Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Шеберлігі шыңдалған Шайхы-Ислам
16.11.2018 14:22

Қазалы қалалық мәдениет үйінде өткен қолөнер шеберлерінің көрмесін қызыға тамашалап жүргенбіз. Облыс көлеміндегі ұлттық өнерді ұлықтаған жандардың басын қосқан айтулы шара шынымен де жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. Қалың шоғыр арасынан жүзінен мейір лебі төгілген жас жігіттің алдындағы ғажап жасалған бұйымдар еріксіз өзіне тартты. Соның бірі ерекше пішінді, жеп-жеңіл әрі мінсіз дайындалған мүйіз сырнай болатын. Кәсіби дағдымызбен шебер жігітпен жақынырақ танысуды ұйғарып, сөзге тарттым. Жас шебердің «Арал ауданынан келдім. Аты-жөнім – Шайхы-Ислам Мағауияұлы» деген жауабын естігенде, өзімнің бірнеше жыл бұрын мақаламның басты кейіпкері болғаны санамда жарқ ете түсті. Арада өткен жылдар ағынымен Шайхы-Ислам біршама өзгеріпті. Шеберлігі де шыңдала түскені көрген жан бір тамсанбай өтпейтіндей жасаған бұйымдарынан да анық байқалып тұр.

Осы ретте кейіпкеріміздің өмірдерегіне аз-кем тоқтала кетсек. Шайхы-Ислам Мағауия аға мен Базаркүл апаның үш перзентінің кенжесі. Шайхы-Исламның осынау өзгеше кәсіпке деген құштарлығы сонау балалық шағынан қалыптасыпты. Саздан мүсіндер жасауға құмар ойын баласының зеректігі кім-кімді де елең еткізер еді. Небәрі алты жасқа қадам басқан балғынның жасаған төрт түліктің кептірілген мүсіндері көпшіліктің таңданысын туындатты. «Адамның тағдыры, өмір жолы шыр етіп дүниеге келгенінде алдын ала маңдайына жазулы тұрады. Соған орай тағдыр жолы өрбиді» деседі көнекөз қариялар. Рас болса, Шайхы-Исламның да пешенесіне бұйырғаны кез келгенге қона бермейтін қолөнер шеберлігі шығар, кім білсін?!

Білуімізше, Шайхы-Исламның есімін әкесі Мағауия кітаптан алып қойыпты. Ұғымы «Ислам ғылымының ғұламасы» дегенді білдіреді екен. Мұның да өзіндік сыры бар. Мәкеңнің әкесі Абдулла Қосым қожаның ұрпағы, Піркен ишаннан дәріс алған білімдар адам болыпты. Кеңес өкіметінің қысастығына шыдамаған бейбіт тұрғындар бас көтерген, тарих парағына «Асандар көтерілісі» деген атпен енген қанды оқиғаға қатысқан Абдулла қуғынға ұшырып, Қарақалпақстанға көшуге мәжбүр болыпты. Меккеге қажылыққа барып парызын өтегені үшін қудаланғанмен, Алланың ақ жолына деген сенімінен ажырамаған атаның ұрпақтары да адалдықты, адамгершілікті ту көтеруде.

Бала Шайхы-Ислам ермексаздан мүсіндер жасауды меңгерді. Басқа құрдастары ойын қызығымен жүргенде, біздің кейіпкеріміздің бар уақыты осынау өзгеге қиын да қызықсыз, өзіне нағыз жанның рақатындай сезілетін шаруаның жетегінде өтетін. Арада уақыт өте атақты қолөнер шебері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Құдайберген Құлманбетовпен жүздесті. Есімі елге кеңінен мәлім зергер мұны баласынбады. Білгенін үйретуден жалықпады. Шайхы-Ислам өзіне алдынан даңғыл жол ашылғандай күй кешті. Ағаштан, мүйізден түрлі бұйымдар дайындады. Зергерліктің қыр-сырына қанықты. Күмістен алқа, сырға, сақина, білезік дайындады. Батыр бабаларының құрметіне наркескен қылыш жасады. Шебердің сол күнгі қуанышында шек болмады. Өзін әлемдегі ең бақытты жандай сезінді. Сәл уақыт бұрын ұстазы Құдайберген Құлманбетовпен бірлесе арнайы тапсырыспен шолақ жеңді сауыт жасады. Қара күмістен дайындалған, салмағы жеті келі тартатын сауыт 18 мың сақина шығыршықтан құралды. Ұстазы дайындап берген шығыршықтарды тоқуға жиырма күнге жуық уақыт жұмсалды. Осындай аса күрделі жұмысқа қаншама жігер, еңбек, төзімділік қажет екенін өзіңіз есептей беріңіз.

Шайхы-Ислам Мағауияұлы республикалық мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен конкурста «Үздік жасампаз» аталымын жеңіп алды. Аудан, облыс, республикалық көрме-конкурстарда бірнеше мәрте топ жарды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсіпкерлік белсенділігін қолдауға бағытталған «Жұлдыздарға қара» қайырымдылық байқау жобасының аясында қайтарымсыз грант, облыс әкімнің «Сыр үміті» сыйлығын алу мәртебесін иеленді.

Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының басым бағыты кәсіпкерлік әлеуетін күшейту барысында заманауи үлгілерді еңгізу мақсатында ұйымдастырылған «Үздік жас кәсіпкер» байқауында I дәрежелі дипломмен марапатталды. Ағымдағы жылы «Өзіңе сене баста!» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көрме-байқауында облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының Алғыс хатын алса, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен ерекше жандардың шығармашылығына арналған VІІІ облыстық «Жүрек жылуы» өнер фестивалінде «Қолөнер» номинациясы бойынша бас жүлдені еншіледі. Алар асуың аласармасын, Шайхы-Ислам!

Жұмабек  Табынбаев,

Арал  ауданы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары