Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
ТЕХНОКРАТТЫҚ ЕЛГЕ АЙНАЛМАЙ, ҚАЗАҚ ЕЛ БОЛМАЙДЫ
29.11.2018 11:58

 

 

Асқар  ЖҰМАДІЛДАЕВ,

Ғалым


Мысалға, қазақ үлкен кісіні «сіз» деп сыйлайды.

Ал, Швецияда үлкен кісіге «сен» деуің керек. Егер оған «сіз» деп айтсаңыз, ол сізге қатты өкпелеуі мүмкін.

Логика мынандай: Адамның барлығы тең. Маған «сіз» дегеніңіз мені кемсіткеніңіз. Мұның жасы үлкен, сондықтан күш-қуаты аз, ақылы кем.

Демек, болашағы жоқ деп кемсітіп отырсыз дейді. Мінеки, шведтің логика­сы  осындай.

Бұған қарап шведтің логикасы жақсы, қазақтікі жаман деген қорытынды шыға ма? Жоқ.

Иә болмаса, қазақтың логикасы жақсы, шведтің логикасы жаман деген­ қорытынды шыға ма? Жоқ.

Бұдан шығатын қорытынды: әр елдің салты басқа, иттері ала қасқа. Демек, әр елдің, әр ұлттың мақсаты – өзінің әдет-ғұрпын, өзінің үрдісін заман талабына ұштастыра білу.

Мен мұны былай деп айтамын: Қазақ ел болып қалу үшін технократтық елге айналу керек. Технократтық елге айналмай, қазақ ел болмайды.

«Ұлттық намыс, ұлттық рух» деген сөзді қазақ көп айтады. Мұның барлығы технократтық реформа болмай, бос сөз болып қалады.

Рух деген не өзі?

«Ойбай, рух қайда?» деп сіз күніге жүз рет айғайлаңыз. Не өзгереді?

Бір бес минутқа сіздің рухыңыз көзін ашар, «әй не болып қалды, бұл не шу?» деп. Содан кейін қайтадан қалың ұйқыға кетеді. Рухыңыз ұйықтамай, мүлгімей, сергек жүру үшін оның артында бір тірек болу керек. Бұл тірек – технократтық.

Яғни, қазақты өзгелерге мойын­дататын өзінің жасайтын бірдеңесі болу керек.

Қазақ деген – ақылды халық. Мінеки, жасаған заттарын қараңыз дегізетіндей.

Мысалға, жапондық сапа дейтін ұғым бар. Ол не? «Тойотаны» айтайық. Оны жұрттың барлығы алады. «Сониді» айтайық. Оған деген сұраныс сұмдық. Жапон компьютер жасас­а, бүге-шігесіне дейін керемет қылып, түбін түсіре жасап шығады. Сондықтан, жапондық өнімге жұрт­тың  барлығы  басын  иеді.

Тағы бір мысал. Жапонның жазушысы мықты дейді. Мураками дейтін қаламгер бар оларда. Қазақта Дулат Исабеков дейтін жазушы бар. Салыс­тыра  түссек, Дулат ағамыздың таланты Муракамидің талантынан асып түспесе, еш кем емес.

Бірақ, жұрттың барлығы Муракамиді біледі, Дулат ағамызды қазақтан өзге ешкім білмейді. Неге олай?

Бұл жерде тағы да Абайға оралуымыз керек. Шәкәрім қажы «Ибраһим мырза хәкім еді. Данышпан еді. Әттең  тұрған  жері қазақтың іші бол­ғандықтан  ұлылығы көрінбеді, қадірі азырақ білінді» дейді.

Дулат ағамыз да қазақтың мықты жазушысы. Бірақ, қазақтың арасында жасағандықтан қадірі азырақ білініп тұр. Неліктен? Өйткені, жапонн­ың «тойотасын» айттық, «сониін­», компьютерін айттық. Жапонд­ық сапа, жапондық іс дейтін ұғым бар. Дүниеде жапондар жасаған өнім жайында «бұл керемет, сапалы» деген түсінік қалыптасқан.

Сондықтан, жапон болғандықтан да Муракамиді мықты жазушы деп таниды.­

Егер қазақтар да мықты бір ком­пьют­ердің түрін ойлап тапса, небір автокөліктерді жасайтын болса, онда бізге де қатысты осындай бір түсінік­тер қалыптасар еді. Қазақ ісі, қазақы сапа деген ұғым пайда болар еді.

Сонда бұл сапаның басқа да салаларға септігі тиер еді. Сонда барып Дулат ағамыздың аты әлемге жайылар еді.

Ал енді біреулер айтады: «Технократтық болмасақ та дүниеден құрып кетпейміз» деп. Бұл да рас. Құры­маймыз.

Бірақ дүниеде елдің екі түрі болады. Жетекке жүретін ел және жетектейтін ел. Мысалға, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердің басты­ мақсаты керемет компьютерлерді шығару да, өзге елдердің мақсаты солар шығарған компьютерлерді сатып алу.

Қысқаша айтқанда олар өндіруші ел де, қалғанының барлығы солардың өнімін тұтынып, жетегінде жүретін елдер. Бұл дегеніміз – экспансияның жаңа түрі.

Оны былай түсіндірейін. Мысал­ға, рухани байлықты алып қарайық. Бұл мәселе Жапонияда болуы мүмкін. Жұрттың барлығы технократ болып кетті, рухани құндылықтар құлдырады деп ол жақта біреулер мазасыз­дануы мүмкін. Ал бізге не керек­  ол?

Мықты елдер айтады: «Сен менің тауарымды сатып ал, міндетің сол. Қалған уақытыңды рухани байлық қайда кетті, тілдің халі неге мүшкіл деп өткізе бер. Осыны анықтау үшін жиналыс жаса, конференцияларды үзбей өткіз, даулас, таласқа түс, ойбайғ­а сал. Бірақ, біреуің «гайка» бұрама, біреуің компьютер шығарма, көлік құрастыруды үйренбе. Мұның барлығын сен бізден алсаң болады» дейді.

Өкінішке қарай біздің зиялы қауым осыны түсінбей отыр. Бұл қазаққа өте қауіпті нәрсе. Тағы да айтам­. Қазақ қазақ болып қалу үшін ең алдымен технологиялық және технокр­аттық жетістікке жету керек. Мұндай жетістік болатын болса, жас баланың өзі мұны мақтаныш тұтатын болады.

Өйткені іс сөзді бастайды. Қазір қазаққа ең керек нәрсе технократтық көзқарас, технологиялық жаңалық және осының барлығын Абаймен, ұлттық бағыттағы тәлім-тәрбиемен ұштастыру. Мұндайдың мүмкін екенін әлемдегі озық ойлы елдер дәлелдеп  берді.

Мысалға, Кореяны, Малайзияны, Жапониядай елдерді алып қарайық. Бұлар қанша жерден мықты ком­пьютер жасаса да, өздерінің ұлттық салт-санасын алтын құсап сақтап, дамы­тып  отыр.

Жапондарда калиграфия деген өнер бар. Бұл – әдемі жазу деген сөз.

Әдемі жазу кімге керек деп қазақ оны түсінбейді. Есесіне бізде айтыс өнері  бар.

Біз кейде мақтанамыз, айтыс қа­зақта ғана бар, басқа ешкімде жоқ деп.

Неге ешкімде жоқ? Өйткені ол ешкімге керек емес.

Бұдан шығатын қорытынды әркімнің менталитеті, сана-сезімі, әдет-ғұрпы бөлек болады. Анаған-мынаған  далақтай  берудің  де  қажеті жоқ.

Абайдың сөзі бар тағы да. «Ақсақал айтты, бай айтты. Кім болса мей­лі, сол айтты. Ақылменен жеңсеңіз дейді. Мінеки, біз осы сөзді ұмытпауға  тиіспіз». Анау айтыпты, мынау бүй депті деп, анадан бір жұлқып, мынадан бір жұлқудың керегі жоқ.

Сіз өзіңіздің әніңізді, күйіңізді сақтаңыз. Сіз жеті атаңызды білу дәстүрін дәріптеңіз. Осының барлығын сақтай отыра, жаңа заманға бейімде­ліп, технократтық елге айналыңыз. Сонда ғана қазақтың болашағы  болады.

 

Abai.kz

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары