Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
ЖАСТАР ШЕКАРА АСУҒА НЕГЕ АСЫҚ?
18.04.2019 12:00

Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарға қатысты нақты статистиканың жоқтығын және оның бұрмаланатындығын жеткізді. Демек, бұл тұрғыда біздің елде проблема шаш етектен. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, ашық ақпарат көздерін­е сүйенсек, қазақ жастарының 45 пайызы шетелге кетуге ниетті екен.

Биыл «Жастар жылы» деп бекітілді. Жергілікті билік «жүрдім-бардым шаралардан арылып, нақты жұмыстармен айналы­самыз» деп уәде етті. Жақында облыстық жастар саясаты мәселелері басқар­масы алдағы жоспарларын жариялады. Байқағанымыз, олар қызы­л­орда­лық бүгінгі буын өкілдерін бизнеске бейім­деуді басты назарға алған тәрізді. Бұл бағытта бірқатар жоба жасаған екен. Әсіресе, ауыл жастарының әлеуетін арттыр­уға күш салған секілді. «Ауыл жаста­рын әлеуметтендіру жобасы аясынд­а 84 елді мекен қамтылып, жобаға 20  мыңнан астам жас тартылатын болады­. Жоба барысында аудандарға қарасты елді мекендерде кәсіби бағдарлану бойынша кездесу, құқықтық сауаттыл­ықты арттыру және мемлекеттік бағдарламаларды насихаттауға арналған семинар-тренинг, жастарды қоғамдық қабылдау, Жастар жылын атап өтуге арналғ­ан мерекелік кеш және спорттық сайыстар өткізіледі» деп облыстық жастар­ саясаты мәселелері басқармасы фейсбук әлеуметтік желісіне жариялады. Алғашқы сөйлемін оқып, «бәрекелді» дегенб­із, сөйтсек, соңғы жағы әдетте­гідей мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мен семинар-тренингке ұласатынын көріп, көңіліміз су сепкендей басылды. «Құлдан да бір тілек» демекші, бұл шарлардың барлығы «өтті-кеттімен» шектелмесе дейміз. Сондай-ақ, басқарма осы жылы Жаңақорған ауданында ауыл жастар­ының слетін және Түркі тілдес елдер­ жастарының халықаралық фестивалін  ұйымдастыруды қолға алғалы отыр. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жастар­дың қолөнер орталығын ашуды да ойластырған екен. Айтпақшы, 3500-ден аса студентке қоғамдық көлікте жеңіл­дікпен жүруге жәрдем жасалмақ. Әрине, мұның бәрі облыс көлемінде атқары­латын жұмыстар ғана. Ал еліміз бойынша ше?

Расы сол, «Жастар жылы» деп жарияланса да, қазіргі  қоғамдық көңіл күйдің басқа  жаққа  ауғаны  сөзсіз.

Енді әу бастағы тақырыбымызға оралсақ­. Біздің елдегі ең үлкен проблема – жұмыссыздық. Қазақстандық 4 миллион жастың 1 миллионы ауылдық жерлерде тұрады. Ауыл демекші, осы ретте Мұрат Бақтиярұлының сөзіне тағы да бір көз жүгіртсек.

– Екі жақты қарауымыз керек. Біріншіден,  мектептен  басталатын үгіт-насихат жұмысы аз. Екіншіден, ата-ана бала тәрбиесіне немқұрайды қарайды. Үшіншіден, арнаулы кәсібін меңгергеннен  кейін  «жұмыссыз  қаламыз  ба?» деген­  қауіп бар. Мектеп бітірген түлекте­рі­міздің  барлығы  жоғары  оқу  орнын  бітіруі шарт емес қой. Солай емес пе? Көп­теген дамыға­н  елдерде  мектеп­  бітірген азаматтарының 15-20 па­йы­зының  ғана жоғары білімі бар. Ал бізде  керісінше,  80 пайызы жоғары білім алуға тырысады. Мысалы, қазір елімізде 127 оқу орнында 500 мыңға жуық азамат жұмыс істейді. Тәуелсіздік  жылдарында 2 жарым­  миллионға  жуық  азамат ЖОО-нын бітір­ді. Соның бәрі жұмыспен қамтылды деп айта  алмаймын, - деді ол.

Мәжіліс депутатының сөзінің жаны бар. Бүгінде ата-аналардың көпшілігі көштен қалмай баласының білімін жетілді­руді ғана көздеп отыр. Дұрыс-ақ! Бірақ  «қазіргі нарыққа қандай мамандар қажет?» деген сауалдың жауабын іздеген­ емес. Қазір қос-қостан дипломы бар  педагогтер мен заңгерлер қаптап жүр. Дей тұрғанмен, олардың бәріне бірдей  жұмыс қайда?

Сөз басында еліміздегі жастардың  45 пайызы шетелге кетуге ынталы екен­дігін айттық. Көпшілігі сонда білімін жетілдіргісі келеді. Кейіннен қалып қоюды армандайтын көрінеді. Мұның да өзіндік себептері бар. Осы төңіре­гінде белгілі журналист Нұрбек Әмиша өткенде өз пікірімен бөліскен еді. «Болашақ» бағдарламасымен оқыған ол шетелдегі білім сапасы мүлде бөлек екенін жеткізді. Білім сапасы­ біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда­  жоғары  көрінеді. Бірақ алған тәжірибеңді іске асыруға елімізде мүмкіндік жоқтың қасы дейді. «Болашақ» бағдарламасымен оқыған жас­тардың біразы шетелде білімін жетіл­діреді  немесе  бизнеске барады. Қалғаны мемлекеттік қызметке араласады. Бүгінге дейін ел қазынасы есебінен  15 мыңнан аса жас шетелде оқыған көрінеді. Қалғаны­ қайда? Қайсысы ғылымға­ үлес қосып, инновациялық жобалард­ы  іске  асырып жатыр?

Қоғамды қозғаушы күш жастар екені даусыз. Әйтсе де, соңғы жылдары олардың елден кетуге ниеті нені білдіреді?

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары