Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

    ...
    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Жетімдер үйі.

    Аида бүгін алғаш рет жетімдер үйіне келді. Әрине, өзінің қалауымен емес. Күнкөріс қамымен жұмыс істеп, ақша табу үшін амалсыздан жетімдер үйіне жұмысқа тұрды.

    Бүгін, міне, оның жаңа жұмысына келген алғашқы күні. Шыны керек­, аяғы есікке қарай өз еркінсіз әлсін-әлсін беттеп келеді. Ішіне кіруге  зауқы жоқ. Бірақ амалы­ бар ма? Қазіргі сәтте оның отбасындағы қаржылық...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «Апа, Болатбек неге көзін ашпайды?». Жалғыздық мұңы кеп қамағанда өндірдей қыздың жалынышты дауысын естимін. Көкпеңбек болып ісіп-кеуіп кеткен кіш­кентай інісін «Тұр! Неге көзіңді ашпайсың? Жүр ойнаймыз» деп жұлқылап жатқан жалбыр шашты қызды аяймын. Күнде бірге ойнап жүрген тентек інісін оята алмай, жұдырықтай жүрегі әлдебір жаманшылықты сезіп, анасы мен әкесіне жаутаңдап қарайды. Әкесі бетін ...

    Толығырақ...
КӨЛКІГЕН СУМЕН АЛЫСЫП КЕЛЕМІЗ
13.12.2018 12:56

Қала  әкімі  Н.Нәлібаевтың, Тасбөгет  кентінің  әкімі П.Шамұратовтың  назарына

Құрметті  редакция!

«Халық – Құдайдың бір аты» деген даналық, киелі сөз екенін, оның төркі­нінде қандай мағына жатқанын біл­мейтін пенде жоқ шығар деп жүреті­ні­міз  рас.

«Халық» газетінің алғашқы шыққан кезінен бастап тұрақты оқырманымын.

Оқырман ретіндегі пікірім, газетте жарияланатын мақалалардың барлығы әділдікті ту етіп, шындықты жасырмай, кемшіліктерге төзбестік рухта жазылатын ерекшеліктері көпшілікті тәнті етіп жүр.

Сондықтан да осы хатымды сіздерге жолдап  отырмын.

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңына қарай үй іргесіндегі су жүйесінен ақау шығып, одан аққан су бүкіл көшені алып кетті. Тасбөгет кенті Ғ.Мұратбаев көшесінің бас жағында тұратын 35 үй (жұп жағында - 21, тақ жағында - 14 үй) жеті айдан бері тесілген су құбырынан аққан көлкіген суды тоқтата алмай, біресе кент әкімдігіне, біресе «Қызылорда су жүйесі» МКК-на жәутеңдеп, өтінішімізді кімге айтарымызды білмей дал болғанымыз жасырын емес.

Бұл жағдай Қызылорда қаласының 200, Тасбөгет кентінің 70 жылдығы мерейт­ойларымен қабаттаса келген­діктен, болған жайтпен іргесі ызаланып бара жатқан үй иесінен басқасының жұмысы бола қоймағаны реніш туғыз­ғаны да рас.

Тасбөгет кентінің әкімдігі 14 отбасы­ қол қойып жазған өтінішке орай «Қызылорда су жүйесі» мекемесі басшылығынан тиісті шара көріп жәрдем­десуін сұрағанымен, ақау шыққан су жүйесінің «көшенің жұп санымен бел­гіленген жағындағы су жүйесі біздің мекем­енің балансында жоқ» деп жөн­деуден бас тартқан. Мекеменің Руслан, Ғалым есімді мамандары «Су жүйесін тақ санымен белгіленген жағына қосу үшін материалдар алуға 60-70 мың теңге­ көлемінде ақша шығарсаңдар қосып береміз, мына ақауды  жөндемейміз,       15 қарашада бұл жақты жабатын боламыз» деген ескерту қағаздарын тарат­қан болды. Алайда көше тұрғындары ондай ақшаны жинай алмаған соң олар да хабарс­ыз  кетті.

Көшенің жұп санмен (2, 4, 6,...) белгіленген жағына 2000 жылы су жүйесі тартылған болатын. Ол кезде қыстақ әкімі Р.Молдашев, «Тасбөгет ГКП» басты­ғы А.Арыстанов болатын. Бұл су жүйесі 2003-2010 жылдары «Қызыл­орда су жүйесі» мекемесінің (бастығы Б.Есен­ов) иелігінде болып, келісім­шартпен ақысы төленіп келді. Ал 2010-2011 жылдары көшенің тақ жағындағы 14  үй тұратын жақтан су жүйесі тар­тылды. Жұп санды беттегі көше тұрғындарына «тақ жақтағы тартылған су жүйесін­е қосып алыңдар» деп тапсырма­ берілгенімен, көпшілік тұрғындар көшеге төселген асфальтты бұзып алудан қорқып, қоса алмай отыр.

Көшеміздің бас жағынан әрі кеткенде 150-200 метрлік су жүйесінің қазіргі кезде бір жағының (жұп жағы) иесі жоқ немесе «баланста жоқ» деген сылтаумен «Қызылорда су жүйесі» мекем­есі ешкімге бет қарататын емес. Халыққа қызмет көрсететін мекеме бола тұра «Халық – Құдайдың бір аты» деген имандылықты сезінбей отыр. Сондықтан осы мәселені шешуге ықпал етулеріңізді, үшбу хатымызды қала мен кент әкімдерінің назарына жеткізулеріңізді  сұраймын.

 

Палтай  БЕКЖАНОВА,

Тасбөгет кенті, Ғ.Мұратбаев  көшесі №16 «А»  үйдің тұрғыны,

зейнеткер, ардагер  ұстаз,

«Күміс»  және  «Алтын алқа» иегері

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары