Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
Ел бағына біткен Елбасы
03.12.2018 12:38

Қаладағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара өтті. «Елімнің бағы – Елбасы» атты шараға қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов арнайы қатысып, қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.

– Құрметті жерлестер, ардақты бүгінгі іс-шараға жиналған қауым! Сіздерді 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – тәуелсіздікті енді ғана алып, дербес мемлекет атанған күн. Өйткені 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент сайлауында Н.Әбішұлы барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болды. 1991 жылғы 12 желтоқсанда егеменді ел ретінде алғаш рет өткізілген жалпыхалықтық сайлауда Қазақстанның тұңғыш Президенті болып Н.Назарбаевтың сайлануы ел өміріндегі елеулі оқиға ретінде есте қалды. Бұл өтпелі кезеңде басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Н.Назарбаевтың дана саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, діліміз және дініміз қайта құралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Нәтижесінде еліміз аз уақыт ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің байрағы көтерілді. 150-ден астам елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнап, өзінің дара жолын таңдады. Қазір міне, еліміз бүкіл әлемнің назарын аударған айтулы мемлекетке айналды. Осындай тілегі бір, шаңырағы биік біртұтас елде Тұңғыш Президент күні мерекесінің тойлануы елдігі ерен, бірлігі бекем, ынтымағы мен ырысы жоғары халықтың ғана еншісіне тиесілі үлкен сый, - деді Шахмардан Асқарұлы.

Расында да, қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Н.Назарбаевтың тұсында жетті. Тәуелсіз еліміздің ғасырға бергісіз әр жылында, әр күнінде еліміздің болашағы үшін аса маңызды шешімдер қабылданып, айтулы тарихи оқиғалар жүзеге асты. Қазақстан әлемнің адуынды мемлекеттер қатарынан өз орнын ойып тапты. Ерке Есілдің жағасында ертегілер еліне бергісіз әсем қала астанамыз өмірге келді. Астана – Елбасының төл жобасы, төл туындысы. Еліміздің жүрегі. Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шарада Елбасының бастамасымен Есілдің бойына қонған еңселі Ордамыз жайлы жыр шумақтары да оқылды. «Қауырсын қалам» жас ақындар үйірмесінің қатысушылары өздерінің балаң тілектерін қоса айтты. Ал екі дүркін «Алтын домбыра» иегері, жерлесіміз Мұхтар Ниязов еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын дей келе, «қазақтың қазаны оттан, азаматы аттан түспей, бейбіт елдің берекелі күндері көп болсын» деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Мұнан бөлек айтулы күнде халқын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы, әлем мойындаған бүгінгі заманның көшбасшысы, табанды күрескер Н.Назарбаев жайлы бейнебаян көрсетілді. Онда қорыққанға қорған, тарыққанға пана бола білген өз елінің шын перзенті Н.Әбішұлының ерен еңбегі суреттеліп, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында аянбай келе жатқан саясаты сөз етілді. Бүгінде әлем қазақ елін ұстанымы берік, ғаламдық деңгейдегі жауапты істерге белсенді араласатын әрі салиқалы бастамалардың басында тұратын тұрақты мемлекет деп таныса, мұның бәрі – Елбасының арқасы.

Мерекелік шара одан әрі «Нұргүл» халықтық би ансамблінің әсем биімен өрбіп, Сыр елінің жас әншілерінің орындауындағы әндерімен жалғасты. Сондай-ақ, «Сырлы саз» халықтық фольклорлық ансамблінің орындауындағы шығармалар қойылды.

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары