Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
«ШЫМШЫҚ СОЙСА ДА, ҚАСАПШЫ СОЙСЫН»
21.03.2019 08:40

Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлім басшыларын орнынан қайта-қайта қозғауына не себеп?

Өткен жұмада қала әкімдігінде тағы да шұғыл «жүріс» жасалды. Нұрлыбек Машбекұлының төрағалығымен өткен актив отырысында кадрлық өзгерістер болды.

 

КАРОЛИНАДА ОҚЫҒАН КАДР

Алдымен Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі және АҚШ-тың Каролина штатының ДЮК университетінде «Саясаттану» мамандықтары бойынша білім алған Алмасбек Есмахановқа тоқталсақ. Жалпы, бұл кадрдың автобиографиясы адам қызығарлықтай. Ол әр жылдары қалалық бөлімдерде, облыстық басқармаларда жұмыс істепті. Тіпті, бас шаһарға қарайтын Қарауылтөбе ауылдық округінің әкім қызметін 1-2 жыл атқарыпты. 2015-2018 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары да болды. Оның сол ауданның идеология саласына жетекшілік еткені есімізде. Сөйтіп, 2018 жылы қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бір жылдан кейін (2019 жылдың ақпан айында. – ред.) қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне келді. Ең қызығы, бір жарым айдан соң А.Есмаханов қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметіне ауысып отыр. Мәдениет саласында жүріп, әп-сәтте кәсіпкерлік саласына «топ ете қалған» А.Әбілқасымұлы тапсырылған шаруаны қаншалықты тындыра алады? Мұны уақыт еншісіне қалдырсақ...

Ал бұған дейін қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Жанмұрат Сейілов Қызылорда қаласы мәслихатының аппарат басшысы қызметіне тағайындалды. Айтпақшы, шаһар басшысының жақында ғана өткен есепті жиынына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы кәсіпкерлік субъектілерінің аздығын ескерткен еді. Бұл өзгеріске «аймақ басшысының сыны себеп болуы мүмкін бе?» деп те топшылаймыз.

 

ЕСМАХАНОВ КЕТТІ, ЕСЖАНОВ КЕЛДІ

Мәденит саласына бір жарым ай жетекшілік жасаған А.Есмахановтың орнына Асқарбек Есжанов жайғасты. Жалпы, А.Темірбекұлына идеология саласы таңсық емес. Еңбек жолын облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, бас маманы ретінде бастап, осы басқармада жауапты қызметтер атқарды. Қала әкімі аппаратының басшысы да болды. 2 жылдай білім бөлімін де басқарды. 2017 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда қаласы мәслихатының аппарат басшысы боп еңбек етті.

Алдағы күні Ұлыстың Ұлы күнін тойлайтынымызды ескерсек, А.Темірбекұлының ә дегеннен біраз тер төгуіне тура келеді. Одан кейін де қарап қалмас...

 

БАСҚАРМАДАН БӨЛІМГЕ БАРДЫ

Бүгінде қала бюджетінің 40 пайызы білім саласына бағытталып отыр. Онсызда жиі-жиі реформа жасалатын білім саласында шаруа шаш етектен. Оның үстіне жақында ғана ҚР Білім және ғылым министрі ауысты. Қысқасы, Ақзира Қасымова аумалы-төкпелі тұста жауапты қызметке тағайындалып отыр. Ол бұған дейін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған еді. Оның алдында Қармақшы ауданында бірнеше мектептің директоры болды. Қазалы аудандық білім бөлімін басқарды. Жалпы, бұл саладағы еңбек өтілі – 19 жыл. Қала әкімдігіне сырттан келген кадрдың бірі де осы кісі.

– Оқу жылы да аяқталуға жақын. Оқушылардың білім деңгейін басты назарда ұстап, бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындығын ширатып, қаламыздың білім саласын бұдан да жоғары деңгейге көтереді деп сенемін,- деді шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.

Демек, Ақзира Бақтыбайқызына артылар жүк те ауыр. Бір қызығы, 2017 жылы маусым айында қаланың бас педогогы болып Ақарыс Нұрсейітов тағайындалған-ды. Алайда сыннан көз ашпаған сала басшысы былтырдан бері «ұшты-күйлі жоқ». Амал жоқ, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін Жанат Қамитбекова уақытша атқарып келген болатын.

 

ОН ЖЫЛДАН КЕЙІН ОРАЛДЫ

Қалада сыннан арылмаған мекеменің бірі – «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Сондай-ақ, басшылық пен қызметкерлер арасында дау шығып, біраз дүрліккені де есімізде. Тіпті, мекеменің бұрынғы басшысы Тілеуберген Қаныбетов облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтан көпшілік алдында ескерту алғаны бар. Енді міне, бір жарым айдан кейін оның орнына Марат Жәмиев келді. Жоғары білімді. Су шаруашылығында көрген-білгені көп. Табаны күректей бес жыл «Қызылорда су жүйесінде» бас инженері, директоры қызмет атқарған. Он жылдан кейін бұрынғы қызметіне оралып отыр. Су – халықтың ең тұтынатын тіршілік нәрі. Ал бұған Марат Шахматұлы нәр бере ала ма? Айтпақшы, Тілеуберген Қаныбетовтың қайда кеткендігі айтылмады.

 

Түйін. Жиі-жиі кадрлық ауыс-түйістің орын алуы қаншалықты нәтиже береді? «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген тәмсілге сүйенсек, су жаңа бөлім басшылары өз саласын өрге сүйрей ала ма? Бәрі де алдағы уақытта анықтала жатыр. Ал біз жаңа лауазым иелеріне сәттілік тілейміз!

Қозы Көрпеш Жасаралұлы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары