Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
ҚАЙТАР ЖОЛЫ ШӘКІРТТІҢ ТАС ҚАРАҢҒЫ
06.12.2018 12:33

Тақырып тосын болмас. Қараңғы көше проблемасы қай қаладан да қылаң береді. Көбіне орталық көшелерді үпілеп-сүпілейтініміз рас. Қолымызға қалам алдырған жайт №14 мектеп-лицейдің жаңа қоны­сынан дабыл қақты. Екінші ауысымда­ оқитын оқушылардың мектептен қайтар жолындағы қарбаласы еріксіз қабақ шыттырады.

Бұрынғы сор табанда тұрғызыл­ған ғимарат күн бата қараңғылық құшағына сіңіп бара жатады. Қаңғыбас иттер торуылдаған бұл маңдағы мектепке төтелеу Сәді­беков көшесінің сиқы сүреңсіз. Еңісі – сорлауыт, жоғар­ысы – дөң­бек, құныс құлди­лама, кедір-бұдыр жолмен шұбырған шәкірт­терді қаралай аяйсың. Олар осы кереға­р­лыққа амалсыздан мәж­бүр. Самаладай жарық Бақтыбай батыр­ көше­сіне табаны тисе, таксиле­тіп не жаяул­атып үйлеріне бекем беттейді. Алыстан қатынайтындарға осы қолайсыз жол ыңғайлы көрі­неді.

Сырттай байқап, жанымыз ашып жүруші еді. Таяуда кезекті ата-аналар жиналысына барғанда өзіміз де шәкірттер алаңдауын бастан өткер­дік. Етектегі мектептен сыпырыла қайтқан оқушылар қараңғылықтан қалта телефондары жар­қылы­мен сүрінбеуге тырысады. Құдды концерт залында эстрада жұлдыздарын қошеметтеп мәре-сәре болғандай. Тар әрі қараңғы көшемен жөңкіген көліктер екпіні де қосымша  қатер  қосады.  Бұрылыстан сумаңдаған бұралқы иттер де зәреңді алады.

Енді проблема пердесін ысыралық. Әу баста мектептің негізгі корпусы салынатын қолайсыз жер аумағының осынау қиыншылығы неге ескері­лмеген? Әлбетте, күндіз бәрі де күлімдеп тұрады. Ал, кешке қарай ше? Екінші ауысымдағы оқушылардың  қайтар  жолы ешкімнің қаперіне­ кірмегені  қалай?

Бұлайша тіл безеуімізге түрткі деректі де көлденең тарталық. Сәді­беков көшесінің бас жағында бір айдан­ бері сұлап жатқан 17 бетон баған­а дәуде болса,  жаңадан жүргі­зілмек электр желісінен дәметтіреді. Бұл ізгілікті №14 мектеп-лицейдің құрылысы бітпей тұрып жасауға не кедергі болды?! Анау кескен теректей су жаңа бағаналар мақсатты қаржы бөліні­сінсіз алынбайтыны және аян. Жыл болса аяқталуға жақын. Сонда мектеп­ жолындағы көше жарығы келес­і жыл күлшесіндей күттіре ме?

Жасырынбақты қолдан жасайтынымыз өкінішті. №14 мектеп-лицей­дің жаңа ғимаратына байланысты осынау шетін мәселенің оңтайлы шешімін қарастыруға жергілікті билік жедел пәрмен туғызуға тиіс. Тым құрығанда, әзірге ескі желі бойында әр тұстан қорғанышты электр шамда­рын орнату қажет. Келешегінде Сәді­беков көшесі қараңғылық қоршауынан сытылып, оқушыларымыз жайраң қағып жүретін асфальт төселген, бәлкім, келте тротуар бұйырған көшеге айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Жаңабай  КЕМАЛ,

Арал  қаласы.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары