Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
ЕСКІ ҮЙ ШАҚЫРДЫ
10.01.2019 10:58

Үйімізден 50 метр қашықтықта тозығы жеткен лашық бар. Ауыл адамдары «тастанды там» деп атап кеткен. Кішкентайымда өзім құралпы көрші балалармен ойнап жүргенде талай рет маңына барғанбыз. Ішіне кіруге әрекеттенбеппіз. Ата-анамыз терезесінен сығалауға да тыйым салған еді. Ал есігінде үлкен қара құлып тұр. Бір қызығы, ауылдағы небір бұзақы балалардың өзі түн мез­гілінде бұл жолмен жүрмейді. Мұның сырына­ есейе келе үңілдім. Рас, мен тылсым оқиғалар­ға сенбеймін. Ол психикасы әлсіз немесе қиялы жүйрік адамдардың ойдан құраған ертегісі деп ғана баға беретінмін. Тек осы бір оқиғаны басымнан өткергенге  дейін...

Қалаға оқуға түскеннен кейін кезекті бір демалысымда ауылға келіп, достарыммен кездестім. Көңілді кеште мектеп бітіргелі елдің түкпір-түкпіріне оқуға түскен сыныптастарым басынан өткен қызықтарын, жаңал­ықтарын айтып мәз. Ойымда ештеңе жоқ, ойын-сауықтан қайтып келе жатқан бетім. Әншейінде ешкім жүрмейтін сол жолмен келе жатырмын. Құлағымда құлаққап. Кенет тыңдап келе жатқан әуенім ортасынан үзіліп кетті. Қайта қосуға ыңғайланып, смартфонымды қолға алып едім, өшті де қалды. Айналамды қою қараңғы жапқан. Кенет сол қолымнан жылы жел өткендей болды. Құдды біреу «жүр» деп тартқылап тұрғандай. Бойымды түсініксіз сезім билеп, бағытым өзгере қалды. Қайда келе жатқанымды да білмеймін. Бір кезде жарық жанған терезенің тап алдына келдім. Бұл менің үйім емес, жұрт үрейлене қашып жанына жуым­айтын, түрлі қорқынышты оқиғалардың арқауына­ айналған «көрші» құжыра болатын. Жабық екені есімде­, тек терезесінен имене көз салғанымда шашы беліне төгілген бойжеткеннің айнаға қарап, шашын тарап отырғанын көрдім. Сол сәт ол маған жалт бұрылды. Көзі қып-қызыл, от шашырап тұрған сияқты. Құлағы да ерекше үлкен. Үй ішінен көзіме тіке қарады да адамның емес, жабайы бір жануардың дауысымен шыңғырып жіберді. Тұла бойым тітіркеніп, қатып қалыппын. Бір секунд бір жылға татитындай. Содан үйге қарай тұра ұмтылдым, екі аяқпен жүгірдім бе, төрт аяқтап қаштым­ ба, Құдай біледі. Содан кейінгісі есімде жоқ. Таңертең төсегімнің бас жағында «қу құдай-ай, ескі үйге жоламаң­дар деп қанша айтамын» деп жылап отырған әжемді көрдім. Басыма қорықтық құйып, қорғасынның суретін көрсетті. Екі күн бұрын көрген құбыжық-қыз. Мынаны көріп тағы да тілім байланды. Туыстарым аурудан айыққа­нша барын салып, бәйек болды. Өз-өзіме келгеннен кейін далаға шығып, үрей «сыйлаған» үйге көз тіктім. Әлдебір күш өзіне шақырғандай болды. Алғашында мән  бермегеніммен, бұл нәрсе күн сайын жиілей­  түсті. Түсініксіз жайттан отбасымның хабары жоқ. Үшінші күн өткенде түсіме сол баяғы құбыжық кірді де, таң атқанға дейін келмесем, ақыл-есімді алып кететінін қатаң ескертті.

Қара терге малшынып жатыр екем. Түс – түлкінің боғы. Десе де, оның неліктен қыр соңымнан қалмай жүргенін білгім келді. Ешкімге білдіртпей сырт киімімді кидім де сол маңға қарай адымдадым. Аспанда ай жоқ. Әнеукүнгідей тас-түнек. Бір құдірет мені сол жаққа жетелеп­ барады. Жолды жобалап қоямын. 20 жылдан бері есікті күзеткен құлып жоқ, айқара ашық тұр. Ішіне кіруге батылым бармады. Сол мезетте біреу артымнан итеріп қалып, табалдырықты аттай құладым. Өзімнен өзге жан баласы жоқ маңда мұндай құбылысқа таңданып әрі қорқып жатқаным шындық. Тұруға да дәрменім жетер емес. «Мені көп күттірдің» деген дауыс естілді. Зәре-құтым қалмай, орнымнан түрегеліп, дауыс­ шыққан жақты іздей бастадым. Құбыжық-қыз дәл алдыма келіп, бала кезден маған тұрмысқа шығаты­нын жоспарлап қойғанын, менің есейгенімді күткенін айтты. Олардың әлемі тым бөлек екен. Ғайыптан үй іші жарық болып, ақсақалдар пайда бола қалды да, жаңағымен екеумізді қатар отырғызып, қолымызға кесе беріп, бірдеңе ішкізді. Сонымен тамам. Ешқайда қашып құтыла алмайтын сияқтымын. «Бұдан былай сендер­дің тұрақтарың осы лашық болады» дейді тағы біреуі. Олар мұның бәрін сана түкпірінде, менің ішіме кіріп айтқандай еді. Өзара сөйлескен сөздерін ұқпадым себебі. Қорқа-қорқа етім үйренгендей ме, үйге екі өкпемді қолға алып жүгірмей, асықпай аяңдап келемін...

Есімді жисам, отбасы мүшелері толық жиналып отыр. Бәрі мәре-сәре қуанып, бір-бірін құттықтап жатыр. Өмірге қайта келгендей едім. Барлығы өң мен түстің арасындай көрінгенімен, менің осылай терең ұйқыда жат­қаныма бір айдан аса уақыт өтіпті. Бойында ілімі терең молда кісі үйге қона жатып емдепті. Нәтижесінде құбыжық­тан аластатылып, осы оқиғаны қағазға түсіріп отырмын. Мұнан кейін олар мені мазаламады. Десе де, көңіл түкпірінде ескі үйге шақырған құбыжық-қызды кім жаратты, менің тағдырыма қол сұққаны несі дегендей сауалдар қылаң беретіні жасырын емес...

АЙБАР

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары