Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1419
mod_vvisit_counterКеше2391
mod_vvisit_counterОсы аптада10197
mod_vvisit_counterӨткен аптада20558
mod_vvisit_counterОсы айда56150
mod_vvisit_counterӨткен айда48193
mod_vvisit_counterБәрі3703227


Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
АРТЫҚ САЛМАҚ АБЫРОЙ ЕМЕС
21.03.2019 08:35

Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар ханым» беті мәселенің мәнісін бажайлап көрген еді.

 

Айжанның  арманы

Соңғы уақытта әйелдер арасында ауыр салмақ көбейіп келеді. Тым толықтық – қыз-келіншек үшін басты мәселе. Көпшілік үшін арықтау үйреншікті жағдайға айналды. Қазір артық салмақ жас талғамайды. Бұрын сарықарын бәйбіше салмақты болса, бүгінде қырық, елуге жетпей толып кеткендер көп. Үлкен салмақ жасты үлкейтеді. Ал қыз-келіншекке «толықсың, егде көрінесің» деген сөзден ауыры жоқ.

Айжанның жасы 37-де. Қала тұрғыны. Үйде отырғасын ба, екі-үш жылда қатты толды. Салмақтың артқаны сонша, киімі сыймай қалды. Таразыға тартылғанда таңғалды. 60 келіден 87-ге бір-ақ шығыпты. Келіншек намыстан жылап жіберді. Қалай тез арықтауға болады? Азу үшін құрбыларынан кеңес сұрады. Олардың ұсынған рецептерін пайдаланып көрді. Қалыпты салмаққа түсу үшін істемегені жоқ. Тамақты қатты шектеді. Тәттіні ауызға алмады. Күні бойы сұйық сусын, су ішіп, қимыл-қозғалысын көбейтті. Алғашқыда ұстаған диета жақсы нәтиже көрсетті. Айға жетпей 12 келіге арықтады. Құрбылары келіншектің сымбатына қатты қызықты. Жіптіктей дене, құлын мүсінге көз сүйсінеді. Бірақ Айжанның қуанышы ұзаққа бармады. Арада уақыт өткенде қайта толды. Баяғы қалпына түсті. Енді ол дәріханадан дәрі алып ішті. Антибиотик нәтижесіз болған жоқ. 12 келіге түспесе де, 7 келі келіншектің денесін жинағандай еді. Алайда тағы да ай өткенде Айжан 87-ден асып, салмағы 90 келіге жетті. Не керек, сұлулық үшін әйел өзін аямады. Ішпеген дәрі, ұстамаған диета қалмады. Бәрібір Айжан армандаған межеге жете алмады. Салмағы қалыпқа түспеді.  Амалы қалмаған әйел фитнес клубына барды. Бұл орталықтың артықшылығы өзгеше. Қызметі  де көңілінен шықты. Жаттығулары да қиын емес. Тек ықыласпен орындасаң болғаны.  Қазір келіншек фитнестен қалмайды. Жиырма күнде  он  келі салмақ тастады.

 

Жаттықтырушы  Мөлдір

Мөлдір Мұстафинаның есімі қызылордалықтарға жақсы таныс. 25 жастағы жаттықтырушыға келіп, жаттығатын қыз-келіншектер көп. Бәрінің мақсаты – біреу. Азу, салмақ тастау. Қызмет ақысы – айына 10 мың теңге. Кез келгеннің қалтасына қолжетімді. Мөлдір Мұстафина келушілерді артық салмақтан арылтып ғана қоймайды. Қалай тамақтану қажеттігін де ұсынады. Қазір артық салмақтан құтылған қыз-келіншектер көп. Тіпті сымбатты жандар арасында бақытын тауып, тұрмыс құрғандар да бар.

- Азу мүмкін емес деуге болмайды. Денеге жиналған май өздігінен кетпейді. Жас келген сайын салмақ та көбейеді. Мықты денсаулық пен сұлу сымбат үшін арнайы маманның кеңесін алған дұрыс. Себебі әйелдердің  ағзасы әртүрлі. Мұнда алдымен қыз-келіншектердің салмағы бақылауға алынады. Әйелдердің басты қателігі артық салмаққа бейқам қарайды. Отбасым бар. Арықтаудың не қажеті бар деп ойлайды. Ал ішкі май денсаулыққа қауіпті. Фитнес – шыдамдылықты қажет ететін спорт қой. Адам өзге үшін емес, өзі үшін еңбектену керек, - дейді ол.

Қазір көпшіліктің сауаты аз. Әйелдер ненің пайдасы бар, ненің зиян екенін білмейді. Дұрыс тамақтану – диета ұстау емес. Ал фитнеске баруға көпшіліктің уақыты аз. Дегенмен артық салмақтың артуына не себеп? Тым толудың астары неде?

 

Тамақтанудың  да  тәртібі  бар

Бүгінде дүкен сөрелерінде азық-түліктің түр-түрі бар. Көпшілік қалтасына қарай сатып алады. Базардан да не керектің бәрін табасыз. Қазақ етсіз отырған ба? Нарықтың қымбаттығына қарамайды. Келілеп сатып алады. Алайда көпшілік аурудың астан екенін аңғармайды. Ет өткізушілер де қу. Малын дәрімен семіртетіндер де бар. Есесіне еселенген ет тұтынушылардың қазанына түседі. Дәрі салынған еттің табиғи өнімнен айырмашылығы жоқ. Сапасыз екенін кім біліпті?  Жеміс-жидек те солай. Кей жылыжайларда дәрімен өсірілетіні кездеседі. Ал гармондық дәрілер адам ағзасының жұмысын бұзады. Астың қорытылуын тежейді. Академик Төрегелді Шармановтың айтуынша, қазір денсаулыққа зиян, ағза жұмысын төмендететін  тағамдарға сұраныс жоғары. Көпшілік газдалған және энергетикалық сусынды ішеді. Жасанды донер, фаст-фуд тағамдарын тұтынады. Ал жасанды тағамдар ағзаға қажет минералдар мен дәрумендерді толтыра алмайды. Құрамында майдың, тәттінің мөлшері аз, бағасы арзан азық-түліктің  калориясы жоғары болады. Артық салмақтан арылудың жолы – дұрыс тамақтану.

- Таңертең  ботқа, ірімшік қосылған бутерброд жеген дұрыс. Ал түскі асқа ыстық тамақ пен көкөніс салаттары болғаны жөн. Жалпы, адам ағзасы үшін  кешкі асты шектеу керек. Кешкі жетіден кейін тамақтанбаған дұрыс. Себебі, ағза демалуға дайындалады. Егер кешкі асты кеш ішсеңіз, түні бойы ағза асты қорытып, тыныға алмайды. Адам мазасыз күй кешіп, таңертең енжар күйде тұрады. Ең дұрысы, аз-аздан күніне бес рет тамақтану. Ал тұтынатын тағам құрамында көкөніс өнімдері, табиғи су, жеміс-жидектер  болғаны ләзім.  Жастары ұлғайған жандарға мүмкіндігінше қуырылған тамақтан гөрі суға пісіріліп, буға бұқтырылған тамақты тұтынған жөн. Бұл анағұрлым жеңіл қорытылады әрі асқазан-ішек жолдарының жұмысын жеңілдетеді, - дейді академик Төрегелді Шарманов.

 

Артық  салмақ  адам  жасын  қысқартады

Толық әйелдердің бірі салмағым жасыма, бойыма сай десе, бірі артық салмақ жинағанын мойындайды. Енді бірі семіздікке шалдыққанын кеш біледі. Алайда алдын алу жолдарын ешкім ескермейді. Бүгінгі медицина диетаның кез келген түріне қарсы. Әсіресе, үй жағдайында азу денсаулыққа қауіпті. Олай дейтініміз, тамақты шектеуден соң әйел бұрынғыдан көп салмақ жинайды. Әрине олар ем-дәм арқылы арықтай алады. Бірақ әрбір адам шамасына қарай аз-аздан тамақтана білуі қажет. Сонда ол қандағы қанттың бірден көтерілуіне жол бермей, дастарқандағы тамаққа қол соза бермейді. Мәселен, әйелдер тамақты бір қабылдағанда 200 гр. жетер-жетпестей жесе, ал ер адамдар бір отырғанда 300 грамнан астам тамақ жейді екен. Мінеки, осы тәртіпті ұстанса тез арада әлденеше келіні тастауға болады дейді. Сол сияқты, тәулігіне дене салмағына сай 1 литрден 3 литрге дейін таза су ішуге болады. Себебі су оларға тоқтықтың сезімін қалыптастырып, іш қатудың алдын алады екен. Десе де, дәрігерлер семіздіктің салдары дұрыс тамақтанбаудан және қозғалыстың аздығынан екенін айтады. Артық салмақ жүрек-қантамыр ауруларына, бүйрек, бауыр, өт қабының қатерлі ісігіне, тыныс алу ағзаларының сырқаттарына  шалдықтырады. Бұл  кеселге шалдыққан адамның жасы 7 жылға қысқарады.

ТҮЙІН.

Сымдай тартылған сымбатқа ер адамдар ғана емес, әйелдердің өзі қызығып қарайды. Сұлулықтың аты – сұлулық. Ал өзіңіз бұл сұлулыққа ие болу үшін не істеп жүрсіз? Соңғы рет еңкейіп еден жудыңыз ба? Таза ауада неше шақырым жаяу жүрдіңіз?

...Бәрін өзіңізден бастаңыз.

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары