Өзекті мәселелер

  • 18.07.19

    Жалпы, қай жерде болмасын статистиканың орны бөлек. Статис­тика – адам сүйсініп не күйініп оқитын бірден-бір ақпарат. Яғни, ол – әрдайым оқылымды материал­. Сондықтан  болар, Ұлттық экономика министрл­ігі Статистика  комитетінің  http: //stat.gov.kz/ сайтын әлсін-әлсін шолып тұратынымыз бар. Бұл жолы біз өз облысымызға қа­тысты біршама сандық деректерге тап болдық. Оны жүйелеп, оқырман ...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Қызылордада құрылыстың қарқынды дамы­ғаны соңғы бесжылдық десек, асыра айтқандық емес. Алдымен тұрғындарды әлеуметтік нысандармен қамтуды басты бағыт санаған жергілікті басшылар қаладағы көпқабатты тұрғын  үйлердің де көптеп бой көтеруіне мән берді. Оған соңғы 6 жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгені дәлел. 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жы...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Бүгінгі күні ауданда балық шаруашылығы саласы қарқынды дамыды деп айтуға толық негіз бар. Өйткені балық шаруашылығы өңір экономикасының дамуына және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, оларды жұмыспен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр. Себебі Арал теңізі мен Сырдария өзенінің жағасында қоныстанған жергілікті халықтың өмірі мен тұрмысы балық шаруашылығымен тығыз б...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    «Рас, үйленбей тұрып әйел­ді «ашсам – алақанымда, жұм­сам – жұдырығымда ұстаймын» дегеннің бірі мен едім» деп бас­тады автобуста отырған жігіт ағасы. Өзі ащы судан аздап ұрт­тап алғанға ұқсайды. Сәлден соң салбыраған басын қисаң­дата көтеріп, көзін жартылай ашып-жұмып «менде бәрі бар еді, көлігім де, үйім де...» деп тағы налыды. Ал, әйелін айт­қандағы байғұстың жыларман түрі мен шарасыздықтан с...

    Толығырақ...
  • 18.07.19

    Сүйріктей саусақ, сәнді тырнақ – кез келген қыз-келіншектің арманы. Тырнағын әсемдеу әйелге сенімділік сыйлайды. Өз-өзін бағалайтынын байқатады. Бүгінде гельді тырнақ бояуын қолданбайтындар сирек. Екінің бірі осы әдісті жасатады. Оның кәдімгі бояудан артықшылығы көп. Бір айға дейін жылтыр әрі тартымды түсін сақтайды. Бірақ... Сұлулыққа құштарлық денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін. Ма...

    Толығырақ...
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ 21 ӨЗЕКТІ СҰРАҒЫ
10.01.2019 10:10

Гүлзат  КӨБЕК,

киносыншы,

өнертану  PhD  докторы,

«Тұран»  университетінің

Профессоры - Ұлттық нақыш, салт-дәстүр, құндылық­тарды  ХХІ  ғасырда  сақтап  қалу  мүмкін  бе?

- Егер ол ұлттың «иммунитеті» табиғи жолмен әлсіресе, мүмкін емес. Жасанды жолмен жаңғыртамын деген мақсат кейде өлі мүрдені тірілтемін деп бос әуреге түсумен бірдей. Қазір көптеген ұлттар – жансақтау бөлімінде.

- Адамзатты сұрыптау саясаты тым қатал емес пе?

- Тіршілік үшін күрес – тым қатал. Табиғаттың заңы солай құрылған. Бірін құлатып, бірі – тұру.

- Жер шарында бейбітшілікті ұстап тұруға не  кедергі?

- Адамдардың өзі. Пейілі. Іштарлығы. Өзгенің қайғысынан ләззат алып күлуі. Мысқылы. Сайқымазақ  ойыны. Саясаты.

- Соғысты  тоқтату  мүмкін  бе?

- Соғыс – барлық істің мағынасын ұстап тұратын ең басты ыстық нүкте. Адами қағидаларыңды­ тас-талқан етіп, қайта ойлауға мүмкіндік беретін қажет  жүйе.

- Жаһанданудың ең басты жаңалығы неде?

- Адамдарды арақашықтықтан экран арқылы жақындату. Жаныңдағы жақыныңды адами қарым-қатынастан алыстату.

- Рухани  баймыз  ба?

- Кемел тұлғалар бар. Шын мәнінде. Бай. Рухани­. Олар рухани көшбасшыға айналмаса, қанша бай болса да мұрагерлікке ешнәрсе қалдыра­  алмайды.

- Адамдардың көңілі қазір не іздеп жүр?

- Өздерін. Қалауын өзгеден іздеуде. Іздегені өзінде. Жүрекке жол табу – ізденістің соңғы нүктесі. Ол тоқтаған сәтте мағына тоқтайды.

- Өзіне сенімсіз адамдар көп. Психолог мамандығы  трендте. Тренингтердің  пайдасы  бар  ма?

- Тренинг өткізуші маманға пайдасы бар. Қаржылай. Бұл – жақсы табыс. Оның дәрістеріне табынушы танымдық тұрғыдан бәрібір өз жігері­мен жеке жұмыс істеуі керек.

- Қандай  мамандық  өзекті?

- Жүйе жасайтын. Олар дипломға мұқтаж емес. Оларға марапат қажет емес. Олар арнайы креслоға да тәуелді емес. Олар ықпалын кез келген  жерде  жүргізеді.

- Нарыққа өтудің түпкі саясаты – сатуға бейімде­у.  Сатқынға  айналып  кетпейміз  бе?

- Нарық – сұрыптайды. Бәсекеге қабілетті болу – жігеріңді шыңдайды. Сатылмайтын дүние – өз құнын арттырады. Демек, бұл ең басты құндылықтардың сапасын арттыруға жасалған қадам ғана.

- Материалдық мансапқа тәуелді болып кеткен­  жоқпыз  ба?

- Тәуелдіміз. Бұл – саясат. Адамды құлқынмен алдау. Құнары бір болса да, түрі көп. Сапасы жоқ болса да, саны көп. Жиған дүниең жылтыраса да, жан рақатын сыйлауға қауқары жоқ.

- Осы  заманда  не  жиіркенішті?

- Қолынан іс келмесе де, белсенді көрінгісі келетін пенделер. Өзі тоқырап жүріп, өзгені жаңғыртқысы келе­ті­н пейілдер.

- Бүгінгі отбасылардың басты мәселесі  неде?

- Үлгі тұтатын беделді тұлға таппау. Әжем мен атамның тәр­биесі деп мақтанатын үр­дістің уақыты  бітті. Бала­ларға  обал.

- Қоғамның ушы­ғып­  тұрған  мәселесі  неде?

- Әлеуметтің ішкі көңіл күйінде.

- Тоқыраудан  шығуымыз  мүмкін  бе?

- Оның  күші – білімде.  Жүйеленбеген     істер – сауатсыздықтың  нәтижесі. Жолын біл­меу. Бар  мүмкіндікті  көрмеу. Ізденбеу.

- Адамның рухани кемелденуі үшін материалдық  құндылықтардың  ықпалы  бар ма?

- Біз екеуіне де тәуелдіміз.

- Қазіргі  адамдардың  жұбанышы  неде?

- Үмітте. Әлемде бәрі өзгереді деп өздерін алдап, ғажайып күтуінде. Ішкі әлемің өзгермесе, сыртқы дүние қайтіп өзгермек?! Нағыз өзгеріс – тек  әрекетте. Іс – дәйекті  көрсеткіш.

- Адамзатты  қандай  өзгерістер  күтеді?

- Үнемшілдік. Ықпалдылық. Сапалылық. Жаңа деңгейдегі басқару жүйесі. Саяси тәртіп. Сапасыздық пен сауатсыздықты уақыт кө­тер­мейді.

- Барлық  ұлтты  қосып  жіберіп, бір  тілді, бір ділді  етсе  не  болады?

- Бұл – Құдайдың жоспарын бұзу. Саясатта­ оны жүзеге асырудың басқа жолы бар. Табиғи жолмен будандастыру арқылы, «тек» деген түсінікті қолдан жою. Бұл түпнұсқалық қаныңның  ерекшелігін  сақтау­  үшін  қауіпті.

- Жер шарында басқа тіршілік иелері болуы­  мүмкін  бе?

- Іске қосылып жатқан темір робот­тар­ адам қолымен жасалғаны ақиқат болса, бөгде тіршілік иелері турал­ы ақпараттар құр қиял. Осы жер шарының басты кейіпкерлері – біз. Өзі­мізді жойып алмау – басты жауап­кершіліг­іміз.

- Бізді бейсаналық деңгейде басқараты­н тылсым күш иесінің ықпалы­  шын  мәнінде  бар  ма?

- Біз оған қашанда тәуелдіміз. Біз бейсаналық деңгейде бас­қарыламыз. Біз оның ықпа­лындамыз.

Дайындаған

Анель  АСҚАРҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары