Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
«ӨЗІ ҮШІН» НЕКЕСІЗ БАЛА ТАПҚЫСЫ КЕЛЕДІ
06.12.2018 11:43

Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жеттім. Бірақ мұның бәрі «ана» деге­н ардақты атпен салыстырғанда пәлендей керемет жетістік дей алмас едім. Қазіргі ойым солай.

Бір жағынан жақын-жуықтарым, таныстарымның арасында күйеулері әйелдерін сыйламай, екінші біреумен жүріс жасағанын, әйелдерін ұрғанын, жұмыс істемей, дайын асқа тік қасық болғанын көрсем, жүйкеме тиеді. Содан үйленіп, күйеуім мен оның басқа да жақындарының қас-қабағына қарап, келін деген «ауызы жесе де, жемесе де қан» болатын «қасқыр»­ болмайын деп шештім. Себебі, келінге жақсы ат жоқ. Бәлкім бұған келіспейтіндер табылар. Бірақ менің жеке, субъективті пікірім осы. Күйеуің жаман болса да, туыстарымен араласпаса да, зиянды әдеттерге барса да келіншегінен көреді. Сонда жігіттер неге ойланб­айды? Көпке топырақ шашпаймын. Бірақ осындай мәселемен өмір бойы келе жатқан әйелдер бар. Ол жасырын емес. Сондықтан осы мәселелермен арпалысып өтпей, өзіме некесіз бала туып алсам деп шештім. Текті кісінің ұрпағы болса деймін. Оны өсіріп жет­кізуге күш-қайратым, қаражатым, ал тәрбиелеуге рухани мінезім де жетеді. Менің бұл шешімімді құптамайтындар бар. Бірақ қартайғанда қу тіземді құшақтап жалғыз қалмау үшін осы қадамды таңдадым. Күйеуге тигенмен бақытты болатыныма сенімім аз. Қазір интернет беттерінде «текті еркек іздеймін» деп хабарландыру  беріп  жүрмін. Бұйырса, тілегіме жетермін.

Аты-жөнін құпия қалдыруды жөн көрген бойжеткен осылай деп бізге мұңын шақты. Әлбетте, әр адамның тағдыры әртүрлі. Жүрген өмір жолы, жасаған ісі де. Дегенмен жастық шағын жұмысқа сарп етіп, соңын­да жалғыз қалған қыз­дардың жағдайына қоғам болып қозғау салып, жұрт болып алаңдау қажеттігі сөзсіз. Кей­бірі кейіпкеріміз секілді «өзі үшін» бала туып алуды көз­дей­ді. Бұл қаншалықты дұрыс қадам? Бала өскен соң әкесін сұрағанда қандай жауап бермек? Жалғыздықтың шешімі ретінде баланың өмірін ойынға айналдыру емес пе? Әрі некесіз әйел мен ер-азаматтың жақындасуын салт-дәстүріміз де, дін де қолдамайды. Құран кәрімде «Зинаға жоламаңдар! Ол арсыздық, лас, төмен іс, жаман жол болып табылады» (Исра 32), «Мұсылмандарға айт, харамға қарамасын және әурет жерлерін харамнан қорғасын!» (Нұр 31, 32) делінген. Ал Хадис-шәрифтерден «Аллаһтың алдында зинадан үлкен күнә  жоқ»  (Р.Насихин), «Бір жерде­ зина және риба (несие, өсім, пайыз) көбейсе, ол жердің халқы бәлеге ұшырайды» (Хаким) деп бізге жеткен.

Оң жақта отырып қалған қыздар мұндай әрекетке неліктен барады? Осы жөнінде психолог маманның пікірін сұраған едік.

- Бұл жаста гормонды фон өзгереді және әйелдер екінші жартысын іздеуге бұрынғыдай қызығушылық танытпайды. Отбасылық өмірден бас тарта бастайды,  жалғыздықты қалағаннан емес, отбасын құруға деген­ қорқыныштың болуынан. Кездесуден қорқу, үзілістен қорқу, алданып қалудан немесе қайта өкінуді қаламаудан туындайтын күй. Жан дүниесіне жаңа өзгеріс енгізгісі келмейді, жаңа адамға бейімделуге қалауы болмайды. ұзақ уақыт жалғыз өмір сүргеннен соң, сол күйге үйреніп қалады және мойнына қосымша жүк алғысы келмейді. Осылай келіп, «сәбиді өзім үшін өмірге әкелсем болды, тұрмысқа шықпаймын» деген шешімге келеді.

Әйелдің әрқайсысы махаббат пен отбасылық өмірге лайықты. Ана бақытымен қоса әйел бақытын сезіну маңызды. Адамды неліктен екі жынысты етіп жа­ратт­ы? Екі жынысты тұлға қо­сылғанда ғана отбасында гармония болады. Өмірге келген бала да толыққанды отбасында өмір сүреді. Сәбиге де ана махаббатымен қоса әке махаббатын да сезіну маңызды, -деді «Bilim Foundation» қоғамдық қорының психологы, Ұлттық мастер-тренер Феруза Рахым­қызы.

Осы түйінді түйткіл қоғамда біршама жыл бұрын да кө­терілген болатын. Әлі де өзек­тілігін жоймай келеді. Бұл жө­нінде халық қалаулылары да өз көзқарасын  білдірген-ді.

- Енді ол әйелдің шешімі ғой! Өзіме бала тауып аламын. Тұрмысқа шықпадым, отба­сылы болмадым. Енді өмірде жалғы­з болмайын деп, дүниеге баланы алып келген. Бірақ ондай­ шешімге келгенде, ол ойлану керек. Ол балаға ертең қандай тәрбие беремін, жағда­йын жасай аламын ба, жоқ па? Ол – жауапкершілік. Егер бәрін істей аламын десе, жөн! - деген­ болатын ҚР Мәжіліс депутаты Зағипа  Балиева.

Мұндай салмағы ауыр мәселе жайлы тіс жарып айту кім-кімге болмасын оңай емес. Десе де, кәрі қыздар қатарының азаймауы ел үшін маңызды. Себебі, халықтың санын көтеретін, бесікті де, әлемді де тербететін – әйелдер қауымы. Ал олардың күйеуге тиюден безі­ніп, некесіз өзгеден бала туып, оны бағып-қағуы ойлантарлық жағдай. Бір адамның тағдыры болғанымен, мұнда халықтың, тұтас ұлттың болашағы тұр.

 

Ж.БАҒЛАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары