Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ҮШ ТІЛДІҢ ДЕ ҮЗДІГІ
21.03.2019 08:30

«Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, намысын жаныды ғой. Талай тұлпарды тай күнінен таныған тұлғалардың тектілігінің өзі бір төбе. Ендеше, сыншы Күреңбай бола алмасақ та, талпынып көрмекпіз. Абай айтты емес пе: «Болмасаң да ұқсап бақ».

 

Газеттегі балаларға арналған «Тұсаукесер» бетінде «Дарынды бала» атты жаңа айдар бастағалы отырмыз. Бұған дейін де талантты, өнерлі балалар туралы жазып, қаламға іліктірдік. Дегенмен бұ жолы біз облыс көлеміндегі талапты, талантты іні-қарындастарымыз туралы ізденісімізді жалғастырамыз. «Дарынды баланың» алғашқы кейіпкері – Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Айдын Жұбатқанов. Көз сүрінетіндей жетістіктері бар ол – оқу озаты. Айдын сонымен қатар ататегін білуге, зерттеуге ұмтылып, шежіремен жете таныс болуға талпынып жүр. Бос уақытында пайдалы істермен айналысқанды жаны сүйеді, суда жүзумен айналысқанды жақсы көреді. «Өскенде Президент болғым келеді» дейтін бала арманы бар. Мүмкін, ол тек бала арманы емес шығар.

- Мен өз ойымды қай жерде болмасын, қай уақытта болмасын ашық айтуға тырысамын. Өйткені, адам және оның санасы ешкімге бағынышты, тәуелді болмауы керек. Еркін ой, ашық пікір адамды жақсы қалыптастырады. Әртүрлі пікірсайыстарға қатысып, өз ойымды айтқанды, лайықты пікір білдіргенді жақсы көремін, - дейді Айдын.

Айдын – үш тілдің де үздігі. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін біледі. Әрине, 7-сынып оқушысы үшін бұл айтарлықтай нәтиже. Болашағынан көп үміт күттіретін балғынның білім деңгейін, білгенін молайта түсуді көздейтіні анық. Өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін ұрпақтан қауіп жоқ. Хәкім Абайдың «Бір тіл білсең – бір адамсың» деуінде де үлкен тағылым жатыр ғой.

Айдынның зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары, пәндік олимпиада мен әртүрлі жарыстардағы жетекшісі – анасы әрі ұстазы Райкүл Жұбатқанова. №277 мектеп-лицейде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет ететін Райкүл Кұттыбайқызы Айдынның компьютер бағдарламаларына қатты қызығатынын айтады.

- Кейде дәрігер болса деп армандайтынымыз бар. Бірақ, Айдын оны өзі шешеді. Біз баланың таңдауына қарсылық танытпаймыз. Елімізге, отбасымызға пайдасын тигізетін мамандық өкілі болса, сол біз үшін жеткілікті, - дейді ол.

Білім көкжиегінде өз белсенділігін көрсетіп жүрген байқоңырлық оқушыны сыныптастары депутат деп атайтын көрінеді. Иә, білім биігінде болу барлық баланың маңдайына бірдей жазылмайды. Дарындылық туабітті қалыптасуы мүмкін. Бірақ, бүгінгі таңда баланы білімге бағыттауда да үлкен көрегенділік жатыр. Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағуға талаптанады емес пе? Ендеше, біз өмір айдынында Айдынның жолы ашық болып, асығы алшысынан түсе беруін тілейміз!

Рыскелді  ЖАХМАН

Айдынның   жетістіктері:

 

Диплом, Кенгуру – лингвист, III орын, 2014 жыл;

Диплом, «Человек и природа», II орын, 2016 ж;

Диплом, «Ақ бота», III орын, 2014 ж;

Диплом, «Новый урок», I орын, 2014 ж;

Диплом, «Кенгуру – математика для всех», III орын, 2014 ж;

Диплом «British Bulldog» III орын, 2015 ж;

Диплом Кенгуру – лингвист, III орын, 2016 ж;

Диплом, «Мириады открытий» (дүниетану), III орын, 2016 ж;

Диплом, «Мириады открытий» (орыс әдебиеті), I орын, 2016 ж;

Диплом, «Ақ бота», III орын, 2016 ж;

Диплом, «Лисенок», (орыс тілі) I орын, 2017 ж;

Диплом, Бүкілресейлік «Познание и творчество», (ағылшын тілі) I орын, 2017 ж;

Диплом, «Эрудит» республикалық қашықтық олимпиада, (орыс тілі) I орын, 2014 ж;

Диплом, Халықаралық «Большая школьная олимпиада», III орын, 2016 ж;

Диплом, «Бейбітшілік әлемі», Халықаралық Ғалымдар Одағы, орыс тілі, I орын, 2018 ж;

Мадақтама, 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының I (аудандық) кезеңінде өлкетану секциясында I орын, 2018 ж;

Диплом,1-7-сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының I (облыстық) кезеңінде өлкетану секциясында I орын, 2019 ж;

I дәрежелі Диплом 1-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XIV республикалық «Зерде» конкурсының жеңімпазы, 2019 ж.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары