Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

    ...
    Толығырақ...
  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып. ...

    Толығырақ...
«ҚАЙСАР» ЫРЫМ ЕТЕДІ...
14.02.2019 10:15

ҚПЛ ойындарына жеребе тарту рәсіміне «Қайсардың» спорттық директоры Талғат Сыздықов қатысты. Және ол себеттен бірінші нөмірді таңдады. Бұл – күнтізбеде әр тур сайын «Қайсар» бірінші тұрады деген сөз.

Жақсы ырымы қырын кетпеген халықта­нбыз ғой. Иә, «экс-қасқыр» әрі бүгінгі күні «Қайсар» футбол клубы сапын­да басшылық құрамда отырған Талғат  Сыздықовтың  қолына ілінгені 1 саны болды деп жатырмыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Әлбетте, біз мұны жақсылыққа балаймыз. №1 деген жағым­ды естіледі емес пе? «Түйе сұрасаң, бие береді» деген ғой. Бастысы, бізде сенім мен үміт бар. Ал, үміттің ойын басталмай жатып болатынын және ең соңында ғана өшетінін ұмытпаймыз.

* * *

Биылғы футбол маусымы наурыз айының 9-10-ы күндері өтеді деп жоспар­лануда. «Қайсар» алғашқы ойында­ «Атырауды» қабылдайды. Естеріңіз­де  болса, өткен маусымда тағы бір батыстық ұжым «Ақтөбемен» күш сынасқан-ды.

Назарларыңызға сырбойылық аяқ­допшылардың алдағы өтетін ойын кестесі­н  ұсынамыз.

 

* Аздаған  өзгерістер  енуі  мүмкін.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары