Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
АНТЫНА АДАЛ БОЛСА, ЖЕМҚОРЛЫҚҚА БАРМАС ЕДІ
13.12.2018 12:32

Еліміз сыбайлас жем­қорлықтан көз ашпай келе­ді. Бұл саланы сөз ете қал­сақ болғаны, «биені бүгі­мен, түйені түгімен» жұтып жатқандардың жымысқы әрекеті көңіліңді түсіреді. Қазынадан бөлінген қаржыны елі үшін емес, қара басының қамы үшін пайдаланатындардың кесірінен экономикамызға айтар­лықтай залал келуде. Кейде тіпті, «қашан бөлінген қаржы шын мәнісінде толықтай ел игілігіне жұмсалады екен?» деп армандап кететініміз де жасырын емес. Жемқорлар жеп қой­ған қаржыны санасақ, жүрек ауырады. Себебі миллиардтаған теңге халықтың аузынан жырып алынып, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі бизнес арқылы шетел асып кетуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро басшысының орын­басары Шаттық Өтеев «КТК» арнасына берген сұхбатында бүгінгі таңда ұлттық бюромен 2361 қылмыстық іс тіркелгенін айтқан­  болатын. Ал оның 1726-сы жемқорлыққа қа­тысты қылмыстық істер екен. Осы қылмыстық істер арқылы мемлекетке 14 миллиард 400 миллион теңге залал келіпті. Аллаға шүкір, оның 12 миллиард 800 миллионы өндірілген. Осы жасал­ған 1726 сыбайлас жемқ­орлық қылмыста­ры­ның 57 пайызы  немесе       979 фактісі тек парақорлыққа тең екен. Оның ішін­де пара беру де, пара алу да бар. «Азаттық» радиосының ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, параның­ көлемі 5 мың теңгеден 30 млн теңге­г­е дейін жетіпті. Бұл – бір. Ал 1726 жем­қорлық қылмысының 3/1-і жым­қыру фактісіне  тән. Мұндағы жымқы­рылған қаржы көлемі бір фактінің өзінен 3 млрд теңгеден асып  жығылған.

Сала бойынша саралайтын болсақ, қылмыстық істің көбісі Ішкі істер министр­лігіне, одан кейін жергілікті атқару органдарына тиесілі екен. Ал үшінші орынға мемлекеттік кірістер департаменті жайғасыпты. Бақсақ, бәрі де – қаржының миллиардтап жүретін жері. Мұнан бөлек құрылыс, білім, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салалары да қалыс қалмай келеді. Көбіне мемлекет қаржысын өз пайдасына жарататындар мемлекеттік бағ­дарламаларға бөлінген қаржыдан жымқы­ратын көрінеді. Бәріне мәлім, бүгінде елімізде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», білім және ғылымға, жұмыспен қамтамасыз етуге арналған бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Міне, солар­ға бөлінген қаржы толықтай өз мақсатына жұмсалмай келе жатқанын ұлттық бюро айшықтап отыр. Әсіресе, қыркүйек айларында «мектептерде кітап 100 пайыз қамтылды» деп алып, кейіннен кей оқулықтарды ата-анаға сатып­ алғызатын жайттар бөлінген қаржының қайда кетіп жатқанын айтпай-ақ ұқтыруда. Мұнан бөлек облысымыздағы құрылыс саласындағы біраз былықтардың да Әдеп кеңестерінде талай беті ашылып еді. Инфрақұрылым жүргізуге бөлінген қаржы құныққандардың қалтасында кетіп, Құдайынан безгендігін көрсеткен-ді. Енді міне, мемлекеттік бағдарламаға бөлінген миллиардтарды жеген 324 қылмыс (республика бо­йынша. - ред.) тіркеліп отыр. Салдарынан 1 миллиард 900 миллион теңгеге залал келіп, оның 1 миллиард 700 миллион теңгесі өндіріліпті. Әрине, қайтқаны қуантады. Десе де, өз елінің қамын ойлап, жаны ашитын азаматтардың басқа­сы басқа, халықтың жағдайын жақсартуға арналған қаржыны жымқырғаны өзегіңді өртейді. Әйтпесе, әр мемлекеттік қызметші жұмысына қабылданарда «мемлекеттік қызметте адал еңбек етемін» деп ант бермейтін бе еді?! Анты қайда қалғаны?

Ал Астана, Қостанай және Түркістан облыстары сыбайлас жемқорлық қылмыс­тары бойынша көш бастап тұр. Бұл – «Азаттық» радиосы ұсынған ста­тист­икалық мәлімет. Қатарда Қызыл­орда облысының жоқтығы қуантады, әрине. Десе де, бұл өңірімізде мұндай фактілердің кездеспейтінін біл­дірмей­ді. Керісінше, осыған дейін қалаға қарас­ты кент және ауыл әкім­дерінің, лауа­зымды тұлғалардың парамен ұстал­ғанын басылым бетінде талай жаздық та. Статистикаға сүйенсек, 2001-2017 жылдар аралығында жемқорлық үшін 10 мыңнан астам лауазымды тұлға сотталыпты. Олардың қатарында 2 премьер-министр, 17 комитет төрағасы, министрлер мен олардың орын­басар­лары, 15 облыс және қала әкімі, ұлттық компанияның 8 топ менеджері, 8 қауіп­сіздік қызметкері (оның ішінде генерал да бар) бар екен. Таңғалмайтын болдық! Бұл бір үйреншікті жайтқа айнал­ған­дай. Қайта парамен ұстал­ғандарды соттап, қаншама жыл оларды түрмеде ұстау үшін мемлекет шығынға батты. Сондықтан да болар 2015 жылдан бастап арнайы заң қа­былданды. Бұл бойынша парамен ұсталған адам өз алған парасының көлеміне қарай бірнеше еселенген мөлшерін айыппұл ретінде төлейтін болды. Мұнан бөлек мемлекеттік қызметке­р болса, сол салаға­ қайта бара алмай­тындай үкім шығарылады. Тиімді-ақ.

Десе де, Шаттық Өтеевтің сөзінше, дүниежүзінде сыбайлас жемқорлықты­ жеңген бірде-бір ел жоқ екен. Есте­ріңізде болса, қаржы полициясы кезін­де экономикалық қылмыс­тар­мен  де,  жемқорлық қылмыстармен де  бір  орган  айналысатын еді. Ал 2014 жылдан бастап екіге бөлініп, жем­қорлықпен күресу ұлттық бюроға жүктелді. Сондықтан әр сала маман­дандырылғандықтан, республика көлемінде  жемқорлық қылмыстары өткен  жылы 15 па­йызға, осы жылы 7 пайызға төмендепті. Дегенмен әр адам саналы түрде, елінің пат­риоты ретінде жұмыс істесе, жем­қорлық деген­ жегіқұрт мүмкін  мемлеке­ті­мізде болмас па еді?!

 

Ж.ЖҮНІСОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары