Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
БЕЛГІЛІ УАҚЫТТА БЕРІЛЕТІН КҮШ
18.04.2019 12:05

Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүргені жақсы ғой. Хош. «Білмегені – тоқсан тоғыз» бола тұра, білген бір то­ғызын жасыратындарға қандай баға беру керек? Ойланып  көрелік...

Осыған дейін газет бетін­де танымдық «Ойлы халық жайлы ой» атты мақал­амыз жарияланды. «Қазақтың қандай бол­масын, салт-дәстүрлері­нің, жөн-жоралғыларының, ырым-тыйымдарының айтарлықтай маңызы бар. Осы орайда ойымызға «қазақ өте ақылды болған» деп бір-бірімізге мақтана айтатын сөздің орала кеткені. Одан қалды, мағы­налы мақал-мәтелдердің мә­нін ұғынғанда «дана қазақ бәрін айтып кеткен ғой» деп таңыр­қайтынымыз  бар-ды. Рас, әр сөзінің астында терең ой, үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие, жақсылыққа на­си­хат жатыр» делінген-ді сонда. Әлгінде пайдалы һәм пайдасыз деп бастадық емес пе? Қайсысы екенін оқырманның өзі қорыта жатар, десе де қазір жай ғана ақпа­рат­тың (өтті, кетті) заманы­ екенін жоққа шығара  алмаймыз.

Біз бүгінгі ізденісімізде табиғаттың таңғажайыбы турасында ойымызды ортаға салмақпыз. Табиғатта белгілі бір уақытқа дейінгі және белгілі бір уақыттан соң берілетін күш болады екен. Сіз олармен таныссыз ба? Басыңызды изесеңіз де, шайқасаңыз да мақалаға аз-кем көз жүгіртіп өтке­ніңіз  жөн. Ол артықтық етпейді.­

Көктем келіп, ағаштар гүлдеп жатқан кезең ғой. Осы аралықта (3-5 күн) жеміс ағашын жел шайқап, біршама гүлін жерге түсі­ре­ді. Бұл – қалыпты құбылыс. Және міндетті түрде болады. Себебі, ағаш о бастағы барлық гүлді жеміске айналдыра алмайды екен. Көр­діңіз бе, бұл да болса, табиғаттың таңғажайыбы ғой. Ал, сол 3-5 күннен соң қан­ша жел, дауыл  болса да  ағаш пен гүлін ажырата алма­йды.

Бір қызықты қараңыз. Мұны қызық дегеннен гөрі, құдірет дегеніміз де жөн болар­. Ақбөкеннің лағы – құралай. Әр жыл сайын мамы­р айының аяғында «Құралайдың салқыны» деп аталатын күн райының құбылмалы кезеңі өтіп тұ­рады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт суытып, салқын жел соғады­. Өйткені, мамыр айын­ың алғашқы жартысында киіктер 2-3 күнде лақтап болады. Балалары жерде жатады. Күн суытысымен-ақ олар ызғарлы жер­ден­ тұрып, тәлтіректеп ая­ғын басып, енелерінің соңынан ерген күйі жүруді үйренеді. «Құралайдың салқыны» – Табиғат-ананың киіктердің лағын ширатып, тіршілік етуге қа­дам бастырып, тәрбиелей­тін қатал да ізгі мінезі. Ол ол ма, осы уақытта бө­кен­дерден жағымсыз иіс бөлі­неді. Сондай-ақ, бұл – қасқырлардың ауырың­қырайтын кезеңі. Әлгі иіс мұрнына барғанда қас­қыр­лар мүлдем еңсе тіктемей­тін көрінеді. Ал, бұл кезеңде құралай әбден аяқтанып алады. Киіктің желмен жарысатындай қауқары  бары анық. Демек, аяққа тұрған құра­лайдың жылдамдықты бірнеше күнде-ақ меңге­ріп, жыртқыштар­ға бой бермей  кететіні осыдан.

Құдайдың құдіреті, табиғаттың таңғажайыбы ғой, құралай аяққа тұрамын дегенше қылқанжапырақты өсімдіктің жанында жатады екен. Екеуі­нің түсі қатты ұқсайтын болғандықтан, «қаңғып» жүрген түз тағысы оны тіске  баса  алмайды.

Белгілі уақытта беріле­тін күштің мұнымен тоқтап қалмайтынын біз жақсы білеміз. Таңданудан, таңғалудан жалықпау керек. Тиісінше, таңдандырудан, таңғалдырудан...

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары