Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
13.02.2019 18:06

Бүгін, 2019 жылы 13 ақпанда Н.Бекежанов атындағы театрда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Жиында аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2019 жылға арналған жоспарларды баяндады.

Жиынға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Ж.Сүлейменов, ҚР Президенті Әкімшілігінен Н.Тілешев, Премьер-Министр кеңсесінен М.Сұлтанғалиев, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым, "Казатомпром "ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Г.Пірматов, "АстанаГаз КМГ" АҚ Бас директоры С. Мақашов және тағы басқалары келді. Кездесуге жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, аймақтағы барлық 264 елдімекеннің өкілдері және халықтың барлық топтарының, саяси партиялар мен қозғалыстардың, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің, сондай-ақ еңбек ұжымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бейнеконференция арқылы барлық жеті аудан және Байқоңыр қаласы байланысқа шықты.

"Соңғы   6 жылда аймақта мұнай өндіру 10,7 млн тоннадан   6,4 млн тоннаға дейін азайды. Тек 2018 жылдың өзінде мұнайдың 420 мың тоннасын жоғалттық, ағымдағы жылы болжам бойынша тағы 1 млн тонна кем өндірілмек. Барлық өнеркәсіп экомиканың барлық саласына тікелей немесе жанама әсер ететіні түсінікті ғой. Сондықтан, Мемлекет басшысы нақтылағандай, біз 2013 жылдан бастап индустрияландыру арқылы экономиканы әртараптандыруды алдымызға басты міндет етіп қойдық ", - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, мұнай өңдеу көлемінің айтарлықтай төмендегеніне қарамастан, соңғы 4 жылда алғаш рет 2017 жылы Қызылорда облысы жалпы өңірлік өнімнің көрсеткіші бойынша 2016 жылғы деңгейден 100,8% көтерілді.

2013-2018 жылдары облыс экономикасына 1,7 трлн. теңге тікелей инвестиция тартылды. 2018 жылы инвестиция көлемі 25,5% артты, инвестицияның 22,4% өсімі көп жағдайда кәсіпорындардың өз қаржысын салу есебінен болғанын атап өткен жөн.

Өнеркәсіп саласы бойынша 2013 жылдан бастап 70-тен астам жаңа өндіріс орны пайдалануға берілді. Бұл саладағы еңбек өнімділігі тек соңғы жылдың өзінде 25% артты.            2018 жылы өңдеу саласында өнім өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 31,6% артты.

Соңғы үш жыл (2015-2018жж.) ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 2,3 есе, жалпы қосымша құн көлемі 12% астам, шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 22,7% ұлғайды.

Бірнеше жыл ішінде облыстың жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 2,5% 3,7% өсті. Бұл - біздің сапалы өзгерістер жолымен дамып келе жатқанымыздың белгісі. Облыстан экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдері соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге жетті.

2018-2020 жылдары аймақта Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жарияланды. Осылайша, қабылданған шаралар нәтижесінде  өткен жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 13% артты. 2018 жылғы рейтинг нәтижесімен біздің облысымыз шағын бизнесті жүргізуге қолайлы үздік аймақ аталып, нәтижесінде 2018 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысынан арнайы "Алтын сапа" сыйлығын алды.

Өз кезегінде, шағын және орта бизнесті дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасады. 2018 жылдың қаңтар айында үй-үйді аралап, жыл бойы өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз 97,5 мың адамның 70% ресми түрде тіркеп, оның ішінде 44 мың адамды өнімді жұмысқа тартып, сол арқылы оларды  еңбекпен қамту мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылы қалған 30 мың адамды өнімді еңбекке тарту бағытында жұмыстар қарқынды жалғасын табады.

Соңғы 6 жылда 3млн. шаршы метр шамасында тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығының өзінде 2013-2018 жылдары 15 жаңа шағын аудан салынды. 2013 жылы 270 мың. шаршы метр тұрғын үй салынса, 2018 жылы тұрғын үй берудің жылдық көлемі 2,6 есеге өсті  – 700 мың. шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

Айта кету керек, есеп беру барысында аймақ басшысы қысқа мерзімде халықтың әлеуметтік қорғалмаған санатын: көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т. б. тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша арнайы өңірлік бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде экономиканың барлық бағыттары мен инвестиция көлемін қамтитын жалпы құны 34 млрд. теңгені құрайтын 118 жоба жүзеге асуда.

Апатты жағдайдағы денсаулық сақтау орындарының   86 пайызы шешімін тапты. Апатты мектептердің орнына 37 жаңа мектеп салынды. Биыл Жаңақорған және Жалағаш аудандарында апатты жағдайдағы 2 мектептің орнына жаңа ғимарат салынады. Сондай-ақ, үш ауысымдағы мектептер мәселесі шешілді.

3-тен 6-жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Балабақшалардың 71% жеке болып табылады. 2013 жылдан бастап мұндай балабақша саны 2 есеге өсті.

Қызылорда мектептерінің 2017 және 2018 жылдардағы түлектерінің 97% орта және жоғары оқу орындарына түсті. Қызылорда облысы – 2014 жылдан бастап 520 түлекке Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Үкіметінің грантымен оқуын ұйымдастырған еліміздегі бірден-бір аймақ.  Алғашқы 32 түлек оқуды 2018 жылы аяқтап, аймақтың кәсіпорындарында жұмыс істесе, қалған 42 түлек магистратуда оқуларын жалғастыруда.  Биыл тағы 123 студент оқуын аяқтайды. 2018 жылы Мәскеу және Санкт-Петербург жоғары оқу орындарына тағы 58 қызылордалық бала түсті.

Бұдан басқа, 2013 жылдан бастап көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, әсіресе, ауылдық жерден шыққан талапты балаларды оқытуға облыс әкімінің арнайы  гранты тағайындалды. 2018 жылы аталмыш грант саны 2 есеге артып, 205-ке жетті, қазір 900 жас аймақта еңбек ресурстары балансына сәйкес облысқа қажетті мамандықтар бойынша еліміздің белді жоғары оқу орындарында білім алуда.

2018 жылы 28 қарашада Маврикий Республикасында өткен ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт атаның рухани мұраларының  Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның ғаламдық материалдық емес мұралар тізіміне енуі мәдениет саласы бойынша оқиғалардың ең маңыздысы болып саналады. Бұл жұмыстар төрт жыл бойы Түркия және Әзербайжан еліндегі әріптестермен бірлесіп жүзеге асырылды.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылдың 30 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында тұрғындардың кіріс және өмір сапасы –  бұл еліміздің негізгі басымдықтарының бірі, мемлекет дамуының басты критерийі екенін айтты.  Сондықтан, біздің бастамамызбен осы жылдың  7 ақпанында Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көтерілген мәселелер бойынша ағымдағы жылы жұмыстар жүргізуіміз керек»,-деді аймақ басшысы.

Естеріңізге салайық, 2019 жылдың 7 ақпанында Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Үкіметтің және орталық мемлекеттік органдардың қолдауымен шешілетін Қызылорда облысының өзекті мәселелері арнайы қаралды. Қауіпсіздік кеңесінде Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері, су шаруашылығы, соның ішінде Солтүстік Арал жобасы, жаңа жылу электр орталығының және «Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды» автокөлік жолының құрылысына қатысты мәселелер көтерілді.

Облыс әкімінің есебінен кейін "сұрақ-жауап" өткізілді, оның барысында кездесуге қатысушылар, сондай-ақ, аймақ тұрғындары, оның ішінде онлайн режимінде де өздерінің сұрақтарын облыс әкіміне  қойып, жауаптарын  алды.

Аймақ басшысына сұрақтарды тіркеу 400-100 нөмірі бойынша және сайтта жүзеге асырылды. www.400-100.kz сонымен қатар, облыстың барлық ауылдық әкімдіктерінде орнатылған арнайы жәшіктерде сұрақтар жиналды. Есепті кездесудің тікелей көрсетілімі "Qyzylorda" облыстық телеарнасының эфирінде,  "Қызылорда облысының әкімдігі" ресми  "facebook" парақшасында және "youtube" әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары