Өзекті мәселелер

  • 17.01.19

    Марат  ӘЙТІМОВ:

    Қас талант тасада қалмайды. Түптің түбінде танылары хақ. Күндердің күні маңдайы жарқырап, жұлдызы биіктей түсетіні белгілі. Сөйтіп, аты мәшһүр адамға айналары сөзсіз. Бұған мыңдап мысал келтіруге болады. Айталық, миллиардтаған қытайды мойындатқан, әлемдік «мен» деген өнер майталмандарының өзі құрметпен ...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Қызылордалықтар қашанда күн суыта бастасымен жандарын шүберекке түйіп отырады. Бұрыннан-ақ тосыннан келетін апат халықты дүрліктіріп қойған. Дария суының арнасынан асып, елге төндірер қаупін айтамыз. Бұл үшін жыл сайын бюджеттен қыруар қаржы да бөлініп келеді. Арнайы бөгеттер салынып, мұз жару жұмыстарына дейін ел қазынасынан ақша шығарылады. Иә, табиғаттың тосын мінезін біліп болмайсың. Десе д...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Халық арасында білім саласына қатысты айтылатын сын көп. Әсіресе, жұмыс іздеп, мұғалім болу­ды армандайтындар, тіпті, еден жуушы болып жұмыс істегісі келетіндерден «мектептің ставкасы мынанша» дегенді естіп жүрміз. Алғашында сенбейтінбіз. Өркениетке қадам басқан елімізде еден жуушыдан пара сұрамайтын болар деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сондай жағдаймен бетпе-бет келгендердің бар екені жасырын емес...

    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Баспанасыз жүргендердің бағы жанатын болды. Талайдың табал­дырығын тоздырып, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген отбасылар енді өз елінен пана табады десек те қателеспейміз. Тек жиған-тергеніңіз қалтаңызда емес, банк есепшотында болса болғаны. Естеріңізде болса­, өткен жылы Қызылорда облысы әкімі Қ.Көшербаев халық алдындағы жылдық есеп беру кездесуінде:

    ...
    Толығырақ...
  • 17.01.19

    Әрдайым әдемі болып жүруді қалайтын қыз-келіншектер киім үлгісіне келгенде ерекше талапшыл. Тіпті кейбір сұлулар үшін құрбы­ла­рының үстіндегі жейде немесе көрші­сінің спорттық белдемшесінің өзіні­кімен бірдей болуы «ғаламдық проб­лемамен» пара-пар. Мұндай көрі­ніс­ке сіздің де жиі куә болып жүрге­ніңізге сенімдіміз. Байқағанымыз, бұрымдылар өзгеше болуға ұмтылады. Бүгінде талғампаз бойжеткенде...

    Толығырақ...
БІЗДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК – АУАДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН ЖОБАЛАРҒА КӨҢІЛ БӨЛЕТІНІМІЗ
10.01.2019 11:13

Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

«Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып алуымызда жатыр.

Алайда соңғы кезде Елбасының өзі бастама жасап, қазақстандық киімдерді үлгі етіп кие бастағаннан бір баспалдақ болсын алға бастық. Жылжып келеміз. Қызылордада да жейде шығаратын цех ашылды. Мұның өзі неге тұрады? Бүгінде Қазақстанға «Dalatex» атауымен танылған жаңа брендтің қазіргі жағдайы қалай? Өнеркәсіптің бұл түріне келудегі басты себеп не? Салымы мол, пайдасы аз саланы серіктестік директоры Ділмұхамед Абызов неліктен таңдады? Осы және өзге де сауалдарға жауап алу үшін кәсіпкер Д.Мінуарбекұлымен сұхбаттасқан едік.


«ӨЗБЕКТЕРДЕН   ҚАЛЫП  ҚОЮДАН   ҚОРЫҚТЫҚ»

– Неге ерлер киімі, жалпы, таңдау киімнің  бұл  түріне  қалай  түсті?

– Біз 2000 жылдары Түркия елінен ерлер киімін алып келіп, сатып жүргеннен кейін таңдау жейдеге түсті. Ол киімдерді біз қаламыздың базарларында, «Димаш» дүкенінде саттық. Осындай тәжірибеміз бол­ғандықтан, жейдені неге өзімізден шығармасқа деген ой келді. Осы­лайша «Дамудан» несие алып, кәсібімізді бастап кеттік. Түркиядан ақылы түрде арнайы бір маманды жалдап, жейде тігудің  қыр-сырын үйрендік.

– Қарамағыңызда қанша адам жұмыс істейді? Және оларды жұмысқа қабылдарда қаншалықты тәжірибелеріне мән бердіңіз?

– Бізде негізі қызметкер қыз-келін­шектердің 80 пайызы тігін маманда­ры емес. Арасында эко­номист, заңгер де бар. Сол түрік елінен келген азамат қалай тігу керек­тігін, бәрін үйретті. Оның алдында өзіміз де 1-2 аптамызды оқытуға жұм­садық. Қазір қарамағымда 40 шақты адам жұмыс істейді.

– Жаңа өзіңіз айтып өттіңіз, 2000 жылдары киім әкеліп саттық деп. Ал «Далатексті» 2016 жылы аштыңыз. Сол уақыт аралығында біраз жыл өтті дегендей. Осы саладан нан жейтініңізге 2016 жылы көзіңіз жетті ме?

– Негізі бұл салада нан жей алмаймыз. Шыны керек. Егер нақты айтаты­н болсақ, Қазақстанда киім тігумен айналысып жатқандар жоқтың қасы. Өйткені бұл сала тиімсіз. Шығын көп.

– Ендеше неге өзіңіз осы саланы таңдадыңыз?

– Өзбектерден қалып қоюдан қорықтық...

– Өз  қаржыңызға  аштыңыз.

– Иә, өз қаржымызға аштық. «Даму» қорынан несие алдық дегендей. Бірақ «Дамудың» өзі қаншалықты жеңілдетілген пайызбен несие бергенімен, оны беретін адам таппай жүр. Бәрінің мойнында қарыздары бар. Кредиті жоқ адамды кездестіру мүм­кін емес. «Дамудың» өзі несие беруге­ мүдделі болып отыр. Алатын адам талаптар­ына  сәйкес  келмей  жатыр.­

– Өнім – өзіміздікі, ал шикізат ше?

– Шикізат Түркиядан келеді. Біз­де, бірінші мәселе ол – Өзбекстан. Мысалы, онда кейбір сырттан алып келген маталарға кеден баж салығын төлемейді. Бірақ өздері өндіріп, кеден­ баж салығынсыз бізге сатады. Ресейге де солай жібереді. Былай қарасаң, олар Кеден  Одағына  да, Экономикалық одаққа да кірмеген. Бірақ соның мүшелері сияқты затты кіргізе алады. Қазақстанға сататын болса да сол. Баж салығын төлемейді, сата  береді.

– Сіз мысалы, Түркиядан тауар әкелгенде  баж салығын  төлейсіз  бе?

– Матаға төлеймін.

– БАЖ  салығы  көп  пе?

– Тауар бағасының 10 пайызы.

– Сіздің тауарларыңыз Қызыл­ордадан  басқа  тағы  қай  қалада  бар?

– Шымкент, Алматы, Тараз, Астан­а, Атырау, Орал, Ақтау, Семей қалаларында  бар.

– Неге «Dalatex»? Жалпы, бұл атау нені  білдіреді?

– Бұл туралы белгілі бір уақыт өткеннен кейін айтайын (күліп).

 

«ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ   НАРЫҒЫ  БІЗГЕ   ҚЫЗЫҚ   ЕМЕС»

– Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сіздердің жейделеріңіз туралы «Шыны керек, мұндай бағада Еуропада бірде-бір жейде сатып ала алмайсың» деп бағас­ы жағынан тиімділігін айтқан еді...

– Біз енді Түркия өнімімен таза бәсекеге қабілетті бағаны белгіледік. Бағасы сапасына сай.

– Қазіргі таңда бір жейденің бағасы қанша  тұрады?

– Бір жейде нарықта 7 мың теңге. Кейбір жерлерде 6 мың теңге. Біз бағамен көп айналыса бермейміз. Бізден әріптестер көтерме бағада алып сатады.

– Ең қымбат көйлектің бағасы ше?

– 15-20 мың теңге.

– Оның  айырмашылығы  неде?

– Айырмашылығы 100 пайыз мақтада­н  жасалады. Ал одан арзандарында  мақта мен синтетика аралас­. Олардың бір қолайлысы – қыржымдалмайды. Үтіктелуге  жақсы.

– Қарапайым базарлардан кез­дестіре  аламыз  ба  бұл  брендті?

– Біздің базарлардан кездестіре алмайсыз.

– Неге? Сонда олар басқа жақтан арзанырақ алатын болғаны ғой, солай ма?

– Олардың Қытайдан көтерме бағад­а алатын көйлектері мен біздің көйлектердің бағасының айырма­шы­лығы – бар-жоғы 200-ақ теңге.

– Қытайдың  көйлектері 7 мың теңге­ тұрмайтын  шығар...

– 5 500 теңге. Бірақ Қызылорданың нарығы бізге қызық емес. Өйт­кені  шағын.

– Бір айда, айта аласыз ба, қанша көйлек  тігіледі?

– 5000-6000 дана.

– Ең алғаш ашылған кезде қанша дана  шығаратын  едіңіздер?

– 2500-3000 болатын.

– Астанада өткен «Қазақстанның үздік тауары — 2018» республикалық көрме конкурсында ерлер көйлегін тігетін сіздің серіктестік «Халыққа арнал­ған үздік тауарлар» номина­ция­сы бойынша жеңімпаз атанды. Аз уақытта мұндай жетістікке жету сіздерге шабыт сыйлаған болар... Енді алдағы жылға қандай жоспар­ларыңыз бар? Біз біл­мейтін көйлектің тағы бірнеше түрін шығарасыздар  ма дегендей...

– Біріншіден, биылғы жыл облысымызға да, бізге де табысты жыл болды­. Облыс әкімі Қырымбек Елеуұл­ы «Алтын сапа» көрмесінде Елбасының қолынан «Хан тәңірі» деген­ номинацияны алды. Бұл бизнеске ең қолайлы орта қалыптас­тырғаны үшін берілген марапат болаты­н. Біз де жерлестері­міз­дің қолдауының арқасында халыққа ар­налған­ үздік тауар­лардың бірегейі болып­ танылдық. Мұнда сондай-ақ сапаны жақсарту жолында еңбек етіп келе жатқан­ ұжымның да алар орны бар. Екіншіден, өткен жолы бір теле­арнада уәде бергеніміз бар еді: келесі жылы Қызыл­ордада жеңіл өнер­кәсіппен айналы­сатын мекемелерді көбейтсек деген. Сол мақсат жолында жұмыс істесек деген­ арманымыз бар. Сол жұмыстың басы деп айтамыз ба, осы қаңтардың 7-сі мен 10-ы аралығында Қызылорданың он шақты кәсіп­керін Стамбулға алып бара ж­атыр­мын. Өндірістерді  көрсетуге. Оларға­ мен көрсетпегенде, кім көрсетеді? Бұл – менің 20 жылдық Түркия­ға барып жүрген тәжірибем, әріптес­тігім, достығым. Сол қанша уақытта жүзеге асқан­ нәрсенің бәрін бір мезетт­е ашып  бергелі  отырмын.

 

«ГИГАНТОМАНИЯМЕН  АУЫРАМЫЗ»

– Түркия  елінің  өндірісі  мен  біз­дікін салыстыруға келе ме? Қанша­лықты  дамыған?

– Біздегі ең үлкен қателік – ауада­ғы  үлкен жобаларға көңіл бөлетіні­мізде. Өте шағын жобалар далада қалып қойып жатады. Тіпті, көзге ілінбейді де. Менің қазір кәсіп­керлерді алып бара жатқандағы мақсатым да – үлкен кәсіпорындарды көрсету емес. Өйт­кені үлкен жобаларды ашуға көп қаражат­ керек. Кәсіпкердің бұл үшін ең кем дегенде 500 млн, 1 млрд теңгесі болуы шарт. Сондықтан шағын меке­мелерді аралайм­ыз. Бес не алты, 10, ары кетсе 30 адам жұмыс істейтін мекемелердің жұмысымен танысамыз. Жейде,­ әйелдер көйлегін, аяқ­киім, шалбар шығаратын меке­мелер­ді аралау­ арқылы кәсіпті шағын ортал­ықтан бастаудың қыр-сырын үйренетін боламыз деп ойлаймын.

– Ол жақтағы ағайынның кәсібін ашық көрсететініне қарағанда, әріп­тестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болып тұрсыз ғой...

– Иә, маған көрсетеді.

– Бұл байланыс қалай және қашан орнады?

– Бұл менің осы салада неше жыл бойы жүрген еңбегімнің арқасы. Әрі біз өндірушілермен тікелей жұмыс істейміз. Олармен жұмыс істеу, оларды табу – өте қиын. Біздің кәсіпкерлердің көбісі топтанып сататын жерлерге, көтерме сауда аудандарына барады.

– Сол шикізатты өзімізде өндіру мүмкін  бе?

– Әзірге мүмкін емес.

– Неге?

– Ол шикізатты мақтадан бастау керекпіз.

– Бізде  мақта  бар...

– Ол мақта тек арнайы киімдерге жарайды. Мәселен, матасы қатты, қалыңдау деген секілді. Себебі біздегі мақтаның сорты басқа. Одан көйлек, жейде тігу мүмкін емес. Ал ол жақта өсірілетін мақтаның сорты мүлде бөлек. Арнайы өсіріледі. Негізі ең жақсы мақта – Мысыр мен Америкада. Түріктер сол жақтан да алып келе­ді. Иә, мақтаның жібін алып келіп, осы жақта да өндіруге болады. Бірақ жоғарыда айтып өткендей, біздегі ең үлкен қателік –үлкен гиганттық жобаларға жүгінетініміз. Былайша айтқанда, гигантоманиямен ауырамыз. Мысалы, Шымкентте «Ютекс» деген компания болды. Матаны дайындауға қажетті жіп шығаратын мекеме бұл. Оған Қазақстанның «Даму» банкі ақша салды. Бір рет емес, екі рет. Өте көп қаржы кетті. Бірақ сол күйінше жұмыс істемеді. Қазір банкрот болып отыр. Оның себебі неде? Ең бірінші оған сұранысқа ие болатын осындай шағын­ мекемелерді көбейту керек. Қай кезде осындай шағын мекемелер Қазақстанның ішінде көбейеді, сол кезде мата шығаратын алып мекемелердің жұмысы жанданады. Мысалы, кабель шығаратын зауыт соққанымен, оны орнататын электриктер болмаса, ол кабель сатылмайды ғой. Қызыл­орданың деңгейін белгілі бір дәрежег­е жеткізу үшін осындай мекемелер көп болуы керек деп санаймын.

– Бұл кезде  бәсекелестік туын­дай­ды  деп  қорықпайсыз  ба?

– Жылқы өте киелі жануар ғой. Қазақты да сол жылқы мінезді дер едім. Жанымызға біреу шауып келмейінше, біз ұйықтап жүре береміз. Бәйгедегідей арқамыз қозып тұрады.

– «Қызылорда – бизнеске қолайлы орта» дейді.  Сіз  осыған  келісесіз  бе?

– Қазақстанның әрбір түкпірі қо­лайлы дер едім. Кәсіп жасаймын деген адамға қай орта болсын қолайлы.

– Сізді бұл кәсіпке қалай баулыды?

– Мен анама жәрдемдесіп өскен баламын. Анам Түркиядан, Ресейден тауар алып келетін. Сол кезде оқушы болсам да көмектесетінмін. Сабақты да соншалықты оқыдым деп айта алмай­мын. Тіпті, 9-сыныпта жазғы демалысымда Ақтөбеге кетіп қалып, сол жақтың базарларында зат сатып отыратынмын.

– Жоғарғы оқу орнын оқыдыңыз ба?

– Мен 9-сыныпты ғана аяқтадым. Содан кейін политехникалық колледжді тамамдадым. Мамандығым – мұнайшы.

– Ол салада жұмыс істедіңіз бе?

– Иә, Құмкөлде 2000-2002 жылдары жұмыс істедім. Алайда айлығы аз болғандықтан шығып кеттім. Ол кезде де менің анам киім сататын. Осы салаға келуіме отбасылық бизнестің септігі көп болды деп айта аламын.

– Осы тұрғыда сіз қазіргі жастарға айтар ма едіңіз, сабақты беске оқымай-ақ, үш тілді меңгермей-ақ, ешкімнен кем болмай өмір сүруге болады деп?

– Нақты айта алмаймын. Егер мен сабақты жақсы оқығанымда, бұдан да мықты болар ма едім.

– Әңгімеңізге  рақмет!

Сұхбаттасқан

Жансая   ЕЛУБАЙҚЫЗЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары