Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
КИІМДІ НЕСИЕГЕ АЛАСЫЗ БА?
06.12.2018 11:35

Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе баспана рәсімдейтін. Бүгінде кредитке киім алу осыншама факторлардың көш ба­сында  тұр  екен.

Ұлттық банктің мәліметінше, адамдар көп жағдайда несие­ні ойланбай рәсімдейді. Олар қатты қажеттілік болмаса да, банктен ақша алғысы келіп тұрады дейді. Аталмыш банктің қаржы меңгерушісі «Соңғы кезде­ кредитке киіну сәнге айналды. Адамдар жаппай қарызға киіне бастады» деп ақпар берген. Бұған себеп қайсы, салдары қандай? Сауалымызды әрқашан сұлулық атаулыны сүйетін, құлпырып жүруді қалайтын қыздар қауы­мына  қоюдан  бастадық.

Асыл Әскербекова, 19 жаста:

- Жеке пікірім, несиеге киім алуды қолдамаймын. Қазір таңдаған мамандығым бойынша оқу орнында білім алып жатырмын. Достарым да, қыдыратын уақыт та көп. Тек ақша ғана аз. Шәкірт­ақы аламын деп ел қатарлы неси­е рәсімдеуіме болады. Дегенмен, несиеге алған киімді қарызды төлеп біткенше емін-еркін кие алмаймын деп ойлаймын. Өйт­кені уайымдаймын. Егер қарызды  төлей алмасам, үстеме пайы­зы­ да  қосылады. Міне, сонда болады­ «қызық». Бойжеткендердің әрдайым әдемі болғаны жақсы ғой. Десе де кредитке басын­ байлап­ әсемдену дегенді құптағым  келмей­ді.

Жұлдыз Қалиева, 21 жаста:

- Менің ойымша, әрбір мүм­кіндікті дұрыс пайдалана білу керек. Өйткені, адам көркі – шүберек. Сосын қазір «киіміне қарап  қарсы алып, біліміне қарап  шығарып салатын» заман екені белгілі. Сол себепті әдемі болып жүрген дұрыс деп ой­лаймын. Мысалы, қолындағы қаржыны бірден  бере  салғанша, банк карточкалары  арқылы  бөліп  төлеген  ыңғайлы. Тек бұл жерде бір ескеретін жайт бар. Сатып алуын алып, кейін оны төлей  алмай­  қиналып жүру деген­ мәселе. Бұған қаржылық сауаттылық, өзін-өзі басқару қабілеттері қажет. Сауда жасау да, шоппинг жасап дүкен аралау да – қыз-келі­ншектер үшін үлкен жұмыс, ұнайтын шаруа. Дегенмен, жа­уап­кершілік – басты орында. Тек сапалы, жақсы дүниеге­  жұм­саса, өте  дұрыс. Мен  қолдаймын.

Байқағанымыздай, бойжеткендердің пікірі екіге жарылды. Бірі қолдаса, екінші тарап дұрыс емес деп санайды.

Биыл 2017 жылмен салыс­тырғанда несие рәсімдеген қа­зақстандықтардың саны 25 па­йызға артыпты. Бұл – Ұлттық банк таратқан ақпарат. Айталық, екінші деңгейлі банктерден алын­ған қарыз сомасы 10 трлн теңгеге жетіп жығылыпты. Оның ішінде үй салуға және үй алуға  12 пайызы кетсе, 88 пайызы ұсақ-түйектер мен киімге жұмсалыпты. Бір рет банктен қарыз алып, одан құтылу үшін екінші банкке жүгіретіндер туралы сіз де білетін боларсыз. Бұл «үрдіс» банк несие­  беруге шектеу қойғанға дейін жалғаса беретін көрінеді. Осы жерден қаржы үнемдеу немес­е қаржылық мүмкіндік­терді дұрыс есептей алмау мәселесі туындайды...

Мақсатымыз  елдің қалтасындағы қаражатты есептеу емес. Әркім өз өмірін өзі жасайды. Қымбат не арзан киімді қандай жолмен алса да таңдау құқығы бар. Дегенмен, мәселенің көлеңкелі тұсы да аз емес. Қарызданып, қауғаланып киім киген соң, оны кешіктіріп алатын жағдайда кредитті төлей алмауға немесе көп ақша шығындауға алып келеді. Ал оның арғы жағын ішіңіз сезіп отырған болар. Сіз не дейсіз?

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары