Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ – ҰЛТТЫҚ ҮРДІС
06.12.2018 12:21

«ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілестірді. Тағылымы мол тарихтың тарғы­л тасында таңба қал­дырған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» көтері­лісі, ашаршылыққа ұрын­дырған нәубет жылдар, солақай саясаттың қан тамған қылышы арда азаматтарды жазықсыз жазалаған зар заман­ның зұлмат зұлымдығы, елдік үшін ерлік көр­сеткен Ұлы Отан соғысы – осының бәрі қазақ халқының тарих­ындағы азалы кезеңдер.

Бертін келе жастардың бас көтерген Желтоқсан кө­терілісінің де өз орны бар. Осындай бүкіл халықтың тағдыр­ын шешетін мәселеге келгенде қазақ зиялыла­рының көзжұмбайлықпен қарап, үнсіз қалуы мүмкін емес еді. Осы ретте ұлтымыздың алдыңғы қатарлы перзенттерінің арасында тәуелсі­здікке  ұмтылу төңірегіндегі ой қылаң берді. Саяси тартысқа толы жылдардан соң Қа­зақстан тәуелсіздік алып, тұғырын биікке кө­теріп, үлкен жетіс­тік­ке  қол жеткізді.

«Қазақ халқы жиырм­асыншы ға­сырдың бүкіл өн бо­йында өзге халықтар түсінде көрсе, шошып оянардай қасіретті оқиғаларды бас­тан кешірді. Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай алатын қайратына қайран қаламын». Бұл – ел президенті Н.Назар­баев­тың сөзі. Және дана  жұртымызда «Өз ба­лаң өзекке тепсең де кетпейді» деген сөз бар. Туған жердің тұмса табиғаты мен шежіресіне бойлаған әр тұлға оған деген ілтипаты мен құр­ме­тін  жоғалт­пақ  емес.

«Туған дала,

Талайлардың от  қанын,

Лапылдатты тентек күйің, текті әнің.

Сөз сөйлесем – сенсің биік тұғырым!..

Сенсің менің абыройым,

Мақтаным», - деп біртуар ақын Ж.Әбді­рашев секілді жырлаған Сыр перзент­тері дария жағасында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында  бас қосты.

Сыр өңірінен шыққан танымал тұлғалардың жеткен жетіст­іктерін  аймақ  жастарына үлгі ету, оларды туған жеріне­ қолдау көрсетуге шақыру мақсатында өткізілген жиынға композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев, журналист, «Айқын» газетінің бас редак­торы Нұртөре Жүсіп, жыршы-термеші Ақмарал Ноғайбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елмұра Жаңабер­ге­нова, спортшы Ермек Көкетов, дәрігер Сәбит Пазылов, журналистер Мәди Манатбек, Нұрбек Әмиша және Жайна Сламбек, сондай-ақ, Сыр өңірінің топырағынан түлеген танымал тұлғалар, қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, еңбек арда­герлері қатысты.

- Қазақ «Отанды сүю – иманнан» деп отансүйгіштікті жоғар­ы бағалаған. Отанды сүю өз анаңды құрметтеп, туған жерді сүюден, айналаңды, ортаңды жақсы көруден басталмай ма? Жалпы, «туған жер» деген сөз шексіз мағынаны бере­ді. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» дейді. Әрине, қазақтың сайын даласында туып, қаншама елге жер асып кеткен жандар баршылық. Кешегі тарихтағы сұлтан Бейбар­ыс балалық шағында құлдыққа сатылып кетіп, Мысыр еліне барып, сол жерде өзін мойындатып, әскербасы дең­гейі­нен мемлекетті басқарып, патша атанып, биік деңгейге көтерілсе де, бір түп жусанның иісін иіскеткенде өзінің туған жері еске түсіп, тағын тастап, Отанына қарай жүріп кеткен екен. Сондықтан хал­қымыз «жусанда туған жердің иісі бар» деп сол өсімдікті қадір­лейді. Адам баласы шексіз сезім иесі болса, өзінің Отанына деген сүйіспеншілік – үлкен бір деңгейі. Жалпы, қазақ ұлтының сөздік қоры өте мол. Бір ғана «Отан» сөзінің астарында қаншама ұғым, адамды қозғайтын сезім жатыр. Осының барлығы – біздің ұлтымыздың ғасырлар бойы жинаған қазынасы, мол байлығы. Бүгінгі ХХІ ғасырға қадам жасап отырған біздің Сырдың топырағы да қашанда өзінің қасиетті екенін дәлелдеп келеді. Елбасының өзі Тәуелсіздік кезеңінде Сырды Алаштың анасына балады. Сол туған жердің топырағынан шығып, талай жерде  өзін  мойындатып жүр­ген, әлемдік медицина, ғылым, әде­биет­, техникалық прогресте, жаратылыстану саласында биік деңгейге жеткен Сырдың перзенттері аз емес. Біз олармен мақтанамыз. Енді сол азаматтарымызды жыл сайын дәстүрлі түрде өзінің туған топыр­ағына шақырып, ата­мекені­не тәу еткізіп, олардың бойындағы туған жерге деген сағынышын басуға, екіншіден, туған жерге деген өзінің жауап­кер­шілігін күшейтуге осындай шараларды­ң маңызы зор деп ойлай­мын, - деді шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.

Елбасы ұсынысымен және   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге­ асырылып жатқан «Туған жер» бағдарламасы Сыр өңірінде 2017 жылдың қараша айынан бастап ұйымдастырылып келеді. Ынтымағы жа­рас­қан, бірлігі берік, еңбегі мен елдігі өзгеге өнеге болған өрісі кең, «Сыр – Алаштың анасы» атанған өңіріміз­ден түлеп ұшқан қаншама азаматтар туған жеріне қолдау көрсетіп жүр.

 

СЫР   ЖОМАРТТАРЫ  АНЫҚТАЛДЫ

Туған жердің әр түлегі қай жерде, қай елде жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт естен  шығармайды. Оған дәлел – қазақ ұлтына ғана тән біздің азаматтарымыздың бо­йындағы дарын, қабілет, текті­лік сынды абзал қасиеттер. Сондай азаматтарды дүниеге әкелген Қаратаудың иегі мен Қызылқұмның жиегін жағалай аққан Сыр-Ана Аралға жетіп, тыныс табады. Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабын түйіс­тірген, халқына қорған болған қасиетті өлке. Бүгінде облыс орталығы Қызылорданың әлеумет­тік-экономикалық деңгейі жылдан-жылға көтері­ліп келеді. Қазір сәулетті, соңғы үлгідегі құрылыстар бой түзеп, көлік қатынасының  күретамыры кеңейіп, бірнеше ойын-сауық кешендері, жасыл желекті жағажай мен демалыс орындары ашылуда. Екі ғасырлық тарихы бар өңіріміздің өсіп-өркендеуі халықтың игілігі  үшін.

- Сыр өңірі ел тәуелсіздігін алған ширек ғасырдан астам уақытта, оның ішінде соңғы 5 жылда биік белестерді ба­ғындырды. Елбасы «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті бір ғана Қызылорда облысынан көруге­ болады» деп баға беруінде де үлкен мән жатыр. Біздің аймағымызда қазір аграрлы аймақ­тан индустриялық өңірге айналу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл  мақсатта 30-ға жуық жоба бар. Алдағы жылы Орталық Азияда бала­масы жоқ шыны зауытын іске қосамыз. ...Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» атты бағыт бар. Онда көрсетілгендей әрбір азамат туған жерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, еңбек сіңіруі керек. Әрине, бұл үшін белгілі кәсіпкер, құрылысшы болу шарт емес. Шерхан Мұртаза айтқандай, «Отанды сүю үшін көп әңгіменің қажеті жоқ, тек еңбектену керек­», - деді облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Жомарт жүрек» байқау­ының Қызылорда облысы бойынша жеңімпаздары марап­атталды. «Жыл меценаты» номинациясымен Шиелі ауданы «Төңкеріс және К» шаруа­ қожалығының төрағасы Бауыржан Көпеев марапат­талды. Ол 2017 жылы Ш.Қодаманов ауылындағы мәдениет үйіне, №158 орта мектепке, «Ақбота» бөбекжайына, ауылдық  дәрігерлік амбулаторияға, сондай-ақ, түрлі мерекелік шарал­ар мен қайырымдылық акцияларына 2 млн теңге қаржыл­ай демеушілік жасап, 2018 жылы Ш.Қодаманов ауылына өз қаржысы есебінен 90 млн теңгеге спорт кешенін салып беріп, жомарттық жасаған. Ал аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлесін қосып келе жат­қан кәсіпкер Ақшагүл Махатова «Жыл тұлғасы» атанды. Бүгінде ол 150 адамды тұрақты жұ­мыспен қамтып отыр. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында қайырымдылық акция­ларына қатысып, 2 млн теңге қаржылай демеушілік жасаған. «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен марапатталған «Ұшқын» Қызылорда мүге­дектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС құрылған күннен бастап мүмкіндігі шекте­улі азаматтарға, жетім балаларға қайырымдылық іс-шараларды өткізіп келеді. 2017-2018 жылдары қайырым­дылыққа 21,9 млн теңге бөліп, мүмкіндігі шектеулі балаларды арбамен, оқу құралдарымен қамтып­, емдеу санаторийлеріне тұрақты түрде жолдамамен қамтамасыз етіп келеді. «Туған өлке» номинациясы Қармақшы ауданы, Ақтөбе елді мекеніне тұрақты­ түрде демеушілік көмектер жасап келе жатқан «Ақтөбе и К» ЖШС директоры Нұрлан Іздібаевқа бұйырды. Марапат төрінен көрінгендер қатарын­да сырдариялық Сәуле Сыздықова да бар. Ол – «Ерен еріктілік» номинациясына лайықты жас көшбасшы­. Сырдария аудандық «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінде үйлестіруш­і қызметін атқара жүріп, жастар арасында позитивті көзқарас қалыптастыру мақсатында 40-тан астам әлеумет­тік, спорттық және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырған. 3000-ға жуық жастардың басын біріктіріп, түрлі шаралард­ы  ұйымдастыруға  ұйытқы  болған.

Бұл марапаттан кейін «Туған жерге тағзым ету – парызым, туған жерге қызмет ету – қарызым» деп білетін Сыр өңірі жанашыр­ азаматтарының мерейін «Сыр жанашыры» номинациясы көтеріп тастады. Олардың ішінде «Жел-Кен-Вент» ЖШС төрағасы Мақсұт Әбдіғаппарұлы да бар. Өзі туған С.Сей­фулли­н ауылында барлық сала бойынша қол ұшын созып келе жатқан ол «Ақ көгершін» балабақшасына, №137 орта мектепке және әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларына 8 млн теңге­ көлемінде қайырымдылық жасаған. Дәл осы марапат Қызыл­орда облыстық мәслихатының депутаты, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып­, қайырымдылық қызметтерді ауқымды түрде атқарып, түрлі әлеумет­тік топтарға қайтарымсыз көмек көрсетіп келе жатқан Мнажадин Сражадинұлына, әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырып, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасап келе жатқан­ Мейрамбек Тоғысұлына, туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, аз қамтылған, көпбалалы жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсетіп жүрген Изатулла Үсеновке, «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, белсенді азамат­тық ұстанымымен әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметтерді жүзеге асырудан жалықпайтын азамат Құлмағамбет  Исахановқа  бұйырды.

- Осыдан үш жыл бұрын бір инвестор табылмай, дағдарып қалған­ ауыл тізгінін қолға алып еңбек еттік. Қазір ауылдың жағдайы­  өте  жақсы. Елде берекелі тірлік бар. Ауылды өркен­де­туге  қосқан  үлесім бүгін  атап  айтылып, марапат берілді. Бұл – мен  үшін  үлкен жауапкершілік. Кіндік қаным тамған, топырағына аунап өскен ауылға күш-жігерімізді аямай қызмет етуге әзірмін, - деді «Ақтөбе  және  К» ЖШС директоры, «Туған өлке» номинациясының  иегері  Нұрлан Іздібаев.

 

ПЕРЗЕНТТІК   ПАРЫЗ   бен   ҚАРЫЗ

Кез келген ұлттың қандай дауылға болса да төтеп беретін құдіретті күш-қуаты – ұлттық рухында. Жаңа тұрпатты жаңғыруды­ң ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Ұлттың өзіне тән мәдениеті мен төл өнерін саф алтындай сақтап­, келер ұрпаққа жеткізіп ғана қоймай, мұраға айнал­дырып, бойтұмарымыздай қастерлеуіміз керек.

- «Туған жерге шақыр­ғанда келмеуге болмайды» деген­ ұстаныммен Астанадан келіп қалдық. «Туған жерге тағзым» деген та­қырып­ты оқыған сайын жүрегім елжіреп, көңілім босап­, бабаларым еске түсіп, толқып отырмын.  ...Мені­мен бірге оқыған ком­позитор, Солтүстіктің тумас­ы,  досым  бар. Сол:

- Кеңес, осы сені елің құр­меттеп, кештеріңді өткі­зіп, ылғи марапаттайды. Тіпті Қызылордада сенің атыңда республикалық кон­ку­рс бар. Мені неге солай құрметтемейді? - деп рен­жіді.  Содан  соң  одан:

- Туған жеріңе қашан бардың? - деп сұрадым.

- Он бес жылдан асып кетті!

- Онда қандай әңгіме айтып тұрсың?! Туған жерге қызмет жасап, жүрегіңді беру керек. Сен туған жерің туралы бір ән, бір шығарма  жазып па едің?! Оны туған жеріңде орындап жатыр ма? - деп  едім, үндемей  қалды.

Туған жерге тағзым деген баяғы «Сыр бойындай баулардан, Алатаудай таулардан, Сарыарқадай даламнан, Теңіз Каспий, Аралдан» деп басталатын «Сәлем, саған, туған ел!» әнінен бастала­ды. Сіздердің алдарыңызда елге келіп тағзым етіп, жаңа сезімде тұру үшін, жүрекке жылы әсер алу үшін келіп тұрған жағдайым – осы. Десе де, туған жеріме тірі тұрған кезімде әлі талай дүние жасауым керек, - деп өзінің перзенттік парызын қарызым деп санады Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев.

Туған жерге тағзым ету, кіндік қаны тамған топырақты қастер­леу – қазақ халқының әлімсақтан жалғасқан салты. Ол – ұлттық  санамыздағы  қастерлі  ұғым. Туып-өскен  өлкеге  еңбегіме­н елеулі болған азаматтар аз емес. Олар туған жерге, туған елге қызмет етудің бірегей жолы адал еңбек деп біледі. Сол азаматтардың қатарындағы бірқатар жерлестеріміз туған елге, туған жерге деген ыстық лебізі мен ілтипатын білдіріп, сөз сөйледі. Шара соңы Сыр перзенттерінің орындауындағы ән-жырдан шашу шашуымен және естелік суретке түсуімен аяқталды.­

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары