Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА – ДАМУДЫҢ ДРАЙВЕРІ
06.12.2018 10:00

«Baikonyr  Invest»  Х  инвестициялық  форумы

Сыр өңірінде дәстүрге айналған «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы биыл оныншы мәрте өтті. Облыстағы түрлі компаниялардың шетелдік және отандық инвесторлармен тиімді әріптестік байланыс орнатуына бағытталған басқосу жаңа бастамалардың қарқын алуына ықпал етеді. Айтулы жиын ғылым мен бизнесті үндестіріп, мол қаржы талап ететін шаруалардың ұйытқысы болуда ұтымды рөл атқарады.­ Сөзімізге тұздық болу үшін айталық, алдыңғы 9 форумның нәтижесі жоғары жетістікке жеткізген болатын. 100-ге жуық меморандумға қол қойылып, шыны, цемент, ферроқорытпа зауыт­тары сияқты ірі инвестициялық жобалар­ жасалып, оған 110 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды.

Бұл жолғы форум жер кіндігі Байқоңыр­ға табан тіреп, ондағы ғарыш айлағына экскурсиядан басталды. Қатысушы­лар киелі Қорқыт ата мемориалдық кешеніне аялдап, ерекше сәуле­тін тамашалады. Одан ары ғарышкерлер мұражайына, ғарыш айлағына барып, «Союз» ғарыш кемесінің көкке көтерілуіне куә болды. МКС-58/59 ғарыш экспедициясының негізгі экипажының құрамында ресейлік ғарышкер Олег Кононенко, канадалық астронавт Давид Сен-Жак пен америкалық ға­рышкер Энн Макклейн бар. Бұл 11 қазан күні Байқоңырдан ұшқан «Союз МС-10» кемесі апатқа ұшырағаннан бергі ғарышқа көтерілген ең алғашқы кеме екенін  айта  кетейік.

-Шынайы ықыласпен сіз­дердің өлкелеріңізбен танысудамын. Шын мәнінде, Қызылорда – ғарыш саласының символы. Мен, әсіресе, әуе-ғарыш саласы бар аймақтан, яғни осы саладағы еуропалық үздік кластерлердің бірі болып табылатын «Airbus» компаниясының Отаны – Тулуз­адан болғандықтан, бұл ерекшеліктеріңізге аса мән беремін. Біздің екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстар тығыз, президенттеріміздің 18 қазанда Брюссельде өткен кездесуі соның бір дәлелі болып табылады. Бұдан басқа, Қазақстанда көптеген франциялық компаниялар жұмыс істейді. Өзім жақсы танитын «Airbus» қазақстандық серіктестерімен екі бірлескен кәсіпорын құр­ды: бірі - «Казахстан Инжиниринг» және тікұшақтар шығаратын «ЕСКЕ» зауыты, екіншісі - спутниктерді дамытумен айналысатын «Ғалам» және қазақстандық «Ғарыш сапары». Мұндай ынтымақ­тастық үлгілері Франция мен Қазақстан арасындағы байланыстың артуына мүмкіндік беруі тиіс. Француз-қазақстандық қарым-қатынастар екі ел астанасы арасындағы қарым-қатынас емес, көптеген мақсаттар мен мүдделер бөліп тұрған екі халықтың арасындағы байланыс ретінде орталықсыздандырылған ынтымақтастықты одан ары жалға­стыруға шақырамын, - деді Франция Республикасы Ұлттық Ассамблеясының «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы, депутат Пьер Кабарэ.

Форум «Жасыл» экономика – өңір дамуының жаңа бағыты» тақырыбында өрбіді. Халықаралық және отандық бизнес құрылымдардың, қар­жы институттарының, корпорациялар мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швейцария, жалпы 14 елдің делегациялары  қа­тысты.­ Алғашқы болып сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев инвест форум­ның игілігі жайлы тарқатты.

- Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын баламалы энергети­каны  дамыту жөніндегі міндеттерді орындау­ мақсатында біз бүгінгі «жасыл» эконом­икаға – өңір дамуының жаңа бағыты ретінде арнадық. Біздің облысымыз күннің белсенділігі жоғары аймақ екенін атап өткім келеді. Облыста күн сәулесінің орташа жылдық ұзақтығы 3 мың сағаттан артық. Бұл – күн электр станцияларын салу мен дамыту үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан «Жасыл­» экономика тақырыбын біз кездей­соқ таңдап алған жоқпыз, - деді облыс  әкімі.

Аймақ басшысының айтуынша, келесі­ жылы өңірде жалпы қуаты 170 МВт болатын 4 күн электр стан­циясының құрылысы басталады. Айта кетейік, қуаты 60 және 10 МВт болатын Қызыл­орда қаласының сол жағалауында және Жаңақорған ауданында «HydroEnergy» АҚ (Болгария), Жалағаш ауданында қуаты 30 МВт – «Total Eren» (Франция) компаниясы, Шиелі ауданында қуаты 70 МВт – «Samruk Kazyna – United Green» компаниясы және «Авелар Солар­ Технолоджи» ЖШҚ (Ресей) күн электр  станциясын  салатын  болады.

Форумның пленарлық отырысында қадірлі меймандар пайымды пікірлерін ортаға салды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комите­тінің төрағасы Ерлан Қайыров Қызыл­орда облысындағы негізгі капиталға салы­нған инвестицияның өсімі жақсы екенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, аймақтың өңдеу өнеркәсібі 1,9 есеге артқан. Осындай еселі еңбектің арқасында Сыр өңірі негізгі капиталына инвес­тициялардың өсу қарқыны бо­йынша көшбасшы үштікке енген.

Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елші­сі  Филип Мартинэ жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тәжірибесімен бөліскеніне қуанышты екенін жеткізді.

- «Total Еren» француз компаниясы қазақстандық серіктестермен бірлесіп Жалағашта күн электр станциясын дамыту­ға міндеттеме алды. Жұмыстар алдағы аптада басталып, келесі жылдың қазан айына дейін жалғасады, - деді Филипп  Мартинэ.

Форум аясында «жасыл» экономи­каның  жеті  негізгі бағытын қамтитын 4 секцияның жұмысы өтті. Оған «Siemens» (Корея), Huawei Technologies (ҚХР), 4Kz Inc (АҚШ), «Авелар Солар Технолоджи» (РФ), «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық Аралды құтқару қоры» компанияларының өкілдері қатысты. Секциялардың бірінде қызылордалық «Ибрайхан» компаниясы мен «Smart Rubber» серіктестігінің жұмыстарына тоқталды.

- Бүгін көптеген елдер үшін «жасыл экономика» мемлекеттің экономикасының өсуіне және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың драйверіне айналды. Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың орталығы атынан, Сыр өңірінде өткізілетін кездесуіміз жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғысымызды білдіреміз. Мемлекет басшысы тұрақты даму, экология және озық технологияларды енгізу­ мәселелеріне бірінші кезекте назар­ аударады. Қазақстан ТМД-да бірінші болып «жасыл» экономикаға көшу үшін институционалдық жағдай жасады. Атап айтқанда, 2007 жылы «Экологиялық кодекс», 2009 жылы «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалан­уды қолдау туралы» Заң, 2013 жылы нысаналы индикаторлары бар «жасыл» экономикаға көшу Тұжы­рымдамасы қабылданды. 2015 жылдың қыркүй­ек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессия­сында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астанада ЭКСПО көрмесінің инфрақ­ұрылымы мен мұрасы негізінде жасыл технологиялар мен инвести­циялық жобаларды дамыту жөніндегі халық­аралық орталықты ашуды ұсынды. Ол 27 сәуірде Үкіметтің қаулы­сымен құрылып, ағымдағы жылдың мамыр­ айында Орталық XI Астана экономи­калық форумы аясында таныс­тырылды. Біздің миссиямыз – Қазақстанның «жасыл» экономикаға жедел көшуіне жәрдемдесу. Орталықтың негізгі қызметі Қазақстан Республикасында, болашақта аймақтың Орта Азия елдерінде жасыл технологияларды дамы­ту жолымен «жасыл» мәдениетті қалыптастыру және экологиялық про­б­ле­маларды шешу болып табылады, - деді «Жасыл технологиялар және инвести­циялық жобалар халықаралық орталығының» ҰАҚ басшысы Рапиль Жошыбаев.

Алқалы басқосу соңында ынты­мақтастық  туралы  12  меморандумға қол қойылды. Олар жаңартылатын энергия­ көздері, инвестициялық жобалар­ды дамыт­у және «жасыл тех­нологияларды» енгізу саласына бағытталып отыр. Сондай­-ақ, керамика зауыты­н  салу  туралы­  келісім  де  бар.

 

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА,

Б.Есжанов (сурет)

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары