Өзекті мәселелер

  • 15.08.19

    Қала әкімдігінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Бұған дейін мәжіліс залында ине шаншар орын болмайтын. Бұл жолы орын бос болды. Шамасы, ақжағалылар тамылжыған тамызда тынығуды жөн санаса керек. Жә, бастысы, ол емес.
    Аппарат мәжілісінде екі мәселе таразыға тартылды.

    ...
    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Өткен аптада Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылдық округінде қарбыз шырынын шығаратын цех алғашқы өнімін сынақтан өткізді. «Енді Жайылмада қарбыз кластері дамиды» дейді білетіндер. Лайым солай болғай! Естеріңізге салайық, осыдан тура 6 ай бұрын өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сүйінші жаңалықты Жаңақорған ауданының әкімі  Ғалым Әміреев бірінші болып жеткізген-ді. Сол кезд...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Жасыратыны жоқ, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың көп нәрсеге мүмкіндігі жоқ деген қате пікір әлі де бар. Алайда әр пенденің бұйыратын өз несібесі бар. Біреудің қолынан келмеген іс екінші адамның қолынан тууы мүмкін. Сол секілді айналадағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбекпен жетіп жатқан жұмыстарына қолдау көрсетіп, шынайы баға беруді міндет санағанымыз жөн. Сондай өмірге құштар, ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Кәсіпкерлік дамыса, еліміз де өркениетке өрлейді. Жұмыссыздық азаяды. Нарық халыққа қажеттіні қамтиды. Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлерге қолдауды арттырды. Іскерлік мүмкіндігін молайтты. Солардың қатарында сырдариялық тұрғындар да мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде. Мұны облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы  мен ...

    Толығырақ...
  • 15.08.19

    Сәрсенбінің сәтті күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Әкімовтың қатысуымен брифинг өтті. Бір ерекшелігі, Олжас Азатұлы қашанда өзімен бірге спорттың әр түрінде жеңімпаз атанып, ел намысын қорғап жүрген қызылордалық өрендерді баспасөз мәслихатына  ертіп әкеліп, БАҚ өкілдерімен бетпе-бет жүздестіреді, кері байланыс орна...

    Толығырақ...
«Ел тірегі - Елбасы»
30.11.2018 14:17

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының аванзалында «Ел тірегі - Елбасы» тақырыбында Тұңғыш Президент күніне арналған кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - Тұңғыш Президенттің көрнекті саясаткер, Ұлт көшбасшысы ретіндегі тұлғасын, тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру және дамытудағы еңбек жолы, тарихи кезеңдер туралы маңызды жаңа әдебиеттермен таныстыру. Жас ұрпақты,  Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, идеясы ерен, келешегі кенен мақаласымен таныстыру. Төл руханиятымызды дамытуға ерекше серпін берген Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақ жұртының тарихи түп-тамыры өте тереңде  жатқанын, мықты далалық өркениетіміздің бар екенін көрсету.

Көрмеде көне заманнан бүгінге дейінгі мемлекет шежіресінен сыр шертетін әдебиеттер орын алған. Халқымыздың салт-дәстүрі, рухани байлықтарымыз, ұлттық болмысымыз бен терең тарихымыз жайлы жаңа әдебиеттер ұсынылды.

Мерекелік шара облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратованың құттықтау сөзімен ашылды. Шарада Елбасы туралы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  ғылыми қызметкері Ахметбек Бақытжан, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшісі, майор Ерлан Абдуллаев ой толғамдарымен бөлісті.

Шараға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің  оқытушылары, БАҚ өкілдері, «Болашақ» медициналық колледжі студенттері, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметкерлері қатысты.

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары