Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
АҒАШ ОЙЫНШЫҚ ІЗДЕСЕҢІЗ, АРАЛҒА КЕЛІҢІЗ
10.01.2019 11:28

Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

Қазір алыс-жақын шетел­ден тасымалданған ойыншықтар базар мен дүкен сөрелерінде самсап тұр  ғой. Ойыншықтардың құрамы қандай? Бүлдіршіндердің ағзасына  зиян емес пе? Бұған бас ауыртып жатқан біреу бар ма? Болса, неге бұл ақпараттар кеңінен айтылмайды? Ара-тұра осы ойыншықтың салдарынан балғындар түрлі дертке шалдыққанын  естиміз. Ол аз десеңіз, компьютер, ұялы телефондар балалардың басты­ ермегіне айналды. Тиісінше, көзілдірік таққан қаракөздеріміздің қатары артты. Ал ата-аналар ұл-қызын үйден сыртқа шығарып, таза  ауада  бұрынғыша­ ләңгі мен асығын ойната алмай жүр.

Осыдан біршама уақыт бұрын бұл мәселеге қатысты ресми ақпараттар тарады. Елімізге жылына Амери­кадан – 74 млн, Қытайдан – 50 млн, Ресейден 12 млн долларға ойыншық сатып алы­нады екен. Қарап отырсақ, қып-қызыл қаржы. Ресей тарап­ы былтыр Қытайдан ойын­шық тасымалдауға заңмен тыйым салыпты. Себеп: бұлардың құрамында химиялық заттар табылып, бала ағзасына зиян екендігі анықталыпты. Мамандардың сөзінше, базар­дағы ойыншықтардың 80 пайызы қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламентке сәйкес келмейді  екен. Не істеу қажет?

«Шеберді шеге қағысынан таны» дегенд­ей, бұрындары ағаштан бұйым жасап жатқан азаматтар жөнінде естігенбіз. Ал, ағаштан ойыншық құрас­тырып шығарған шебер туралы хабарыңыз  бар ма? Арал қаласында Әлнұр Жарқынбаев есімді ұстаз тұрады. Жалпы, Әлекеңді ұста десек те, шебер десек те, қателеспейміз. Өйткені, қолынан келмейтін іс жоқ. Қанша дегенмен қан тартады ғой. Кейіпкеріміздің атасы Жарқын­бай темірден түйін түйген, көмейдегі сөзін кері жұтпайтын ақсақал­ екен. Уағында Арал ауданындағы әйгілі Қарақұм совхозын құруға бір кісідей атсалысыпты. Бала Әлнұр атасының етегіне жармасып, ананы-мынаны үйренеді. Ұсталықтың қыр-сырына қанығады. Тіпті, сегізінші сыныпты бітіргенде­ қазақтың ұлттық «Ортеке» қуыршағын жасайды. Мұны «қанмен келген қа­сиет» деп қалай ғана айтпайсыз? Оныншыны тамамдаған тұста қынабымен қосып пышақ істейді. Қатарластарына қарағанда  бұның  жасаған  бұйымы  көрнек­ті, әдемірек  шығыпты.

Кейіпкеріміз мектепті аяқтағаннан соң Қызылордадағы политехникумға құрылысшы мамандығына оқуға түскен. Кейіннен жоғары оқу орнында да білі­мін жетілдіреді. Қысқасы, тіршілік тіні­мен әрі-бері шапқылап жүріп, атакәсіп­ке мойын бұруға мұрша болмайды...

Бүгінгі таңда Әлнұр Жарқынбаев аудан орталығына қоңсы қонған Жақсықылыш кентіндегі №19 орта мектепте­ еңбек пәнінің мұғалімі. Жалпы, ағаштан ойыншық жасау идеясы қайдан шықты?

– Сол тұстағы мектеп директоры Алтын апай бір күні мені шақырып алды. Қолыма ағаштарды ұстатты да, «оқушыларға мынадан бірдеңе жасап әкел» деп тапсырма берді. Табан астынан ойымызға не келе қойсын? Содан баяғы өзім бала кезде жасаған «Ортеке» қуыршағының жаңа нұсқасын жасадым,- дейді шебер.

Осылайша біршама жыл қол үзіп қалған ұсталық қайта жалғасын табады. Әуелгіде оқушыларымен бірге тұрмысқа қажетті заттарды істейді. Күнделікті бір дүниені қайталаудан өзіңіз де, өзге де жалығып кететіні  рас ғой. Оның үстіне мына заманда оқушыны анау-мынаумен таңғалдыра алмайсыз. Бірсарындылық Әлекеңді де айналып өтпеді. Оқушыларын еңбекке қызық­тыру үшін жан аямай тер төгеді. Бірде ұлт ұстазы, жазушы Зейнолла Қабдолов «Ұстаздық  ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау. Бірақ бұған өкінбеу керек. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абырой­лы іс, ардақты жұмыс жоқ. Ұстаздық – ұлы нәрсе» деген екен. Кейіп­керіміз бала тәрбиелеу үшін алдыме­н өзін жаттықтырады. Үздіксіз. Жұмыстан келген соң сабақ барысында оқушыларына көрсететін бұйымын алдым­ен өзі дайындайды. Жасалған бұйымының қиюын келіс­тіріп, көркемдеп, бояумен әрлейді. Ағаштан «Алтын адамды»  да  шығарған  екен.

– Балалардың қиялы шексіз емес пе? Кейде өзім жасаған дүниелерге оқушыларым «ағай, мына жерін былай істесек, сәл өзгертсек» деп ой қосады. Бұдан кәдімгідей шабыт аласың,- деп ағынан жарылды кейіпкер.

Жауырды жаба тоқудың қажеті шамалы­. Қазіргі күні өңірдегі мектептердің көпшілігінде еңбек пәніне арнал­ған кабинеттері бола тұра, оның тиісті  құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілуі өзекті екені шындық. Тіпті, станоктар жоқтың қасы. Айталы­қ, Әлнұр Жарқын­баевтың ағаш бұйымдары мен ойыншық­тарының барлығы қол құралдарымен (қашау, пышақ, егеу) жасалған. Әйтсе де, өзі қызмет­ ететін мектептің басшылығы оқу­шылардың еңбек пәніне қызығушылығын артты­руға мұрындық болып­ отыр. Сөзіміздің дәлелі болсын, өздері ағаштан дайын­даған көрнекілік бұйымдар мектеп мұражайында сақтаулы.

Енді ағаш ойыншықтарға ойыс­сақ. Жалпы, жоғарыда базардағы ойыншықтардың химиялық заттардан жасалғандығын, оның балаға зиян еместігіне ешкімнің кепілдік бермейтінін тұспалдап болса да айттық. Әлекең ағаштан машина, трактор, құс, ұшақ, т.б. дүниелерді құрастырған. Бұлардың бала ағзасына еш­қандай зиян­ы жоқ. Кәдуілгі ағаш. Бұған тұрғындар тара­пынан сұраныс күн өткен сайын артып жатқан көрінеді. Біз Әлекеңе «Ұстаздықты доғарып, ағаштан түрлі бұ­йым­дар жасап, бизнеске айналдыру ойыңызда  бар  ма?» деп сауал қойдық. Жа­уап­  мынадай:

– Мұны кәсіпке айнал­ды­рып, шеберхана ашуға ұсыныс тастаған азамат­тар болды. Десе де, мына әңгіме есімнен кетпейді. Арал қаласындағы №83 мектепте жұмыс істедім. Тоқсаныншы жылдары. Тоқыраудың кезі. Әр­түрлі заттарды қолдан жасап­, сатамыз. Сонда марқұм  Сайлау  ағамыз «Әлнұр, сен жақсы­ шебер­сің. Бірақ мұның барлығы ертеңгі күні өзіңмен бірге кетеді. Одан оқу­шыға  үйретсең, оны тәрбиелесең, сонда­ ғана сенен із қалады» дейтін. Осыдан кейін мен ұзақ ойландым. Сондықтан  ұстаздық жолды таңдадым. Шүкір!  Оқу­шыларым еңбек са­ба­ғына белсенді араласады. Әсіресе­, 8 «а» сыныбының оқу­шыларының ынтасы­  жоғары, - деді мұғалім.

Бүгінгі таңда оның және оқу­шыларының жасаған бұйымдары аудандық, облыстық көрмелерде қойылып жүр. Азды-көпті жетіс­тікке жетіп те үлгерген.

Табиғи ағаштан қашалып жасалғ­ан ойыншықтардың бала ағзасына химиялық заттарға қарағанд­а, зияны жоқ екені даусыз. Ел ішінде шебер де, ұста да бар ғой. Тек олар­ға қолдау болса, қанеки! Ал, ағаш ойыншық іздесеңіз, Аралға  келіңіз.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ,

Арал  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қаңтар 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары