Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
БАСТАУЫШТАН БАСТАМАСАҚ БОЛМАЙДЫ
27.12.2018 12:04

“Ортаға біліміңмен емес, мінезіңмен сыясың” деді хәкім Абай. Иә, алып-қосарымыз жоқ. Ал, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби “Тәрбиесіз берілге­н білім – адамзаттың хас жауы” дегенді айтқан­. Көрдіңіз бе, білім беру үшін әуелі тәрбие, тәртіп керек. Тиісінше, қанша жерден білімді болсаңыз­ да, ұжымда ұзақ тұрақтай алмауыңыз мүмкін. Мәселе мынада. Бөтен ортаға келгенде біліктілігіңіз ұжымдағы жандардың назарына ілігеді. Қуанып, қолдау көрсететіндер көп болса, қызғаныштан қанжарын қайрай жүретіндер де табыла­ды. Сөз басында ұлылар ұлағатынан теріп, мінез, тәрбие жайында бостан-босқа жазбаған едік.

Осыдан жүз жыл бұрын ұлт ұстазы Ахмет Байтұр­сынұлы “Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы” деп еді. Бағанадан бері турасына тартпай, астар сөзбен айналсоқтап отырғанымыз осы. Сіздіңше, әйел мұғалім ұлды ұлша тәрбиелей ала ма? Білім бәсекесінде ер-азаматтардың орны, рөлі біліне ме?” деп оқу жылы аяқталар тұста бір мақала жазған болатынбыз. Тақырыбы “Педагог ерлер­ неге аз?” деген сұраулы сөйлеммен қойылды. Енді жылдар тоғысында осы мәселені­ тағы да көтерсек дейміз. Бұл жолы бізді толған­дырғаны бастауыш пәнінен сабақ беретін ер мұғалімдердің аздығы турасында  болып­  отыр.

Мектепті бітіріп, университетке келгенде бұл жайтқа анық көз жеткіздім. Педагогикалық мамандықтарда оқитын студенттер жігітке жарымай жатады. Онда оқысаң, сыйлысың, бетіңе ешкім қарсы келмейді. Солай бола тұра, 20-30 қыздың арасында бірлі-жарым­ ғана ұлды байқайсыз. Бұл не деген сөз? Ал, болашақ бас­тауыш пәні мұғалімдерінің арасында ер-азаматтар мүлде төбе көрсетпейді. Бұлай жаза беруге әсте болады. Бірақ, дәлел керек. Ендеше, әуелі статистикаға кезек берейік. Бүгінде Қызылорда облысында 20968 педагог болса, оның 16824-і – әйел мұғалім, 4144-і ер мұғалім екен. Ал, бастауыш пәні­нен сабақ беретін ұстаздар қатары 4780-ді құраса, оның 4294-і білек­тілер емес. Азайтып көріңіз, 500-ге жетер-жетпесі ғана ер мұғалімдер.

“Мектепке ер мұғалімдер ауа­дай қажет. Ердің аты ер ғой, оқу­шылар бізді тыңдай бермейді” деген­ пікірді әйел педагогтердің аузынан да естуге болады. Жалпы, бұл біз дүрліккенімізбен, мемлекет шындап қолға алса, шешіл­мей­тін шаруа емес. Өйткені, мемлекет – үлкен күш. Түркия билігі бір кездері тап осындай жайтты баста­н өткерді. Сонда олар не істеді деп ойлайсыз? Дұрысы, “не істемеді” дейік. Себебі олар қолынан келгенінің бәрін істеді, келер ұрпақтың  алдында ұятты болмайық деп аянып қалмады. Мемлекет ер мұғалімдерге барынша қолдау білдірді. Мұны біздегілер білмей жатыр деуг­е аузың бармайды. Әйтпесе, ер-азаматтарды білім саласына көптеп тартуды, оларды қалай тартудың жолын білмесе, онда басшылық қызметте неге отырғандарын да білмейді деген сөз. Тыңнан түрен салмай-ақ, басы­нан өткеріп баспақшыл болған­дардан үлгі алса да, қой дейтін біреу табыла  қоймас.

Бесікте жатса да, баланың ер адамның тәрбиесін көргені жақсы. Ал, елімізде көптеген отбасылардың толыққанды емесін ойға алсақ, тағы осы мәселе алдымыздан шығады. Балабақша тәрбие­шілерінің түгелдей қыз-келіншектер екенін дәлелдеп жатудың өзі әбестік болар. Тағдырдың жазуымен әке көрмей, оқ жонбай өскен баланың балабақшада апайдың бағыт­-бағдар беруімен мектепке бара­тыны сөзсіз. Міне, енді оны мектептегі матриархат күтіп алады. Әншейінде әңгіме арасында “араласқан ортаңа байланысты” деп жатамыз ғой. Осыдан кейін, ер не әйелдің айырмасы жоқ дей ала ма екенсіз, көрейік. Біздіңше, бұл ат үсті қарайтын тақырып емес. Сондықтан, біздегі білім басқармасы үн-түнсіз қалмайды деп сенеміз.

Рыскелді   ЖАХМАН

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Желтоқсан 2018 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 28 29 30
31            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары