Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
КӨКЖАЛДАР (Әңгіме)
21.03.2019 08:25

Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар келгесін олардан көргеніне бағып, жеуге жарайтынның бәрін мылтықпен жамсатып салатын болды. Уақыт өте келе аңды машина, мотоциклмен топалаң тигендей қуалап жүріп аулайтынды шығарды.

 

Республика басшылығына былтырғы қыстың аяғында тағайындалған Колбин келгелі бұрынғы басшыдан қорлық көргендей, келімсектер тарапынан арыз-шағым тасқыны үдеп кетті. Әсіресе, қала-қалалардан көзі тұздай жуан қарын қатындар бөрідей шулап бадыбыттады. Айтатындары: елде ет те, колбаса да, балық та тапшы, аштан қатуға қарадық, – дейді. Қатындардың айғайынан құлағы керең болуға қараған Колбин нөкерлерін шұбыртып Алматының гастрономдары мен сауда базаларын аралап көргенде, қандастарының қиқуы расқа шықты. Гастрономдар қарын-қажақ, бас-сирақ, «суп набор» дейтін сүйек-саяққа қақалып тұр. Қазақтың мыңғырған малы кең далаға симайды, ал қырғын еттің қайда кетіп жатқанын жергілікті жұрт білмейді. Төбесі тесіктер, біліп айтса, малды жоспармен сойысқа жіберудің есебі жоқ; етті сорт-сортымен қаптаған әскердің, ресторан, кафе, асхана сияқты сауда нүктелерінің тойымсыз құрдымы қылғытып жатқан көрінеді. Ресейдің Мәскеуден бастап ірі-ірі қалаларына вагон-вагонымен жөнелтілетіні өз алдына. Айбатты даңқынан дүние түгел тітіркеніп сескенетін ұлы елдің жағдайы осындай болғасын Колбин гастрономдарды аң етімен қамтамасыз етуге жеделдетіп ауызекі жарлық жариялады. Әне, содан жер-жерде Ивановтар бастаған жұрттың араны ашылып кетті. «Еліңді жау шапса, қосыла шап» дегендей, оларға тәйт деп тұратын табиғат қорғаушылар да қосылып кетті. Барымташыларға қарсы бір пенде ық ете алмайтын болды.

Қыркүйектің кемпіршуағы жан біткенге дауа. Иванов шолақ трусиінен басқа киімдерін шешіп тастаған. Алып кеудесін күн сәулесіне тосып, аш бүйірін таянып, темекі түтінін бұрқыратып, талтайып тұр. Сәл қозғалса, шиыршық атқан білем-білем бұлшық еттері бұлтылдап ойнайды. Бұрқыраған төс жүні соры шыққан термен ұйысып қалыпты. Қасынғанда жүндібарақ төсі қышыр-қышыр етеді. Тұла бойының бәрі жүн, алып күштің адамы екені бірден көзге ұрады. Кәдімгі бура сан еркек.

Бұлар аң-құс семіретін күзгі уақытта басшыларының бас изеуімен осылай жорыққа шығып тұратын. Өздерінің де, олардың да қамы үшін. Бір сыбаға оларға, қалғанына өздері ие. Оны тісі қышып жүргендерге сатады. Киіктердің мүйізін қоларамен қанын ағыза кесіп алып, басын айдалаға лақтырып кете барады. Осы күні киіктің басы әр-әр жерде құм асап жатқанын екінің бірі көріп жүрсе де мәу деп жақ ашпайды. Басшылар да, басқалар да.

Үйде отырып Сапекең: – Құдайдан безген дінсіздер, жеріміздің ту-талақайын шығарғандарымен қоймай, аң-құсын да құртуға қарады-ау, - деп күйінеді. Көршісі Темірғали:

– Несіне уайымдайсыз, – дейді жайбарақат. – Даланың аңы құритын ба еді...

– Сен де айтасың-ау, қарағым. Үркітіп қуа бергесін киіктер жер ауып кетеді ғой. Шекаралас елдің жеріне ауып кеткесін, мына дала құлазып қалмай ма? Соны ойламайтын не деген тексіздер, обал-сауапты білмейтін...

Кім-кім де көргенін істейді. Тек біреуі шындап бастаса болды, былайғы жұрт іліп әкеткіш. Бұлар бұл жолы да әуелі өздеріне тиесілі текелердің мүйіздерін арамен түбірінен кесіп алып, қапшықтарына нығарлады. Оны тіміскілеп жүріп астыртын сатып алатындар бар. Төбелері тесіктердің сыпсыңдауына қарағанда, сатып алушылар мүйіздерді Қытай асырып жіберетін көрінеді. Рас шығар, бұл заман айла асырғыштардың заманы болып тұр ғой. Өкімет тарапынан ауызекі жарлық шыққалы Ивановтарға еріп аң мен құсқа құнығып алған көкжалдар дала өрістерінде өріп кетті. Тіпті, Колбиннің министрлері мен депутаттары еріккен кездерінде аң қағуға тікұшақпен шығатын болды. Сән үшін. Оларды жер-жердегі номенклатура шойтықтары қарсылап алып, олармен бірге көкке аспандап кетеді. Бірі мен бірі жең ұшынан жалғасып алғандар. Туған елін жымысқыланып тонауға келгенде жібін ілдірмейді, ізін білдірмейді. Ал... сырт көзге бәрі шетінен кристалдай коммунист.

Киік мүйіздерін біржайлы қылғасын Иванов көмекшісіне: «Менің мылтығымды как огурчик тазалап, чехолға салып қой» деді қазақша күркіреп. Қойтан «ләббай көке» деді жарпаңдап. Содан соң қасаптар Ивановтың айтуымен семіз екі киіктің етін сылып алып шашылық пісіруге кірісті. Сүйектерін қазанға тоғытты. Оның үстіне тағы екі киікті мүшелеп қосты. Ортаға бір көшедей дастарқан жайылып, бөлке нан, жуа, қияр, қызанақ сияқты ащы-тұщылар бөгіп жатты; орыс арағы мен сыра бөтелкелері, қырлы стакандар мен шай ішетін күрешкілер аунап жатты. Ылғи атжалман еркектер шашылық пісуіне карта ойынын доғарып, отырысты бастап та жіберді. Отырысты әрқайдағыдай Иванов бастады, қорытынды сөзді де сол айтады.

Отырыстың дастарқаны әдеттегідей қас қарая жиналды. Әлсін-әлсін ішіп-жеп, әлсін-әлсін ортаға ақша салып карта ойнап жырғады. Ішкіліктен көлік жүргізушілер ғана аман. Басқалары шалабурыл, бірін-бірі көтермелеп, киік қуғандағы қызықтарын айтып тауыса алатын емес. Әсіресе, Ивановтың атына бабалардан жеткен небір асыл теңеулерді қор қылып жарамсақтанып бақты. Өйтпеске амал қайсы? Облыс техникасының қосалқы бөлшектері осы кісінің қолынан өтеді. Түскен пайданы Иванов бастығымен бөліседі.

Бұлар қашанғысындай түн жамылып қайтатын. Бұл жолы да солай болды. Көліктеріне аяқ салар алдында: «Келесі кездесуге дейін аман болыңыз, Иван Иванович!» деп айқұшақтасып, баяғы Леонид Ильичтей сылп-сылп сүйісіп қоштасты. Бүйірлері тоқ, көңілдері өзді-өзіне де, бір-біріне де дән риза.

Браконьерлердің артында қан-жынға қақалған қорғансыз дала қалды, сарыуайым желі уілдеп.

***

Үйірінен қапылыста көз жазып қалып, өліп тірілген дала еркесі Сапарбай ақсақалдың күтімімен арада ай өткенде жарақатынан құлантаза жазылып, бауырын жерден көтерді. Ұлсары шешей қызыл барқыттан тігіп ноқта кигізгенде өзіне жарасып-ақ қалды. Ноқтасының бауына Сапекең қыл арқаннан шұбатылған желі жалғады. Үйірін іздеп лағып кетер деген сақтығы. Алдында суы, жусан, жалбыз, киікоты, тамырдәрі, мұжығын, т.б. құнарлы шөптердің иісі танау жарады. Ұлсары үйден емізік толы сүт алып шықса, шылбырын шұбалтып қарсы жүгіреді, моһ-моһ деп. Өзі қомағай. Сапекең көрінсе болды, арсалаңдай қарғып алдына дік ете қалады. Ақсақал жүрсе, ере жүреді; тұрса, танауы шуылдап, моһ-моһ деп ақсақалды құныға иіскелейді. Және, желіде ойнақтап секіріп еркелейтінді шығарды. Бәрінен де қызығы, көрші шопан Темірғали отарын алдына салып өрістетуге бет ала бастағаннан желіден босат мені дегендей тыпыршып бұлқынады. Отардың артынан ұмтыла қарғып өршеленеді, моһ-моһ деп.

Бір күні Сапекеңе отармен бірге жіберіп көрсем қайтеді дегендей ой келді. Темірғали өзінің бұрынғы көмекші шопаны ғой, айтқанын екі етпейтін, тек: «Қашып кетсе, менен көрмеңіз» деді. Алғашында Сапекеңнің өзі де қауіптенген. Атына мініп отардың артынан барып та қайтты. Киік Сапекеңді көргеннен атқып алдынан шықты. Қуанып, арсалаңдап моһ-моһ дейді. Сонымен не керек, жануар Темірғалидың отарымен бірге өрістеп қайтатын болды. Қолға үйренген аң баласы келімді-кетімді кісілердің көзқұртына айналды. Бәрі қызық көріп тамашалайды. Бәрінен де атасының үшіншіде оқитын немересі Берікбайдың құдайы берген. Мектептің сенбі, жексенбі демалысында жетіп келеді. Дала еркесі оған да үйреніп бауыр басты. Ал киіктің матауы қарсаңында бұл жануар моһылауды күндіз де, түнде де жиілетіп жіберді. Танауын желге тосып, алдыңғы екі аяғымен кезекпе-кезек жер тарпып, маң далаға маңып кеткісі келетінін байқатты. Отардағы жуан сіңір кержағал текенің соңынан қалмай иіс аулайтын болды. Бұрынғыдай емес, ұрыншақ мінез шығарды.

Сапекең мұртынан күліп жүріп кержағал текені отардан алып қалып, екеуін төрт қанат керегелі күркешікке қамады. Табиғат тылсымы көп күттірген жоқ. Кержағал теке күйлеп жүрген киіктің көтендігін құшырлана жалап мекіренді. Киік кержағал текенің бұрқыраған иісіне елітіп, ұлы майданға икемделе берді. Күйлеген талай ешкілердің құшырын қандырған кержағал теке құмар ойынын бастап та кеткен...

***

Келесі көктемде асыранды киіктің сүйкімді лағы Сапекеңнің үйі алдында жылдың жаңа төлдерімен бірге орғып, қарғып ойнап жүрді. Тұрпаты ешкілердің лағынан бөлек, сұржағал енесіне де, кержағал атасына да ұқсайды. Басқа лақтардай шырылдап маңырамайды. Жарық дүниеге келген бойда сілкініп, енесінің емшегіне қадалған. Содан бері енесінен қалмайтын болды. Сапекең де енесінен ажыратқан жоқ, қашан суалғанша емді; отармен бірге өрістеп, тез жетіліп кетті.

Сапекең қай-қайдағыны ойлай отырып: «О, Алла, мына екі аяқтыларыңа ынсап бере гөр» деп, жатса да, тұрса да тобасынан жаңылмайды. Ал сар даланың сарыуайымға толы өкпек желі қашанғысындай бір тынбайды, ызыңдап уілдейді де тұрады.

Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

(Соңы. Басы өткен санда.)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары