Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
МЕНІҢ ӘКЕМ...
18.04.2019 12:02

Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

Кеш қарая салысымен мен қасыма бауырларымды жиып алып, әкеме ертегі айтуға қолқа салатынбыз. Ол кісі біраз қипақтап, ақыр соңында ертегісін айта жөнелетін. Қандай ертегіні айтпасын, мың құбылтып, тамылжытып, қызық­тырып  жеткізетін. Әлі күнге дейін есімде­  «Алтын сақа», «Жақсылық пен Жамандық» сияқты ертегілерді бірінен соң бірін біз ұйқыға кеткенше баяндайтын. Біреу «сенің әкеңнің қолынан не келеді?»  десе, «Ол нағыз сегіз қырлы, бір сырлы жомарт жан» дер едім. Әкешімнің саятшылық қыры да бар еді. Қыстыгүні аң аулауға кетерде шоқпарын ғана алатын. «Нағыз аңшы қасқырды жігітше айқасып жүріп алуы тиіс. Қас­қырдың маңдайы мен мұрын тұсында ең әлсіз бір тұсы бар. Сол жерді көздесе, сеспей қатады» дейтін. Аңшылыққа шыққан  күні  олжасыз  оралмайтын.

Тағы  бір  білек түріп айналысатын ісі – егін шарушылығы. Күннің көзі жылын­ды дегенше әкетайым жер жыртып, өткен жыл бойы жинаған тұқымдарын егіп әуре-сарсаңға түсетін. Жаз бойы осы егінді қорып, арамшөбін жұлып, суды шелектеп тасып құяды. Бізге айта қалса, бір бұрқылдап алып кететін­біз. Қарап отырсам, әкем сол кездің өзінде  ең­бекке баулып, қиындыққа қарсы  тұруға үйретсе керек. Біз­дің үйге келе қалсаңыз, құдды бір бау-бақшаға кіріп кеткендей ерекше әсерге ене­сіз. Себебі, әкем – табиғат жанашы­ры. Үйдің, мектептің айналасына  жас шыбықтарды  отырғызып, өсіп жайқалғанша  күтіп-баптайды.

Шөптен қалған жіптерді жинап әкеліп, арқанның түр-түрін өреді. Бізді арқанның неше өрімдігіне байланысты ұстатып, әбден тартқызып қояды. Үйдің ұсақ-түйек кем-кетігін де өзі жөндей береді­. Қолдан ат әбзелдерін, тұрмысқа қажетті заттарды жасай беретін. Бірде әжеміздің үйінің күл шығаруға арнал­ған қалағы қирап қалды. Әкем керекті мате­риалдарын әкеліп, әп-сәтте жасап берді.  Әжем  қуанғаннан:

- Енді құрбыларыма Әжайттың қолынан­ шыққан туындыларды алыңдар деймін, - деп мәз болып қалыпты. Кез келген­ шаруаны үйіріп әкететін әкем осылайш­а ауыл тұрғындарының көңілін аулайтын.

Әкемнің көңіл күйі болмаған кез­дерде біздің жымымыз шықпайтын. Оның өзі әкемнің тау тұлға екенін, оның отбасымыздағы тұғыры биік орнын айқынд­айтындай. Жанына жақын ағамыздан қалған серігі домбырасын қолға алып, қоңыр әуеніне салатын. Домбыраның сиқырлы сазы адамның алпыс екі тамырын идірткендей әсерлі.

Сан қырлы сандардың құпиясына бойлап, мамандығының майын ішкен жан осы уақытқа дейін шәкірттеріне бар білгенін үйретумен келеді. Ауыл ішінде атамнан басқа оны шахмат ойнаудан ешкім жеңе алмаған. Табиғаттағы тамаша­  көріністерді, жан-жануарларды шеберлікпен салғанын көргенде, тура бір тума талант дерсіз.

Сөз соңында айтарым, мен үшін ол кісі – баға жетпес байлық, ештеңемен айырбастауға келмейтін қымбат қазына. Оның әрбір қыры маған өмірлік тағылым деп білемін. Әкенің берген тәлім-тәрбиесін ешбір мектеп бере алмас. Үлгілі істерімен, ғибратты сөздерімен танылған менің әкем – тау тұлға.

Айзат  АРАЛБАЕВА,

М.Мәметова атындағы Қызылорда

педагогикалық жоғары колледжінің

3-курс студенті

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары