Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

    ...
    Толығырақ...
«Қарлығаш» қолөнер орталығы кәсіпкерлікке де бейімдейді
10.12.2018 17:15

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында Кәсіпкерлер палатасымен қысқа мерзімді жұмысшы мамандықтарға оқыту жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Оқытуды «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқыту орталықтары тізіліміне енген орталықтар жүргізуде.

Аталмыш тізілімге Қызылорда облысынан 20 орталық енген. Бұл жерде Палата кәсіпкерлердің сұранысын ескере келе оқытылатын мамандықтардың оқу бағдарламаларын қадағалайды. 2017 жылы «Еңбек» бағдарламасы аясында 954 жұмыссыз азамат жұмысшы мамандығына оқып, оның 60 пайызы жұмысқа орналасты. Ал биыл бағдарлама аясында 975 азамат оқытылды.

Облыс азаматтарын оқытқан оқу орталықтарының бірі «Қарлығаш» қолөнер орталығы. Бүгін біз осы орталықтың негізін қалаған қолөнерші, кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова туралы айтпақпыз.

Қарлығаш Ілиясова осыдан 10 жыл бұрын Қырғыз елінен өз туған жеріне көшіп келеді. Алғаш келген кезде тек күнкөріс қамы үшін ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын тігіп, тұтынушыға ұсынады. Уақыт өте келе кәсібін кеңейтуді ойластырып, Кәсіпкерлер палатасынан бизнес кеңес алады. Осы мекемеден инновациялық жобаларға арналған грант туралы да естиді. Оған өзінің бизнес-жоспарын ұсынып, грантқа, яғни қайтарымсыз қаржыға қол жеткізеді. Осылайша шағын шеберханасын ашып, қосымша тігін машиналарын алуға мүмкіндік туады.

Одан бөлек үйінде жұмыссыз отырған қыз-келіншектерге өзінің білгенін үйретіп, кәсібін одан әрі ұлғайтуды көздейді.

«Қазақстанның үздік тауары», «Шебер» фестивалі сынды шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. 2017 жылы «ЭКСПО» көрмесіне қатысып, Мемлекет басшысының да жоғары бағасын алдым. Ол жерде ұлттық киімдерді де көрсеткен болатынбыз. Ұлттық киімдер синтетика емес, кезінде әже-апаларымыз киген бархаттан тігіледі. Сапасына қарай бағасы қымбаттау. Дегенмен азаматтардың қалтасы көтеретіндей», - дейді кәсіпкер Қарлығаш Ілиясова.

Бүгінде Қарлығаш Қазақстан шеберлер Одағының мүшесі және оның облысымыздағы өкілі, әрі қолөнер шебері. Оның қолынан шыққан эксклюзивті бұйымдар Халықаралық мәдени-этнографиялық фестивальдерде, көрме-жәрмеңкелерде ондаған алғыс хаттармен, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталған.

Бүгінде кәсіпкердің ұлы мен қызы да ана жолын қуып, ұлттық бұйымдарды тігумен, зергерлік бұйымдарды дайындаумен айналысады.

Қазір шебердің үлкен шеберханасы бар. Облыс әкімдігі мен Қолөнер шеберлер Одағының басшылығы Қарлығашқа шеберлер орталығын ашуға көмектесті. Осы жерде өңірдегі қолөнер шеберлері жиналып, өз тәжірибелерімен бөліседі, ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандар оны халыққа жеткізу жолдарын, оны заманауи үлгіде ұсыну түрлерін қарастырады.

Қарлығаш биыл Сыр елінде өткен «Сән мен сахна» халықаралық дизайнерлер фестивалінің жеңімпазы. Одан бөлек облыстағы кәсіпкерлер субъектілерінің тізіліміне енген. Шебер алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, жұмыссыз отырған қыз-келіншектерді жұмыспен қамтамасыз еткісі келеді. Ең бастысы, ұлттық өнерімізді жаңа қырынан дамытып, жаңғыртқысы келеді.

 

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары