Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
АЗАМАТ АТАНУ ҚИЫН БА?
06.12.2018 11:48

* Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

* Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

* Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны болуы шарт. Өзін көрсету үшін емес, өз менін ашу үшін.

* Өмірді қалай дұрыс сүру керект­ігін зерттеуі шарт және оны әйел затына үйретуге мүд­делі. Бұл – оның міндеті.

* Еркек үйленбей тұрып келе­шек әйелі оны бар болмысымен қабылдайтындай дәрежеге өсуі керек. Әйелдің жанында бұл өздігінен бола салатын құбылыс емес.

* Қазіргі заманда кез келген қызды “сындыра” алса, ондай еркек керемет болып саналады. Ал, шын мәнінде  еркек жүргіш болса, онда оны  қорқақ  деу керек­. Ондай еркек ешқашан танкке қарсы жалаң қолмен шық­пайды, уәдесінде тұрмайды, өзін  жетілдірмейді. Егер әйелдің ықпалынан  шыға алмаса, онда ол өзін  жоғалтқаны.

* Еркек болу деген ең алдымен өзінің менін әйел атаулыдан ада етуі. Әйтпесе, ол теріс әдеттермен күресе алмас. Өзін қиындықтардан шығара алмайды. Төзімсіз болады.

* Еркектің қуаты өзінің нәп­сісін жеңуде тұрады. Өзінің менін, өзімшілдігін, еркелігін, бұзықтығын, кербағушылығын жеңуінде. Егер еркек жүргіш болса, әйелдер одан тек ләззат алады. Бірақ, ешқашан сыйламайды.

* “Еркек болғым келеді” деген­ адам ең бірінші санамен әйелден оқшау өмір сүруді үйренуі­  керек.

* Неге үйленген еркектер өзінің менін жоғалтады? Не тым жұмсақтық танытып, аяқ сүрт­кішке айналады. Не дөрекілік танытып, құбыжық сияқты болып­ кетеді. Еркек алдымен әйеліне қызмет көрсетуді үйренгені жөн. Әйелді зат секілді тұтыну­ды  доғару  керек.

* Ер адам бақытын қоғамдық жұмыстарға белсене жегіліп жүріп табады. Еліне қызмет етіп тапқан бақыты баянды болмақ. Сонда оның отбасылық бақыты өздігінен бір жүйеге түсіп кетеді. Тұлға ретінде қалыптасса, онда отбасы бақыты оған өзі келеді.

* Еркекке әйелдің құбыл­малы көңіл күйін көтеру өте қиын. Бірақ соған төзімділік таныт­ып, кешіріммен қарау – азаматтық мінез. Ештеңе бол­мағандай өмір сүру керек. Осындай рухани биікке өскен адам үйленуге дайын деген сөз.

* Егер әйелің саған ренжіп, жыласа, онда оған түсіністік таны­ту қажет. Егер үнемі ұрыс-керіс шығарып, мазаны алса, одан оқшауланып, біраз уақыт түздегі жұмысқа көбірек көңіл бөлуге тырысқан абзал. Егер әйелдің тиіскеніне көбірек көңіл бөлсе, оның шайтаны екі есе күшпен қоза береді. Мән бермей өмір сүру керек.

* Ұл баланы тек өз ісіңмен ғана тәрбиелей аласың. Ер бала сөзді түсінбейді. Оларға әрекет ғана мысал бола алады. Анасы баласын жазалауына жол бермеу керек.

* Ұл тәрбиесіндегі ең маңызды шарт – оның еркіндікті сезіп өсуіне мүмкіндік тудыру. Сонда ол өмірде қалағанына қол жет­кізеді. Ұл балаға рухани білім беру керек. Есесіне ол өзін жетіл­діруді тоқтатпайды.

* Өзін дамытуды тоқтатқан еркектің өмір өзені қаңсып қалады. Кештік өмірің барда түстік мал жи. Азамат, жүнжіме, жүрме бос!

 

Аударған  Шынар  ӘБІЛДӘ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары