Өзекті мәселелер

  • 06.12.18

    «ЖУСАНДА  ТУҒАН  ЖЕРДІҢ  ИІСІ  БАР»

    Қазақ елі сонау «қарағай басын шортан шалған» ХІХ ғасырға дейін, ұлт тағдырының сілкіленіп, ұлттық сана ояна бастаған ХХ ғасырда да өзінің тегеуріні мықты ел екенін дәлелдеді. Киіз туырлықты қазақ санасындағы рухан­и-мәдени жетілу мен әлеуметтік-экономикалық салада өрлеу секілді мақсаттары заман көшіне ілес...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

     

    Ерғали  АБДУЛЛА

     

    АРТЫҚШЫЛЫҚ   пен  КЕМШІЛІК

    Оның көп артықшылығы бар: гү...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    * Ерлердің психикасы зейіннен тоқылған. Ол жай өмір сүре алмайды. Ол биікке ұмтылуы керек.­ Еркек қатты жерде ұйықтап, суық сумен шайынып, ерте тұруы қажет.

    * Ер адам әрдайым өзінің жаман­ қылықтарын тыйғаны жөн. Өзіне ұсақ-түйек жеңілдік жасамауы  керек.

    * Қалаған нәрсесіне жету үшін ол мақсат қойып қимылдайды. Бұл – ер-азаматтың таби­ғаты. Сыйласатын ортасында өзіндік орны бол...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Жалпы, өзімді жаман адам не ұсқынсыз қызбын деп айта алмаймын­. Жоғары қызметім бар. Адамдармен қарым-қатынасым да жақсы. Бір әттеген-ай дейтінім, осы уақытқа дейін екінші жар­тымд­ы жолықтырып, асыл жар атана алмадым. Жасым 34-те. Бұған дейін карьера құрып, өз жағдайымды өзім жасап алғым келді әуелі. Бір кездері мен үшін арман болған, одан соң мақсатыма айнал­ған марапаттың барлығына жетті...

    Толығырақ...
  • 06.12.18

    Бір сәт аспаннан ақша жауғандай күйге еніп, мол қаржыны қайда жұмсарыңызды білмей қалған мезетте... Мұндай көңіл күйді көбіне несие алған кезде сезінеріміз сөзсіз. Ал ай сайын алатын жалақыға телміріп отырған­ қарапайым халыққа бұл аса таңсық жағдай емес. Иә, өте көп мөлшердегі қаражатты алып, қалтамызды қампайттық делік. Ары қарай қайда жұмсаймыз? Бұрындары тұрмыстық техника, автокөлік немесе ...

    Толығырақ...
КӘСІПТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДАН БАСТАҒАН ЖӨН
06.12.2018 12:37

 

Салават  ҚҰЛМАХАНОВ,

Қызылорда  облысы  кәсіпкерлер  палатасы  директорының  құқықтық  мәселелер  жөніндегі  орынбасары:


Бүгінде кәсібінен нәсібін тауып жүрген кәсіпкерлер қатары көбейіп, ел экономикасына айтарлықтай үлесін қосып келеді. Қолдан келер іспен айналысып, жеке бизнесін дамытуға мүдделілерге мемлекет тарапынан қолдау да көп. Әсіресе, соңғы жылдары «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының игілігін көріп отырғандар жетерлік. Тіпті, үкімет тарапынан алған несиесінің жартысын субсидиялау да – кәсіпкерлерге көрсетілген қолдаудың бірі. Мұнан бөлек бизнес көзін енді ашып, түрлі кедергіге тап болғандарға кәсіпкерлік палатасындағы заңгерлер құқықтық кеңес беріп, керек болса, сотта құқығын қорғап келеді. Сондықтан біз Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Құлмахановпен сұхбаттасуды жөн көрдік.

– Соңғы кезде «кәсіпкерлер құқығы қорғалды», «миллиондаған теңге қаржысын сақтап қалды» деген әңгіме жиі айтылады. Сонда кәсіпкерден миллиондап қаржы талап ететін кімдер және не үшін? Бұрын­дары  құқықтары  қорғалмайтын  ба  еді?

– Біз көбіне сотта мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында болып жатқан даулы мәселелерді қараймыз. Миллиондап кәсіпкерлерден қаржы талап ететіні, бірінші­ден, мемлекеттік сатып алу барысында жұмыстың орындалуына байланысты айып­пұлдар қойылады. Бұл жерде біз сотқа қатысып, қандай себеп­термен айыппұл алып жатқанын көрсетеміз. Соған сәйкес, сот тарапынан айыппұлдар шегеріледі. Егер мемлекеттік органдар талап-арыз бойынша сотта ұтса, айыппұл сот шешімі бойынша өндіріледі. Мысалы, миллион теңге қойса, 150 мың теңгесі ғана алынады. Сонда кәсіпкердің 850 мың теңгесі қорғалып  тұр  деп есептейміз.

– Жалпы, кәсіпкерлер құқығын қорғау қай жылдардан бастап қолға алынды?

– Кәсіпкерлердің құқықтары бұрыннан бері қорғалып келеді. Ал Кәсіп­керлер палатасы 2013 жылы құ­рылған­нан бері жұмысының басты негі­зі – кәсіпкерлердің  құқығын  қор­ғау.

– Жыл басынан бері түскен өті­ніштерді есептегенде, кәсіпкерлер көбі­не қандай мәселемен жүгініп жатады?

– Өзіміздің статистикалық мәлі­метке қарап отырсақ, көбісі жер қатына­стары, қала құрылысы, мем­лекеттік сатып алу барысында туындап жатқан даулар бойынша жүгінеді. Сондай-ақ, салық сұрақтары бо­йынша арнайы іздеп келіп жататын кәсіпкерлер де бар.

– Елімізде шағын және орта кәсіпті дамыту мақсатында Елбасы соңғы жылдары бірнеше тексерулерді тоқтатты. Былайша айтқанда жеңілдік жасады. Мысалы, мен жаңадан бір кәсіп аштым делік, шаштараз болсын. Маған қандай жеңілдіктер жасалады?

– Бүгінде кәсіпкерлікке байла­нысты біраз заңдарға өзгерістер енгі­зілді. Жасыратыны жоқ, 2013 жылдан бері бұл бағытта палата тарапынан да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мысалы, бұрын кәсіпкер өз қызметін бастау үшін жердің салу мақсатын соған сәйкес тиісінше өзгерту керек еді. Нақтырақ айтатын болсақ, кәсіпкер алған жеріне ғимарат соғылады, ол шаштараз болады­ десе, «шаштараз» деп көрсетуi керек болатын. Не болмаса, асхана болатын болса, «асхана­» деп көрсетуі керек  және қала  құрылысы  басқармасынан сондай рұқсат алатын. Соған сәйкес жердің салу мақсаты да өзгеретін. Қазіргі таңда­ жер не ғимараттар кәсіп­керге тек коммерциялық мақсатта деп беріледі. Яғни қазір жалпылама беріледі. Бұрынғыдай әр түріне нақтылап көрсетілмейді. Өте тиімді. Мысалы, бір кәсіпкердің дүкені болды делік. Ол ұзақ уақыт жақсы жұмыс істеп келеді де, кенет­ оны шаштаразға ауыстырғысы келсе, бұрын салу мақсатын қайта өзгертетін. Қазір заң бойынша ондай талап етілмейді. Тек «санитарлық нормаға сәйкес келеді не келмейді», сол ғана ескеріледі. Қазіргі таңда шаштараз қызметіне «Бизнестің жол картасы» аясында жеңілдіктер беріліп отыр. Сондай-ақ, көлік жөндеу қызметіне де мемлекет тарапынан жеңіл­детілген пайыздар беріледі. Субси­дия  жасалады. Мысалы, үкіметтен 14 пайызбен несие алатын болса, соның 7 пайызы мемлекет тарапынан субсидия­ланады.

– Сіздердің  араласуларыңыздан кейін жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер бар ма? Қызметін асыра пайдала­нған не кәсіпкерді сыбайлас жемқор­лық тәуекелдеріне баруға итер­мелеген  тұлғалар  дегендей...

– 2018 жылы мемлекеттік қызмет­ші­лерден 16 адам жауапкершілікке тартылды. Салаға бөлетін болсақ, мемлекеттік сатып алу барысында анықтал­ған кемшіліктер бойынша, жер қатынас­тары және тексеру барысында заңбұзушылықтарға жол бергені үшін жауапқа тартылған азаматтар бар. Сондай-ақ, соттың шешімімен 4 адамға қатысты сот ұйғарымы шыққан. Бұл 4 тұлға мемле­кеттік сатып алу барысында уақытылы талап-арыз келтірмеген. Ал «Бұлан» ЖШС арызы бойынша тексеру барысында кемшіліктер жібергені үшін қалалық­ ветеринария бөлімінің бас­шы­сы, сонымен қатар ЖК «Асенов Аблан»­ арызы бойынша жер бақылау инспекциясының инспекторлары жауапқа тартылған. Себебі тексеру барысында жер заңнамалық  талаптарын  бұзған.

– Кәсіпкерлеріміздің  құқықтық  сауат­тылығына  қандай  баға  берер  едіңіз?

– Бұл жерде айта кететін болсақ, енді бастап келе жатқан кәсіпкерлердің сауатт­ылығы төмендеу болады. Себебі кәсіппен енді ғана айналысып жатыр. Ал бұл салада бірнеше жыл жұмыс істеген кәсіпкерлер сауатты біраз жинаған. Өздерінің заңгерлік білімі болмаса да, тәжірибесі бар болғандықтан, сотқа қатысып, мемлекеттік органдармен даула­сып жатқандары да бар. Мұның бәрін көріп отырмыз. Бірақ заңгерлік білімі болмауына байланысты кейбірі заңды түсіне бермейді. Жобалап айт­қандықтан, кемшіліктерге  бой  алдырып  жатады. Көбіне олар адамгершілік жағын­а қарай тартады. Ал заңда басқалай жазылған. Сондықтан кәсіпкерлер­дің сауаттылығын арттыру керек. Бұл өздері үшін тиімді. Бірақ бұл бір күнде жиналатын тәжірибе емес. Жасыра­тыны жоқ, үйді іргетасынсыз қаласаң, мықты болмайтыны секілді, кәсіпті құқықтық сауаттылықты арттырудан бастаған  жөн.

– Сіздің тәжірибеңіздегі күрделі процесс­  деп  қандай  істі айтар едіңіз? Және  несімен  күрделі  болды?

– Ең қаралған ұзақ процес жаңа­қорғандық кәсіпкерге қатысты болды. 2016 жылы облыстық ауыл шаруашылы­ғы басқармасы Жаңақорған ауданында­ғы «Тұртан-Ата» шаруа қожалығын сот­қа береді. Сотқа беруге негіз болған – облыстық прокуратураның басқармаға жүргізген тексеру жұмыстары. Облыстық прокуратура 2013–2015 жылдарға қызметте ауыл шаруашылығы тауар­өндірушілерге субсидияларды төлеу бойынша заңдылықтың сақталуына жүргізілген  тексеру  барысында 6 шаруа­шылыққа барлығы 24 834 992 теңге субсид­ияның артық төленгендігін анықтағ­ан. Соның ішінде 11 848 700 теңге артық төленген деген «Тұртан-Ата»  шаруа  қожалығы  да  бар.

Аталған шаруа қожалығы мал шаруа­шылығымен айналысады. Бүгінгі таңда 3000 бас мал өсіріп, 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қожалық басшысы мал жайылымдық жерді уақытылы суланд­ыру мақсатында талапқа сай етіп 4 құдық қазады. Кейін мемлекет тарапынан шығындарының бір бөлігінің субсидиялау мүмкіндігінің бар екен­дігін естіп, Үкіметтің 2014 жылы қаулымен бекіткен «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» Қағидасын басшылыққа ала отырып, облыстық комиссияға құжаттарын ұсынады. Нәтижесінде облыстық комиссия 2014 жылы шаруа қожалы­ғына 13 193 500 теңге субсидия төлейді. Бірақ прокуратураның ұсынысымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпкерге 11 848 700 теңге артық есептелген деген қорытынды шығарған.

Бұл мәселеге қатысты Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері жан-жақты зерттеп, дәлелдемелерін келтіргенімен, алғашқы сот отырысында сот шешімі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының пайдасына шешіліп, шаруа қожалығына 11 848 700 теңге төлеуді міндеттейді. Алайда сот шешімімен келіспеген шаруа қожалығының бас­шысы 2017 жылдың сәуір айында об­лыстық сотқа апелляциялық шағым түсіреді. Апелляциялық шағым түсір­мес бұрын Кәсіпкерлер палатасының мамандары осы мәселеге қатысты нормат­ивтік-құқықтық құжаттардың барлығын жіті зерттеп, тіпті Ауыл шаруаш­ылығы  минист­рлігінен  де тиіс­ті  түсіндірме  хаттар­ын  алады.

Облыстық сот бірінші сатыдағы соттың­ істі қарау барысында жауапкер тарапынан ұсынылған дәлелді құжаттарды назарға алмай, біржақты қара­ғандығын анықтап, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2017 жылғы 26 қаңтардағы шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдайды.

Нәтижесінде облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасының мемлек­ет бюджетіне кері қайтару туралы­ талап арызы қанағаттан­ды­рылмай, кәсіпкердің 11 848 700 теңге­сі өзінде қалды.

– «Бір   терезе»  қағидасын  көп  мақтап жатады. Көбіне кәсіпкерлердің құжат дайындаудағы жұмысын айтарлықтай жеңілдеткенімен байланыс­тырады. Мұнан бөлек бұрындары «ақшаға сатылатын» кей құжаттарды енді тегін алу мүмкіндігі туды деген де әңгіме  бар. Бұл туралы не айтасыз?

– Жаңағы сауаттылық дегеннен шығады ғой бәрі. Бұрын кәсіпкерлер­дің көбісі техникалық шарттар, сәулеттік жоспарлау тапсырмасы, жер қатынастары саласындағы заңнамалықтарды біле бермейтін. Бір кісілер осылай болу керек деп сілтеме жасайды, соған сәйкес жұмыс істейтін. Өйткені өзі білмейді. Соның салдарынан екі ортада жүрген делдалдарға алданып та қалған кездер болған. Мысалы, қандай да бір қызметті алу үшін ортадағы делдал ақша талап етеді, ал кәсіпкер соған сеніп сол соман­ы береді. Ал былай қарасаң, ол қызметтер баяғыдан тегін. Бірақ кәсіпкерлердің заңгерлік сауаттылығының болмауына байланысты делдалдарға шығындалып қалатын. Қазір «Бір терезе» қағидаты кәсіпкерлерге өте ыңғайлы болды. Кәсіпкерлер сенімх­ат тастап кетеді. Сол сенімхат негізінде жұмыс істелінеді. Соған сәйкес қызметін пайдаланып жатыр. Уақыты да тиімді. Одан қалды, жауап­та­ры да нақты. Құжатын қай уақытта алатынын біліп отырады. Бұрын делдал­дарға ақшасын да, құжатын да өткізіп, оны айлап күтетін. Екі не үш ай делдалдың соңында жүрген кәсіп­керлер де болған. Қазір, жасыратыны жоқ, кәсіпкерлерді қолдаудың арқа­сын­да жеңілдіктер көрініп жатыр­. Мұны біз ертеректе армандайтынбыз. Қалай болады екен деп. Қазір техни­кал­ық шарт мерзімі де қысқарған. Жұмыс уақытының қай кезінде болсын қабылданады. Өзіміз 2010-2011 жылдары  тәжірибеде  көрдік. Ол кезде­ энергетика бағытындағы тех­никалық шартты алу үшін Қызыл­орда электр тораптарын тарату компаниясы (КРЭК) аптасына бір рет, төртінші күні сағат 15.00 мен 17.00-дің ара­сын­да ғана қабылдайтын. Алыс аудан­дардан келгендер үлгермей қалса, бітті. Келесі аптаны күтуге мәжбүр болат­ын. Қазіргі таңда ондай кедергі жоқ.  Бір-ақ күнде құжаттарын өткі­зіп, үшінші күні техникалық шартын­ алып отыр. Салу мақсатын өзгерту халыққа  қызмет  көрсету  орталығ­ына берілді. Бұрын кәсіп­керлер салу мақсат­ын өзгерту үшін алты  айлап, жылдап жүретін. Қазір бір ай мерзімде шешілуде.

– Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Жансая   ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары