Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
СОТ 24 САҒАТ СОТ БОЛУЫ КЕРЕК
28.03.2019 11:15

 

Шолпан  МАЛИКОВА,

Қызылорда  облыстық  сотының  судьясы:

 

- «Кез келген елдің қауіп­сіздігінің деңгейі ондағы қылмыстық істердің мөлшерімен өлшенеді» дейді. Бұған сіздің жеке көзқарасыңыз қандай? Осы тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақ қойып өтейін, 2017-2018 жылдары Қызыл­орда облысында қанша қыл­мыстық іс тіркелген? 2019 жылдың  екі  айында  ше?

- Қызылорда облыстық сотын­да еңбек етіп келе жатқаныма 3 жылдай болыпты. Оған дейін Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 11 жыл жұмыс істедім. Бүгінгі  күні дәм-тұз бұйырып, өзімнің  өскен өңіріме қызмет жасап жатырмын. 2019 жылдың 2 айында облыс­та 278 қылмыстық іс тіркелген. Былтыр бұл көрсеткіш 1752-ні құраса, алдыңғы жылы 2018 іс белгілі болған.

- Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша іс жүр­гізудің қанша түрі бар? Іс жүр­гізудің кезеңдері (стадиялары) төңірегінде жұртшылыққа то­лығ­ырақ ақпарат беріп өтсеңіз.

- Қазіргі сот жүйесі бұрын­ғымен салыстырғанда айырмашылығы жер мен көктей. Соның бір мысалы, әкімшілік іс деген  бұрын бір хаттама, бір протоколдан  жасақталған екі бет  қағаз  болатын. 2001 жылы ҚР Әкімшілік құқық­бұзу­шылық туралы Кодек­с қабылданды. Сосын 2005 жылдан бастап республиканың әр облысын­да маманданды­рылған әкімшілік сот­тар­  ашылды. Бұл – заманның  талабы­. Статистикалық мәлі­меттерге қарасақ, жылдан-жылға, күннен-күнге қылмыстық істер азайып келеді. Мәселен, өз үйіңізде пісірілген немесе дайын­далған заттарды есіктің алдына шығып сата салмайсыз ғой? Мұндай әрекет белгіленбеген жерде сауда-саттық жасау болып есептеледі. Міндетті түрде әкімшілік бекіткен жерге апарып кәсібіңізді жүргізесіз. Бұрындары кейбір кісілер бақшада еккен қызанақ, қиярын сатып отыратын жағдайлар кезде­сетін. Бүгінде ол әкімшілік жауап­тылыққа әкеліп отыр. Яғни, әрбір әрекет­ заңмен реттелген. Әкімшілік заңнама бойынша кез келген істің өнді­рісі хаттама жасақтаудан басталады. Уәкілетті орган қарайды, көзбен көру немесе бейнежазба құралдарының көмегіме­н көру, өзге адамдардан келген­ шағымдар бойынша әкімшілік өндіріс­тік іс қозғалады. Хаттама жасақталған кезде азаматтар міндетті түрде онымен танысып, қол қоюы керек. Егер сыртынан жасақтап немесе оған ешқандай түсініктеме білдіру мүмкіндігі болмаса, хаттамаға шағым түсіруге құқылы. Сотқ­а арнайы өндіріс арқылы шағым беруг­е болады. 2015 жылдан бастап күшіне енген­ жаңа Кодекс бойынша арнайы тарау­ бар. Хаттама жасақтаушы лауазымды тұлғаның әрекетіне және хаттамасына шағым келуі. Бұл – әкім­шілік іс жүргізудің екінші түрі. Бір кезеңі бірінші саты соттарында қаралса­, одан кейін 10 тәулік ішінде осы Қызыл­орда облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасына шағымдана алады­, іс қайта қаралуы мүмкін. Үшінші  кезеңі – кассациялық  өндіріс. Астана Жоғарғы соты кассациялық сот есебінде істерді қайта қарайды. Осылайша істің соңғы нүктесі қойылады.

- Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезінде, сондай-ақ Елбасы өз Жолдауында сот жүйесінің жұмысына жаңа технологияларды ендіру туралы тапсырма берген болатын. Осы мақсатта біздің өңірде нақты қандай жұмыстар атқары­лып жатыр? «Виртуалды сот­тардың»  тиімділігі  неде?

- «Виртуалды соты» пилоттық жобасы­ толықтай іске қосылды. Облыс бойынша мамандандырылған әкімші­лік соттар, 100 пайыз десе де болады, «виртуалды сотпен» қаралып жатыр. Мұның қарапайым адам үшін қолжетімділігі зор. Мысалы, адам өзінің сот ісіне қатысуы керек. Конституция бойынша оның өз ісіне қатысуға құқығы бар. Міндетті түрде сотқа қатысу құқығын пайдаланғысы келген адамдар басқа қалада болса да, қолындағы смартфонынан-ақ арнайы бағдарлама бойын­ша көріп, қатысып, уәждерін айта алады. Сонымен қатар, мамандандырылған әкімшілік соттарда­ көп істер электронды қаралып жатыр. Бұрын шетелдік мигранттарға қатысты істерде оларды әкеліп соттардың ғимараты­нда күтіп отыратын. Адамдар көп болса, далада ұстап отыратын  жағдайлар кездескен. Қазір ішкі істер органының ғимаратында отырып-ақ электронды түрде тыңдап, қатыса алады. Бұл арқылы­ мемлекетке келетін шығын­дарды азайтуға  болады.

- Жоғары  Сот  төрағасы Ж.Асанов сот жүйесін дамытуда ұсынған жеті жобаны­ң  бірі – «Мінсіз судья» бағыты. Айтыңызшы, сіздіңше, «Мінсіз судьяның» «келбеті», оған қойылатын басты талап­тар  қандай  болуы  тиіс?

- Жеті талап негізінде «Мінсіз судья»­ жобасы жүзеге асып жатыр. Мінсіздік туралы айтар болсақ, әр сот өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Барлық жағынан қамтылғ­ан. Біреу оған мін таға алмайты­н болуы тиіс. Сот 24 сағат сот болуы керек. «Тура биде туған­ жоқ» дейді ғой қазақта. Судья болу үшін та­лаптар­ күшейтілген. Мәселен­, 30  жас­та, ойлау, жаза білу қабілеті жоғары болуы­  қажет. Эссе арқылы да  сынайды­. Ол  да  осы «мінсіз судьяға» қатысты. Судыратып сылдыр сөзді айтқаны­мен, көп адамдардың жазу деңгей­і төмен. Адам ойлай алады, айта алады, бірақ  соны  қағазға түсірген  кезде­ қиындыққа  ұшырап жатады. Сондықтан Жоғары сот төрағасы «мінсіз судья» талабы негізінде әр судьян­ың өзімен интерактивті түрде сөйлесіп, эссе есе­бінде өз ойын жазғызып, оның ішінде қандай грамматикалық, стилистикалық қате бар, соның барлығын тексеру арқыл­ы кадр сапасын арттыруды ұсынды.­

- Судьяның мінезінде қандай адамгершілік қасиеттер болуға міндетті деп ойлайсыз?

-  Міндетті түрде адамды тыңдай білуі қажет. Біз өз жұмысымызды сот процесі арқылы жүзеге асырамыз. Сол кезде адамды тыңдай білуіміз керек. Әріптестерімізде көбіне осы қасиет жетісп­ей жатады. Өйткені, біреулер айтаты­н сөзін неше күн ойланып келеді, егер сөзін үзіп тастап немесе тыңдамай қойсақ, адамның берекесі кетіп, не айтып не қойғанын білмей асып-сасып­ қалуы мүмкін. Кейін үйіне бар­ған соң тағы да ойланып, неге мынан­ы айтпадым деп өзін-өзі  жазғырады. Бұл жағдай­ арыз-шағым­дардың  көбеюіне ықпалын  жасайды.

- «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында жұмыс істеген кезде қандай да бір мәселелердің беті ашылды ма, мәселен, неке бұзу көрсеткіштері, алимент өндіру деген секілді...

- «Отбасылық соттың» мақсаты – ажырасуды азайту, балалардың құқығын қорғау, әкені тәрбиелеу. Кеңес заманнан бері әйелдікінің барлығы дұрыс деген­ тәрбиемен келе жатырмыз. Олар көп шағымданып, арыз жазады ажырасуға, сосын баласына алимент алады деген сияқты. Оның барлығы дұрыс ғой, бірақ кейде бүйте берсек, біз қауқарсыз, бір ғана анасының тәрбиесінде өскен, жұмсақ ұрпақтар қалыптастырамыз. Мұның әсіресе, ер балаларға қатысы зор. Тіпті киім кию талғамына дейін әсер етеді. Үйінде әкесі болса, ер балалар ондайды жасамас еді. Асқар тауына қарап бой түзер еді. Облыста неке бұзу көрсеткіші былтыр көбейген. Алимент төлеуден қашып құтылғысы келетін немесе­ тағы бір әйел алып, некеге тұрмаса да, тағы бала дүниеге әкелетін жағдайлар кездеседі. Екінші әйелімен бірігіп, амал ойлап, бұрынғы балала­рына төлейтін алиментті азайту мақсатында жұмыс істейді. Тұрып жатқан әйелімен бірге алимент мөлшерін азайт­у туралы ізденеді. Заң бойынша өтірікке жол жоқ. Десе де, бірге тұрып жатқан әйеліне де алиментке шешім шығарып қойған. Осылайша ол ер кісі бұрынғы әйелінің де, қазіргі бірге тұрып жатқан әйелінің де балаларына алимент төлейді. Қазір қалыптасқан практика бойынша біз алименттің мөлшерін төмендетуге жол бермей жатырмыз. Өйткені, әр баланың өз орны, өзіндік қажеттіліктері болады. Әке-шешесінің айырылысқанына баланың кінәсі жоқ, сол себепті оларға зияны тимеуі керек. Басқа өркениетті елдерде бұл қалыпқа келтірілген дүние.

- Маңғыстауда біршама жыл жұмыс істеп келдіңіз. Ол жақтағы жұмыс істеу жүйесі мен Қызылорданың айырма­шылығы  бар  ма?

- Маңғыстауда жер қашық. Түбекте орналасқан. Бұйығы деп те айта алмаймы­н, бес шет мемлекетпен шектесіп­ жатыр. Оларда жұмыс тәсілі бөлек. Сосын­  қарайтын істің мән-жайлары да өте өзгеше. Кеденге, шекара­ бұзуға, миграцияға қатысты істер көп. Ал қызылорданың адам­дары қарапайым бол­ғанымен, ойын ашық  айта  алады.

- Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Наурыз 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары