Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ТУҒАН ЖЕРІМЕН ТАМЫРЛАС
10.01.2019 10:22

Қазақстан дегенде кең-байтақ дала, шетсіз-шексіз жазира көз алдыңда көлбеп тұрады. Дала – қазақтың алтын бесігі болғанда, ауылдары – алтын­ тамырлары. Қазақ бар қуатты даладан алған. Қазақ сайын даланың сеңгір тауларынан, шалқыған көлдерінен, сусыған құмдарынан, нәрлі топырағынан, күн көзінің асыл нұрынан жаралған. Сол сайын даласында еркін өсіп, тұрмысы мен тірші­лігін төрт түлік мал бағумен етене байланыс­тырған бабалардың қажырлы қайратының қайтымын бүгінгі ұрпағының жалғастырып жатқанына да жылдар жылыстап барады. Ата-баба аңсаған тәуел­сіздікке қолымыз жетіп, әлемге әйгілі болған Қазақ елінің тұғырын бүгінгі буын түрлі жолмен – бірі еселі еңбегімен, бірі білім-білігімен, келесісі парасат-пайымымен, енді бірі маржан сөзімен, ойлы өлең-жырымен биіктетіп келеді.

Осынау  ұлан-байтақ  қазақ жерінің бір пұшпа­ғы – қазыналы Қазалы өңірі тұнған тарих, шежіре­лі мекен, ұрпақтары батыр да бірбеткей, өнерлі де өнегелі десек, артық айтпаймыз. Сол сара жолды жалғастырып келе жатқан бір азамат бар болса, ол журналист, ақын, арлы азамат Жұмабек Табынбаев­ деп танимыз. Жұмекеңмен жақын араласқалы он жылдың бедері болса да, оның қыр-сырын білге­німнен білмегенім көп. Әрине, бірсөзді, адамгер­шілігі мол, адал ағаның жазу-сызуға, өлең құрауға деген өлермендігі біздей пақырды байланыстырды­ десек те болады. Қай жазбасын алып қарасаң да, мейлі мақала, мейлі бір шумақ өлеңі болсын, туған­ жерімен тамырлас екенін анық байқатады. Арықбалығын алтынға айырбастағасы жоқ, туған топырағы туралы теріс пікір айтқанды тілімен түйреп тастауға бар. Сондықтан да болар, «Туған жер, Арықбалығым қайда жүрсем де, көңілімнің төрінде тұрады. Менің мақалам мен өлеңімнің алтын арқауы, бүкіл тамыры – осы туған жер. Туған жерін сүймеген, жырға қоспаған адамнан шын патриот, шын ақын шықпайды» дейді ағамыз ағынан жарылып­.

Бұл ойымызды оқырманға жол тартқан Жұмабек Айдарбекұлының «Қара кемпір» деп аталатын кітабы айғақтай түседі. Жинақтағы әрбір туын­дысы арқылы туған жердің ой-қырын, тал-терегін, нуы мен суын, малы мен жанын, айбоз адамдарын тани білесің. Иә, ақындық – киелі өнер. Өнер жолы – ауыр жол. Ақынның әлеумет алдындағы арқалар жүгі де ауыр. Бұлбұл сайрамай, тұлпар шаппай тұра алмайды. Гауһар тастың басты қыры – асылдығы. Ал ақын жырының көп қырлылығы оның тарланбоз тұлпар екенін танытқандай. Тарланбоз шаппай-желмей тұра алмайды. Азаматтың туған жері – Жанқожадай бабасы ту тіккен Арықбалық ару мекені­. Ағамыз талай рет туған жерге деген сағынышын, перзенттік парызын жыр жолдарымен, сөз сырымен өрнектеді. Сондықтан да Жұмекеңнің әрбір жазбасы туған жерімен тамырлас, талбесікпен­ бірге өріліп жатыр. Туған жерін, оның топырағын алшаң басып жүргенін мақтан тұтады.

Десе де, өмірге келу бар да, сол Алланың берген­ сыйы – қамшының  сабындай  қысқа ғұмырды Адам болып өткізу бар. Осы тұрғыдан келгенде Жұмабек­ ағамызды төрт құбыласы түгел, еліне, қоғамға, ұрпағына әлі берері бар, жанына да, тәніне де қылау­дай кір шалдырмай, «Адам» деген атқа лайық өмір сүріп келе жатқан Азамат деп айтуға әбден болады. Оған оқырманның олжасына айнал­ғалы тұрған жаңа жинағы куә. Қарымды қаламгердің уақыт толқынына шайылмайтын бұл кітабы елін сүйген, жерін сүйген азаматтарға, кейінгі жас толқынға жолаушыны жолынан адастырмас айсыз түндегі Жетіқарақшы мен Темір­қазықтай бағдаршам болатынына сенемін. Жазарыңы­з таусылмасын, елге бергеніңізден береріңі­з көп, жинағыңыз құтты болсын, Аға!

Нұржан  НҰРМАҒАНБЕТОВ,

Қазақстан  Журналистер

одағының  мүшесі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары