Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Саладағы серпін
03.12.2018 15:15

Уақыт өткен сайын елдегі денсаулық сақтау саласы дамып келеді. Жаңа стандарттармен толығып, сәйкесінше қызмет көрсету түріне де өзгеріс енуде. Облыстық медициналық орталығында өткен баспасөз туры барысында мамандар емдеу ұйымдарының қабылдау бөлімдері туралы сөз қозғады.

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі №450 бұйрығында Қабылдау бөлімшесі квалифицендірілген (шұғыл) медициналық көмек көрсететін, маңызды кеңес беру-емдік-диагностикалық бөлімше болып өзгеріске енді. Қазіргі уақытта өздеріңіз көргендей, медициналық орталығы стандартқа сай жұмысын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасы, облыстық периниталды орталық, аудандық ауруханалардың қабылдау бөлімдері де жаңа жүйе бойынша қызмет көрсетуде, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Раушан Бактыберлина.

Енді келген пациенттер медициналық іріктеуге сәйкес үш топқа бөлініп ем алады. Жасыл аймақ бойынша сырттан бөлек есік ашылып, арнайы кабинеттер дайындалған. Мұнда жоспарлы науқастар қабылданады. Сыртқы есік алдына мрамор төселіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы пандус салынған. Ал сары аймақ бойынша шұғыл емес медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер дертіне дауа табады. Бұл үшін де арнайы іріктеу залдары ашылған. Онда функционалды кереуеттер қойылып, жан-жағы ширмалармен бөлінген. Кардиомониторлар бар. Емделушілер бір жерде мультдисципнарлы, яғни хирург, терапевт, кардиолог, невролог, реаниматолог және тағы басқа мамандарға қарала алады. Медициналық консоль нүктелерінің жүргізілуі дәрігерлер жұмысына қарқын бермесе, кемітпейтіні анық. Керек кезде науқастанған кәсілерге лабораторлы және инструменталды зерттеулер (ЭКГ, УДЗ, ФГДС) жүргізілмек. Қызыл аймақта арнайы кабинетте қарқынды медициналық көмек көрсетуді қажет ететін пациенттер қабылданады. Олар үшін дефибриллятор, кардиомониторлар және тағы басқа қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қабылдау бөлімшесіндегі тағы бір жаңалық – ота жасау бөлмесі мен ауруы белгісіз науқастарды динамикалық бақылауға уақытша жатқызатын диагностикалық палаталар ашылды.

Жедел жәрдем станциясы мен аурухана арасында орнатылған «КӨМЕК» бағдарламасы ақхалаттылар үшін тиімді жоба болыпты. Көпшілікке көрсетіліп тұратын мониторда ауруханаға келе жатқан жедел жәрдемнің нөмірі жазылған. Науқасты алып шыққаннан бастап жағдайы нақтылана бастайды. Келгеннен кейін қабылдап алу батырмасын басып, емдеу аймағына қарай жөнелтіле береді. Тиянақтылық, оперативтілік деген осы.

Медициналық қызметтің сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың бірі – қабылдау бөліміне келген ауыр жағдайдағы науқастарға қажетті мамандар арнайы қондырылған «SOS» жүйесі арқылы тез әрі жылдам шақыртылады. Мұндай шақырту беріліп, дабыл қағылған сәтте дәрігерлер бөлімшеге жылдам жетуге тырысады.

Қабылдау бөлімінің шұғыл науқастарды қабылдау жағының кіреберісінен күту залы мен тіркеу бөлімі ашылған. Жүйе бойынша пациенттерді іріктеу үшін арнайы триаж медбикесі бөлініп, медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ, күту залында науқастың таныс, туыстары отыратын орындықтар қойылып, теледидармен жабдықталған. «Ана мен бала» бөлмесі де күту залында отырған кішкентайларға жасалған жағымды жағдай.

Баспасөз туры барысында урология бөлімінде жасалып жатқан отаға да кеңінен тоқталды. Астана қаласындағы ғылыми орталықтан келген маман Бақтияр Ғалымұлы 4 ота жасауға дайындалып келіпті. Бұған дейін Израйль еліне барып, біліктілігін арттырған ол Қызылорда облысындағы әріптестеріне көрген-түйгенін айтқан.

- Сыр өңіріне келгендегі негізгі мақсатым – аймақтағы урология қызметін дамытуға үлес қосу. Біз бүгін аймақтағы әріптестермен бірлесіп бүйректің ісігі, бүйректің тас ауруы, әйелдердің зәр ұстай алмау ауруына қарсы күрделі ота жасадық. Жаңа технологияны, заманауи медициналық құрал-жбдықтарды пайдалана отырып өз тәжірибеммен бөлістім, - деді урология саласының білікті маманы Б.Ғалымұлы.

Мемлекет жаңа стандарттар ұсынып, қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздеп отыр. Бұл өз кезегінде облыстағы медицина саласын жүйелендіріп, бірізділікке түсіруде. Ал дертіне дауа іздегендер үшін сапа – басты орында.

Ж.Қойшыбекова

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары