Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 132 |
![]() | Кеше | 2076 |
![]() | Осы аптада | 2208 |
![]() | Өткен аптада | 15257 |
![]() | Осы айда | 35622 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3572642 |
БІРІККЕН БІТІРЕДІ, ҰЙЫМДАСҚАН ҰТАДЫ |
15.11.2018 10:58 |
Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндеттерін қалт жібермей келеді. Оған қол ұшын созып, бірліктің түбінде тірлік барын дәлелдеп отырғандар қатарында «Нұр Отан» партиясы да бар. Сонымен, сырбойылықтар қандай нәтижеге қол жеткізді? Судың сағасында отырып, егіншілер су тапшылығы мәселесін қалай еңсерді? «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесі қандай жұмыстар атқарды?
Жиында сөз бастаған Қызылорда облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Қ.Көшербаев мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асырудағы және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы жетекші партияның рөлін айтып өтті. Еліміздің бас партиясы мыңдаған қазақстандыққа көмек көрсетіп, мемлекет басшысының нақты жобалары мен бастамаларын жүзеге асырып келеді. Бүгінде осы мақсатта партияның Орталық аппараты ұйым қызметін жаңғыртып, цифрландыруды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған 20-дан астам әлеуметтік, стратегиялық және бастамашыл жобаларды қолға алды. Бұл бағытта біздің облыстағы цифрландыру аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы коммуналдық қызметтерді қосуға, техникалық шарттарды беру бойынша геоақпараттық онлайн сервис (geoservice.geoportal.kz) жұмысы республика бойынша үлгілі жоба ретінде атап өтіліп, Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасына таныстырылғаны естеріңізде болар. Одан қалды, ІТ-технологияларды қолдану арқылы балалардың білім алуына қолжетімділікті арттыру бағытында өңірде 13 ІТ-сыныптар жұмыс iстейдi. Аталмыш сыныптарда нақты кезеңде 65 бала тегін білім алуда. Мұнан бөлек, жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қалалық білім берудің оқу-әдістемелік орталығынан «ІТ-IMAQORDA» атты балаларға арналған технопарк ашылған. Ең басты бағыттарының бірі – «English for jastar» жобасы. Қазір бұл жоба аясында барлық ауданда 11 ерікті 350-ден астам ауыл балаларына ағылшын тілін тегін үйретуде. Болашақта шетелдік еріктілерді де әкелу қарастырылып отыр. - Қазіргі таңда өңірімізде 12 мыңнан астам «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі бар. Аудандық, ауылдық елді мекендерде мыңдаған еріктілер мен белсенділер де жұмыс істеуде. Білім – қай заманда болсын, өзекті, маңызды мәселе. Дамудың басты құралы да білім болып қала бермек. Мен «Нұр Отан» партиясының бастамасымен басталған «English for jastar» жобасының аудандағы үйлестірушісімін. Бүгінде аудан бойынша – 90, облыста 350-ден астам оқушыға ағылшын тілін үйретіп, оқытудамыз. Нәтиже бар. Жастардың ағылшын тілін игеруге деген құлшыныстары жоғары. Бұл әлеуметтік жоба болғандықтан, ақылы түрде тіл игеруге мүмкіндіктері жоқ балаларға үлкен көмек. Сондай-ақ, қаламыздың сол жақ жағалауында жастар орталығы бой көтеруде. Сыр жастарына «Жастар жылында» үлкен сый болмақ. Әйнекпен көмкеріліп, заман талабына сай салынып жатқан бұл ғимаратта жастарымыз шығармашылықпен айналысып, жаңа жобаларды жүзеге асырады деп сенеміз. Біз бұны әкелік қамқорлығыңыз деп білеміз, - деді аталмыш жоба қатысушысы, Сырдария ауданы Иса Тоқтыбаев атындағы №3 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Айдана Жәлиева. Ел ертеңі деп сенім үкілеп жүрген жастарға деген қолдау көрсетудің өзі – жетістік. Келешектің даму тетігі – білімде. Сол үшін де оқуға құмар, білімге ынтызар жастар үшін аймақ басшысы шетелде білімін жалғастыруға мүмкіндік сыйлап отыр. Сонымен қатар партияның кезекті есеп беру-сайлау жиынында ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар легі сөз болды. - Суармалы су тапшылығының алдын алу мақсатында шаруашылығымызға құрғақшылыққа төзімді перспективалы дақылдарды енгіземіз. Осыған орай, Алматы қаласындағы «КосАгроКоммерц» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зертханасы орталығына барып, өз жеріміздің топырағын зерттеуден өткізіп, бізге де соя дақылын егуге болатынына көз жеткіздік. Сондықтан алдағы жылы өз егіс алқабымызға 300 гектар соя дақылын егуді жоспарлап отырмыз, - деді «Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Тұрмағанбет» ЖШС директоры Н.Пірмантаев. Биылғы ауа райының қолайсыздығымен алысып, су тапшылығы мәселесін оңтайлы шешу Қызылорда егіншілері үшін оңайға соққан жоқ. Еккен еңбегінің нәтижесіне жете алудың өзін үлкен аманат санайтын диқаншы қауым аяқсудан тапшылық көргенін жиі айтып жүр. Бүгінде Қызылорда облысында 48715 партия мүшесі, 272 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді. Жиын соңында партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің екі жылдық жұмысы қорытындыланып, алдағы жоспарлары нақтыланды. Сондай-ақ, партияның саяси кеңес құрамына бірқатар азамат қабылданды. Н.ҚАЗИ |