Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
ШЫҢЫРАУДАН ШЫҢҒА ДЕЙІН ҚАНША ШАҚЫРЫМ?
18.04.2019 12:12

«Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

Абай  Құнанбаевтың

«Жетінші  қара  сөзінен»  үзінді

Жаратқаннан ұлылықты сыйға алған ұлы Абайдың осы бір сөзіне барша адамзаттың тағдырымен қоса, танымы да сыйып кететін сияқт­ы. Тіпті, әрбір пенденің бүкіл өмірінің эпиграфы секілді. Шынында да, хәкімнің айтқан аталмыш сөзінің зор мәні бар.Тән құмары мен жан құмарының ара­жігін ажыратып, айқындап беріп тұр. «Есті адамның сөзін оқып-білген адамның өзі есті болады» дейді ол алтыншы қара сөзінде. Ал, біз осы құмарлықтың қайсысына көбірек көңіл бөліп жүр екенбіз?! Міне, алдағы айтарымыздың атылар оғы да осы жаққа ат басын бұрып тұр. Сәйкесінше, «Шыңыраудан шыңға дейін қанша шақырым?» деген сауалға қалай жауап қайырар едік?!

Алдымен «шыңырау» дейтін сөздің шын мағынасын ашып алайық. Шыңырау – тереңдік һәм төмендік. Ал, сол тереңнен жоғарыға дейін қанша қашықтық? Шын мәнінде, біз осы аралықты өзіміз жасаймыз, яғни барлық нәрсе айнадағы адамға тікелей байланысты. Бақсақ, осының бәрі мақсат дейтін ұлы ұғымға саяды. «Армандар орындалады, мақсатың айқын болса». Тұспалдап келген тұсымыздың «тұмсығына» да жеткен тәріздіміз.

Адам баласы алдына арман қойғаннан кейін, оған жетудегі жолының өлшемі мақсатына байланысты. Сондай-ақ, өзіне деген сенім нық болуы шарт. Сенім – мақсаттың қолшоқпары іспеттес. Егер осы тұрғыда ойланып, соған орай жұмыс істеген болсақ, бар әлемді өзімізге қаратқан болар едік. Мәселен, АҚШ мемлекетінің қазіргі басшысы Дональд Трамптың өмір жолын қысқаша көрелік. Биографиясына үңілсек, бұл кісі де кезінде біз айтқан шыңыраудағылардың бірі болған екен. Әбден өзді-өзінен жеңіліп, биіктен секіріп құлап өлмек болғанда қолын қалтасына салады ғой, сөйтсе азын-аулақ ақшасы бар екен. Содан басына «осы ақшаға сыра ішіп барып өлейін» деген ой келеді. Дәмханада сыра ішіп отырғанда қасына бейтаныс бір кісі келіп, екеуі танысып, біраз сөйлесіп, етене араласады. Осыдан кейін әлгі кісі Трампты қол астына жұмысқа алып, ойда жоқта жұмысбасты етеді. Одан әрі кейіпкеріміз өзінше дамып, бүгінде осындай жағдайға жетіп отырған жайы бар. Бұл тұлғаның бізге мәлім тұсы – осы. Сондықтан да, біз Трампты шегі жоқ шыңыраудан шымқай шыңға шыққан шын мықты деп танимыз. Олай тануым­ызға да негіз болып тұр ғой.

Сайып келгенде, әр тұлға өз өмірінің желісін өзі құрастырады. Ал, біз сөз қылған шыңырау мен шың турасына келсек, шын сөзіміз осы болар. Біреулер сол шыңыраудан шыңға тез жетіп жатады; біреу­лер болса, кеш жетеді. Ол дара жолмен жетті ме, әлде қара жолмен бе? Баз біреулер шыңырауда жүріп шыңға шығуды қажет те етпейді. Солайша өзін шыңнан көре алады. Біреулер бар, шыңда туып, шыңда қалатын. Қыран сықылды...

Бақытжан  ӨТЕГЕНОВ,

№41 мектептің 11-сынып

оқушысы,

Шиелі ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Сәуір 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары