Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
ЕР-АЗАМАТТЫ ЫСЫРЫП ҚОЙЫП...
14.02.2019 10:30

Мен «Халық» газетінің 6.ХІІ.2018 жылғы санында «Тұмар  ханым» бетінде жарияланған «Өзі үшін» некесіз бала тапқысы келеді» тақырыбындағы мақаланы оқыдым. Тақырып­қа орай көңіл түкпірінде жүрген ойларды қағаз беті­не  түсіргім  келді.

Өзі үшін балалы болғысы келетін келіншектер өмірде жиі кездеседі. Оқимын деп немесе отбасы жағдайымен отырып­ қалған қыздар да көп. Әркімнің өмірден алар үлесі, пешенесіне жазылған тағдыры да әрқилы. Қыздың да, ұлдың да қатары үй болып, жасы ілгері кеткен соң оларға отбасы болу оңай шаруа емес. Жас кезінде кездескен ерлері дұрыс болмай, бір ұлды асырап алған әйелді де  көзіміз көрді. Ол кісі ұзақ жасады, тірлікте қиындық көрген жоқ, өзін де, ұлын да жақсы тәрбиемен өсірді. Ол ағайымыз да апаны шешем деп танып, адал пейілімен қызмет етті. Әркімнің санасына берсін. Өзім үшін екі ұлды болдым деген тағы бір әйелді білемін. Балалардың біреуі момын, тыныш мінезді болса, үлкені ылғи да анасына қарсы шығып, ұрыс-керіске дайын отырады. Өйткені көп жағдайда қыз балалар емес, ұл балалар әкесімен бірге тұрмағаны үшін анасын жаз­ғырғысы келеді екен. Ол ұлының басы ауырып, үйде ыдыс-аяқты сындыратынына ренжіп отырады.

Менің байқауымша, ұлды көп қадағалау керек. Көбіне бұзық балаларға қосылып, істі болып жүрген – жалғызбасты­ әйелдердің ұлдары. Көп жағдайда ұл балалар әйел адамды тыңдамайды, әкесінен ғана тайсалады екен. Міне, әйел-ананың әкенің орнын баса алмайтын тұсы.

Наташа есімді орыс әйелмен бірге жұмыс істедім. Ол күйеуімен ажырасқан, бір ұлы бар. Бірде түскі үзіліс кезінде­ ұлы жайлы сыр тарқатты. «Мен балаға бар тәтті-дәмдіні, қымбат киім, ойыншықтар алып беремін. Бірақ ол үнемі әкесін сұрайды» деп көзіне жас алды. «Әкем қайда, әкем қайда?» деп күніне бірнеше сұрағанда менің жүрегім ауырады­» деді.

Атам заманнан еркек үйдің айбыны, қарауылы іспеттес. Көп отбасы тұратын үйдегі жұрт тұрмысын, жағдайын көріп отырмыз. Анда-санда туған күн тойлағанда бір-біріне жұдырық­ ала жүгіретін әйелдер бар. Күйеуі марқұм болған әйелдің шашын жұлып, тепкілеп кеткенін көзіміз көрді. Құдайға шүкір, үйде еркек адам бар, өзімізге де, балаларға да ешкім тиіспейді.

Егер ұлыңыз ержетіп, бір әулетке құдағи болсаңыз, көпшілікте баланың әкесін сұрайды. Ері жоқ әйелді құдағилар да менсінбейді екен. Осылай деп құрбыма айналған әйел өзі туралы мұңын шақты.

Дүниедегі ең жаман адам болса да, балалары үшін әке – асқар тау. Айбынды, салмақты, мінезді еркек адамның орнын­ әйел ешқашан баса алмайды. Сондықтан әйел адамдар­  ер-азаматты  ысырып қойып, тек өзім деген пікір­ден аулақ  болса деймін.

Нағима  МҰЗАРАПҚЫЗЫ,

Қызылорда  қаласы

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Ақпан 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары