейіп, халық өсіп келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін жеңіл өнеркәсіптік өндіріс құрып, жұмыс орындарын көбейтсек, жағдайымызды жақсартады. Әйтпесе өндіріс аз болғандықтан жұмысқа орналасу үшін тамыр-таныс арқылы пара беруге тура келеді. Кеңестік кезеңнің өзінде Өзбекстанның ішкі нарығында барлық ауыл шаруашылық қол техникасы, ыдыс-аяқ пен киім-кешектер, т.б. заттарын жекелер қолдан жасап шығаратын. Ол жақта сексенінші жылдары «Жигули» машинасының қосалқы бөлшектері қолдан жасап шығарыла бастаған еді. Халқымыздың еңбекқор жасампаздығымен ғана экономикалық дамыған елдер қатарына ене аламыз. Ал үкімет тек каналдар мен жол, коммуналдық байланыс жүйелерін құрып берсе, халықтың еңбек етуіне жол ашқаны болар еді. Егер канал қазылып, Қызылқұмға су келсе, егетін егіннің түрі өте көп. Оңтүстік республикаларда күзгі (озимь) бидай егеді. Ол аса өнімді болып, биік өскен сабағы мен кебегін малға жем етеді. Ол бидайдың наны өте дәмді әрі аз ғана жесеңіз де тойып, бақуатты жүресіз. Бұл ұн мен біздің ұнды араластырып, нан пісіруге болады. Өнімді бидай егіп осылай етсек ұн қорымыз артып, экспортқа шығаруға болар еді. Етті тағамдарды аз қабылдап, орнына осындай тойымды нандар мен дәруменді жемістерді азық етіп әдеттенейік. Егін шаруашылығының дамуы мал шаруашылығының дамуына аса ықпалды. Сиыр малы үшін дәнді дақыл құмай (сорго) егу өте тиімді. Ол ақ жүгері кәдімгі жүгері тәрізді өсіп, дәні бір топ сабақ ұшында болады. Оның өте құнарлы сабағын майда қиқым етіп комбикорм құрамын байытуға болады. Жаздың ыстық күндері мұның сұйық көжесі аса колориялы ас әрі нағыз сусын болады. Фольгаға оралған құрт плиткалары мен ерігіш құрт ұнтақтарын шығарсақ деймін. Ас атасы құрт көжеге не жетсін. Оның дәнінен аса сапалы биологиялық спирт алуға болады. Осындай жасампаздығымыз ғана бізді алға тартады. Байлық қолға енген ақшада емес. Яғни халықтың қолына қанша мол ақша түссе, ол ақша сонша құнын жоғалтады. Қалай түсіндірсем екен? Мәселе – еңбек туындысында. Алып-сатпай, өнімді еңбек (созидательный труд) етіп, өнімін игілікке пайдалану бәрінен де абзал. Кеңестік кезеңде банкте ақша болмай бізде жұмысшылар үш-төрт ай еңбекақысын ала алмай қиналып жатқанда мақта еккен және жемістерін алыс Балтық бойынан Қиыр Шығысқа дейін апарып сатқан өзбектер жеңіл өнеркәсіптік инфрақұрылымын дамытып, елін жаннат мекенге айналдырып алды. Ал қазір олар Перенея түбегінен Малайзияға дейін таралып еңбек етіп жүр. Бір өзбек досым қазақтарға қырғыздардан гөрі өзбектер жақын деген еді. Қандай білімді десейші. Мен Өзбекстанда туып-өскендіктен, оның сөзімен толық келісемін. Яғни 80 пайызға жуық халықтың тегі қазақ болған десем жаңылмаймын. Енді біз де солар сияқты болып еңбекқор болсақ деймін. Біздің Сыр бойында совхоздардан гөрі колхоздарды көп құрып, көпсалалы егін шаруашылығын дамытып алу керек еді. Міне, соның әсерінен бүгінге дейін ұрлық, сыбайлас жемқорлық жалғасып келеді. Кеңестік кезең жіберген барлық қателерінің азабын әлі де тартып келеміз. Қиын-қыстау тоқсаныншы жылдары өзбектер алыс мақта еккен сыртқы жол бойына қоныстанып, күнін көріп, халық саны лезде екі еседей өсіп кетті. Сондықтан ауылдардың дамуы бізге барлық жағынан да тиімді болып тұр. Экономикалық дамыған елдер қатарына енгіміз келсе, ауыл тағдырын қисынсыз жағдайға қалдыруға болмайды. Әйтпесе енді дами бастаған елдер бізден озып кетуі сөзсіз. Бірінші қажетті ауылдардың азық-түлік өнімдері ғана халық жағдайын жақсартып, тәуелсіздікті қорғайды. Күнделікті тұтынатын және ірі өндіріс құралдарының бәрін өзімізден шығаруға толық мүмкіндік бар. Мәселен, алып Ресей елін сырттан жан-жақты қанша қыспаққа алып, санкция жарияласа да ешқандай әсері болмай, ол өзінен-өзі дербес дамып келеді. Біз де ең алып елдердің бірі боламыз. Қуатты, алып ел болуымызға біздің де барлық жағынан жағдайымыз жеткілікті. Алтын Орда құлағанымен, Дешті-Кыпшақ елінде елдің құрамы болған руаралық мәдени байланысып және жайлауларымыз малдарға толған ауылдар дамып, миллиондаған қазақ Орта Азия асып, Иранға барып қоныстанды. Иран шахының сарбаздары тек алыс жолға төзімді жауынгер қыпшақтар болған дейді. Енді ежелден егін шаруашылығымен айналысып, өркениеті дамыған Сыр өңірінде ауылдарды жаңаша қайта жаңғырту ел экономикасының дамуымен қатар оның болашағы үшін үлкен үлес болар еді. Ауылдардың дамуы барлық қоғамда, әсіресе жұмыссыздық жайлаған капиталистік қоғамда да әрқандай дағдарыстың алдын алуға аса ықпалды. Телеарналар мен интернетке ие азық-түлікті ауыл өмірі қаладан еш қалыспайды. Енді ауылдарда каналдар қазып бастап, алыс ауылдар арасына шағын ауылдар салып, қаламен тығыз байланысып, оның экономикалық дамуына жол ашу қажет. Шағын ауылдың әрбір үй жақын маңайына егін егіп, мал бағу бізді молшылыққа жеткізеді. Яғни малды далаға айдап жібергеннен гөрі шағын ауылдар маңайына жоңышқа егіп, малдың бір жерде жайылғаны – заман талабы. Жаңа шағын ауылдар көп болып, үйіңнің маңайы егін егіп, бір отбасы күні-түні еңбек ететін жеке отбасылық мердігер (семейный подряд) болса деймін. Дала халқы болған біз қазақтарға осы көпнысаналы (многоцелевой) жол тиімді болар деген ойдамын. Нәтижесінде ауылдар кеңейген соң тағы да шағын ауылдар көбейіп, Қызылқұм игеріліп, гауһар аймаққа айналады.Сонда ғана ел экономикасы мұнайға тәуелді болмайды. Бекназар ӘБСАДЫҚОВ, зейнеткер, Қызылорда қаласы |